9 Кезара
Критериялар: жағындыны микроскопияға, онкоцитологияға ала білу және лабораторияға жіберілетін бланктарды дұрыс толтыра білу..
№ |
Қадамдарды бағалау критериялары |
1
|
Креслоға жаялық төсеп науқасты креслоға жатуын сұрайды. Асептика және антисептика ережелерін сақтайды. Жағындыны алу үшін гинекологиялық зерттеудің, қынаптық-емдік процедуралардың алдында тек қана стерильді инструменттерді қолданып жүргізеді. |
2 |
Әріптермен белгіленген таза зат әйнегін дайындайды: «U» - уретра, «С» - цервикальді канал, «V» - қынап. Қолын жуады, кептіреді және биялайларды киеді. Пинцетті немесе Фолькман қасығын алады. |
3 |
Бірінші кезекте жағындыны уретрадан алады. Ол үшін қынапқа енгізілген саусақпен жеңіл массаж жасайды. Уретрадан бөлінген бөліндінің бірінші порциясын мақта тампонымен сүртіп, содан кейін зәр шығару каналына (тереңдігі1,5-2,0 см аспайтын) пинцеттің ұшын немесе арнайы Фолькман қасығын енгізеді. Уретрадан материалды жеңіл қырынды түрінде алып, U әріпімен белгіленген зат әйнегіне дөңгелек түрінде жағады. |
4 |
Уретрадан жағындыны алғаннан кейін жатыр мойнын айнамен ашады, мақта тампонымен сүртіп, Фолькман қасығының екінші шетімен жатыр мойнының каналынан жағынды алады (жеңіл қырынды арқылы алу керек, өйткені кейбір қоздырғыштар шырышты қабаттың бетінде емес, эпитиальді қабаттың астында орналасады). Цервикальді каналдан алынған материалды С әріпімен белгіленген екі зат әйнегіне горизонтальді сызық «▬» түрінде жағады. |
5 |
Қынаптан жағындыны артқы күмбезден пинцетпен немесе корцангпен алады. Қынаптан алынған материалды V әріпімен белгіленген екі зат әйнегіне вертикальді сызық «I» түрінде жағады. |
6 |
Жатыр мойнын цитологиялық зерттеу үшін оның қынаптық бетінен және цервикальді каналдан жағынды алады. Материалды анатомиялық пинцетпен, Фолькман қасығымен, астауша тәрізді зондпен немесе арнайы соңында ойығы бар шпательмен алуға болады. Жатыр қуысынан жағындыны ұзын шприцпен (Брауна шприці) аспирация көмегімен алады. |
7 |
Алынған материалды кептіреді және жағындының микроскопиялық зерттеуіне лабораторияға жібереді. Лабораторияға жіберілетін бланкты дұрыс толтырады. |
8 |
Процедураларды жүргізіп жатқан кезде науқасқа өзінің іс-әрекеттерін шыдамды және ұстамдылықпен түсіндіріп, науқасқа сұрақ қою мүмкіндігін береді. |
10 Кезара
Критериялар: медициналық құжаттарды (босану тарихы, партограмма, жаңа туылған нәрестенің тарихы, бала жолдасын гистологиялық зерттеуге жіберу, жағындыны микроскопияға жіберу) дайындау, салауатты өмір салтын құруға арналған іс-әрекеттерді жүргізу.
№ |
Қадамдарды бағалау критериялары |
1
|
Босану тарихын толтыру (үлгі №096/у): - босану тарихының паспорттық, жалпы және акушерлік-гинекологиялық анамнез бөлімін, - акушерлік статусты, - айнамен қарау және қынаптық зерттеу мәліметтерін жазу. |
2 |
Партограмманы толтыру. |
3 |
Жаңа туылған нәрестенің даму тарихын толтыру (акушерлік бөлім). Үлгі №097/у |
4 |
Бала жолдасын гистологиялық зерттеуге жіберуді толтыру. |
5 |
Жағындыны микроскопияға жіберуді толтыру. |
6 |
Салауатты өмір салтын құруға арналған іс-әрекеттерді жүргізу: - жүкті және босанушы әйелдердің ағзасын босануға психопрофилактикалық дайындық жүргізу. - кафедра берген тақырыпқа санитарлық бюллетень құру (формат А2). |
стр.
