Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Агробизнес қызметінің теориялық негіздері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
223 Кб
Скачать
☆

1. Агробизнес қызметінің теориялық негіздері.

1.1. Агробизнеске қысқаша сипаттама.

Агробизнестің негізгі субъектісі кәсіпкер болып табылады. Кәсіпкердің көптеген анықтамалары бар. Кәсіпкер дегеніміз:

— бұл — тәуекелі мол жағдайларда әрекет етуші адам;

— кім істі жоспарлаушы, бақылаушы, ұйымдастырушы және кәсіпорынды иемденуші болса, кәсіпкер сол;

— кім өзінің ұйымдастырушылық қабілеттері арқасында табыс тапса, сол кәсіпкер;

— бұл—кез келген мүмкіндікті ұқсатып, барынша мол пайда таба білетін адам.

Осы анықтамалардың бөрі кәсіпкерлік іс-әрекет — бұл кәсіпкерлік қаблеті бар, жігерлі де ынталы адамның ақыл-сана (интелектуалдық) іс-әрекеті екенін көрсетеді.

Агробизнесте негізгі факторлар — жер, өсімдікгер мен мал, материалдық-техникалық және қаржы ресурстары, сондай-ақ еңбек ресурстары, яғни табиғи ресурстар, еңбек пен капитал болмақ.

Кәсіпкерлік қабілет — бұл өндірістің ерекше факторы, ол — өндіріс үрдісіне басқа барлық факторларды бірыңғай жүйеге біріктіруші. Кәсіпкерлік қабілет-шешім қабылдай білу кабілеті мен тәуекел ету қабілеті.

Өндіріс факторлары, өдегге біреуге тиесілі. Бұл факторлардың меншікті иесі оларды өндіріс үрдісінде пайдаланудан кіріс кіргізуді көздейді. Еңбек иесі кірісті еңбек ақысы түрінде алуға ниеттенеді. Капитал иесі кірісті салынған капиталды өсіретін пайыз түрінде алуды ойлайды, табиғи ресурстар иесі түсім (рента) алғысы келеді, кәсіпкер пайда табуды көздейді.

Сөйтіп, бизнес дегеніміз — субъектінің нарықтық экономика жағдайларында табыс табуға бағытталған экономикалық іс-әрекеті.

Тиімді бизнесті жүзеге асыру үшін экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар қажет, яғни бизнеске қолайлы орта керек.

Экономикалық жағдайларға мыналарды жатқызуға болады: тауарға сұраныс пен ұсыныстың бар болуы; кәсіпкер үшін оның шамасы жетерлік ақша-қаражаттың бар болуы; жұмысшы күшінің бар болуы.

Әлеуметтік жағдайларға сатып алушылардың тауарды иемденуге ықыласы мен мүмкіндігі жатады. Бұл жерде тұрғындардың табысын, сатып алушылардың талғалздары мен өмір сүру салтын, демографиялық жағдайды ескеру қажет.

Мамандардың білікгішгін, оларды оқыту және қайта даярлау мүмкіндіктерін, сондай-ақ фирма қызметкерлерінің әлеуметгік жағдайларын қамтамасыз ету мен олардың жақсы жұмыс істеу - ықыласын ынталандыруды да осыған жатқызуға болады.

Құқыктық жағдайларға мыналар жатады: мемлекеттік қолдау түрлері (мемлекеттік тапсырмалар, жеңілдіктер және басқалар), салық жүйесі, кеден жүйесі және несие жүйесі; адал кәсіпкерлікті ынталандыратын заңдар.

Нарықтық экономикасы бар, дамыған елдерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың әртүрлі формалары бар: жекедара шаруашылық, серіктесушілік, корпорация.

Кәсіпкерлік немесе фирма — бұл экономикалық бірлік, ол өздігінен шешім қабылдайды, өндіріс факторларын өнімді дайындау мен оны басқа фирмаларға, шаруашылықтарға және мемлекеттерге сату үшін пайдаланады, барынша мол пайда табуға ұмтылады.

Жекедара шаруашылықгар — бүл бір кісінің, меншік иесінің жекедара шешім қабылдауы және барлық іске толығымен жауап беруі. Жекедара шаруашылықгың артықшылығы — меншік иесі-қожайын тарапынан істің жүру барысына толық бақылау болатындығы, ал кемшілігі — капитал мөлшерінің, әдетінше, - шамалы болуы, сондай-ақ зияндар, шығындар мен қарыздар үшін меншік иесінің өзі жауап беруге тура келетіндігі.

Серіктесушілік — екі немесе одан да көп кәсіпкердің бірлесе қабылдаған және барлық іске жауап беретін жағдайында кәсіпкерлікті ұйымдастыру үлгісі (формасы).

Серіктесушілік іске салынған капиталды ұлғайтуға мүмкіндік береді, алайда жұмыстың нәтижесіне деген жеке жауапкершіліктен ешкімді босатпайды. Жауапкершілігі шектелген серіктесушіліктер болады, онда меншікті ортақ иемденушілердің (совладельцы) капиталды белгілі бір шектеулі мөлшерде қосуға және басқаруға немесе кәсіпорын атынан келісімдерге қатыстау құқығы бар.

- Серіктесушілік негізінен ғылыми, техникалық немесе медициналық қызмет көрсету фирмалары секілді іс-әрекет өрістерінде кеңінен тараған.

Қазақстанда серіктесушілік шарттары бойынша брокерлік және заңгерлік кеңселер, жекеше оқу орыңдары мен ғылыми кәсіпорындар және басқалар құрылады.