Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

салы

.pdf
Скачиваний:
37
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Салық декларациясы

1. Егер тиiстi келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды ӛтеу бойынша тӛлемнiң жалпы мӛлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 10000 еселенген мӛлшерiнен кем соманы құраса, жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды ӛндiрудi бастаған жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

2. Егер тиiстi келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды ӛтеу бойынша тӛлемнiң жалпы мӛлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 10000 еселенген мӛлшерiнен асып түсетiн соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей тоқсан сайын табыс етедi.

4. Пайдалы қазбаларды ӛндiру салығы

Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды ӛндiру салығын Қазақстан Республикасының аумағында ӛндiрiлетiн минералды шикiзат, мұнай, жерасты сулары мен емдiк балшықтың әрбiр түрi бойынша жеке тӛлейдi.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында пайдалы қазбаларды ӛндiру салығын тӛлеудiң ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасында жасалатын қосымша келiсiмде белгiленген тәртiппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкiн.

Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, мұнайды, минералды шикiзатты, жерасты сулары мен емдiк балшықты ӛндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар

пайдалы қазбаларды өндiру салығын төлеушiлер болып табылады.

Пайдалы қазбаларды ӛндiру салығы бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк тоқсан болып табылады.

Төлеу мерзiмдерi

Салық тӛлеушi салықтың есептелген сомасын бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрмей тӛлеуге мiндеттi.

Салық декларациясы

Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды ӛндiру салығы жӛнiндегi декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей бередi.

5. Үстеме пайдаға салық. Ӛнiмдi бӛлу туралы келiсiмдер (келiсiмшарттар), кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдiк балшықты

131

ӛндiруге арналған келiсiмшарттар, сондай-ақ барлауға және ӛндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындарды қоспағанда, бұл келiсiмшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн ӛндiрудi кӛздемеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушiлер болып табылады.

Салық салу объектiсi

1.Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекстiң 99-бабында кӛзделген түзетулердi ескере отырып, жылдық жиынтық табысының шегерiмдерге қатынасы 1,25-тен жоғары болған салық кезеңiндегi жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының бiр бӛлiгi үстеме пайда салығын салу объектiсi болып табылады.

2.Келiсiмшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы жылдық жиынтық табысты осы Кодексте белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша айқындайды.

3.Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша шегерiмдер:

1) сәйкес есептi салық кезеңiнде келiсiмшарт қызметi бойынша корпорациялық табыс салығын есептеу мақсатында шегерiмдерге жатқызылған шығыстардың

2) мынадай шығыстар мен залалдар шегiнде:

салық кезеңi iшiнде қолданыстағы тiркелген активтер бойынша қалған амортизацияның сомалары және бухгалтерлiк есепте тiркелген активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған тiркелген активтердiң кейiнгi шығыстарының сомалары шегiндегi шығыстарды қоса алғанда, тiркелген активтердi сатып алуға және (немесе) құруға жұмсалған нақты шеккен шығыстардың

жер қойнауын пайдаланушылардың сәйкес амортизацияларды есептеу жолымен одан әрi шегерiмге жатқызылатын шығыстарының

3) сәйкес бұрынғы салық кезеңдерiнде шеккен залалдардың сомасы ретiнде айқындалады.

4. кӛрсетiлген шығыстар мен залалдарды үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдерге жатқызу кез келген мӛлшерде (осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында кӛрсетiлген нақты келтiрiлген шығыстар шегiнде) және кез келген салық кезеңiнде жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша жүзеге асырылады.

5. Тиiстi салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу кезiнде осы баптың 4-тармағында белгiленген құқықты қолданған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалған шегерiмдер сомасынан осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн бұдан бұрын шегерiмге жатқызылған шығыстар бойынша осындай салық кезеңiнiң корпорациялық табыс салығын есептеу кезiнде шегерiмге жатқызылған амортизациялық аударымдардың сомаларын алып тастауға мiндеттi.

132

Салық базасы

1. Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының сәйкес айқындалған шегерiмдер сомасының 25 процентiнен асатын бӛлiгi салық базасы болып табылады.

2. Осы тараудың мақсатына орай таза табыс салық салынатын табыс пен корпорациялық табыс салығы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

3. Осы тараудың мақсатына орай салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен сәйкес жүзеге асырылатын азайтуды ескере отырып кӛзделген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

4. Тұрақты мекеме арқылы жер қойнауын пайдалану жӛнiндегi қызметтi жүзеге асыратын резидент еместер үшiн таза табыс осы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартқа байланысты тұрақты мекеменiң таза табысына есептелген салықтың сомасына қосымша азайтылады.

Есептеу тәртiбi

Салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу жер қойнауын пайдаланушының таза табысының әрбiр бӛлiгiне сәйкес айқындалатын, жылдық жиынтық табыстың шегерiмдерге қатынасының мәнiне сәйкес келетiн салық базасына белгiленген әрбiр тиiстi ставканы қолдану арқылы жүргiзiледi.

Үстеме пайда салығы үшiн күнтізбелік жыл айқындалған салық кезеңi болып табылады.

Үстеме пайда салығы салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 15-шi сәуiрiнен кешiктiрiлмей тӛленедi.

Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы жөнiндегi декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10-шы сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етедi.

4 Бӛлім тақырыптары бойынша практикалық сабақ есептері:

1 есеп. «Свет» кәсіпорыны бойынша келесі ақпараттар алынған:

-2009 ж үшін ЖЖТ450 млн.тг.;

-2009ж ЖЖТ түзету30 млн.тг.;

-2009ж расталған шегерімдері300 млн.тг.;

-ӛткен жылдың залалдары- 1 млн.тг.;

-2009 ж ағымында аударылған аванстық тӛлемдері- 2 млн.тг.. Табу керек: КТС бойынша салық міндеттемесін анықтау.

2есеп.«Азат» кәсіпорынның келесі кӛрсеткіштері берілген:

-2010 жылы тауарларды сатудан түскен түсім 500 млрд.тг.;

-2010ж қызмет кӛрсетуден түскен түсім 800 млрд.тг.;

-2010ж ағымындағы аванстық тӛлемдері 20 500 млрд.тг. құрады.

133

Табу керек: КТС бойынша салық міндеттемесін және декларация тапсыру мерзімін анықтау.

3есеп.«Алма» кәсіпорынның келесі кӛрсеткіштері берілген:

-2010 жылы тауарларды сатудан түскен түсім 400 млн.тг;

-2010ж қызмет кӛрсетуден түскен түсім 600 млн.тг;

-табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары 300 млн.тг.

-2010ж ағымындағы аванстық тӛлемдері 18 млн.тг құрады.

Табу керек: КТС бойынша салық міндеттемесін және декларация тапсыру мерзімін анықтау.

4есеп.«Алма» кәсіпорынның келесі мәліметтері берілген:

1.2010 ж тауарларды сатудан түскен түсім 650 млрд.теңге;

2.2010ж қызмет кӛрсетуден түскен түсім 940 млрд.тг.;

3.Тіркелген активтер бойынша:

Топ

Жыл

Жыл

Жыл

Бух.есеп

Салық

Салық кодексі

 

басындағы

ағымын

ағымын

бойынша

есебі

бойынша

 

баланстық

дағы

дағы

амортизация

бойынша

амртизацияның

 

құны (млн.тг)

түсімдер

шығып

нормалары

аморти

шектік

 

 

(млн.тг)

қалулар

(%)

зация

нормасы (%)

 

 

 

(млн.тг)

 

нормалары

 

 

 

 

 

 

(%)

 

1 топ

1500

-

1700

10

10

10

2 топ

200

100

-

30

25

25

3 топ

30

-

-

50

40

40

4.2010ж ағымындағы аванстық тӛлемдері 20 млн.тг құрады.

Табу керек:

1.Салық есебі бойынша амортизациялық аударымдар сомасын анықтау;

2.2011ж басындағы әрбір топтың баланстық құнын анықтау;

3.2010ж тӛленетін КТС мӛлшерін анықтау;

4.КТС бойынша декларацияны тапсысу мерзімін анықтау.

5есеп.«Апрель» кәсіпорынның келесі мәліметтері берілген:

1.2010ж тауарларды сатудан түскен түсім 50 млн.теңгені құрады;

2.2010ж тауарларды жеткізу бойынша қызмет кӛрсетуден түскен түсім

20 мың теңгені құрады;

3.2010ж наурыз айында 60 млн.теңгеге ғимарат сатты, бухгалтерлік есеп бойынша оның баланстық құны 32 млн.теңге, шығып қалу күні бойынша 1 топтың баланстық құны20 млн.теңге.

4.2010ж сәуір айында кәсіпорын ӛз қызметкерін К. Ахметовты басқа жерге 14 күнге біліктілігін арттыру мақсатында іссапарға жіберді, оған әрбір тәулігіне 7 мың теңгеден тәулікақы тӛледі, екі жаққа

134

жүру шығындары90 мың теңге, қонақүйде тұру үшін100 мың теңге тӛледі;

5.2010ж қыркүйек айында 2006ж мамыр айында 2 млн.теңгеге сатып алған жер участогін 5 млн.теңгеге сатты;

6.2010ж ағымындағы аванстық тӛлемдері 12 млн.тг құрады.

Табу керек:

1.2010ж тӛленетін КТС мӛлшерін анықтау;

2.КТС бойынша декларацияны тапсысу мерзімін анықтау.

6 есеп. «Шарабан» ЖШС 2010ж боулинг және бильярд қызметтерін кӛрсетті. ЖШС-тің 2 ойын залы бар: 6 ойын жолы қойылған боулинг залы және 3 бильярд столы қойылған бильярд залы.

Тіркелген салық ставкасы:

-Бір ойын жолына85 АЕК;

-Бір бильярд столына20 АЕК.

Табу керек: Тіркелген салық бойынша салық міндеттемесін анықтау.

7 есеп. «Шарабан» ЖШС 2010ж боулинг және бильярд қызметтерін кӛрсетті. ЖШС-тің 2 ойын залы бар: 6 ойын жолы қойылған боулинг залы және 3 бильярд столы қойылған бильярд залы. 3 наурыз айында 2 бильярд столы істен шығып қалды, ал 18 наурыз күні пайдалануға ұтыссыз 5 ойын автоматын қойды, оның 2-уі екі ойыншымен және 3-уі бір ойыншымен ойын ӛткізуге арналған.

Тіркелген салық ставкасы:

-Бір ойын жолына85 АЕК;

-Бір бильярд столына20 АЕК.

-Бір ойыншыға арналған ұтыссыз ойын автоматына13 АЕК;

-Екі ойыншыға арналған ұтыссыз ойын автоматына16 АЕК. Табу керек: Тіркелген салық бойынша салық міндеттемесін анықтау.

8 есеп. «Карина» жарнама агенттігінің штатында келесі қызметкерлер жұмыс атқарады:

1.Директор, оклады 95 000 тг;

2.Бухгалтер, оклады 74 000 тг;

3.Байланыс менеджері, оклады 62 000 тг;

4.Дизайнер, оклады 48 000 тг;

5.Суретші, оклады 53 000 тг.

2010 жылдың наурыз айында агенттіктің барлық қызметкерлеріне штаттық кестеге сәйкес еңбекақы есептелінді.

Табу керек: 2010 жылдың наурыз айындағы әрбік қызметкер бойынша міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын анықтау.

9 есеп. ҚР ҚМ Салық комитетінің қызметкері ҚАТУ-да қосымша дәріс оқиды. 2010ж мамыр айында 72 000 тг және маусым айында 80 000 тг табыс алды.

135

Табу керек: Жеке табыс салығының мӛлшерін анықтау.

10 есеп. ҚР ҚМ Салық комитетінің қызметкеріне 2010 ж келесі мӛлшерде еңбекақы есептелінді:

Қаңтарда45 000 тг; Ақпанда50 000 тг; Наурызда58 000 тг.

Наурыз айында 30 000 тг кӛлемінде премия берілді. Табу керек: Жеке табыс салығының мӛлшерін анықтау.

11 есеп. «Азамат» АҚ қызметкері 2011 жылдың наурыз айында келесідей табыстар алды:

-60 000 теңгееңбекақы;

-30 000 теңгеАлматы қаласына 15 күндік қызметтік іссапар шығындары;

-45 000 теңге10 жастағы баласына лагерьге жолдама.

Табу керек: Жеке табыс салығы бойынша салық міндеттемесін анықтау.

12есеп. «Нұр» ЖШС-нің штатында келесі қызметкерлер жұмыс істейді: - Директор, оклады 75 000 тг; - Бухгалтер, оклады 60 000 тг; - Жүргізуші, оклады 45 000 тг;

2011 ж сәуір айында барлық қызметкерлерге штаттық кестеге сәйкес еңбекақы есептелінді.

Сонымен қатар, 1 сәуірдеайына 32 000 теңге кӛлемінде жеке автокӛлігі бар жүргізушімен келісімшарт жасалды.

Табу керек: Сәуір айындағы әрбір тӛлемдер бойынша міндетті зейнетақы аударымдары мен жеке табыс салығының мӛлшерін анықтау.

13есеп.«Орион» жарнама агенттігінің штатында келесідей қызметкерлер жұмыс істейді:

1.Директор, оклады 75 000 тг;

2.Бухгалтер, оклады 60 000 тг;

3.Суретші, оклады 55 000 тг;

4.Дизайнер, оклады 45 000 тг;

5.Екі жарнама агенті, оклады 55 000 тг.

2011 ж сәуір айында барлық қызметкерлерге штаттық кестеге сәйкес еңбекақы есептелінді. Сонымен қоса, 2011 ж 22-24 сәуір аралығында жұмысқа жарнама акциясын ӛткізуге 3 колледж студенттері тартылды, әрқайсысына 15 000 тг тӛленді.

Табу керек: 2011 ж сәуір айындағы әрбір тӛлемдер бойынша міндетті зейнетақы аударымдары мен жеке табыс салығының мӛлшерін анықтау.

14 есеп. «Азат» жарнама агенттігінің штатында келесідей қызметкерлер жұмыс істейді:

136

1.Директор, оклады 70 000 тг;

2.Бухгалтер, оклады 65 000 тг;

3.Менеджер, оклады 60 000 тг;

4.Дизайнер, оклады 55 000 тг;

5.Екі жарнама агенті, оклады 55 000 тг.

6.Жүргізуші, оклады 45 000 тг.

2011 жылдың мамыр айында барлық қызметкерлерге, суретшіден басқасына, штаттық кестеге сәйкес еңбекақы есептелінді. Суретші 2010ж 6 мамыр айынан бастап айдың соңына дейін кезектен тыс еңбек демалысына шықты. Оған мамыр айында істеген жұмысына 5 000тг. есептелінді.

Табу керек: Мамыр айындағы әрбір тӛлемдер бойынша міндетті зейнетақы аударымдары мен жеке табыс салығының мӛлшерін анықтау.

15 есеп.

2011 жылдың наурыз айында «Нур-ай» ЖШС-нің менеджеріне

80 000

теңге еңбекақы есептелінді. Менеджер 2011ж 5 наурызында

бухгалтерияға 2011ж 1 наурыз айынан бастап, еңбекақысынан 1 баласының есебіне табысының тӛрттен бір бӛлігін алимент ретінде аударып отыру жӛнінде соттың шемімін табыс етті.

Табу керек: Жеке табыс салығы бойынша салық міндеттемесін анықтау.

16 есеп. Жеке нотариус 2011ж ақпан айында нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін 230 000 теңге табыс алды.

Табу керек: Жеке нотариустың салық міндеттемесін анықтау.

17 есеп. «Карина» жарнама агенттігінің штатында келесі қызметкерлер жұмыс атқарады:

6.Директор, оклады 95 000 тг;

7.Бухгалтер, оклады 74 000 тг;

8.Байланыс менеджері, оклады 62 000 тг;

9.Дизайнер, оклады 48 000 тг;

10.Суретші, оклады 53 000 тг.

2011 жылдың наурыз айында агенттіктің барлық қызметкерлеріне штаттық кестеге сәйкес еңбекақы есептелінді.

Табу керек: 2011 жылдың наурыз айындағы әрбік қызметкер бойынша әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салық мӛлшерін анықтау.

18 есеп. «Нұр» ЖШС-нің штатында келесі қызметкерлер жұмыс істейді:

-Директор, оклады 75 000 тг;

-Бухгалтер, оклады 60 000 тг;

-Жүргізуші, оклады 45 000 тг;

2011 ж сәуір айында барлық қызметкерлерге штаттық кестеге сәйкес еңбекақы есептелінді.

Сонымен қатар, 1 сәуірдеайына 32 000 теңге кӛлемінде жеке автокӛлігі бар жүргізушімен келісімшарт жасалды.

137

Табу керек: 2011 жылдың сәуір айындағы әрбік қызметкер бойынша әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салық мӛлшерін анықтау.

19 есеп. «Орион» жарнама агенттігінің штатында келесідей қызметкерлер жұмыс істейді:

6.Директор, оклады 75 000 тг;

7.Бухгалтер, оклады 60 000 тг;

8.Суретші, оклады 55 000 тг;

9.Дизайнер, оклады 45 000 тг;

10.Екі жарнама агенті, оклады 55 000 тг.

2011 ж сәуір айында барлық қызметкерлерге штаттық кестеге сәйкес еңбекақы есептелінді. Сонымен қоса, 2011 ж 22-24 сәуір аралығында жұмысқа жарнама акциясын ӛткізуге 3 колледж студенттері тартылды, әрқайсысына 15 000 тг тӛленді.

Табу керек: 2011 жылдың сәуір айындағы әрбік қызметкер бойынша әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салық мӛлшерін анықтау.

20 есеп. «Азат» жарнама агенттігінің штатында келесідей қызметкерлер жұмыс істейді:

7.Директор, оклады 70 000 тг;

8.Бухгалтер, оклады 65 000 тг;

9.Менеджер, оклады 60 000 тг;

10.Дизайнер, оклады 55 000 тг;

11.Екі жарнама агенті, оклады 55 000 тг.

12.Жүргізуші, оклады 45 000 тг.

2011 жылдың мамыр айында барлық қызметкерлерге, суретшіден басқасына, штаттық кестеге сәйкес еңбекақы есептелінді. Суретші 2010ж 6 мамыр айынан бастап айдың соңына дейін кезектен тыс еңбек демалысына шықты. Оған мамыр айында істеген жұмысына 5 000тг. есептелінді.

Табу керек: Мамыр айындағы әрбік қызметкер бойынша әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салық мӛлшерін анықтау.

21 есеп. ЖШС штаттық кестесіне сәйкес штатындағы адамдар саны:

-директор, оклады 150 000 тг;

-қаржылық директор, оклады 130 000 тг;

-бас бухгалтер, оклады 90 000 тг;

-экономист, оклады 80 000 тг;

-3 менеджер, әрбіреуінің окладтары 40 000 тг;

-Жүргізуші, оклады 45 000 тг.

2011ж наурыз айында барлық қызметкерлерге негізгі окладтарының 20 % мӛлшерінде премия берілді. 1 менеджердің университеттегі оқуына 160 000 тг ақы тӛленді.

Табу керек: Наурыз айындағы әрбік қызметкер бойынша әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салық мӛлшерін анықтау.

138

22 есеп. ЖШС штаттық кестесіне сәйкес штатындағы адамдар саны:

-директор, оклады 150 000 тг;

-қаржылық директор, оклады 130 000 тг;

-бас бухгалтер, оклады 90 000 тг;

-экономист, оклады 80 000 тг;

-3 менеджер, әрбіреуінің окладтары 40 000 тг;

-Жүргізуші, оклады 45 000 тг.

Қаржы директорының ұлының балалар бақшасына барғаны үшін 35 000 тг тӛленді.

Табу керек: Мамыр айындағы әрбік қызметкер бойынша әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салық мӛлшерін анықтау.

23есеп. Нотариалдық конторада нотариуспен қатар 3 адам жұмыс істейді. Табу керек: Әлеуметтік салық мӛлшерін анықтау.

24есеп. Қимыл-тірек мүшелері бұзылған мүгедектер жұмыс істейтін мекеменің 2011ж наурыз айында еңбекақы бойынша шығыстары 550 00 теңгені құрады.

Табу керек: Әлеуметтік салық мӛлшерін анықтау.

25есеп. 2011ж сәуір айы бойынша ауыл шаруашылығы ӛнімін ӛндіруші селолық тұтыну кооперативінің еңбекақы түріндегі шығындары 340 000 тг құрады.

Табу керек: Әлеуметтік салық мӛлшерін анықтау.

26есеп. «Карина» ЖШС оңайлатылған декларация негізінде арнулы салық режимі бойынша жұмыс істейді, қызметкерлерінің штаттық саны18 адам. Штаттық кестеге сәйкес ай сайын әрбір қызметкерге 35 мың теңге кӛлемінде жалақы есептелінді. ЖШТ-тің 2010 ж І тоқсанындағы алынған табысы 18 млн.теңгені құрады.

Табу керек: ЖШС-ң 2010 ж І тоқсанындағы міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдары және арнаулы салық режимі бойынша салық міндеттемелерін анықтау.

27есеп. «Наз» кәсіпорыны бойынша келесі ақпараттар алынған:

-2010 ж үшін ЖЖТ440 млн.тг.;

-2010ж ЖЖТ түзету25 млн.тг.;

-2010ж расталған шегерімдері150 млн.тг.;

-ӛткен жылдың залалдары- 0,5 млн.тг.;

-2010 ж ағымында аударылған аванстық тӛлемдері- 1,8 млн.тг. Табу керек: КТС бойынша салық міндеттемесін анықтау.

28 есеп.ҚР-ның резидент заңды тұлға «А» кәсіпорынның келесі кӛрсеткіштері берілген:

- 2010 жылы басқа заңды тұлғаға 1,6 млн сыйақы тӛленді;

139

-2010ж қызмет кӛрсетуден түскен түсім 800 млн.тг.;

-«БТАбанк» АҚ-на тӛленген 1,3 млн. теңге несие бойынша сыйақы;

-2010ж ағымындағы аванстық тӛлемдері 20 500 млн.тг. құрады.

Табу керек: КТС бойынша салық міндеттемесін және декларация тапсыру мерзімін анықтау.

29есеп«Вектор» кәсіпорынның келесі мәліметтері берілген:

1.2010 ж тауарларды сатудан түскен түсім 320 млрд.теңге;

2.2010ж қызмет кӛрсетуден түскен түсім 870 млрд.тг.;

3.Тіркелген активтер бойынша:

Топ

Жыл

Жыл

Жыл

Бух.есеп

Салық

Салық кодексі

 

басындағы

ағымын

ағымын

бойынша

есебі

бойынша

 

баланстық

дағы

дағы

амортизация

бойынша

амртизацияның

 

құны (млн.тг)

түсімдер

шығып

нормалары

аморти

шектік

 

 

(млн.тг)

қалулар

(%)

зация

нормасы (%)

 

 

 

(млн.тг)

 

нормалары

 

 

 

 

 

 

(%)

 

1 топ

2300

1200

100

10

10

10

2 топ

1000

100

6

30

25

25

3 топ

80

5

-

50

40

40

4. 2010ж ағымындағы аванстық тӛлемдері 40 млн.тг құрады.

Табу керек:

1.Салық есебі бойынша амортизациялық аударымдар сомасын анықтау;

2.2011ж басындағы әрбір топтың баланстық құнын анықтау;

3.2010ж тӛленетін КТС мӛлшерін анықтау;

4.КТС бойынша декларацияны тапсысу мерзімін анықтау.

30есеп. «Жиhаз» кәсіпорынның келесі мәліметтері берілген:

1.2010ж тауарларды сатудан түскен түсім 150 млн.теңгені құрады;

2.2010ж тауарларды жеткізу бойынша қызмет кӛрсетуден түскен түсім

55 мың теңгені құрады;

3.2010ж наурыз айында 40 млн.теңгеге ғимарат сатты, бухгалтерлік есеп бойынша оның баланстық құны 35 млн.теңге, шығып қалу күні бойынша 1 топтың баланстық құны15 млн.теңге.

4.2010ж сәуір айында кәсіпорын ӛз қызметкерін К. Ахметовты басқа жерге 14 күнге біліктілігін арттыру мақсатында іссапарға жіберді, оған әрбір тәулігіне 7 мың теңгеден тәулікақы тӛледі, екі жаққа жүру шығындары90 мың теңге, қонақүйде тұру үшін100 мың теңге тӛледі;

5.«Халықбанкі» АҚ-ғы депозиттен алынған 500 000 теңге сыйақы;

6.«БТА» АҚ-на несие бойынша тӛленген сыйақы мӛлшері650 мың теңге;

7.2010ж ағымындағы аванстық тӛлемдері 12 млн.тг құрады.

Табу керек:

140