агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ
.pdfшылықтың мәні тәжірибе қателігінен айтарлықтай үлкен болуы тиіс. Екіншіден бақылау варианты ретінде қолайлы фон қолданылады.
Тыңайтқыштар дозаларымен жүргізілетін тәжірибелердің басты мақсаты – қандай тыңайтқыштың қай дозасы көп өнім беретінін және қай дозаны қолданудан алынған өнім өз құнын қаншалықты ақтайтынын, сонымен қатар қай доза шаруашылық жағдайына қолайлы екенін анықтау.
Минералды тыңайтқыштардың жекелеген түрін қолданудың қолайлы дозасын анықтау үшін егістік тәжірибені мынадай сызбалармен жүргізеді.
1-сызба. Азот тыңайтқышының әр түрлі дозасының ауыл шаруашылығы дақылдарының өніміне әсері.
1.Фон – фосфор мен калий тыңайтқыштары.
2.Фон + азот тыңайтқышы – 1 доза.
3.Фон + азот тыңайтқышы – 2 доза.
4.Фон + азот тыңайтқышы – 3 доза.
2-сызба. Фосфор тыңайтқышының әр түрлі дозасының ауыл шаруашылығы дақылдарының өніміне әсері.
1.Фон – азот пен калий тыңайтқыштары
2.Фон + фосфор тыңайтқышы – 1 доза.
3.Фон + фосфор тыңайтқышы – 2 доза.
4.Фон + фосфор тыңайтқышы – 3 доза.
3-сызба. Калий тыңайтқышының әр түрлі дозасының ауыл шаруашылығы дақылдарының өніміне әсері.
1.Фон – азот пен фосфор тыңайтқыштары.
2.Фон + калий тыңайтқышы – 1 доза.
3.Фон + калий тыңайтқышы – 2 доза.
4.Фон + калий тыңайтқышы – 3 доза.
Тыңайтқыш дозасы тұрақты өлшем емес. Ол дақылдың түрі мен сортына, фонға, агротехникалық шараларға және тағы басқа көптеген себептерге байланысты өзгереді.
Көп факторлы тәжірибелерде факторлар санына сәйкес варианттар да өзгеріп отырады. Егер тыңайтқыштың үш дозасы алынса, варианттар саны 27 (3х3х3), төрт дозада 64-ке (4х4х4), бес дозада 125-ке (5х5х5) жетеді. Яғни тыңайтқыш дозасын өсірген сайын, вариант саны арта түседі. Әрине, мұндай көп варианттармен тәжірибе жүргізу қиын. Сондықтан көп факторлы тәжіри-
261
белердің сызбасын сұрыптау принципі бойынша құрады немесе көп факторлы тәжірибенің қысқартылған варианттардан тұратын синтетикалық түрін пайдаланады.
Тыңайтқыштарды қолдану техникасын (беру мерзімі, әдісі) зерттеуге арналған егістік тәжірибе сызбасын дайындағанда тыңайтқыштың қолайлы дозасын білу керек. Сол сияқты дақылдың түрі мен себу мерзімін ескерген жөн (55-кесте).
55-кесте. Тыңайтқыш қолдану мерзімі мен әдісін зерттеуге арналған тәжірибе жүйесінің үлгісі.
Вариант |
Негізгі тыңайту |
Қатар аралыққа |
Үстеп қоректендіру |
|
|
|
еңгізу |
бірінші |
екінші |
1 |
- |
- |
- |
- |
|
|
|
|
|
2 |
NPK |
- |
- |
- |
3 |
NPK |
Р |
- |
- |
|
|
|
|
|
4 |
NPK |
Р |
N |
- |
|
|
|
|
|
5 |
NPK |
Р |
N |
N |
|
|
|
|
|
Сондай-ақ, азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіру тиімділігін анықтау үшін мына сызбаны қолдануға болады:
1.РК – негізгі тыңайту.
2.NРК – негізгі тыңайту.
3.РК – негізгі тыңайту + N – үстеп қоректендіру.
4.РК + 1/2 N негізгі тыңайту + 1/2 N үстеп қоректендіру.
Осы сызбадағы 2,3,4 варианттарды өзара салыстыру арқылы тыңайтқыштарды үйлестіру тәсілдерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік туады. Ал бірінші вариантты басқалармен салыстыра отырып азот тыңайтқышын беру мерзімінің қосымша өнім деңгейінің өзгеруіне әсерін анықтайды.
Жалпы тыңайтқыштардың қолдану мерзімдері мен тәсілдерін тексеру топырақ құрамындағы қоректік заттардың арақатынасын оңтайландыруға көмектеседі.
Көң мен минералды тыңайтқыштар әсерін салыстырмалы зерттеу оларды дұрыс үйлестіріп қолдануға жол ашады. Бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімінің артуына және оның сапасының жақсаруына үлкен әсер етеді. Сондықтан көң мен минералды тыңайтқыштар әсерін салыстыру үшін тәжірибенің сызбасын тиімді құрудың маңызы зор:
1. Тыңайтқышсыз.
262
2.Көң (толық дозасы 36-40 т).
3.Көң (жарты дозасы 18-20 т).
4.NPK (көңнің толық дозасына сәйкес мөлшері).
5.NPK (көңнің жарты дозасына сәйкес мөлшері).
6.Көң (жарты дозасы + NPK жарты дозасы).
Бұл сызба варианттары көң мен минералды тыңайтқыштардың екі дозаларының тиімділігін және оларды орынды үйлестіру жолдарын анықтауға көмектеседі. Ескеретін жағдай көң мен минералды тыңайтқыштардың салым мөлшерін дақылдың биологиялық ерекшеліктері мен топырақтың агрохимиялық көрсеткіштеріне байланысты өзгертуге болады.
Ауыспалы егіс дақылдарына арналған тыңайту жүйесін зерттеуде сызбада жеке дақылдарға берілетін тыңайтқыш түрі, формасы, мерзімі, әдісі, мөлшері нақты көрсетілуі тиіс (56-кесте). Сол сияқты тыңайтқыштардың, әсіресе, көңнің кейіңгі әсерін ескеру керек.
56-кесте. Қант қызылша ауыспалы егіс дақылдары үшін тыңайту жүйесінің үлгісі.
Ауыспалы егіс |
|
Варианттар |
|
дақылдары |
I |
II |
III |
|
|
|
|
Жоңышқа |
Р30 |
Р60 |
Р90 |
|
|
|
|
Жоңышқа |
- |
- |
- |
|
|
|
|
Қант қызылшасы |
N60P120K60 |
N60P180K90 |
N90P210K90 |
|
|
|
|
Қант қызылшасы |
N45P60K45 |
N45P90K45 |
N60P180K60 |
|
|
|
|
Күздік бидай |
N30P20 |
N30P30 |
N60 |
|
|
|
|
Қант қызылшасы |
Көң 30 т+N60P120K60 |
N90P150K60 |
N120P180K60 |
Қант қызылшасы |
N90P60K60 |
N120P90K60 |
N150P90K60 |
|
|
|
|
Қант қызылшасы ауыспалы егісінің алты танаптағы дақылдарына тыңайтқыш беріледі. Тәжірибенің дұрыс орындалуы ауыспалы егіс дақылдарына қолданылатын агротехникалық шараларға да байланысты болады.
6.1.8 ЕГІСТІК ТӘЖІРИБЕ ЖҮРГІЗУДІ ЖОСПАРЛАУ
Егістік тәжірибе жоспарында зерттейтін нысан, тәжірибенің міндеті мен тақырыбы, сызба, учаске орны көрсетіледі.
263
Егістік тәжірибе жоспарын дайындау кезінде жіберілген қателіктерді ұқыпты орындалған жұмыс және қолайлы әдіс қолданумен, мәліметтерін статистикалық өңдеумен дұрыстау мүмкін емес.
Егістік тәжірибені жоспарлауда ғылыми әдібиеттермен танысу арқылы зерттелетін мәселе туралы жорамал жасалады. Оның бағдарламасында тәжірибе сызбасы, онда қолданылатын әдістеменің негізгі элементтері және тәжірибеде орындалатын байқаулар мен есептеу жұмыстары көрсетіледі. Бағдарламаның ең күрделі әрі жауаптысы оның сызбасы мен жоспарын дайындау.
Тәжірибе жоспарын дайындауға кірісер алдында бұрын орындалған ғылыми жұмыстардың мәліметтеріне жан-жақты талдау жасалуы тиіс. Бұл жүргізілетін тәжірибенің нәтижелерінің дәлдігін арттырады.
Бағдарламада тәжірибе жүргізгенде орындалатын барлық агротехникалық шаралар мен тәсілдердің толық сипаттамасы беріледі. Мұны егістік тәжірибенің агротехникалық фоны деп айтады. Оған тәжірибе учаскесінің тарихы, топырақты өңдеу жүйесі (жырту, культивациялау, тырмалау), тұқымды себу мерзімі мен мөлшері, дақылды суару мөлшері мен мерзімі және тағы басқа агротехникалық шаралар жатады. Агротехникалық шаралардың дұрыс орындалуы тәжірибе зерттеуінің нәтижелерінің дәлдігін арттырады. Сондықтан тәжірибені қолайлы агротехникалық фонда жүргізу ұсынылады.
Бағдарламада зерттелетін өсімдікке жүргізілетін бақылау және есептеу, сол сияқты аналитикалық талдау жұмыстары көрсетіледі. Аналитикалық зерттеу жұмыстарына өсімдік пен топырақ үлгілерін алу және талдауға дайындау, олардың құрамындағы қоректік заттарды анықтау жатады.
Тәжірибе бағдарламасына агрохимиялық талдаудың барлық әдістері мен оның нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістерінде кіргізу керек.
Тыңайтқыштармен жүргізілетін ұзақ мерзімді тәжірибелердің ғылыми маңызы ерекше. Себебі мұндай тәжірибелерде тыңайтқышты жүйелі қолдану арқылы топырақ құнарлылығының кейбір элементтерінің өзгеруін анықтайды. Сондықтан ұзақ мерзімді егістік тәжірибе бағдарламасында топырақты агрохимиялық зерттеу атты жеке тарау болғаны жөн.
264
6.1.9 ЕГІСТІК ТӘЖІРИБЕ УЧАСКЕСІНДЕ ОРЫНДАЛАТЫН ЖҰМЫСТАР
Тәжірибе бағдарламасы дайындалған соң оның негізгі элементтерін: мөлдектер мен варианттарды учаскеде орналастыру әдістерін анықтайды. Ол үшін қағазға тәжірибенің сызбалық жоспарын түсіреді. Онда мөлдектердің ені мен ұзындығы, қорғаныш алқаптары, жолдар мен басқа нысандардың қашықтығы және варианттар мен қайталауларды орналастырудың белгілері көрсетіледі. Сызбалық жоспарды дайындағанда зерттелетін дақылдың ерекшелігін еске алады. Мысалы, отамалы дақылдарға арналған мөлдектің ені өсімдіктің аралық қатарының еніне еселі болады (яғни қалдықсыз бөлінетін сан). Бұл егінді себуді, күтүді және өнімді жинауды мүмкіндігінше толығырақ механикаландыруға септігін тигізеді.
Егістік тәжірибенің сызбалық нұсқасын учаскеге түсіреді. Учаскені мөлдектерге бөлу. Ол үшін учаскенің бір жағынан
бастайды. Мысалы, АD қабырғаның ұзындығын өлшеп А мен D нүктелеріне қазық қағылады. Осы А мен D қазықтарына сегіз қырлы айналы эккер немесе гониометр аспаптарымен тікбұрышты сызық (перпендикуляр) түсіріледі. Сол перпендикуляр арқылы АВ мен DС қабырғаларын табады. В мен С нүктелеріне қазық қағылады да аралығын өлшейді. Егер ВС және АD қабырғаларының арасы бірдей болса егістік тәжірибенің жалпы нұсқасы учаскеге түсірілді деп саналады. Ал ВС мен АD сызықтарының ұзындықтары тең болмаса, учаскені бөлу жұмысы қайтадан басталады (18-сурет).
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
В1 В |
|
|
|
|
|
|
|
С С1 |
А1 А |
|
|
|
|
|
|
|
D D1 |
18 |
17 |
16 |
15 |
14 |
13 |
12 |
11 |
10 |
18-сурет. Тәжірибе учаскесін мөлдектерге бөлу сызбасы. Мөлдек бұрышындағы қазықтар цифрлармен белгіленген
Егістік тәжірибе нұсқасын учаскеге түсіруде қиыстыру дәлдігіне үлкен мән беріледі. Себебі мөлдектерді қиыстыра бөлу дәлдігі соған байланысты болады. Тәжірибе нұсқасын учаскеге
265
түсіруде жіберелетін қиыстырушылық ауытқулары 5-10 см-ден аспауы керек. Сонан кейін тәжірибе учаскесін мөлдектерге бөлу басталады. Мөлдектерді бір қатарға орналастырғанда, учаскенің екі ұзындығына мөлдектің енін өлшеп, шекарасын қазықпен бекітеді.
Тәжірибенің шекарасы берік болуы үшін АD мен ВС арасын бекіткен шеткі қазықтарынан (А,В,С,D нүктелерінен) сызықты созады да үлкен диаметрлі қазықты (репер) жерге тереңірек көмеді (А,В,С,D нүктелері). Реперден (А1 нүктесі) тәжірибе учаскесінің нақты бұрышына (А нүктесі) дейінгі қашықты өлшеп мәліметін сақтайды. Себебі қазық орнында болмай қалған жағдайда сол сақталған мәлімет бойынша оның орнын табуға болады. Репер ретінде темір құбырын, рельс, тасты пайдалануға да болады. Оларды шынжырмен немесе темір сыммен байлап 50-75 см тереңдікке көмеді. Ол қазықтар орнынан жылжыған жағдайда тәжірибе шекарасын анықтауда пайдаланылады.
Тыңайтқыштарды дайындау және топыраққа еңгізу. Егістік тәжірибеде тыңайтқышты даярлау мен оны тәжірибе мөлдектеріне еңгізу өте жауапты мәселенің бірі болып саналады. Өйткені тыңайтқышты еңгізуде жіберілген қателік соңынан түзетілмейді.
Органикалық тыңайтқыштың (көң, қорда, құс саңғырығы т.б.) құрамы ешқашан тұрақты болмайды, сондықтан ондағы жалпы азот, фосфор және калий мөлшерін міндетті түрде анықтау керек.
Минералды тыңайтқыштың қажетті массасы оның әсер ету затының мөлшері, мөлдек аумағы және бағдарлама сызбасында көрсетілген доза бойынша мына формула арқылы анықталады:
Х = а с
100 в
мұнда,
Х - мөлдекке арналған тыңайтқыш массасы, кг; а - сызбада көрсетілген қоректік зат дозасы, кг; с - мөлдек көлемі, м2;
в - тыңайтқыш құрамындағы қоректік зат мөлшері, %. Мысалы, сызба бойынша гектарына 40 кг азот дозасы
қолданылуы тиіс (а). Мөлдек көлемі 200 м2 (с). Құрамында 34% азот бар аммоний селитрасы еңгізіледі (в).
Сонда мөлдекке Х = (40 * 200) : (100 * 34) = 2,35 кг аммоний селитрасы берілуі тиіс.
266
Минералды тыңайтқыштар құрамындағы әсер ету затының мөлшерін анықтамалықтардан алуға болады. Кейбір жағдайда тыңайтқыштарға алдын ала химиялық талдау жасап, соның нәтижесі бойынша олардың массасын есептеп шығарады.
Тыңайтқыштарды өлшердің алдында ірі түйірлерін ұатып електен өткізу керек.
Әрбір мөлдекке есептелген тыңайтқышты өлшеп, қағаз пакетке немесе тығыз матадан тігілген қапшыққа салып, оған мөлдек нөмірі, вариант аты мен тыңайтқыш массасы жазылған этикетканы салады. Осы деректің барлығын тәжірибе жорналына жазады. Егер бірнеше тыңайтқыштарды еңгізетін болса, олардың қоспасын дайындау үшін жай тыңайтқыштардың өзара әрекеттесуі мен араласқыштығын ескере отырып, дұрыс таңдай білу керек. Араластырылған тыңайтқыштар түйір-түйір массаға айналатын болса, онда мұндай қоспаны пайдаланудың қажеті жоқ (19-сурет).
Тыңайтқыш мөлшері аз болса, мөлдектің топырағын қосып көлемін молайтып шашқан дұрыс.
Көң және басқа органикалық тыңайтқыштарды құрғақ затқа айналдырып есептеген жөн. Құрғақ зат арқылы есептеу тәжірибе әдістемесінде көрсетілуі тиіс. Тәжірибеде қолданылатың органикалық тыңатқыштың құрамы, шіру дәрежесі және ылғалдылығының біркелкі болуына көңіл аудару керек. Көңді мөлдекке қол айырмен шашады. Мөлдектерде көңді бір тәуліктен артық сақтауға болмайды.
Мөлдектерге берілген тыңайтқыштарды тәжірибе бағдарламасында көрсетілген тәсілмен топыраққа еңгізеді.
Тәжірибе учаске топырағын өңдеу жұмыстары сапалы, әрі бір мезгілде орындалуы қажет. Егістік тәжірибе мөлдектерін жыртқанда аударылған топырақ қабаты оңға немесе сол жағына жалданып жығылуы керек. Топырақ өңдейтін құралдар қорғауыш алқабында ғана бұрылып және орала алады. Егер оңды және сол жақтарына топырақты жырту қабаты кездесетін болса, оларды мөлдектің бүйір жағындағы қорғаныш алқабына қалдыруға болады. Шағын көлемді мөлдектердің топырағын бір бағытта өңдейді де өңдейтін агрегат кейін қарай бос оралады.
267
Көң, құс саңғырығы |
Әк, күл |
Калий хлориді, калий тұзы |
Томасшлақ, фосфатшлак |
Преципитат |
Фосфорит ұны |
Суперфосфат |
Мочевина (карбамид) |
Кальций цианамиді |
Натрий, кальций, калий селитрасы |
Нитрофоскалар, аммиак селитрасы |
Аммоний сульфаты, аммофос, диаммофос |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тыңайтқыштар
Аммоний сульфаты, аммофос, диаммофос
Нитрофоскалар, аммиак селитрасы
Натрий, кальций, калий селитрасы
Кальций
цианамиді
Мочевина
(карбамид)
Суперфосфат
Фосфорит
ұны
Преципитат
Томасшлақ,
фосфатшлак
Калий хлориді, калий тұзы
Әк,
күл
Көң, құс саңғырығы
19-сурет. Тыңайтқыштарды араластыру сызбасы.
мұнда, қара шаршы - күні бұрын араластыруға болады;
сызықталған шаршы - топыраққа еңгізу алдында араластыруға болады; ақ шаршы - бір-бірімен араластыруға болмайды
Тәжірибе учаскесіне дақылдарды себу немесе отырғызу үлкен ұқыптылықты талап етеді. Тұқымды себу мен отырғызуды мөлдектің ұзын қабырғасына перпендикуляр бағытта жүргізеді. Сонда ғана кездейсоқ ақаулардың (мысалы сеялка шүмегінің
268
топырақ қабатында қақалуы) әсері барлық варианттарға бірдей бөлінеді.
Тәжірибе учаскесіне ең жақсы аудандастырылған, әрі таза, өнгіштігі тексерілген тұқымды себеді. Картоппен тәжірибе жүргізгенде сорты, көлемі бірдей түйнектерді отырғызады. Көкөніс дақылдарының да таңдаулы сорттарының көшеттерін пайдаланады.
Себілетін тұқым мен отырғызылатын көшет мөлшері барлық мөлдектерге бірдей болуы тиіс. Тұқымның себу мөлшерін оның салмағымен емес өнгіштігі арқылы анықтайды. Жаппай тәсілмен егілетін дақылдардың себу мөлшерін мына формула арқылы анықтайды:
X = 100 M A
G
мұнда, Х - бір гектарға себуге арналған тұқым салмағы, кг;
М - бір гектарға арналған тұқым саны, млн. дана; А - 1000 дана тұқым массасы, г;
G - тұқымның себуге жарамдылығы, %.
Тәжірибе учаскесіндегі мөлдектерге тұқымды бір тәулікте сеуіп үлгіру керек.
Майда тұқымдардың (жоңышқа, беде, атқонақ, еркекшөп, судан шөбі т.б.) себу мөлшерін олардың салмағы арқылы анықтайды.
Тәжірибеге пайдаланылған тұқымның, түйнектің, көшеттің сапасы, себу мөлшері мен мерзімі, себу әдісі, көшеттерді отырғызу жиілігі туралы мәліметтерді тәжірибе жорналына жазып отырады.
Учаске мөлдектеріне тұқымды себерде ескеретін қағидалар:
а) себетін сеялканы ұқыпты дайындап, оның механизмдерін ретке келтіреді. Тұқым себетін шүмектерін бір-бірінен керекті қашықтығында бекітеді;
ә) барлық мөлдектерді тек бір ғана сеялкамен себеді; б) мөлдекке 2-3 метр қалғанда себетін шүмектерді жұмысқа
қосады және мөлдек жиегінен 2-3 метрдей шыққан соң сеялка шүмегін көтереді;
в) мөлдек ішінде тұқым себу кезінде сеялканы тоқтатпайды. Отамалы дақылдардың саны мөлдектің көлемінде біркелкі
орналастырады.
269
Тәжірибе учаскесіндегі дақылдарды күту жұмысының жалпы егістікті күтуден айырмашылығы жоқ. Мұнда орындалатын жұмыстар барлық мөлдектерде біркелкі әрі бір мезгілде ұқыпты орындалады.
Тәжірибедегі арнайы күту жұмыстарына тәжірибені көрсету және өсімдіктің өсіп жетілуін бақылау үшін учаскеге кіретін жолдарды таза ұстау, мөлдектердің аралық жолдарын жасау және оларды арамшөптен тазарту, мөлдектердің екі жақ енін тегістеу, арнайы қазықтары мен этикеткаларын жоспарда көрсетілген қашықтықта мөлдектердің шекарасына орналастыру жатады. Этикеткаларға мөлдек нөмірі мен вариант аты жазылады.
Тәжірибе учаскесінде оталған шөптер, сабан мен жапырақ қалдықтарын қалдырмай, олардың барлығын арнайы сақтайтын орынға тасиды.
6.1.10.ЕГІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕ ОРЫНДАЛАТЫН БАЙҚАУ ЖҰМЫСТАРЫ
Тәжірибе нәтижелерін неғұрлым толық, дәлірек және дұрыс бағалау үшін әр варианттың өсімдіктеріне тиісті кезеңде байқау жұмыстарын жүргізеді. Барлық байқау жұмыстарын екі топқа бөледі:
•зерттелетін өсімдіктерді байқау;
•сыртқы орта жағдайларын байқау;
Бұл жұмыстарды орындау кезеңдері тәжірибе бағдарламасында көрсетіледі.
Байқау жұмыстары егістік тәжірибе жұмысының сапасын анықтайды. Сол сияқты кейбір байқау жұмыстары тәжірибенің жалпы жағдайына сипаттама береді.
Егістік тәжірибедегі дақылдардың өсіп-даму кезеңдерінде әр түрлі (фенологиялық, метеорологиялық т.б.) байқау жұмыстары жүргізіледі.
Ауа температурасы өсімдіктер мен топырақты мекендейтін микроорганизмдердің тіршілігіндегі қажетті фактордың бірі. өсімдіктің жылуға қоятын талабы өте өзгермелі. Қолайлы температура тұрақты болса, өсімдіктің өсіп-жетілуіне жағдай жасалғаны болып саналады. Өсімдіктің жылумен қамтамасыз етілуіне сипаттама беру үшін айлық пен онкүндік жылудың орташа
270
