журтышыкпен байланыс
.pdf
|
Медиааналитика түрлері |
4-кесте. |
|
|
|
|
|
Мүмкіндіктері |
Атауы |
Сипаттамасы |
|
|
|
Мəтінде сипатталған/ |
Мəтіндердің психолин- |
Жалпы психология, |
|
гвистикалық анализі |
психосемантика, семио- |
аталған объект туралы |
|
тика жəне психолинг- |
пікірді қалыптастыру- |
|
вистика əдістерін пайда- |
дың жасырын тетіктерін |
|
лана отырып, хабарлама- |
айқындауға, қажет |
|
лардың мəтіндері мен |
болғанда өзгертуге |
|
бас тақырыптарына тал- |
мүмкіндік береді |
|
дау жасау |
Мəтінде сипатталған |
Бейнеобраздардың пси- |
Жалпы психология, пси- |
|
хосемантикалық анализі |
хосемантика мен семио- |
немесе атап өтілген |
|
тика əдістерін қолдана |
объект туралы пікірді |
|
отырып, БАҚ хабарлама- |
қалыптастырудың |
|
ларындағы бейнелерге |
жасырын тетіктерін |
|
(бейне жəне фотосурет- |
айқындауға, қажет бол- |
|
тер) талдау жасау |
ғанда өзгеріс енгізуге |
|
|
мүмкіндік береді |
Сарапшыларға сұрау |
Тақырып бойынша са- |
Референтік кісілерден |
салу (10 сарапшыға) |
рапшы ретінде сөйлей |
құпия ақпаратты тікелей |
|
алатын, түрлі топтардың |
алуға жəрдемдеседі |
|
көзқарасын білдіретін |
|
|
кісілерге сұрау салу |
|
Баспасөз қызметінің жұмысын жоспарлау. Медиа-
зерттеулер мен баспасөз қызметінің күнделікті тірлігін байланыстыратын «көпір»-жоспарлау болып табылады. Баспасөз қызметкерлері ең аз дегенде жоспардың үш түрін басшылыққа алулары тиіс:
Ұзақ мерзімді жоспар, ол ағымдағы жəне одан арғы жылға арналады. Мəселен, сайлауды алайық. Ол мемлекеттік басқару органдарының баспасөз қызметтері үшін алдын-ала жоспарға енгізілетін, дайындық жұмыстары жүргізілетін науқан болып табылады.
Орта мерзімді жоспар, жарты жыл-бір жылды қамтиды. Нақтылыққа негізделеді. Мəселен, мемлекеттік басқару органдары, ауылшаруашылық кəсіпорындары үшін көктемгі егіс, орақ, мал қыстату науқандары болып табылады.
Қысқа мерзімді жоспар, мұнда жұмыс барысы егжейтежгейлі пысықталады.
81
Медиажоспарлау. Медиажоспарлау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама орналастыру дегенді білдіреді. Баспасөз қызметінде жинақталған деректердің барлығы медиажоспар негізіне алынады. Медиажоспар хабарламаларды мақсатты аудиторияларға жеткізетін таратушыларды таңдау, хабарламаны орналастыру кестесі жəне оны жариялау əдістерін анықтау жөніндегі ақпарат бар құжат болып табылады.
3.2. Баспасөз қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы
Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыстың ауқымына қарай баспасөз қызметінің штат кестесі де əртүрлі болады. Оның құрамында ең кемі бір-екі қызметкер жұмыс істейді. Ірі құрылымдардың баспасөз қызметінің штаты 50 адамға дейін жетеді. Баспасөзбен байланысты, əдетте:
Баспасөз маманы (баспасөз хатшысы); Баспасөз бюросы; Баспасөзбен байланыс бөлімі;
Баспасөз қызметі немесе баспасөз орталығы; PR қызметі (оның басшысы);
Штаттан тыс қызметкер немесе сырттан шақырылған кеңесшілік фирма сияқты мамандар мен құрылымдар жүзеге асырады.
Баспасөз қызметінің құрамында,əдетте: Бөлім (құрылым) бастығы; Имиджмейкер; БАҚ-пен жұмыс істеу жөніндегі маман;
Медиажоспарлау жөніндегі маман (медиа-байер, медиаселлер);
Журналист; Спичрайтер;
Интернеттегі жұмыс бойынша маман; Бөлімнің іс жүргізуші-хатшысы сынды лауазымдары мен
мамандықтары бар қызметкерлер болады:
Жоғарыда аталып өткен мамандықтардың бірқатары біз үшін əзірге таңсық кəсіп болып табылады. Мəселен, медиабайерлер (ағылшынша media buer) эфир уақыты мен жарнама алаңын сатып алумен айналысса, медиаселлерлер (ағылшынша, media seller) меншік иесінің тапсыруы бойынша жарнама алаңын жəне эфир уақытын сатумен шұғылданады. Имиджмейкердің негізгі
82
міндеті – ұйымның жəне оның басшылығының жағымды образын қалыптастыру. Спичрайтер (ағылшынша, speech - сөз, write – жазу) басшылықтың сөйлейтін сөздері мен жазбаша мəтіндерін жазады.
Ауқымы шағын жəне орташа ұйымдардың баспасөз қызметтерінде осы аталған мамандардың атқарымдарын екі-үш қызмет- кер-ақ орындай алады. Мəселен, БАҚ бойынша менеджер медиажоспарлау жөніндегі жəне Интернет бойынша маманның міндетін, бөлім бастығы болса, спичрайтердің жұмысын атқара алады. Журналист болса имиджмейкердің атқарымдарын еш қиындықсыз жүзеге асыруы мүмкін. Облыстық əкімдіктердің баспасөз қызметтері көбіне осы жүйе бойынша жұмыс істейді.
Енді осы қызметкерлердің атқаратын жұмыс ауқымына тоқталып өтелік.
Бөлім (құрылым) бастығы.
Жұмысының негізгі мақсаты-жұртшылықпен байланысты қалыптастыру жəне қолдап отыру жөніндегі шаралар кешенін жасау жəне үйлестіріп отыру, осы мақсатқа жетуге мүдделі барлық субъектілердің күш-жігерін жұмылдыру, компанияның жұртшылық алдындағы жағымды имиджін қалыптастыру жəне қолдап отыру.
Қызметінің негізгі бағыттары:
Компания басшылығы алға қойған міндеттер ауқымында PRқызметтің барлық бағыттары бойынша стратегиялық жəне егжейтегжейлі жоспарларды талдап жасау жəне жүзеге асыру;
Компанияның PR-идеясын жəне тосын жаңалық болып табылатын бірегей ұсыныстар ойлап табу, бұқаралық акциялар ұйымдастыру;
Бөлім қызметкерлерінің іс-шаралар жоспарларын орындауына бақылау жасау;
Жұмыстың негізгі мақсаттарына қол жеткізуге жəрдемдесетін іс-шаралар жасау үшін сыртқы ортаны бақылап отыру жəне компания қызметіне жұртшылықтың көзқарасын талдау; Компания қызметіне қатысы бар тұстарда əлеуеметтік-саяси
процестерге болжам жасау; Қоғамдық пікірді қалыптастыратын тұлғалармен – саясатшы-
лармен, мəдениет, ғылым қайраткерлерімен араласу; Қажетті жұмыстарды орындау үшін сыртқы ұйымдарды
таңдау;
83
PR-шаралар кешенін жүзеге асыру барысында алынған нəтижелерді жəне жалпы алғанда PR-науқаны тиімділігін талдау;
PR-науқанын өткізу жөніндегі есептер стандарттарын жасау; Бөлімнің күнделікті жұмысына оперативті бақылау жасау; Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің тапсырыстары
бойынша көмек көрсету жəне кеңес беруді қамтамасызу ету; Компанияның бизнес-жоспарын əзірлеу барысында PR сала-
сы бойынша ұсыныстар беру.
Лауазым иелеріне қойылатын дəстүрлі талаптар:
Жасы: 25-тен жоғары. Білімі-жоғары. Осындай лауазымда істеу тəжірибесіүш жылдан əрі қарай. PR-науқандарын жүргізу тəжірибесі болуы, жұмыстың бүкіл үдерісін білуі қажет жəне жұртшылықпен жақсы қарым-қатынаста болғаны жөн.
Имиджмейкер.
Жұмысының негізгі мақсаты-компанияның жəне/ немесе лидердің жағымды имиджін қалыптастыру.
Қызметінің негізгі бағыттары:
Компанияның немесе жеке тұлғаның имиджін жасау. Лидерлердің, ұйымдардың, партиялардың насихаттық жəне жарнама науқандарын өткізу;
Имидж субъектісіне мақсатты аудитория-жұртшылықтың жылы көзқарасын қамтамасыз ету;
Саяси жəне коммерциялық құрылымдардың, оқиғалардың, фигуранттардың барынша тиімді əрі ұтымды образын модельдеу негізгі міндеті болып табылатын коммуникациялық технологияларды енгізу;
Лауазым иесіне қойылатын талаптар:
Білімі. Жоғары (PR немесе журналистика). Жасы: 25-тен жоғары. PR-құрылымдарда кемінде екі жыл жұмыс тəжірибесі, ақпаратты басқару теориясын білуі, жалпы білім деңгейі жоғары болуы тиіс. Жұмыс саласы бойынша ғылыми басылымдарда жарияланған мақалалары болғаны артықтық етпейді.
БАҚ-пен жұмыс істеу жөніндегі менеджер.
Жұмыс мақсаты-компанияның эфирде, сондай-ақ баспасөз беттерінде ақпараттық тұрғыдан тиімді көрінуін қамтамасыз ету.
Қызметінің негізгі бағыттары:
Медиа-рилейшнз – БАҚ өкілдерімен ұдайы қарым-қатынаста болу;
84
Компанияның қызметі туралы теледидар мен радиода жаңалықтардың, сюжеттер мен өзге де материалдардың шығуын қамтамасыз ету үшін арнайы ақпараттық тұжырымдама мен жоспар əзірлеу;
Баспасөзде ақпараттық жəне тақырыптық жарияланымдар шығару тұжырымдамасы мен жоспарларын жасау;
Бұқаралық ақпарат құралдарында компания қызметіне арналған ресми хабарламаларды, түсіндірмелер мен өзге де ақпараттық (журналистік) материалдарды тарату;
Танымал теледидар жəне радиобағдарламаларда компания өкілдерінің қонақ немесе сарапшы ретінде қатысуы жөнінде келіссөздер жүргізу;
Бұқаралық ақпарат құралдарында компания қызметі туралы мақалалар жариялауды, сюжеттер орналастыруды ұйымдастыру; Қол жеткен келісімдерге сəйкес бұқаралық ақпарат құралдарында компания қызметі туралы хабарламалардың (мақала-
лардың, сюжеттердің, т.б.) шығуын бақылау; Компания басшыларының баспасөз мəслихаттарына, бри-
фингтеріне, интервьюлеріне журналистердің қатысуын ұйымдастыру;
Оперативті ақпараттық-анықтамалық жұмыс – компания қызметі туралы БАҚ жəне өзге де сыртқары ұйымдар сұрауларына жауап əзірлеу;
Компания туралы газет материалдарын, тележəне радиохабарлар əзірлеу үшін дерек жинап жүрген журналистерге көмек көрсету;
Компания қызметін жарыққа шығаратын журналистерді аккредитациялау;
Компанияның арнайы жобаларына ақпараттық қолдау көрсету жөнінде БАҚ-пен (теледидар, радио, баспасөз, ақпараттық агенттіктер, Интернет) келіссөздер жүргізу;
БАҚ материалдарына жүйелі түрде оперативті талдау жасау, компания қызметі жөнінде жарық көрген ақпарат туралы басшылық үшін есептер жəне аналитикалық жазбалар əзірлеу;
Компания қызметі жөнінде жарық көрген деректердің нақтылығын тексеру. Қажет жағдайда түсіндіру жəне теріске шығару хаттарын əзірлеу.
Қойылатын талаптар:
85
Білімі: жоғары (журналистика факультеті). Жасы: 25-тен жоғары. Орталық бұқаралық ақпарат құралдарындағы кемінде 2 жылдық жұмыс тəжірибесі, электрондық БАҚ пен баспасөзде жақсы таныстарының болуы шарт.
Журналист.
Жұмысының негізгі мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдары үшін компания қызметі жөнінде ресми хабарламалар əзірлеу, бөлімнің оперативті жұмысына жəне PR-шараларына қажетті мəтіндік материалдар жазу.
Қызметінің негізгі бағыттары:
Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін мақалалар жəне басқа ақпараттық материалдар жазу;
Бұқаралық ақпарат құралдары үшін компания қызметі туралы баспасөз релиздерін жазу;
Компания қызметі туралы кітаптар мен брошюралардың мəтіндерін жазу;
Шақырулардың, коммерциялық ұсыныстардың, пресс-папкі- лердің, бюллетеньдердің, каталогтар мен өзге де сый бұйымдардың мəтіндерін жазу жəне түзету;
Басшылықтың тапсырмасы бойынша ресми хат алмасу мəтіндерін жəне басқа материалдарды тексеру.
Қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары (журналистика факультеті). Жасы: 25-тен жоғары. Орталық бұқаралық ақпарат құралдарындағы кемінде екі жылдық жұмыс тəжірибесі болуы керек. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары (20 шақты) болғаны жөн.
Спичрайтер.
Жұмысының негізі мақсаты – компания басшылығының көпшілік алдындағы сөйлейтін сөздерінің мəтіндерін жазу.
Қызметінің негізгі бағыттары:
Интервью, баспасөз мəслихаттары, брифингтер жəне басқа жария шаралар үшін мəтіндік материалдар жазу;
Компания басшылығының ресми хат алмасуы үшін мəтіндер əзірлеу;
Өкілеттік материалдар əзірлеу; Басшылықтың тапсырмасы бойынша дайын мəтіндерді тек-
серу жəне редакциялау.
86
БАҚ өкілдерімен күнделікті жұмыс істейтін, жұртшылықпен байланысты жан-жақты жолға қойған ұйымдардың баспасөз қыз-
метінің штатында, сондай-ақ ресми ақпаратты тарату жөнін-
дегі маман болады. Оның негізгі мақсаты компанияның стратегиялық PR–жоспарына сəйкес мекемеде болып жатқан оқиғалармен жұртшылықты жедел хабардар ету болып табылады.
Жедел ақпарат тарату жөніндегі маманның негізгі қызмет бағыттарына:
Компания қызметі туралы жаңалықтар алу үшін ішкі құрылымдық бөлімшелер басшыларымен жедел байланыста болу;
Алынған ақпаратты өңдеу, өзіндік ақпарат ағынын қалыптастыру;
Жаңалықтарды тарату үшін бөлім басшылығымен келісу жəне оның рұқсатын алу;
Жаңалықтар жəне ақпарат агенттіктерінің таспаларында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін ақпараттық хабарламалардың мəтіндерін құрастыру;
Жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарының талаптары мен сұраныстарына сəйкес жаңалықты материалдардың формасы мен стилін бір қалыпқа түсіру;
Жаңалықты материалдарды ақпарат арналары мен бұқаралық ақпарат құралдарына тарату;
Жаңалықтар адресаттарының ақпараттық өнімдеріне жүйелі талдау жасау. Компания қызметі туралы ақпараттық хабарламалардың жариялануы жөнінде басшылыққа арнап есептер жəне аналитикалық жазбалар құрастыру жатады.
Ақпарат тарату маманына қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары (журналистика факультеті). Жасы: 25-тен жоғары. Бұқаралық ақпарат құралдарында кемінде екі жылдық жұмыс тəжірибесі болуы, коммуникация теориясын білуі шарт. БАҚ-та жарық көрген 20 шақты материалы болуы керек.
Саясатта, экономикада жəне əлеуметтік өмірде аса маңызды рөл ойнайтын мекемелердің баспасөз қызметтерінде, əдетте, аналитикалық топ ұйымдастырылады. Аналитиктер əлеуметтану, саясаттану, саяси жарнама, PR, əлеуметтік жəне экономикалық процестерді басқару сияқты ғылым салаларының өкілдері болып табылады. Олардың міндеті – баспасөз қызметінің практикалық жұмысын жұртшылықпен байланыстың тиімділігін артыруға септігін тигізетін ғылыми-зерттеу бағдарламаларымен байланыстырып отыру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін аналитикалық топ:
87
-Редакциялық қызметке, БАҚ аудиториясына социологиялық зерттеу жүргізудің тұжырымдамалары мен бағдарламаларын əзірлейді, журналистік жұмысқа қатысты ұсыныстар береді;
-Қоғам дамуының, экономиканың, əлеуметтік өмірдің көкейтесті проблемалары бойынша шығармашылық ұжымдарға, журналистерге, қоғамдық тілшілерге кеңесшілік қызмет көррсетеді;
-Журналистік практика, саяси жарнама, PR мəселері бойынша конференциялар, «Дөңгелек үстелдер», актуальды пікірталастар мен талқылаулар өткізу мақсатында ғылыми күштермен (қоғамтанушылармен, атап айтқанда саясаттанушылармен, журналистика зерттеушілермен) байланыс орнатады;
-Баспасөз қызметінің аналитиктері айналысатын мəселелер ауқымындағы кітаптарға, брошюралар мен басқа да кітап өнімдеріне рецензиялар береді;
-PR, имидж, абырой-бедел, паблисити саласында саяси науқандар, арнайы оқиғалар тұжырымдамаларын əзірлейді.
Аналитикалық топ құрамына сондай-ақ шолушы кіреді. Шолушының негізгі міндеті газет-журнал беттерінде, теледидар жəне радио хабарларында белгілі бір проблемалардың жарық көруін қадағап отыру, оның сапасын анықтап, қарастырылып отырған ахуалдың өрбуіне болжам жасау, ұсыныстар, тұжырымдар беру. Кезекті баспасөз мəлихатына əзірлік барысында шолушы проблеманың тақырыптық досьесін қалыптастырып, түрлі анықтамалар мен жаднамалар əзірлейді. Шолушы журналистік қызметпен тікелей таныс болуға міндетті.
Үлкен мекемелердің баспасөз қызметтерінде аталған қызметкерлерден бөлек фототілші, видеооператор сияқты мамандық өкілдері де болуы мүмкін. Баспасөз қызметінің шығармашылық тобындағы меншікті тілшілер, ТВ-репортерлер мен операторлар БАҚ редакциялары үшін материалдарды өздері əзірлеп бере алады.
Халықаралық деңгейдегі ірі ұйымдардың баспасөз қызметтері техникалық тұрғыдан жақсы жарақтандырылуымен ерекшеленеді. Əдетте, олар соңғы үлгідегі телефондар мен телетайптарды, факстерді, компьютерлер мен электронды дерек банктерін, ішкі теледидар жүйесі мен радиожелісін, автоматтандырылған ақпараттық-анықтамалық пункттерді иеленіп, кітапшалар, пресс-релиздер мен өзге де баспа өнімдерін шығара алады, сондай–ақ оларда қызмет көрсету сервисі де (тамақтандыру, экспедиция, көлік, т.б.) жолға қойылған.
88
Журналистерді аккредитациялау. Акредитациялау тобы журналистерге аккредитация кəртішкелерін, сондай-ақ теледидардың шығармашылық бригадаларының, фототілшілердің жұмысын қамтамасыз ететін құжаттар береді, БАҚ өкіліне бекітілген жеке пресс-бокстың кілтін табыс етеді. БАҚ өкілдерін аккредитациялау квоталарын əкімшілік басшылығы, баспасөз қызметінің жетекшісі редакциялардан түскен өтініштер санына, бөлмелердің техникалық мүмкіндіктеріне (журналистердің жұмыс орындары, байланыс құралдарының «қуаты»), т.б.) орай айқындайды. БАҚ редакцияларының өтініштері мен квотаға сəйкес акккредитациядан өткен журналистер аккредитациялық анкета толтырады.
Баспасөз қызметінің жетекшілері журналистерге арнап баспасөз мəслихаттарын өткізіп, мəдени бағдарламалар ұйымдастырады.
3.3. Баспасөз хатшысы
Баспасөз қызметіндегі басты тұлға баспасөз хатшысы болып табылады. Ол өз қызметінде үш функцияны: ақпараттық, қоғамдық-саяси жəне басқарушылық атқарымдарды жүзеге асырады. Оның қызметі басшылықтың жұртшылықпен жəне бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас стилін бедерлеп көрсетеді. Жұртшылықты өз мекемесінің қызметімен ұдайы хабардар етуге ұмтыла отырып, баспасөз хатшысы апталық баспасөз мəслихаттарында, ай сайынғы кездесулерде немесе маңызды оқиғалардан (жаңа шешімдер қабылдау, жаңа тағайындаулар) кейін іле-шала журналистермен əрдайым жүздесіп отырады. Журналистермен кездесулер арқылы баспасөз хатшысы қызметінің ақпараттық функциясы жүзеге асады. Журналистермен жұмыс істеу барысында баспасөз хатшысы олардың даярлығы жоғары мамандар екендігін əрі проблеманың мəнін жете түсінетіндіктерін есепке алуы, редакцияға (немесе телефонға) асыққандықтан, берілетін жаңалықтарға өз мақаласын немесе есебін енгізіп үлгіруге тырысатындықтан журналистер баспасөз мəслихатын аяқтамай кетіп қалатындықтарын ескеруі керек. Сондықтан да журналистердің уақытын үнемдеуге көңіл бөліп, белгіленген регламентті сақтау үшін оларға берілетін ақпарат қысқа да нұсқа болуы, «тоқсан ауыз сөз тобықтай түйінге сыюы», маңызды ақпарға баса назар аударылуы керек. Баспасөз мəслихаттарына журналистердің қатысуы мақаланың жарық көретіндігін емес, тақырыпқа ынта-ықылас аударылғандығын білдіреді.
89
Тілшілер алдында сөйлей отырып, баспасөз хатшысы уақиғаның егжей-тегжейін баяндайды, ой-пікірлерді, қосымша айғақдəлелдерді келтіреді, балама көзқарастарды ұсынады, сөйтіп басшылықтың іс-қимылына, басқарушылық шешімдерге түсініктеме береді, түрлі көзқарастарды бүкпесіз қарастыру, оппоненттеріне құрмет білдіру арқылы жұртшылық сенімінен шығады. Түсініктеме беру өнері арқылы баспасөз хатшысының қоғамдықсаяси функциясы жүзеге асады. Өз түсініктемелері арқылы ол сол кезеңде маңызды болып отырған қоғамдық қатынастарды айқындап, баспасөз мəслихаттарында талқыланатын оқиғалардың мəн-жайын білуге мүдделі əлеуметтік институттарға үн қатады.
Ақыр-соңында, баспасөз хатшысы арқылы көп жағдайда басшылықтың бұқаралық ақпарат құралдарымен, жұртшылықпен кері байланысы жүзеге асырылады. Баспасөз хатшысы жария ететін жағымды-жағымсыз ақпаратқа жауап реакция ұйым ішінде дереу белгілі болып, мұның өзі баспасөзбен қарым-қатынас стилін өзгертуге мұрындық болады. Баспасөз хатшысының басшылық пен жұртшылық арасындағы кері байланысқа араласуы оның қызметінің басқарушылық функциясын жүзеге асырады.
Объективтілік, жеделдік, шынайылық, оқиғаны жария етудегі немесе түсініктеме берудегі ақпараттық толымдылық баспасөз хатшысы қызметінің принциптері болып табылады, оның ой-толғамдарының беделділігі лауазымның ресми мəртебесімен, сондай-ақ ұйымның, билік құрылымының мəртебесімен нығая түседі.
Баспасөз хатшысының жұмыс күні өте тығыз: ол басшылықпен іскерлік жағдайда жолығысып, түрлі жиналыстар мен мəжілістерге қатысады, жедел ақпаратпен танысып (құжаттарды, мəлімдемелерді, ішкі (қызметтік) ақпаратты, баяндамаларды жəне шолуларды оқып) шығады, поштаға талдау жасайды, құлақтандырылып қойылған баспасөз мəслихаттарына даярлық жасайды, баспасөз мəслихаттары мен брифингтер өткізеді, журналистермен (редакциялармен) бейресми жағдайда кездеседі, басшылыққа арнап ақпараттық топтамалар əзірлейді, басшы іс сапарға шыққанда еріп жүреді. Оның əр күні түрлі оқиғалар мен жаңалықтарға толы.
Баспасөз хатшысының айрықша міндеттерінің бірі – басшының сөзін жазу (ірі ұйымдарда бұл жұмыспен арнайы маманспичрайтер айналысатыны жоғарыда айтылды). Əрбір сөзде
90
