77 Gerontologia_zhauabymen_5k_om_kaz_1_2
.docпериндоприл, верошпирон, моносан, фуросемид+
изоптин, верошпирон, фуросемид, дигоксин
лацидипин, верошпирон, фуросемид, моносан
дигоксин, лидокаин, фуросемид, моносан
дигоксин, нифедипин-ретрад, фуросемид, моносан
70 Науқас Д. 70 жаста, шағымдары: әлсіздік, бас айналу, бас ауруы, жүрегінің қатты соғуы, жүрек айну, тіл ұшындағы күю сезімі. Анамнезінде - 2 жыл бұрын жіңішке ішегіне резекция жасалған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы 37,4° С-қа дейін, терісі бозарған. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систоликалық шу, ЖЖЖ минутына 96. АҚ - 80/60 мм с.б. Тілі таза, ашық қызыл түсті, тегіс, бүртіктері тегістелген. Бауыры үлкеймеген. Қанды зертханалық тексергенде: Эр-2,2х10 12/л, Нв-54 г/л, ТК-1,2, Л-3,4х10 9/л, ЭТЖ-28 мм/сағ., сүйек кемігі пунктатында: мегалобластар - 70%. Келтірілген диагноздардың қайсысы дұрыс?
В12-тапшылықты қаназдық+
теміртапшылықты қаназдық
апластиялық қаназдық
гемолитикалық қаназдық
постгеморрагиялық қаназдық
71 Науқас Д. 70 жаста, шағымдары: әлсіздік, бас айналу, бас ауруы, жүрегінің қатты соғуы, жүрек айну, тіл ұшында күйдіру сезімі. Анамнезінде - 2 жыл бұрын жіңішке ішегіне резекция жасалған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы 37,4° С-қа дейін, терісі бозарған. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систоликалық шу, ЖЖЖ минутына 96 соққы. АҚ - 80/60 мм с.б. Тілі таза, ашық қызыл түсті, тегіс, бүртіктері тегістелген. Бауыры үлкеймеген. Қанды зертханалық тексергенде: Эр-2,2х10 12/л, Нв-54 г/л, ТК-1,2, Л-3,4х10 9/л, ЭТЖ-28 мм/сағ., сүйек кемігі пунктатында: мегалобластар - 70%. Келтірілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысы қойылған диагнозды дәлелдейді?
тромбоцитоз
гиперхромия+
гипохромия
лейкоцитоз
ретикулоцитоз
72 Науқас Д. 70 жаста, шағымдары әлсіздік, бас айналу, бас ауруы, жүрегінің қатты соғуы, жүрек айну, тіл ұшындағы күю сезімі. Анамнезінде - 2 жыл бұрын жіңішке ішегіне резекция жасалған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы 37,4° С-қа дейін, терісі бозарған. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систоликалық шу, ЖЖЖ минутына 96. АҚ - 80/60 мм с.б. Тілі таза, ашық қызыл түсті, тегіс, бүртіктері тегістелген. Бауыры үлкеймеген. Қанды зертханалық тексергенде: Эр-2,2х10 12/л, Нв-54 г/л, ТК-1,2, Л-3,4х10 9/л, ЭТЖ-28 мм/сағ., сүйек кемігі пунктатында: мегалобластар - 70%. Келтірілген дәрілік заттардың қайсысы нәтижелі ем көрсетеді?
В12 витамині - б/етке+
преднизолон
гемофер - ішке
феррум-лек - в/і
цитостатиктер.
73 68 жастағы науқас төс артындағы сол иыққа берілетін күйдіретін ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданды. Ауру сезімі қатты физикалық жүктемеден кейін (бір машина көмір түсірген) пайда болып, нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылмай, 45 минутқа созылған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі бозарған, акроцианоз. Бетінде суық тер байқалады. Өкпе үстіндегі тыныс везикулярлы. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ – минутына 75, АҚ – 150/90 мм.с.б. ЭКГ-да V2-V5, I, avL–Т әкетулерінде тісшесімен бітісіп кеткен доғатәрізді ST интервалы. Соңғысының амплитудасы айтарлықтай жоғарылаған, III, avF әкетулерінде – ST депрессия. Алдын-ала қоятын диагнозыңыз?
пневмоторакс
Фидлер миокардиті
ревмокардит
жедел миокард инфаркты (ишемиялық кезең), жедел коронарлы жетіспеушілік+
қолқаның қабаттасқан аневризмасы.
74 67 жастағы науқас І қабатқа көтерілгенде пайда болатын төс артындағы қысып ауру сезіміне, физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге шағымданды. Ауру 3-5 минутқа созылып, нитроглицерин ішкеннен кейін басылады. Ауру сезімі үш күн бұрын пайда болған. Үш апта бұрын (5.02.99) сол қарыншаның артқыкөкеттік қабырғасының эпикардастылық жедел миокард инфаркты болған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы - 36,6°С. Акроцианоз. Өкпе үстіндегі тыныс везикулярлы. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек қызметі ырғақты, ЖЖЖ - 85/мин., АҚ - 120-80 мм.с.б. Қан талдауы қалыпты. ЭКГ – сол қарыншаның артқыкөкеттік қабырғасының эпикардастылық миокард инфаркты тыртықтану кезеңінде. Алдын-ала қоятын диагнозыңыз?
тұрақты стенокардия
үдемелі стенокардия
миокард инфаркты
тұрақсыз стенокардия (ерте инфаркттен кейінгі)+
вазоспастикалық стенокардия
75 Алдыңғы-бүйір қабырғаның трансмуралды инфаркты бар 67 жастағы науқас Д.-да 7–күні жыпылықты аритмия пароксизмі пайда болды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, ТЖ минутына 22, жүрек тондары тұйықталған, ырғағы бұзылған, төстің сол жиегімен прекардиалды, эпицентрі 4-қабырғааралықта, жүрек ұшының үстінде систоликалық шу естіледі, пульсация аймағында «толқын соққысының шуы». Науқаста миокард инфарктының қандай асқынуы болып, жүрекшелер жыпылығының пароксизміне әкелді?
жіпшелердің үзілуі
қарыншааралық қалқаның жыртылуы
жүрек аневризмасы+
бүртікті бұлшықеттің үзілуі
перикардит
76 72 жастағы науқас С. ентігуге, құрғақ жөтелге, кеудесінің сол бөлігіндегі ауру сезіміне, қалтыраумен бірге болатын дене қызуының 39,5оС дейін жоғарылауына шағымданды. Анамнезден суық тигеннен кейін жедел ауырғаны анықталды. ТЖ минутына 32. Кеуде қуысының сол бөлігі тыныс алған кезде қалыңқы. Перкуторлы алдынан 3–қабырғааралықта және артынан жауырынаралық кеңістік ортасынан – тұйық дыбыс, тыныс тыңдалмайды. Салыстырмалы жүрек тұйықтығының оң шекарасы төстің оң жиегінен 1,5 см сыртқа ығысқан. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ минутына 110. АҚ 100/70 мм.с.б. Қанды зертханалық тексергенде – лейкоциттер 14 х10 9/л, ЭТЖ- 40мм/сағ. Дұрыс диагнозы қандай?
өкпе абсцесі
сол жақтық пневмоторакс
өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
сол жақтық экссудативті плеврит +
сол жақтық гидроторакс
77 72 жастағы науқас С. ентігуге, құрғақ жөтелге, кеудесінің сол бөлігіндегі ауру сезіміне, қалтыраумен бірге болатын дене қызуының 39,5оС дейін жоғарылауына шағымданды. Анамнезден суық тигеннен кейін жедел ауырғаны анықталды. ТЖ минутына 32. Кеуде қуысының сол бөлігі тыныс алған кезде қалыңқы. Перкуторлы алдынан 3–қабырғааралықта және артынан жауырынаралық кеңістік ортасынан – тұйық дыбыс, тыныс тыңдалмайды. Салыстырмалы жүрек тұйықтығының оң шекарасы төстің оң жиегінен 1,5 см сыртқа ығысқан. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ минутына 110. АҚ 100/70 мм.с.б. Қанды зертханалық тексергенде – лейкоциттер 14х109/л, ЭТЖ- 40мм/сағ. Диагноз қоюда төменде келтірілген әдістердің қайсысы бірінші кезекті маңызды?
спирография
пикфлоуметрия
бронхоскопия
бронхография
кеуде қуысының рентгенографиясы+
78 72 жастағы науқас С. ентігуге, құрғақ жөтелге, кеудесінің сол бөлігіндегі ауру сезіміне, қалтыраумен бірге болатын дене қызуының 39,5оС дейін жоғарылауына шағымданды. Анамнезден суық тигеннен кейін жедел ауырғаны анықталды. ТЖ минутына 32. Кеуде қуысының сол бөлігі тыныс алған кезде қалыңқы. Перкуторлы алдынан 3қабырғааралықта және артынан жауырынаралық кеңістік ортасынан – тұйық дыбыс, тыныс тыңдалмайды. Салыстырмалы жүрек тұйықтығының оң шекарасы төстің оң жиегінен 1,5 см сыртқа ығысқан. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ минутына 110. АҚ 100/70 мм.с.б. Қанды зертханалық тексергенде – лейкоциттер 14х109/л, ЭТЖ- 40мм/сағ. Төменде келтірілгендердің қайсысы бұл науқасқа нәтижелі ем шарасы болып табылады?
өкпеқап пункциясы+
преднизолон
азатиоприн
мегапим
дигоксин
79 Науқас А. 60 жаста, шағымдары тыныс шығарудың қиындауымен жүретін айқын білінетін ентікпе, жүректің тез соғуы. Анамнезінде гипертониялық ауру, инфаркттен кейінгі кардиосклероз, бронхтық демікпе. Тексергенде: АҚ - 170/100 мм.с.б., ЖЖЖ – минутына 94, ТЖ - минутына 20. Аускультацияда тыныс шығаруы кенет ұзарған, екі жақта да ысқырықты сырыл тыңдалады, оң жауырынасты аймағында тыныс кенет әлсіреген аймақ анықталады, көлемі тез үлкейеді. Қандай патология болуы мүмкін?
кардиалды демікпе
өкпенің альвеолярлы ісігі
демікпелік статус+
гипертониялық криз
пневмоторакс
80 63 жастағы науқас артериялық қысымының көптен бері аздап көтерілетініне шағымданды, адекватты терапия қабылдамаған, АҚ кенет жоғарылауынан төс артында жауырынаралық аймаққа берілетін, кенет қысатын ауру сезімі пайда болып, жүрек ырғағы бұзылып, ауа жетпеу сезімі пайда болған. Қарап тексергенде: науқас толық, терісі гиперемияланған. Жүрек тондары айтарлықтай анық, қолқа үстінде систоликалық шу естіледі. ЖЖЖ 88, АҚ 220/120 мм с.б. ЭКГ-да ST сегментінің V2-V3-ке 1 мм элевациясы байқалады. Науқасқа қандай көмек көрсету керек?
2 сағат ішінде АҚ-ды 20-25 %-ға түсіріп, бірақ 160/100 мм с.б. төмендетпеу керек, коронарлы қан айналымын қалпына келтіретін препараттар тағайындау керек+
бір сағат ішінде АҚ 20-25 % төмендету керек
АҚ тезірек қалыпты көрсеткішке түсіруге болады
АҚ бір тәулік ішінде қалыпты көрсеткішке дейін түсіруге болады
АҚ түсірмейтін, бірақ коронарлы қан айналымын жақсартатын препараттар тағайындау керек.
81 65 жастағы науқаста тізе буынының ауруы, ісінуі, жергілікті температура. Қарап тексергенде: оң тізе буынының деформациясы мен қозғалыс кезінде крепитация байқалады. Қанды зертханалық тексергенде: ЭТЖ 15 мм/сағ. Тізе буынының рентгенографиясында: буындық саңылаудың тарылуы, остеосклероз, жиектік остеофиттер көрінеді. Дұрыс диагноз қандай?
остеоартроз, синовит+
подагра
ревматоидты артрит
Бехтерев ауруы
Рейтер ауруы
82 72 жастағы науқас оң жақ қабырғаастындағы қарқынды ауру сезіміне, жүрек айнуына, құсыққа, ауыздағы ащы дәмге шағымданды. Ішін пальпациялағанда өтқуық проекциясында ауру сезімі анықталды; Мерфи, Ортнер симптомдары оң.
Қандай ауру болуы мүмкін?
жедел панкреатит+
асқазанның жара ауруы
асқазан-өңеш рефлюксы
өт шығаратын жолдардың дискинезиясы
өт-тас ауруы
83 Науқас 75-те. Соңғы 3 айда эпигастрий аймағында, кейде төс артында жайсыздық, жүрек айну, құсу пайда болған. Анамнезінде науқас соңғы 2 жылда ревматоидты артриттен стероидты емес қабынуға қарсы емдеу курсын қабылдаған. Қарап тексергенде терісі бозғылт-қызыл, гемодинамикасы тұрақты, ішін пальпациялағанда – эпигастрий аймағында жергілікті ауру сезімі. Қандай ауру туралы айтылды?
асқазанның жара ауруы+
өт-тас ауруы
он екі елі ішектің жара ауруы
кернеу стенокардиясы
бейспецифиялық жаралы колит
84 Науқас 75-те. Соңғы 3 айда эпигастрий аймағында, кейде төс артында жайсыздық, жүрек айну, құсу пайда болған. Анамнезінде науқас соңғы 2 жылда ревматоидты артриттен стероидты емес қабынуға қарсы емдеу курсын қабылдаған. Қарап тексергенде терісі бозғылт-қызыл, гемодинамикасы тұрақты, ішін пальпациялағанда – эпигастрий аймағында жергілікті ауру сезімі. Бұл аурудың себебі?
СЕҚҚП қабылдау+
диетаның бұзылуы
ревматоидты артриттің өршуі
жасы
ревматоидты артриттің үдеуі
85 70 жастағы науқастың тізе буындары мен қол басы сүйектерінің буындары таңертең 30 минуттай құрысады, физикалық жүктемеде буындардың ауруы мен крепитациясы байқалады, ЭТЖ сағатына 20 мм-ден аз, ревматоидты фактор теріс, рентегендік зерттеуде буындық саңылау сәл тарылған және көптеген остеофиттер көрінеді. Сіздің диагнозыңыз:
реактивті артрит
подагра
жүйелі қызыл жегі
остеоартроз+
ревматоидты артрит.
86 Науқас А. - 60 жаста, қақырық бөлінетін жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, субфебрилды температураға, тез шаршағыштыққа шағыммен стационарға түсті. Қақырығы іріңді. Ентігу алдымен физикалық жүктемеде, кейін тыныштық жағдайында пайда болған. Cor – оң жақ шекарасы кеңейген, артериялар пульмоанализінде екінші тон акценті. Перкуторлы: қораптық перкуторлы дыбыс, тынысы әлсіреген, құрғақ және ылғалды сырылдар, дауыс дірілі. Сіздің диагнозыңыз:
өршу кезеңіндегі созылмалы обструктивті бронхит. Өкпе эмфиземасы+
жедел пневмония
ремиссия кезеңіндегі созылмалы обструктивті бронхит
бронхтық демікпе
өкпе абсцессі
87 65 жастағы науқас физикалық жүктемеден кейін пайда болып, 40 минуттан аса болған төс артындағы сол қолға берілетін, нитроглицерин ішкеннен кейін басылмайтын ауру сезіміне, жүрек айнуына, әлсіздікке, ентігуге шағымданды. Қарап тексергенде: науқас қобалжулы, бозарған, маңдайында тер тамшылары көрінеді, акроцианоз. АҚ 70/50 мм с.б. (қалыпты АҚ - 130/80), пульс анықталмайды. Жүрек тондары тұйық. Жүректің сол шекарасы 1,5 см солға ығысқан. Өкпе үстінде - везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, ауру сезімінсіз. Жүрек жиырылуының жиілігі минутына 50. ЭКГ-де: II, III, aVF, V7-8 әкетулерде патологиялық Q, ST сегментінің элевациясы, I, aVL, V2-V5 әкетулерде ST депрессиясы. Мұндай сипат қандай патологияға тән?
қолқа аневризмасының жедел ажырауы
жедел перикардит
рефлекторлық шокпен (коллапспен) асқынған жедел миокард инфаркты +
жедел панкреатит
кенет пневмоторакс
88 64 жастағы науқас кеудесін игенде төс артында пайда болатын қыжылға және түнде болатын қышқылды кекірікке шағымданды. Қарап тексергенде: дұрыс тамақтанбаған, тері жабындысы бозғылт, тілі қалың ақ өңезбен жабылған. Пальпацияда: эпигастриде ауру сезімі. ЭФГС – өңештің шырышты қабаты ісінген, қызарған, қақпасы ашық, өңештің төменгі үштен бір бөлігінде – көптеген кішігірім эрозиялар көрінеді. Келтірілген диагноздардың қайсысы дұрыс?
ЖИА, бірінші рет пайда болған стенокардия
созылмалы гастрит
гастроэзофагиялық рефлюксті ауру+
созылмалы холецистит
ЖИА, вазоспастикалық стенокардия
Страница
