Дерматансульфат
Осы
гетерополисахарид негізінен теріде
және аортада кездеседі. Дерматансульфатқа
ұлпалық және бактериялық гиалуронидаза
әсер етпейді. Дерматан сульфаттың басқа
кондритинсульфаттардан өзгешелігіне
оның дисахаридтік бірлігінің құрамына
L - идурон қышқылының кіруі және оның
антикоагулирлеуші қасиетін көрсетуі
жатады.
Гепарин
Басқа
глюкозамингликандардан айырмашылығы
гепарен жасушааралық матрикстің құрамына
кірмейді. Ол дәнекер ұлпаның ірі
жасушаларында синтезделініп жасуша
аралық кеңістікке және қан тамырларына
бөлініп шығады. Қан тамырларында ол
ақуызбен байланысқан күйде болады.
Гепарин қанды ұйып қалудан сақтайды
және липопротеиддлипаза активтендіріп,
хиомикрондардың липидтерін гидролизге
ұшыратады.