Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жана Силабус каз.ОМ 2010.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
180 Кб
Скачать
☆

1.9 Пән саясаты:

Оқытушылар басшылығымен жүргізілетін студенттердің білім алуға жұмылдыратын аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарында пәннің негізгі саясатында жаңа оқыту әдістемесі байқалады. Биохимияның әрбір тақырыбын оқу барысында студент тақырыптың сипаттамасы мен соңғы өнімді алуға дейінгі материалмен толық таныс бола алады. Сабақ қатаң түрде кестеге сай өтіледі, тақырыпқа сай арнайы химиялық құрал-жабдықтар, реактивтермен жабдықталған зертханада жүргізіледі.

Кафедраның жалпы талаптары және қатаң ескертулері:

  • Дәріске, зертханалық-тәжірибелік сабақтарға студенттер халатсыз жіберілмейді.

  • Тәжірибелік сабақтарға келерден алдын техника қауіпсіздік ережесімен танысады және өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау бойынша бақылау сұрақтарына жауап береді.

  • Студенттер жазба жұмысы немесе тәжірибелік жұмыстың әдістемесінсіз жұмысты орындауға жіберілмейді, сондай-ақ себепсіз сабақ жіберген болса жіберілген сабақты келесі сабаққа дейін өтемейінше сабаққа жіберілмейді.

  • Дәріске және сабаққа 5 минуттан жоғары кешіккен студенттер себепсіз сабақ жіберген ретінде белгіленіп, келесі сабаққа дейін өтемесе сабаққа жіберілмейді.

  • Техника қауіпсіздігін бұзған жағдайда, зертханалық жұмысты дұрыс жасамаған жағдайда, реактивтерді дұрыс пайдаланбай артық шығындаған жағдайда студент жалпы білім бағасынан 1 балл жоғалтады.

  • Химиялық зертханаға, дәріс залына студенттер кафедра лаборантына құжат тапсырып, бөлмені қабылдап алған топ кезекшісінің рұқсатымен кіре алады.

  • Дәріс немесе сабақ соңында кезекші студент кафедра лаборантына бөлмені тапсырып кетуі тиіс.

  • Топ кезекшісі және басқа да студенттер жиhаздармен инвентарлық материалдарға аудиторияда болған уақытында жауапты болып саналады. Егерде мүлік бүлінген, сынған жағдайда өтеуге тиіс.

  • Зертханалық-тәжірибелік жұмысты орындау барысында партамен столдардың тазалығына, реактивтердің артық жұмсалмауына мән беруі тиіс. Бұл талаптар сақталмаған жағдайда сабақтан тыс уақытта сенбілік жасайды.

  • Студент рефераттар мен СӨЖ өз уақытында қормаған жағдайда жалпы бағалаудан 1 балл жоғалтады.

  • Тәжірибелік сабақтардан қарызы жоқ, коллоквиумды өз уақытында тапсырып, 4 кредитті толық меңгерген студенттер емтиханға және қорытынды тестілеуге жіберіледі (ең төмен ОРД 50 % ).

  • Өз мерзімінде сабақ өтемін тапсырмаған жағдайда студенттер қайта оқу курсына жіберіледі.

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе.

Қазіргі заманғы биохимия- тірі организмдердің қызмет етуіндегі химиялық процестердің молекулалық деңгейде зерттейтін сонымен қатар, адам ағзалары мен ұлпаларындағы метаболизм ерекшеліктерімен және оны реттеу жолдарын зерттейтін фундаменталды ғылым.

Бағдарламада статистикалық, динамикалық және функционалды биохимияның негізгі тараулары және «Жалпы медицина» мамандығында оқитын студенттерге қажет сұрақтар қарастырылған. Биологиялық химияны оқу барысында алынған білім, келешек дәрігерлерге аурудың алдын алуға және оны тиімді емдеу үшін биохимиялық әдістерді сауатты да, тиімді қолдана білуіне көмектеседі. Биохимия пәнінің бағдарламасында клетканың құрылымдық ұйымдасуының молекулалық негіздері, зат алмасу мен энергия өзгерістерінің механизмдері, генетикалық ақпараттың ұрпаққа жеткізілуі және сақталуы, ақуыз биосинтезі және метаболизммен физиологиялық қызметтердің реттелуі сияқты сұрақтар қарастырылған.

Клетканың, ұлпаның және басқа мүшелердің қызмет етуіне негізделген метаболиттік процестерді білу, келешек дәрігерлерге патологиялық жағдайлардағы өзгерістерді түсіну үшін қажет.

Биологиялық химияны оқып, білу үшін- химиядан, молекулалық биологиядан, медициналық генетикадан, адам анатомиясынан, гистологиядан, медициналық биофизикадан және физиологиядан студенттердің білімі болуы қажет.