Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
177
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

 

7-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

91

 

 

 

Ұсыныс икемділігін түсінудегі уақыт факторының маңызы

үлкен.

Q / Q

 

 

ES

 

 

P

P / P

 

Қысқа рыноктық кезең жағдайында ұсыныс тіпті икемді емес . Сондықтансұранысартуы(төмендеуі) бағажоғарылауына (төмендеуіне) əкелгенімен, ұсыныс шамасына əсер етпейді.

Қысқа кезең жағдайында ұсыныс икемдірек. Бұл сұраныс өсуі баға өсуімен ғана емес, өндіріс көлемі де артуымен көрінеді. Себебі фирмалар сұранысқа сай өндірістің кейбір факторларын өзгертіп үлгереді.

Ұзақ кезең жағдайында ұсыныс тіпті икемді, сондықтан сұраныс өсуі тұрақты баға немесе бағаның сəл-пəл өсуі кезіндегі ұсыныстың елеулі өсуіне алып келеді.

7.5. ТҰТЫНУШЫЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Əр тұтынушының алдында 3 сұрақ тұрады:

1. Не сатып алу керек? 2. Қанша тұрады? 3. Сауда жасауға ақшам жете ме?

Бірінші сұраққа жауап беру ушін, заттың тұтынушыға пайдалылығын анықтап алу керек. Екінші сұраққа жауап беру үшін бағаны зерттеп, үшінші сұраққа жауап беруден бұрын тұтынушы табысын анықтау қажет.

Осы үш – пайдалылық, баға жəне табыс проблемалары тұты- нушымінез-құлқытеориясыныңмазмұнынқұрайды. Осылардың өзара байланысын аныктауға тырысайық.

Игілік пайдалылығы (utility of good) – бұл экономикалық игіліктің бір немесе бірнеше адам қажеттіліктерін қана-

ғаттандыру қабілеті. Зерттеу нəтижесінде XIX ғасырда мынандай заңдылық анықталды: біртіндеп тұтынатын қандай да бір

92 Экономикалық теория

игілік бөлігінің тұтынушы үшін пайдалылығы азая түседі. Бұл кезде тұтынушылар қалауы тұрақты, ал тұтыну қызметі үздіксіз (сондықтан əр нүктеде дифференцияланады деп есептеледі).

TU

a)

max А В

0

Q

MU

b)

A B

 

 

 

0

Q

 

 

 

7.8-сызба. Жалпы (а) жəне шекті (ь) пайдалылық

Бұл Q игілік көлемінің кез келген кішігірім өсуіне жалпы пайдалылық – TU (total utility) өсуінің сəйкес келетінін білдіреді (7.8 (а) сызбаны қарандар). Жалпы пайдалылық игілік саны өсуіне қарай біртіндеп өссе де игіліктің əр қосымша бірлігінің шекті пайдалылығы = MU (marginal utility) тоқтамастан азая береді (7.8

(b) сызбаны қараңдар).

7-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

93

Жалпы пайдалылықты максимум қанағаттандыру шекті пайдалылық нөлге тең болғанда А нүктесіне жетеді. Бұл игілік қажеттілікті толық қанағаттандырады дегенді білдіреді.

Егер ары қарайғы тұтыну зиян əкелсе (игіліктің шекті пайдалылығы теріс), жалпы пайдалылық төмендейді (екі графиктегі АВ сызығын қараңдар). Саны көбірек болған сайын осы игіліктің қосымша əр бірлігінің біз үшін құндылығы азая береді. Сонымен игілік бағасы жалпы емес, тұтынушы үшін оның шекті пайдалылығымен анықталады. Экономикалық игіліктің тұтынушыға шекті пайдалылығы төмендейтін болғандықтан, өндіруші өз өнімінің қосымша санын бағаны төмендеткен кезде ғана сата алады. Шекті пайдалылықты азаю заңы сұранысты анықтау негізінде жатыр.

Пайдалылық қызметі – игілік санының өсуіне байланысты оның шекті пайдалылығының азаюын көрсететін қызмет:

M U d (T U) , d Q

мұндағы: MU – шекті пайдалылық, ол осы иіліктің жалпы пайдалылығының жеке туындысына тең.

Тұтынушы таңдауы (consumer choice) – бұл ресурстар шек-

теулілігі жағдайында рационалды тұтынушының пайдалылығы қызметін арттырушы таңдау (ақша табысы).

Пайдалылық қызметі тұтынушының ақша табысы кез келген игілікті сатып алуға жұмсалған əр соңғы теңге бірдей шекті пайдалылық əкелетіндей болып бөлінген жағдайда максимумге жетеді (артады).

Пайдалылықтың максимумге жету ережесі бірқатар тұжы-

рымдар жасауға мүмкіндік береді. Шынында, егер:

онда:

94 Экономикалық теория

Сондықтан, игіліктіңкезкелгенn-ініңшектіпайдалылықтары арасындағы арақатынас олардың бағаларының арақатынасына тең болады, яғни:

MU1 : MU2 : ….: MUn = P1 : P2 : ….: Pn

Өлшенген шекті пайдалылықты мынау арқылы бейнелейміз:

мұндағы:

– ақшаның шекті пайдалылығы.

Сонымен, ақша бірліктерінің шекті пайдалылығы тепе-тең- дікте пайдаланудың түрлі нұсқасында (варианттарында) тең. Жалпы түрінде былай жазуға болады: MU1 = P1 λ

Бұл игіліктің шекті пайдалылығы тұтынушының шекті шығындарына тең болады дегенді білдіреді. Сонымен, ақылмен істелгентұтынушылықтаңдауқосымшапайда(МВ) менқосымша шығындарды (МС) салыстыруды ғана емес, олардың арасындағы МВ = МС тene-теңдікті де білдіреді.

Немқұрайдылық қисығы (indifference curve) тұтынушы үшін пайдалылығы бар, екі экономикалық игіліктің түрлі комбинацияларын көрсетеді.

X игілігін пепси-кола, Ү игілігін гамбургер деп алайық. Тұтынушыға 3 гамбургер жеп, бір шөлмек пепси-кола ішудің

(Ri нүктесі) немесе 1 гамбургер жеп, 3 шөлмек пепси-кола (R2 нүктесі) ішудің бəрі бір (7.9-сызбаны қараңдар).

Немқұрайдылық қисығы тұтынушы көзқарасы тұрғысынан бірдей пайдалылыққа ие пепси-кола мен гамбургердің көптеген комбинациясын көрсетеді. Немқұрайдылық қисығы жоғарырақ жəне оңға қарай орналасса, екі игіліктің ол ұсынған комбинациялары көбірек қанағат əкеледі (7.10-сызбаны қараңдар).

Немқұрайдылық қисығы теріс еңкеюге ие, салыстырмалы түрде координат басына дөңес келеді жəне бір-бірімен ешқашан қиылыспайды. Сондықтан кез келген нүкте арқылы бір ғана немқұрайдылық қисығын жүргізуге болады. Немқұрайдылық қисығы ап- паратыныңтұтынушымінез-құлқытеориясындағымаңызыерекше.

7-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

95

 

 

Y

K′

T1 R′1

T

2

 

 

 

R′2

 

 

 

 

 

 

0

H1

H2

L′ X

7.9-сызба. Қос өлшемді кеңістіктегі немқұрайдылық қисығы

Y

U4

U3

U2

U1

0

X

7.10-сызба. Немқұрайдылық қисық картасы

Немқұрайдылық қисығы тұтынушылық артықшылықты анықтауға көмектеседі. Бірақ бұл кезде екі маңызды жағдай ескерілмейді: тауарлар бағасы мен тұтынушылар табысы. Немқұрайдылық қисығы бір игілікті басқасына ауыстыру мүмкіндігін ғана көрсетеді. Бірақ олар тұтынушы нақты қандай тауарлар жиынтығын өзіне ең тиімді деп есептейтіндігін

96 Экономикалық теория

анықтамайды. Бұл ақпаратты бізге бюджеттік шектеулер (баға сызығы, шығындар тігі – budget constraint) береді. Ол ақшаның осы сомасына қанша тұтынушылық заттар жиынтығын сатып алуға болатынын көрсетеді.

Егер І тұтынушы табысы болса, Рх – X игілігінің бағасы, Рy – Ү игілігінің бағасы, ал X жəне Ү – сатып алынған игіліктер санын көрсетсе, бюджеттікшектеулертеңдеуінмынандайтүрдежазуғаболады:

І = Рx Х+ Рy У

немесе, əдеттегідей түрде:

Y I Px X, Py Py

мұндағы: Рх/Ру – тікелей шығындар бұрыш коэффициенті, ол осы сызықтың абсцисс осіне еңкеюін өлшейді.

Х = 0, Ү = І/Ру кезінде тұтынушының бүкіл табысы Ү игілігіне жұмсалады. Оның санын есептеу оңай, ол табысты осы игілік бағасына бөлу арқылы шығады. Ү = 0 кезінде Х = І/Рх онда тұтынушының Рх бағасы бойынша сатып ала алатын X игілігінің санын табамыз (7.11-сызбаны қараңдар).

Y

I

Py

PP xy

0

I X

P x

7.11-сызба. Бюджеттік шектеу

Немқұрайдылыққисығыныңбюджеттікшектеулерменқиысу нүктесі тұтынушы тепе-теңдігін білдіреді.

7-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

97

7.12-сызбада немқұрайдылықтың бірнеше қисықтары – U1, U2, U3 көрсетілген. U1 кисығы бюджеттік сызықты қиып өтеді, сондықтантұтынушыүшіноңтайлыемесшешімболыптабылады.

Y

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

N

 

 

 

 

 

 

 

 

C

 

 

 

 

 

 

D

 

 

U3

 

 

 

 

 

 

U2

 

 

 

 

P x

 

U1

 

 

 

P y

 

 

 

 

 

 

 

0

 

 

 

 

 

X

 

 

 

 

M

 

 

7.12-сызба. Тұтынушының тепе-теңдік жағдайы

 

 

 

(ординалисттік пайдалылық теориясында)

 

Бюджеттік шектеулер бойы

жылжи отырып

жоғарғы

U2 немқұрайдылық қисығына жататын жəне осы бюджетте тұтынушының əл-ауқатын жоғарылататын D нүктесін таба аламыз. U3 қисығы U2 қарағанда жоғарырақ қисық болып табылады, бірақ ол біздің бюджетіміздің шегінен шығып кетеді, оған əзірге қол жеткізу мүмкін емес.

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Бірінші сабақ:

I. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа əсер етуші баға емес факторлар.

Осы сұрақты талқылауда сұраныс, сұраныс көлемі, сұраныс қызметі жеке жəне рыноктық сұраныс сияқты түсініктер сипаттамасына назар аудару қажет. Сұранысты тұтынушылар белгілі бір бағабойыншажəнеқандайдауақытішіндесатыпалуғадайынтауар саныретіндеанықтауғаболады. Қандайдабіртауарғадегенсұраныс

7-3/108-11

98 Экономикалық теория

көлемідепжекеадам, адамдартобынемесежалпыхалықбелгілібір шарттармен уақыт бірлігінде (күн, ай, жыл) сатып алуға келісетін осы тауардың максималды саны аталады. Осы шарттарға: осы тауар бағасы, басқатауарларбағасы, ақшатабысыныңшамасы, тұтынушы қалауыменболжамдылықберуі, мүлікжинаужəнебасқаларжатады.

Сұраныс көлемінің оны анықтаушы факторларға тəуелділігі сұраныс қызметі деп аталады.

Сұраныскөлемінеəсерететінбасқафакторлардыөзгермейтін шама деп алсақ тауар бағасы мен оған деген сұраныс шамасы арасындағы тəуелділік сұраныстың бағадан болатын қызметі түрін қабылдайды:

Qd = (Px)

Бағаданболатынсұранысқызметіүштəсілменберілуімүмкін:

1.

Кестелік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Баға, теңге)

 

 

 

 

Q (сұраныс көлемі, данамен)

 

5

 

 

 

 

50

 

 

 

4

 

 

 

 

60

 

 

 

3

 

 

 

 

80

 

 

 

2

 

 

 

 

110

 

 

1

 

 

 

 

160

 

2. Талдамалы (Аналитикалық)

 

 

 

 

 

QD = 7 – 2 Р

3.

Графикалық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Р

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0

20

40 60 80 100 120 140 160

Q

7.1-сызба. Сұраныс қисығы

7-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

99

Сұранысқисығытауарбағасыдеңгейінебайланыстытұтынушы сұранысыныңкөлеміқалайөзгеретінінкөрсетеді. Сұраныскөлемінің тауарбағасыныңөзгеруінебайланыстыөзгеруісұранысқисығыбойыншақозғалыстыкөрсетеді.

Осыдан басқа жеке жəне рыноктық сұраныс арақатынасын жақсыелестетебілукерек. Осыүшінкестематериалдарын пайдаланыңдар.

Р бағасы

 

Жеке сұраныс

 

Рыноктық

 

 

сұраныс

(теңге)

 

 

 

А субъектісі

В субъектісі

С субъектісі

Qd

 

6

0

0

0

0

4

10

0

0

10

2

20

20

0

40

0

30

40

40

110

Сұранысқа баға емес факторлардың əсер етуін анықтау үшін келесі сұрақтарды пайдаланыңдар:

1.Халық табысы өскенде бейнемагнитофондарға деген сұраныс қисығына не болады?

2.Жаңа автомобильдер бағасы өскенде ұсталған автомобильдерге деген сұраныс қисығына не болады?

3.Қойетібағасыөскендесиыретінедегенсұранысқисығына не болады?

4.Халықтабысыөскендеастұзынадегенсұранысқисығына не болады?

II. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа əсер етуші баға емес факторлар.

Рынокта сұранысқа тауардың белгілі бір ұсынысы қарсы тұрады. Ұсыныс дегенде өндірушінің тауар сатуға дайындығын түсінеміз. Ұсыныс көлемі – бұл сатушының немесе сатушылар тобының белгілі бір шартпен уақыт бірлігінде сатуға қоятын қандайдабіртауарбірлігініңмаксималдысаны. Ұсыныскөлемінің оны анықтайтын факторларға тəуелділігі ұсыныс қызметі деп аталады.

Бағадaнболатынұсынысқызметінүштəсілменберугеболады:

100Экономикалық теория

1.Талдамалы (Аналитикалық)

 

 

 

 

 

 

Qs = - 2 + 2 Р

 

 

 

 

2.

Кестелік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Р (теңгемен берілген баға)

 

 

Q (ұсыныс көлемі, данамен)

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

110

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

100

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

80

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

50

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

10

 

3.

Графикалық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Р

 

 

 

 

 

 

 

S

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 20

40

60

80

100

120

140

160

Q

 

 

 

 

7.2-сызба. Ұсыныс қисығы

 

 

Алынған сызық ұсыныс қисығы деп аталады.

Осы сұрақты қарастыруда тауардың жеке жəне рыноктық ұсыныстарытүсініктерініңарақатынасынакөңілаударумаңызды. Ол үшін мына кестені пайдаланыңдар:

Бір дана үшін баға

 

Ұсыныс көлемі (дана / күн)

Р (теңге)

 

 

 

 

А тұлға

 

В тұлға

Рыноктық Qs

5

0

 

0

0

10

0

 

100

100

15

120

 

150

270

20

140

 

180

320

25

150

 

200

350