Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АҚША-НЕСИЕ САЯСАТ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
344 Кб
Скачать
☆

3.1 Қр Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі даму бағыттары

2011 жылдың алдын ала қорытындылары. 2011 жылы инфляциялық қысымның күшею үрдісі жалғасты. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2011жылы инфляция 8,4%-ға (2010жылғы желтоқсанға 2011жылғы желтоқсан) жетті, ал 2010 жылы ол 7,5% болған. Азық-түлік тауарлары 7,3%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 7,1%, ақылы қызмет көрсету 11,6%-ға қымбаттады. Ең үлкен өсуді жеміс-көкөніс - 25,2%, бензин - 21,5%, көлік қызметі - 19,3%, қант - 16,4% бағалары көрсетті.

Елдің экономикасындағы инфляциялық үрдістерді айқындайтын негізгі факторлардың күші бірнеше жыл бойы сақталып келе жатқандықтан, ұзақ мерзімді және іргелі сипатта болып отыр.

2011жылғы инфляцияның негізгі факторларына тоқталатын болсақ, ел экономикасындағы инфляциялық үдерістерге қысым көрсететін негізгі факторлардың ішінде мыналарды атап көрсетуге болады:

1. Жиынтық сұраныстың жоғары қарқынмен өсуі.

2. Шетел валютасының әкелінуі.

3. Жалақының жоғары өсуі.

4. Өндіріс шығасыларының жылдам өсуі.

5.Тауарлар және көрсетілетін қызметтер нарықтарындағы бәсеке деңгейінің төмен болуы.

Жиынтық сұраныстың жоғары қарқынмен өсуі.

Бөлшек сауда айналысы, кәсіпорындардың инвестициялық сұранысы, мемлекеттің шығыстары жиынтық сұраныстың негізгі көрсеткіштері болып табылады.

Бөлшек сауда айналысының ұлғаюына халық кірісінің өсуі себеп болды. 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы халықтың номиналды ақшалай кірісі 20,2%-ға, ал нақты көрсеткіште 10,7%-ға ұлғайды. Нәтижесінде бөлшек тауар айналымының көлемі 2011 жылы өткен жылмен салыстырғанда 14,4%-ға артты.

Кәсіпорындар сұранысының өсуі инвестициялардың өсуінен көрінеді. Нәтижесінде 2011 жылы негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 10,6%-ға өсті.

Халықтың тұтыну сұранысы және кәсіпорындардың инвестициялық сұранысы несиелтік ресурстарға қол жетімділігінің артуымен нығаяды. Банктердің экономикаға берген кредиттерінің көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 69,1%-ға ұлғайды.

Мемлекеттің сұранысы бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғаюынан көрінеді.

Алайда Қазақстанның бюджет саясаты, әсіресе 2011 жылдың 2-ші жарты жылдығында айтарлықтай бірқалыпты болды. Ол шығыстарының аздап өскендігіне қарамастан мемлекеттік бюджетке келіп түскен жоғары түсімдермен, сондай-ақ едәуір соманың Ұлттық қорға аударылуымен сипатталады. 2011 жылы мемлекеттік бюджеттің түсімдері 2010 жылдағы жағдайлармен салыстырғанда, яғни Ұлттық қорға түсімдерді қоспағанда, ІЖӨ шаққанда 22,2% (2010 жылы – ІЖӨ шаққанда 23,6%), шығыстары – ІЖӨ шаққанда 21,4% (ІЖӨ-ге шаққанда 22,9%) болды.

Индикаторы ІЖӨ-нің нақты өсуі болып табылатын жиынтық ұсыныстың өсуі Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 10,6% құрады.

Тұтастай алғанда жиынтық сұраныстың кеңею қарқыны жиынтық ұсыныстың өсуінен асып кетпегеніне қарамастан 2011 жылдың жекелеген кезеңдерінде экономикадағы ахуал айтарлықтай бірқалыпты болған жоқ. Мысалы, 2011 жылдың 1 жартысында жиынтық сұраныстың өсуі жиынтық ұсыныстың кеңеюінен едәуір асып кетсе, ал 2 жартысында ахуал керісінше өзгерді. Инфляцияның 2011 жылдың 1-ші жарты жылдығында өсіп, 2 жартыжылдығында төмендеуі осымен түсіндіріледі.

Шетел валютасының әкелінуі.

Шетел валютасы Қазақстан Республикасына үш негізгі жолмен түседі: сауда-саттық операцияларынан, тікелей инвестициялау операцияларынан және екінші деңгейдегі банктердің заемдық операцияларынан.

2011 жылдың қорытындысы бойынша сауда балансының сальдосы оң болып, 14,6 млрд. АҚШ долларынан асты. Тікелей шетелдік инвестициялардың таза  әкелінуі 6,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Екінші деңгейдегі банктердің сыртқы борышы 2011 жылда 18 млрд. АҚШ долларына өсіп, 33,3  млрд. АҚШ долларын құрады.

Сыртқы ресурстардың ағыны Қазақстан резиденттерінің шетелдік активтерінің өсуін қамтамасыз етті. 2011 жылы елдің ресми резервтері, яғни Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық резервтері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жинақтары 2,2 есе өсіп, 33,2 млрд. АҚШ долларына дейін жетті. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 2011 жылы 2,7 есе ұлғайып, 2011 жылдың аяғында 19,1 млрд. АҚШ долларын құрады.

Шетел валютасының біршама әкелінуінің нәтижесінде ақша агрегаттары кеңейді. Ақша массасының 2011 жылы 79,9%-ға  3716 млрд. теңгеге дейін өсуі банк жүйесінің ішкі активтерінің ұлғаюынан туындады. Алдын ала жасалған деректер бойынша, номиналдық ІЖӨ-нің ұлғаю қарқынымен салыстырғанда ақша массасы өсуінің барынша жоғары қарқыны экономиканы монеталандырудың 2010 жылдың аяғындағы 27,2%-дан 2011жылдың аяғында 38,1%-ға өсуіне әкелді.

2011 жылы айналыстағы қолма-қол ақша 45,8%-ға 601 млрд. теңгеге дейін өсті, 2010 жылы ол 8,6%-ды құраған болатын.

2011жылы ақша базасы 2,3 есеге 1501 млрд. теңгеге дейін (2010 жылы – 14,7%-ға) кеңейді. Ақша мультипликаторы 2011жылы ақша базасының кеңею қарқынының ақша базасының өсу қарқынымен салыстырғанда асып түсуінің нәтижесінде 3,12-ден 2,47-ге дейін төмендеді.

Жалақының жоғары өсуі.

2011 жылдың қорытындысы бойынша 2010 жылмен салыстырғанда номиналды жалақы 19,7%-ға, ал нақты көрсеткішпен 10,2%-ға ұлғайды.

Еңбек өнімділігінің тиісінше немесе басып озатын көтерілуімен бекімеген жалақының өсуі Қазақстан Республикасында байқалып отырған инфляцияның экономикаға қысымының күшеюіне әкеп соғады. Алдын ала жасалған деректер бойынша 2010 жылмен салыстырғанда еңбек өнімділігі Ұлттық Банктің бағалауы бойынша 8,4%-ға артты.

Өндіріс шығыстарының жылдам өсуі.

Қазақстан Респубикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша өнеркәсіп кәсіпорындары үшін материалдық-техникалық ресурстардың бағалары 2006 жылы 9,7%-ға өсті (2010 жылғы желтоқсанға қарағанда 2011 жылғы желтоқсанда). Нәтижесінде осы кәсіпорындардың тауарлары мен көрсететін қызметтер 14,6%-ға қымбаттады, оның ішінде аралық тұтыну өнімі 15,9%-ға, өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген тұтыну тауарлары 8,2%-ға, өндіріс құралдары 8,7%-ға қымбаттады.

Өндіріс шығыстарының жоғары өсуі ақырғы өнімнің, оның ішінде тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің қымбаттауына әкеп соқты, ол 2011жылы ғана емес, 2012 жылы да әсерін жалғастыра береді. Бұл тұтыну тауарлары мен өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік құралдары бағалары өсуінің аралық тұтыну өнімдері бағаларының өсуінен қалып қоюына байланысты.

Қазақстан Республикасының өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген энергия ресурстарының бағасы 2011 жылы 10,0% өсті, оның ішінде мұнай  бағасы 11,0%-ға, табиғи газ бағасы 3,5%-ға қымбаттады.

Нәтижесінде жанар-жағар май материалдарының бағасы да тұтыну нарығында ұлғайды. Атап айтқанда, бензин 2011 жылы 21,5%-ға, көлік қызметтері – 19,3%-ға қымбат болды.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарықтарындағы бәсекелестік деңгейінің төмен болуы.

Жекелеген тауарлар және көрсетілген қызметтер нарықтарында біршама ойыншылар, көбінесе ірі делдалдық құрылымдар (әсіресе тамақ өнімдері нарығында) жұмыс істейді. Бұл ретте нарықтардың монополиялығы тұтас алғанда республика бойынша байқалмауы мүмкін, ал аймақтарда аймақтық монополиялар жұмыс істейді. Нарыққа еркін кіру ұсақ кәсіпорындар үшін не толығымен жабық, не едәуір қиындатылған.

Ұлттық Банктің қабылдаған шаралары және 2011 жылғы ақша-несие саясатының нәтижелері - осы факторлардың инфляциялық үдерістерге теріс ықпалын азайту мақсатында Ұлттық Банк 2011 жылы «қатаң ақша-несие саясатын» жүргізуді жалғастырды. Ол инфляциялық қысымның төмендеуіне себепші болатын мынадай шаралар топтарынан тұрады:

-  Ұлттық Банктің операциялары бойынша ставкаларды көтеру жөніндегі шаралар («қымбат ақша» саясатын жүргізу);

-  екінші деңгейдегі банктердің артық өтімділігін алуға бағытталған шаралар;

-  айырбас бағамы саясаты жөніндегі шаралар.

Ұлттық Банктің операциялары бойынша ставкаларды көтеру шаралары («қымбат ақша» саясатын жүргізу).

Жыл басынан бері қайта қаржыландырудың ресми ставкасы екі рет:

- 2011 жылдың 1 сәуірінен бастап 8,0%-дан 8,5%-ға дейін;-

- ал 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап 9,0%-ға дейін (соңғы бір жарым жыл ішінде төртінші жоғарылатылуы) жоғарылатылды.

Екінші деңгейдегі банктерден тартылатын депозиттер бойынша ставка төрт рет: 2011 жылдың 1 сәуірінен бастап 3,5%-дан 3,75%-ға дейін, 2011 жылдың 3 шілдесінен бастап 4,0%-ға дейін, 2006 жылдың 1 қарашасынан бастап 4,25%-ға, 2011 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 4,5%-ға дейін жоғарылатылды. Ноталар бойынша кірістілік 2010 жылдың аяғындағы 2,24%-дан 2011 жылдың аяғында 4,95%-ға дейін өсті (тиімді кірістілік).

Ұлттық Банктің операциялары бойынша ставкалардың әсері банкаралық нарықтағы кірістілік арқылы банктердің экономикаға берген несиелері бойынша нарықтық ставкаларға беріледі. Ақша-несие саясатының шараларын қолданудың нәтижесінде Қазақстан қор биржасындағы 7 күндік банкаралық репо операциялары бойынша ставкалар 2010 жылдың желтоқсанындағы орташа 1,54%-дан 2011 жылғы желтоқсанда орташа 5,15%-ға дейін көтерілді. Бұдан басқа 2011 жылдың маусымы мен желтоқсаны аралығында ұлттық валютадағы банкаралық депозиттер бойынша ставкалар 3,77%-дан 4,45%-ға дейін, долларлық депозиттер бойынша – 5,08%-дан 5,35%-ға дейін көтерілді. Банкаралық нарықтағы кірістіліктің көтерілуі экономикаға берілген кейбір несиелер бойынша ставкаларға сәйкесінше әсер етеді, сондықтан бұл бағыттағы нәтижелер 2012 жылы байқалатын болады.

Екінші деңгейдегі банктердің артық өтімділігін алуға бағытталған шаралар.

Ұлттық Банктің банк секторындағы «артық» ақшаны алу бойынша қаржы нарығындағы операциялары ұлғайтылды. 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда депозиттер 3,1 есе артық тартылды, яғни көрсетілген кезең ішінде тартылған депозиттердің көлемі 2,6 трлн. теңгеден 8,1 трлн. теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде банктердің депозиттеріндегі қалдықтар 51,5%-ға 131,6 млрд. теңгеге ұлғайды.

2011 жылдың басынан бері Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын бір аукционда ұсыну көлемі 31 млрд. теңгеден 150 млрд. теңгеге дейін біртіндеп ұлғайтылды. 2011 жылы 3,8 трлн. теңге көлемінде ноталар шығарылды, бұл 2010 жылға қарағанда 2,0 есе көп. Айналыстағы ноталар көлемі 2011 жылы 3,3 есеге 533,1 млрд. теңгеге дейін артты.

2011 жылғы 12 шілдеден бастап Ұлттық Банк жаңа Ең төменгі резервтік талаптар (ЕРТ) туралы ереже енгізді. Ол бойынша банктің ЕРТ нормативтеріне кіретін  міндеттемелерінің құрылымы біраз кеңейтілді. Сонымен қатар ең төменгі нормативтік талаптардың мынадай жіктелген нормативтері енгізілді: банктің ішкі міндеттемелері үшін 6% және өзге міндеттемелері үшін 8%.  18 шілдеден бастап екінші деңгейдегі банктер алғашқы рет жаңа ереженің талаптарына сәйкес ең төменгі резервтік талаптарды есептей бастады, ал 20 шілдеден бастап резервтік активтерін қалыптастыра бастады. Ережеге өзгерістердің енгізілуі ең төменгі резервтік талаптардың ұлғаюына әкеп соқты, ол өз кезегінде резервтік активтердің өсуіне әкелді.

Жаңа өзгерістерге сәйкес ЕРТ нормативтерін орындау үшін екінші деңгейдегі банктердің резервтік активтері 2011 жылғы желтоқсанның аяғында қажетті деңгейден 1,1 есе асып түсті, ал ағымдағы жылдың шілде айының ортасында ол 2,4 есе асып кеткен болатын.

Банк жүйесі өтімділігінің қысқаруы банктердегі бос ақшаның азайғанын білдіреді, мультипликативті әсерді ескерсек, ол банктердің несие беру мүмкіндіктерінің едәуір қысқаруына әкеп соғады. Тұтастай алғанда бұл инфляциялық қысымды, сонымен қатар кейбір лагпен төмендетіп, банк жүйесінің несиелері бойынша кірістіліктің ұлғаюына ықпал етуі тиіс.

Айырбас бағамының саясаты жөніндегі шаралар.

2011 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану механизмінің өзгеруіне байланысты Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастаудың және қайта айырбастаудың жаңа ережесін қабылдады (2011 жылғы 25 шілдедегі № 67). Осы Ережеге сәйкес Ұлттық Банк алтын валюта активтерінен Ұлттық қор үшін шетел валютасын сатып алумен қатар ішкі нарықтан шетел валютасын сатып ала алады.

Сонымен қатар 2011 жылдың екінші жартысында валюта нарығындағы ахуалға Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – ҚҚА) кейбір шаралары әсер етті.

Нәтижесінде ішкі валюта нарығында 2011 жылы теңгенің айырбас бағамымен байланысты ахуал ұлттық валюта ұсынысының өсуінен де, әлемдік валюталардың әлемдік нарықтағы бір-біріне қатысы бойынша бағамдарының ауытқуынан да туындаған әр түрлі бағыттағы үрдістермен сипатталды. 2011 жылдың 1-ші жартысында номиналды көрсеткіште теңгенің АҚШ долларына қарағанда біршама нығайғаны, шілде-қыркүйек аралығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының әлсіреу үрдісі, қазан-желтоқсанда теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы салыстырмалы түрде тұрақты болып қалғаны байқалды. Тұтастай алғанда 2011 жылы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы номиналды көрсеткіште 5,06%-ға нығайды. (11 кесте)

Кесте 11 – 2010-2012 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы

Көрсеткіштер

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Инфляция (кезең бойынша орташа),%

7,6

5,7-7,3

5,0-7,0

5,0-7,0

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, %

8,0

8,0

7,5

7,5

ҚР ҰБ жалпы алтын-валюталық қоры, АҚШ млрд. долл

7,1

9,7

11,2

12,5

% бойынша өзгерістер

-23,8

37,7

15,4

11,7

Ақша базасы, млрд. тг

663

939

1184

1416

% бойынша өзгерістер

14,7

41,7

26,1

19,6

Ақша массасы, млрд. тг

2065

2789

3561

4413

% бойынша өзгерістер

25,2

35,0

27,7

23,9

Резиденттер депозиттері, млрд. тг

1654

2228

2830

3525

Сонымен, 11-кестеде Ұлттық Банктің 2009 жылы инфляциялық қысымды төмендетуге бағытталған ақша-несие саясаты инфляция динамикасындағы үрдістердің өзгеруіне әкеп соқты. Екінші жартыжылдықта жылдық инфляция қарқыны төмендеді: егер 2010 жылғы желтоқсаннан бастап 2010 жылдың мамыры аралығында инфляция 7,5%-дан 9,0%-ға дейін көтерілсе, 2006 жылдың желтоқсанында ол 8,4%-ға дейін төмендеді.

Инфляциялық үдерістер динамикасындағы жалпы үрдістерді және   макроэкономикалық саясаттың, оның ішінде ақша-несие, салық-бюджеттік және монополияға қарсы саясат шараларының инфляцияға ықпалын көрсететін негізгі инфляция жылдық көрсеткіште 2010 жылдың екінші жартыжылдығында маусымдағы 8,6%-дан желтоқсанда 7,3%-ға дейін төмендеді.

Алайда, баға тұрақтылығына қол жеткізу жөніндегі шараларға қарамастан  инфляция 2010 жылы жоғары баға сценарийі бойынша мақсатты бағдардан (6,9-8,5%) аздап асып, орташа алғанда 8,6%-ды құрады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, қазіргі таңда Қазақстанда жүргізіліп отырған ақша-несие саясаты жайлы мынадай түйіндер шығаруға болады:

- ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы;

- ақша-несие саясатының басты мақсаты – ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді;

- ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі – Ұлттық банк болып табылады;

- ҚР Ұлттық банкінің басты міндеті – ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, ҚР-дағы ақша-несие саясатын жүргізу, екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалау;

- ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу обьектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиын жатады;

- Инфляциямен күрес - ақша-несие саясатының басты мақсаты. Инфляцияны реттеу жөнінде қолданылатын шаралар Ұлттық банктің ақша-несие саясатының 2006-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттарында айқындалған.

Жалпы алғанда, бүгінгі еліміздің экономикасын сараптаушы әлемдік сарапшылар тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан жағдайын жоғары бағалауы - әуел бастағы нарықтық экономиканы таңдауындағы дұрыс бағыт алғанын айғақтайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жүргізіліп отырған ақша-несие саясаты соңғы жылдар көлемінде қалыптасудың жолынан өтіп, тұрлаулы саясатқа айналалғанына куә болып отырмыз.

Ақша-несие саясатының құралдарын жетілдірудегі кейбір мәселелері

- ақша-несие саясатының инфляцияға әсерін ұлғайту үшін ақша-несие саясатының құралдары жетілдірілді. 2005 жылдың 1- шілдесінен бастап, ақша-несиені басқару механизміне өзгешеліктер енгізілді, олар ақша-несие саясатының жеке операцияларын мерзім бойынша унификациялауды жүргізеді. Оның әсері болу үшін «овернайт», «овердрафт» операциялары қысқартылды.

Қазақстанда ақша-несие саясатын реттеу мақсатында келесілер ұсынылады:

Ақша-несие саясаты қаржы нарығы тұрақтылығын сақтауға сәйкестенеді. Қазақстан Республикасының қаржы секторы 2003-2006 жылдары дамыту концепциясы болашақта халықаралық стандарттарға жақындауды жүзеге асырады. Халықаралық қаржы ұйымдары мен белсенді қызметтестіктер жалғасады.

Макроэкономикалық саясат саласында салық, бюджет және ақша-несие жүйелерін реформалау жолымен бірқатар міндетін шешу алда тұр. Соңғы жылдары Қазақстан экономикасының дамуына әсер ететін сыртқы факторлар едәуір өзгерді. Бұл бірінші кезекте мұнай экспортының өсуіне, еуроға шаққанда айырбас бағамы қатысының өзгеруіне, шетел капиталдың едәуір ағынына байланысты.

Осы жағдайларды ескере отырып және Қазақстанның ақша-несие саясатын реттеу мақсатында төмендегілерді ұсынамын:

Ұлттық Банк ақша-несие саясатында негізгі бағыт етіп баға тұрақтылығын Қазақстанның халқына жергілікті баспаларда көрсету қажет;

Ұлттық Банк шетелдік капиталы ағылуы, ішкі нарықтағы өтімділік молдығы, мемлекет бюджетінің шығындарының өсуі, инфляция деңгейінің өсуді, ақша-несие саясатын қатаңдандыруды іске асыру қажет;

жоспарды орындау барысында, ақша-несие операцияларын қолдану тиімділігін арттыру жұмыстарын және қаржы нарығы жағдайы бойынша қабылдайтын өлшемдер одан әрі күшейту керек.

Сонымен қатар, жоғары өтімділік мәселесін өткірлігін төмендету үшін банкте сақтауға тиіс нормативтер арқылы олардың міндеттерін кеңейту жолымен ең төменгі қорлық талаптар есебі механизмін әрі қарай жетілдіруді ұйғарады. Өйткені, ақша ұсынысы экономикалық өсудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Назарбаев Н.Ә."Қазақстан-2030". Барлық казақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы". Қазақстан Республикасы Президентінің ел халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 2006 ж

  2. «Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы N80 Жарлығы //"Егемен Қазақстан" 2006 жылғы 1 сәуір N73-74

  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының 2010жылға дейінгі даму стратегиясы. 2002г.

  4. «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006жылғы 4 мамырдағы N111 Жарлығы //"Егемен Қазақстан" 2006 жылғы 11 мамыр N103

  5. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. //Егемен Қазақстан, 19.03.2004

  6. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Заңы. 30.08. 1995ж.

  7. Смағұлова Г.С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері. Алматы, экономика, 2005

  8. Ихданов Ж.О.,Орманов Ә.О.Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. Алматы , Экономика, 2002ж, 218б.

  9. «АСҚБ» АҚ-ның 2006 ж. жалпы ережелері.

  10. Шағын және орта кәсіпкерлік жобасына сәйкес «АСҚБ» АҚ филиалдарының несиелік құралдарын енгізу және оларды жабу поцедуралары. Алматы қ. 2006ж.

  11. «АСҚБ» АҚ-ның есептік саясаты. Алматы қ. 2006ж.

  12. «АСҚБ» АҚ-ның жалпы несиелік процедуралары. Алматы қ. 2006 ж.

  13. Екінші деңгейдегі банктер үшін прудинциалды нормативтің есептеу әдісі мен нормативті маңызды инструкцияларды бекіту туралы. 30 қыркүйек 2005ж. №358

  14. Каренов Р.С.Экономиканы мемлекеттік реттеу. Алматы: Ғылым, 2001г.-254 бет.

  15. Кенжеғозин М. Қазақстан экономикасы: басымдықтар мен проблемалар //Егемен Қазақстан. – 2006, №20.

  16. Мұхамбетова З.С. Аймақтың ақша-несие саясаты.//Аль-Пари.-2003, №1.

  17. Аймағамбетова Г. Валюталық режимді ырықтандыру // Егемен Қазақстан. – 2005, №148.

  18. Тұраров Н. С. Ақша-несие саясаты // Саясат. – 2006, №7.

  19. Кушербаев Б.П. Банктер және несие алушылар қарым-қатынастарын реттеу // Егемен Қазақстан. – 2004, № 25.

  20. Сейткасимов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2005ж.

  21. Бердалиева К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері».Алматы -2001ж.

  22. Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы - 2002

  23. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы». Алматы 2003ж.

  24. www.nationalbank.kz

  25. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» туралы 1995ж. 30 наурыздағы № 2155 Қазақстан Республикасының Заңы

43