Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

publickz94

.pdf
Скачиваний:
152
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

эвристика əр қашанда ғылыми білімнің компонентасы деп саналған, ал дүниенің постнеклассикалық бейнесінде эвристикалық ғылыми білімнің өлшемі болып ұсынылған. Эвристикалық білімді беру, жеткізу процесті шығармашалаққа, мəселе қоюға, ойын түріне жақындатып, өзгертуге бағытталған.

Эвристикаға жақын əдістердің түрі А.Ф. Осборның «миге шабуыл» /мозговая атака/. Осы əдісте дəстүрлі тəсілдермен бірге: ауыстыру, тасымал, біріктіру жəне бөлумен елестетуді дамытатын: қысылған мерзімі жүйесі, сынаусыз еркін жағдайда мəселені талқылау, бəсекес атмосфераны тудыру жəне əзіл болжауларды ұсыну. Бірақ эвристикалық бағыттың өкілінің Д. Пойяның пікірі, шығармашылықта эффективті жұмыс істейтің əдіс жоқ – бұл дəстүрлі тұжырым болып саналады.

Эвристика өзгеше методология ретінде келесі талаптарды қояды:

•Ол басқа қарапайым, уақыт алатын əдістерге қарай мəселені жедел шешуге ықпал ететін əдістерге арқа сүйейді.

•Қолданатын əдістер дəстүрлілерге қарағанда маңызды.

•Зерттеу параметрларына сыртқы əсер беретіндерге қарсылық білдіретін əдістерді қолданады.

•Ізденіс моделі индивилуады жəне таным субъектісінің психикалық жəне мотивациялық іс-əрекетімен байланысты.

Эвристикалық іс-əрекеттің келесі модельдерін ұсынады. Ең карапайым моделі –

соқыр ізденіс деп аталады. Ең таралған – « лабиринт» моделі, онда ізденіс шешімі

лабиринт бойында жүруге ұқсас.

Өзгеше назарды Г. Буштың структурлық-семантикалық моделіне аудару қажет.

Ол объектілер арасында құрылым мен мағыналық байланысты бейнелейді, мақсат полесін қалыптастырады. Осы модельмен жасалған жұмыс келесі кезеңдерге бөлінеді:

•кірген бағдарлама ағымында дискреттік объектілерді шығару /селективтік іріктеу/;

•олардың арасында байланыс табу;

•сол қойылған мақсатпен байланысты шығарылған объектілердің байланысын актуалдандыру;

•перифериялық байланыс пен объектілерден абстракцияландыру;

•жалпылау объектілерді құрастыру;

•жалпы объектілердің арасында байланыс іздеу;

•жалпыланған лабиринт бойынша ізденіс жасау.

Эвристика логиканың ішіндеде орын алды, оны логикалық талдаудың бір түрі деп түсінеді, ол дəлеледеудің қатал əдістерімен қолданады. Осы өзгешелігімен ол интуитивті жəне этимологиялық сипаттауға қайшы шықты, яғни, формалды емес, қатал емес, спонтанды шығармашылық процеске қатал, формалды, қажетті логикалық пікірді ұғыну.

Эвристиканың келесі метаморфозасы синергетикамен байланыстырады, ол теорияның өз шегінен шығуына назар аударады.

Эвристикалық постулаттарына келесі жатады:

•Шығармашылықпен негізделген құрастыру методологиясы эвристикалы болып табылады.

•Құрастыру мақсаттарының классы шексіз болса, құрастыру əдістерінің классы

шекті.

140

•Мақсаттын шешу ізденіс жолының /əдісі/ субъективті жағы бар, жəне оның эффективтілігі құрастырушының шеберлігімен байланысты.

•Мақсаттардың шешу жаңа əдістері сирек жағымды нəтижеге жектізеді, бірақ солар арқылы шешімдердің оригиналды деңгейі жоғары.

•Əрқашандатабылғаншешужолғаальтернативаретіндеқарсыəдістабылады.

•Ешқандай құрастыру мақсат түсінілген əлде түсініктен өтпеген əдіссіз, пікір стрегиясымен тактикасыз шешілмеген.

Мысалы, геометрияның қатал жəне тығыз постулаттарына қарамай эвристика постулаттарына мүмкіндіктің кең жолдары тəрізді. Эвристикалық постулат бойынша, мақсаттардың ішінде реалдылыққа қарсы шықпағаны жоқ, ал ізденіс жолын қарапайым қадамнан бастау керек. Интуитивті ізденіс мидің саналығын қосқанда басталады. Жəне құрастыру мақсаттын шешуінде ескі жəне жаңа жолдардың аралығын өлшеу процесі қызық жағдайға əкеледі. Эвристикалық постулаттар эвристикалықтың атрибутивтігін байқайды, жəне шығармашылық мүмкіндіктің дамуына, культивациясына назар аударады. Шығармашылық, эвристикалық процесс мақсаттың анықтамасынан басталады, бұл білм мен білімсіздік, анық жəне анықсыз, бар жəне жоқ аралығын айырады, көрсетеді.

Эвристика əдістеріде үстемді роль атқарады. Оның арасында аналогия /əр-түрлі құрылымдарға еліктеу/; прецендент əдісі /ғылыми практикада бар əдістерге назар аудару/; реинтеграция əдісі /қарапайым əдістерден қиын түрлерін құрастыру, «Ариадна жібі»/; организмикалық имитация əдісі /организімге ұқсас болу/ /мысалы, А. Тойнби локалды өркениеттер теориясын құрастыруда қолданған/; псевдоморфизация əдісі / өз түрін қолданбау, мысалы, жаңбыр шатыры, қол таяқ/.

Қызықты түрлеріне жағымсыз күштерді жағымды күшке айналдыру əдісі /инверсия əдісі/; оны И. Лакатос аномалияны дəлелденген теорияның полесіне айналдыруда қолданған. Антитезис əдісі, Гегель диалектикасында айқын болған, дəстүрлі əдістер, подходттар мен тəсілдерге қарсы. Стильдік трафарет əдісі,

гирлянда əлде ілініс /жалғасу/ əдісі, көп қабатты құрылыс жəне секцияға бөлу əдістері

т.б. Адамның мүмкіндігіне жұғынып жаңа құрылыстырды шығару антропотехника əдісі деп аталады.

«Миге шабылу» атты əдіс жəне синектика өзгеше орын алады. «Миге шабылу» сынаудың конструктивті роліне қарсы шығу, нақты айытсақ, сынау жаңаның шығуына бөгет жасайды. Шабылу мəселені шешуде көп санды болжауларды ұсынады. Бұл кезеңде əр-түрлі сынауға тиым қойылады, ашық қарсылықтан бастап күлкі, мимикалық өзгерістерге дейін. Болжаулардың құңдылығы эксперттер деңгейінде қарастырылады.

Ойлаудың психологиялық белсенділік əдістерінің жүйесі ретінде синектика қарастырылады. Ол арнайы топтын қалыптасуын міндет етеді, ол өз тəжірибесін жинақтап əр-түрлі тəсілдер арқылы эксперттік баға береді.

Ең күдік келтіретін эвристикалық тип – соқыр ізденіс моделі – онда интуиция мен сəттілік маңызды. Бірақ оны жие қолданады жəне нəтижелеріде эффективті болады.

Қазіргі эвристика келесі модельдерді ұсынады, оны біз классификациялық график түрінде шығарамыз:

141

•«Трансформатор» моделі – бар мəселе қатысы жоқ, бірақ көп-түрлі трансформация жəне шарттары мен талаптарын анықтау, мақсаттарды өзгеру арқылы шешімді іздейді, ұсынады.

•«Шлюз» моделі – адамның шығармашылық белсенділігінің «шлюзың ашу» қажеттілігінен талпыныс алады, моральдық пен материалдық ынталандыруға сұраныс жасайды.

•«Құмыра» моделі - əр адам бағдарламаның жинақтаушысы жəне көп мүмкіндіктің сандығы. Оның жиналған білімі динамикалық қасиетке ие, іс-əрекетті өзгертуге бағытталады.

•«Тұқым /дəн/» моделі - организмикалық аналогияға толы. Оның пікірінше, шығармашалақ іс-əрекет билогиялық жəне əлеуметтік себептермен негізделеді. Əр адамда креативтік бастамасы болғансон, ол келесі культивацияны қажет етеді.

•«Ракета» моделі - ішкі импульс пен энергияғаның маңыздылығына акцент жасайды, ол адам үшін маңызды мəселені шешкенде активтіге айналады.

•«Трамплин-бөгет» моделі - субъектің шығармашылық процесінде бағдарламаның жетсіздігімен байланысты психологиялық қиындықты жойып шығуға талдау жасайды. Кейбір кезде əуеске айналған ойлау тəсілі гносеологиялық жəне бағдарлама бөгетіне айналады. Оны трамплин моделі /эвристикалық ережелер мен ұсыныстар/ арқылы жеңіп шығуға болады.

•«Призма» моделі - ол пікір бүрышың əлде қойылған мақсаттарды жалғатыру қажеттілігіне жəне оның əр-түрлі қырларын қарастыруға бағытталады.

•«Құрғақ ағаш» моделі - Гетемен шығармашалаққа берген өзгеше бағасымен байланысты, адамның күнделік еңбегі ол «ағаш жару жəне құрғату» процесіне теңдейді. Ал шығармашылықтың оты жаңғанда əлгі кептірілген ағаш лапылдап жанады.

•«Теңиықты таразы» - ол жаратушының білімі, тəжірибесі, іс-əрекеті, мотивтері, ерік күші теңдік байланыста болуды қажет етеді.

•«Комик емес тапқырлық» моделі - шығармашылықта пародия, кəдімгі жəне ғажайып, екі бойлы салыстыру, кездейсоқ қасиеті бойынша салыстыруды біріктіруге акцент жасайды. Осы өткірлі, тапқырлық іс-əрекетке ұқсас, бірақ шығармашылық ойлауда тамырланған.

•«Лабиринт» моделі - кең қолданатын модель – алға басуға бағытталған, интуиция мен тапқырлық жетістік пен сəтсіздіктің мүмкіндігін бейнелейді.

Эвристикалық іс-əрекеттің негізі - бейнелеу мен фантастика, скептицизм мен критицизм, болжау, солипсизм, мистицизм, қиял т.б.

Эвристикалық пікірлер индукция, абдукция мен аналогияға арқа сүйейді, нақты жəне соңғы қатал нəтиже бермейді. Жəне ол зерттеушілерден батылдық пен жігерлілікті сұраныс етеді.

Эвристикада тұрақты, үстемді жолдар жоқ, ақыл эвристикада стереотиптер мен регламентация мүмкін емес, ол сюрприз аймағына кіреді, жəне əр адамның индивидуалдық қабілеттеріне тəрізді. Эвристика ғылыми білімнің өсу мəселесіне келесі себептермен еңгізілген: əр білімнің өсуінің тұрақты қасиетін айқындайды, яғни, теорияның өз шегінен шығужағдайында. Эвристикалық бұл жерде жаңа аймақты қажет ету дегеніміз. В.В. Ильин айытқандай, эвристикалық дегеніміз, теорияның өз шекарасынан шығуталпынысы, экспансия арқылы кеңейюі.

142

Бақылау сұрақтар:

1.Жалпы түрде ғылымның даму мəселесі бойынша ғылым философиясында қандай бағыттар қалыптасқан?

2.Ғылыми революция деген ұғымның шеңберінде дəстүр мен жаңашылдық ұғымдарының ара қатынасы?

3.К. Поппердің ғылыми концепциясында ғылыми білімнің өсу мəселесі нақты түрде қандай идеялар арқылы шешіледі?

4.Т. Кунның парадигма ұғымының «ғылыми революция» атты концепциясындағы орны?

5.Кімдер жəне қандай пікірлер айтты Т. Кунның «нормалы ғылым» атты ұғымын талдауда?

6.И. Лакатостың ғылыми революцияға қатысты пікірлері?

7.Пол Фейерабендтің методологиялық анархизмі жəне ғылымның даму жолы?

8.Стивен Тулминнің көзқарасының өзгшелігі?

9.Джеральд Холтонның нормативтік принциптер атты ұғымының маңыздылығы?

10.Эрхард Эзердің даму теориясының өзгешелігі?

11.Синергетика ұғымының бастамасы?

12.Синергетиканың жаңа парадигмалдық өзгешелігі неде?

13.Эвристикалық əдістерінің түрлері?

14.Эвристикалық модельдерінің қлассификациясы?

15.Эвристикалық постулаттарды атап айтыңыз?

Қолданылған əдебиеттер:

1.Лешкевич Т.Г. Неопределенность в мире и мир неопределенности. Ростов

н/Д., 1994.

2.Богданов А.А. Тектология. Всеобщая организационная науки. Кн. 1-2. М.,

1988.

3.Современная западная философия. Словарь. М., 1991.

4.Буш Г.Я. Диалектика и творчество. Рига, 1985.

5.Буш Г.Я. Методы технического творчества. Рига, 1972.

6.Буш Г.Я. Рождение изобретательских идей. Рига, 1976.

7.Ильин В.В. Теория познания. Введение. Общие проблемы. М., 1993.

8.Тулмин С. Человеческое понимание. М., 1984.

9.Кун Т. Структура научных революций. М., 1978.

10.Лакатос И. Фальсификация и методология научно-исследовательских программ. М., 1995.

11.Фейерабенд П. Избранные труды по методологии науки. М., 1986.

12.Холтон Дж. Тематический анализ науки. М., 1981.

10. ҒЫЛЫМ ƏЛЕУМЕТ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ ДАМУЫ

Дəріс мақсаты: Ғылыми іс-əрекеттің құрылысын анықтау: структурасын, белгілерін, өлшемдерін. Ғылым əлеуметтік институт ретінде: негізгі пікірлерді

143

көрсету. Ғылыми іс-əректтің институционалдық түрлерінің тарихи дамуына, негізгі тенденцияларына тоқтау. Ғылыми қоғамдардың тарихи типтерін көрсету. Ғылыми мектептер мен ғылыми бағыттар туралы бейнелерді ашу. Ғылыми қоғамның нормалары мен құндылықтарына тоқтау. Ғылым жəне билік, ғылым жəне экономика, ғылым жəне нарық қатыныстар қырларына тоқтау. Қазіргі қоғамдағы мемлекеттің іс-əрекетінде ғылым негізгі бағыт ретінде көрсету.

Негізгі терминдер:

Дəйексөз көрсеткіші (Science Citation Index, - SCI) – Филадельфия институтімен қабылданған ғылым бағдарламасының жүйесі, оның негізінде тікелей, керісінше жəне көлдене дəйексөз бойынша жасалған құжаттар жатыр. Еуропалық ғылымда алғашқы зерттеу шығармаларға сілтеме жасау дəстүрі 19 ғ. ортасында қалыптасқан, ол ғылыми білімнің структуралық интеграциясының жəне ғылыми қызметтің кəсіптік дəрежесінің көрсеткіші.

SCI қазіргі ғылымның бүкіл аймақтары бойынша үзілмей жинақталатын бағдарлама база жүйесі 1960 ж. Ю. Гарфилдтің жетекшілігімен қалыптасқан, қатарлас электронды жəне «қағаз» түрінде жасалады. Дəйексөз көрсеткішінің бағдарлама негізін əр-түрлі пəндік топтардың құрылымын жəне олардың құрастыру өзгешелігін көрсететін үш массив құрайды: табиғаттану ғылымдарының дəйексөз көрсеткіші /Science Citation Index - SCI/, əлеуметтану ғылымдардың дəйексөз көрсеткіші /Social Science Citation Index - SSCI/,

гуманитарлық ғылымдар, əдебиет жəне өнердің дəйексөз көрсеткіші /Arts and Humanities Citation Index - A&HCI/. Оған қосымша өзгеше мамандықтар бойынша конференция, симпозиумдар мен жалпы шығармалар кіреді.

Дəйексөз көрсеткішінің құрылымы бір-неше функцияларды атқарады:

∙Индивидуалды мен ғылыми ұжымдардың зерттеулері бойынша күтуші бағдарлама іздеу;

∙Білім аймақтарының құрылымын шығару, бақылау, болжау жəне даму үшін шығармалар арасында байланыстарды іздеу;

∙Ғылыми қоғаммен шығармалардың сапасы мен авторларды бағалау. Пəнаралық зерттеулер – əр-түрлі пəндердің байланысын ескеретін зерттеу

іс-əрекеттің меңгеруі. Пəнаралық зерттеулерге назар аудару мен оларды өзгеше зерттеу іс-əрекетке шығару 20 ғ. екінше жартысына қарайды, пəнаралық байланысты дəстүрлі түрде ғылым, тарихшылар мен ғылым философтары зерттейді. Қазіргі жағдайда зерттеудің практикалық мəселесі деп қаралады, оны жалпы жəне нақты түрде қояды.

Пəнаралық мəселелерді шешу үш мəселенің шешімін біріктіреді: методологиялық /зерттеу пəннің объектін қалыптау жəне оны бүкіл пəндердің қаруларымен оның алғашқы бейнесін жетілдіру/; меңгеру /коммуникация торы мен зерттеулердің байланысын негіздеу, олар арасында профессионалды түрде пікірталас өткізу жəне əр мамандықтың өкілін қатыстыру/; бағдарлама /қолданбалы пəнаралық зерттеулердің нəтижелерін мəселе шешу практикасында қолдану жəне технологиялық түрге айналдыру жəне ғылыми зерттеу нəтижелерін пəндік білімнің экспертизасында қолдану/.

144

Ғылымның жақандау шартында үлкен пəнаралық зерттеу проектілердің нəтижелерін жеткізу мəселесі маңызда болып саналады.

Ғылыми пəн / лат. Disciplina – ілім/– профессионалды ғылымды меңгерудің негізгі түрі, пəндік-мазмұндық тұрғыдан ғылыми білімнің өндірісін, өндеуін жəне жеткізуін жасайтын ұжымдарды біріктіреді жəне ғылым аймағын профессия түрінде даму механизмі жəне қайта өндіруі.

Ғылыми пəн зерттеу бірлік ретінде ғылым əлеуметтануында, ғылымтану, тарихта, философияда, экономикада жəне ғылыми-техникалық прогресте қолданылады. Осы пəндік принцип бойынша білім құрылымы жəне əр салада мамандарды даярлау жүйесі реттелген /мысалы, медицина, инженерлік іс, өнер/. Яғни, əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени ортамен негізделеді, осы жағдайда пəндік принцип инвариантты. Нақты оқиғалар мен уақыттық пен кеңістік айырмашалақтарға қарамай əр-түрлі əлеуметтік жəне меңгеру ортада ғылыми пəнғе тұрақтылық пен инварианттылық тəрізді. Ғылыми пəнді сақтау үшін əр-түрлі ғылыми жəне меңгеру іспен айналысатын ұжымдар ықпал етеді.

Ғылыми коммуникация – ғылыми ұжымда профессионалдық қатынас түрлерінің жиынтығы, ғылымның даму механизімінің негізгі түрі, зерттеушілерді байланыстыру тəсілі жəне жиналған нəтижелерге экспертиза жасау түрі. 50-шы ж. аяғында-60-шы ж. басында ғылыми коммуникацияны зерттеу себептері зерттеу іс-əрекетті интенсификацияландыруға арналған, яғни, жиналған «бағдарлама жарылысын» реттеу жəне меңгеру. Коммуникациялық сараптау мен түсіндіруден пəндік басылымдардан бастап ғалымдар арасындағы өзгеше тұлғалық қатынастар өтті. Ғылымдағы коммуникация методологиялық тұрғыдан зерттелген, себебі, бүкіл жиналған бағдарламаларды эпистемологиялық, əлеуметік, бағдарлама, əлеуметтік-психологиялық зерттеу тұрғысынан мүмкіндігі болмағансон. Осының нəтижесінде əлемде жедел түрде əр салада экспертиза жасайтын топ өкілдері анықталған, екі деңгейлік құрылымдар кішкентай топтан тұрады, олардың арасында үзілмейтін қызмет байланысы бар, аспиранттары мен қызметкерлерінің арасындада тығыз байланыс байқалады. Осы нəтижесінде SCI, SSCI пайда болды.

Ғылыми ұжым - ғалым-профессионалдардың жиыны, олардың меңгеру түрі ғылыми кəсіптің өзгешелігінің көрсеткіші. Ғылыми ұжым туралы ұғым ғылым социологиясының пəнің білім социологиясынан ажырату үшін негізделген. Ғылыми ұжым ғылымға кəсіп түрінде толық болуына жəне оның эффективті болуына жауапкершілік атқарады. Институттардың іс-əрекеті мен ғылыми ұжыммен ғылым мақсатын атқаруға – дəлелденген білім массивін толтыруға – осы кəсіптің келесі қасиеттері ықпал етеді:

-ғылыми ұжым өзгеше білімді алу, сақтау, жеткізу жəне нығайтуға жауапты;

-жаңа өкілдерді еңгізу, даярлау жəне бақылау түрінде кəсіпте салыстырмалы автономды;

-сол кəсіптіктің жəне оның институттарымен өкілдерінің қалыптасу жəне келешегіне ықпал жасайтын əлеуметтік қоршаған орта; сол кəсіптіктің ішінде сыйлық беру түрлері;

145

- ғылыми білім жүйесінің дамуының жоғары деңгейін негіздейтін профессионалдардың байланысының режиміне гарантия жасайтын инфрақұрылымды қолдау.

«Көрінбейтін колледж» - институциаландыралмаған зерттеу тобының жалпы мəселені шешуінде бірігуі. Ғылымитануға бұл терминді еңгізген Д. Бернал, ал Д. Прайс оны «көрінбейтін колледж» атты, тұрақты, функциялары мен көлемі бар, нақты құрылымына ие коммуникативтік ұжым туралы болжау түрінде дамытқан. 60-70 жж. бұл болжау қатал эмпириялық зерттеуден өткізілді. Сол тұрғыдан жаңа зерттеу бағыттармен мамандықтарды қалыптастыруына ықпал жасайтын топтар пайда болды. Ғылыми пəн өзінің қалыптасуында төрт фазадан өтеді:

∙Нормалы фаза. Бұл əлі қосылмаған зерттеушілерден тұратын топ, олар бəріне ортақ проект əлде мəселе бойынша жұмыс жасайды; араларында ресми қатынастар үстемді /мысалы, жетекші мен аспирант/.

∙Тордың қалыптасу жəне даму фазасы интеллектуалды меңгеру өзгерістермен сипатталады, зерттеушілер бірлік коммуникация жүйесіне қосылады. Олар тұрақты коммуникация торын қалыптастырады.

∙Интенсивті даму фазасы сол біріккен топтың жаңа бағдарламасының пайда болуын белгілейді; олар бəріне ортақ бір-неше бағытта актуалды мəселелерді анықтайды, бəріне жеткізеді жəне əр қайсысы соларды шешуге өз зерттеулерін бағыттайды.

∙Жаңа мамандықтың институциаландыру фазасы. Ғылыми топ жеткен нəтижелер осы жаңа подходқа қоғамдық қадірлеу əкеледі, солардың бағдарламасына негізделген жаңа зерттеу бағыты пайда болады, Бірақ бұл бірауызды топ ыдырайды, оның өкілдері өзгеше топтарды жаратады.

Осы «көрінбейтін колледж» дамуында оның өкілдерінің өзіндік санасы келесі өзгерістен өтеді: романтикалық кезең /уақыт тұрғысынан пəндердің нормалы фазасымен келіседі/; догматикалық кезең /коммуникативті тордың жəне біріккен топтың коммуникативті фазасымен келіседі/; академиялық /пəндік фазасы/.

Ғылым социологиясы – ғылымды əлеуметтік институт ретінде зерттейтің социологиялық зерттеулердің аймағы. Ғылым социологиясының пəні – ғылымның болуын жəне дамуына ықпал ететін ішкі қатынастарды жəне оның сыртқы институттармен ара қатынасы. Жəне ғылым социологиясы ғалымдар арасындағы қатынастарды, қалай ғалым болады, ғылыми қоғамда қабылданған əдет нормаларын ұстануға негіздер туралы сұрақтарға жауаптарды қарастырады. Ғылым социологиясы жалпы социологияның бұтағы болғансон жалпы социология білімінің дамуына ықпал жасайды, өзінің категориялық базасын жəне зерттеу əдістерін қалыптастырады.

Іргелі жəне қолданбалы зерттеулер – əлеуметтік-мəдени, құрастыру түрі жəне білім трансляциясы, зерттеушілердің бірігуі бойынша өзгеше зерттеу типтері. Бірақ айырмашылық тек қоршаған ортаға қатысты, ал зерттеу процесс абсолюттік түрде екі типтерде ұқсас. Іргелі жəне қолданбалы зерттеулердің əлеуметтік функциялары келесі түрмен анықталады.

146

Іргелі зерттеулер қоғамның /мемлекет, аймақ т.б./ жаңа білім арқылы жалпы білімді дамыту үшін, бүкіл мамандық бойынша кəсіптерді дайындауға бағытталған, сөйтіп, қоғамның интеллектуалдық потенциалын күшейтеді.

Қолданбалы зерттеулер қазіргі өркениеттің əлеуметтік-экономикалық дамуының негізі ретінде инновациялық процестердің интеллектуалды жағынан қамсыздандыруға бағытталған. Қолданбалы зерттеулерде алынған білімдер ісəрекеттің басқа аймақтарында қолдануға арналған /технологияда, экономикада. əлеуметтік меңгеруде т.б./.

Пəн – ғылымның өзгеше аймағы.

10.1 Ғылыми пəнің құрылымы: құрылысы, қасиеттері, белгілері

Толық ғылыми аймақты қамтитың білімнің құрылыс деңгейін қарастырайық. Бір-неше локалды аймақатардың бар екендігі анық. Бірақ бұл мəселенің қиын да жағы бар. Оны біз былай анықтайық: мысалы, қазіргі физиканың құрылымына не кіреді. Оған алғашқы ашылған теориялар қана кіреді ма, əлде 20 ғ. пайда болғандары ма?

Əрине, қазіргі физиканың теория реттілігіне алғашқы теориялардың кейбірі кірмейді, мысалы теплород теориясы. Мəселенің өзектілігі келесі сұрақта тұрады: қазіргі физиканың құрамына генетикалық тұрғыдан қазіргі концепциялармен байланысты, бірақ алғашқа уақытта пайда болған теориялар кіреді ма?

Мысалы, біз білеміз, механикалық құбылыстар кванттік механика негізінде сипаттау жасалады. Енді, қазіргі физикалық білімнің құрылымына классикалық механикаға кіреді ма? Біз білеміз жылу құбылыстарға статистикалық термодинамика негізінде сипаттау жасалады. Ал, классикалық термодинамика қазіргі білімнің құрылымына кіреді ма? Осындай сұрақтар қарастырылып жатырған мəселені өзектейді.

Жəне тағы бір сұраққа назар аударайық: келешекте бүкіл ғылымдардың салаларын біз қалай бейнелейміз?

Бұл мəселенің анық тенденциясының бірі – бəріне ортақ, олардың негізінде басқа теориялар нақты оқиға сияқты қарастырылатын пəндік аймақтың фундаменталды принциптерінен тұратын теория. Осындай бүкіл пəндік аймақты қамтитын, бəріне ортақ теорияны құрастыру жағдай физика, биология, география т.б. тарихында жие кездеседі. Əр ғылымның аймақтарында бұл ұстанымы айқын.

Мысалы, 20 ғ. аяғына дейін осындай ортақ теория ретінде механиканы ұсынған, оның негізінде бүкіл физиканы құрастыруға болады деген. Содан кейін, осы мүмкін емес деп шешті.

Жалпы теория ретінде электродинамиканы ұсынған, бұл да мүмкін емес болып шықты, себебі, байланыстың əр-түрлері электромагниттік, күшті, əлсіз, гравитациялық бір теорияға біріктіруге болмайды.

Жəне ортақ нөль теориясын құрастыруға талпыныс болған. Элементарлық бөлшектер физикасының жетістіктері бойынша осы жолда фундаменталды нəтижелер пайда болды.

Біз осыған қалай қараймыз?

147

Осы сипатталған бейнені ғылымның сол аймағының құрылымының идеалы деп санауға болады ма? Бұл күрделі сұрақтар. Бірақ, осы сұраққа жауап беру үшін оның шеңберінен шығу қажет, оны кеңейтейік жəне келесі экстраполяцияларын көрсетейік, содан кейін мəселеге қайтып келуге болады.

Физикада бəріне ортақ теорияны құрастыруға болады деп мүмкіндік еңгізейік. Осындай теорияны физика аймағында құрастыруға мүмкіндік бар болса, неге біз осындай реттілік бойынша химиялық құбылыстарды қарастырмаймыз. Химиялық құбылыстар да сол физикалық байланыспен негізделеді. Ал, енді сол химиялық құбылыстарды да қамтитын физикалық теория құрастырылады деп болжау жасайық. Электромагниттік пен жылу құбылыстардың шекарасы, электромагниттік пен химиялық əлде жылу жəне химиялық, немесе физикалық пен химиялық приниципиалдық түрде сонша өткір емес.

Ал, принципиалды түрде физикалық пен химиялық құбылыстарды құрастыратын ортақ теория мүмкін десек, неге ол биологиялық құбылыстарды да қамтымайды, себебі, молекулярлік деңгейде биологиялық процестер де нақты физикалық-химиялық байланыстан тұрады.

Сондай физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстарды біріктіретін теория бар деп болжау жасайық. Яғни, келешекте бүкіл реалдылықтың оқиғалары қарапайым физикалықтан бастап қиын əлеуметтік құбылыстарға дейн сол жалғыз фундаменталды теория арқылы түсіндіруге болады ма? Мысалы, механика негізінде аспан, сұйық жəне газ денелері сипатталады.

Бұндай глобалды бағдарлама күмəн тудырады, себебі, тек қазіргі реалдылықтан алшақ болғансон емес, сонымен қатар, ол ғылым құрылымы туралы сұрақты тым қарапайым түрінде шешкісі келеді. Бұл бағдарлама əртүрлі пəндік аймақтардың өзгешелігін ескермейді.

Əрине, біз физикалық, математикалық жəне тарихи білімді «ғылым» деп біріктіреміз, оны біз басқа адамзат мəдениетінің сфераларынан, ісəрекеттерінен нақты универсалды принциптер мен қатарлас белгілер арқылы ажыратамыз. Мүмкін, жалпы ғылым шеңберінде оларды ажырататын өзгешеліктеріде айқын.

Бір теорияда қазіргі ғылымдағы ғылыми ойлау стильдерінің түрлері мен таным əдістерін біріктіруге бола ма? Əлде ол тек уақытша құрылыс функцияны атқаратын теория ма? Яғни, жоқ, жəне ол тарихи өзгеріске бағынатын құбылыс. Осы интуицияға бағыт алып осы нақты бағдарламаның қателігін анықтайық.

Біріншіден, əр-түрлі ғылымда сипатталатын объектілер өзгеше.

Мысалы, физика мен тарихта, бұл жерде əр-түрлі объектілерді біз ортақ принциптер арқылы көрсете алмаймыз.

Осы мəселені нақты көрсетейік.

Əуелі айтып кетейік, физикалық құбылыстар адам санасынан тыс. Олар туралы білімдер өздеріне əсер етпейді. Ал, əлеуметтік объектілер туралы білім сол объектілерге əсер жасайды ма? Əрине, олай деуге болмады. Мысалы, 2000 ж. энергетикалық дағдарыс болады деп болжаған. Осылай болса, адамдар термоядерлық синтез аймағында жедел зерттеу ізденістер жасайды. Яғни, əлеуметтік объект туралы бағдарлама сол объектті өзгертуге қолданылады.

148

Адамның болашағы туралы білім сонша болжамды потенциалды келешекті өзгерте алады. Реалдық түрде ол болмайды, себебі, ол болжау. Ал физикада басқа жағдай. Жəне сонша жалпы бəрін біріктіретін принциптерде табылмас.

Басқада айырмашалақтарға тоқтауға болады. Физикалық құбылыстар əлеуметтікке қарағанда қарапайым болып табылады. Осы жағдай интеллектуалдық бақылауға негіз беретін себеп, яғни, қиын физикалық құбылыстарды математикалық теориялар арқылы ашылады.

Сөйтіп, абстрктілі объектілер негізінде сипатталатын физикалық құбылыстар қарапайым.

Мысалы, бұл жағдайда, теорияның идеалды функциясын атқаратын адамның бір абстрактілі бейнесін құру қажет, оның қасиеттерін, басқа адамдарға жəне қоршаған ортаға қатынасын, жəне сол негіз арқылы бүкіл əлеуметтік объектілердін қатынасын құруға болады.

Бірақ бұндай жол арқылы нəтижеге жетсекте, бірақ физикада орын алатын, сондай қатал жəне толық теория мүмкін емес.

Осындай ережемен біз биология, география, геология жəне т.б. құбылыстарды сипаттауда кездесеміз. Осы ғылымдардың объектілері физика объектілеріне қарағанда қиын, сол жағдайда, сандық теорияны құруда қиыншылық туылады.

Əрине, математикалық сипаттаудың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін. Бізге айқын, физикада дифференциалдық пен интегралдық санаулар жəне ықтималдық теорияның аппаратын еңгізуі қандай салдарға əкелгенін.

Математизацияландыруға бағынбайтың құбылыстарды сипатайтын математиканың жаңа аймақтары пайда болуы мүмкін.

Жəне, келешекте əлеуметтік, биологиялық, географиялық т.б. құбылыстардың сапалық қасиеттері ашылады деп үміттенеміз, ол өзгеше аймақта дəлдеу теориялардың құруына ықпал етеді. Бірақ, ол сирек жəне саналы фундаменталды принциптерге бүкіл ғылыми білімнің редукциясы мүмкін ба?

Осы жоғары айтылған аргументтер бойынша, келесі пікір дұрыс деп санаймыз: əр ғылыми теория өзінің интенсивті жəне экстенсивті дамуында шектеледі.

Ғылыми теория – ол белгілі абстракция жүйесі, олар арқылы реалдылықтың қасиеттерінің нақты қатынасында мəнді жəне мəнсіз субординациясын ашамыз.

Былай деп айтуға болады, ғылыми теория реалдылықтың бір қырын ашады. Ешқандай абстрактілі жүйе реалдылықтың байлығын қамтып алмайды. Ғылымда міндет түрде бір-біріне келіспейтін, бір-біріне редукцияланатын əртүрлі абстрактілі жүйелер болу қажет, олар реалдылықты əр қатпарында ашады. Олар нақты түрде бір-біріне қатысты, бірақ, бір-бірінен аспайды.

Біздің пікірімізше, сол себепте əлеуметтік құбылыстарды биологиялыққа, биологиялықты – физикалық-химиялыққа, химиялықты – физикалыққа айналдыруға болмайды. Сонымен қатар, физика шеңберінде де сондай, бүкіл физикалық құбылыстарды біріктіретін теория мүмкін емес. Мысалы, жылу

149

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]