- •Тақырып: Капитал есебі
- •1.Жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібі
- •2.Акция түрлері мен эмиссиясы шығарылған капитал және эмиссияның кіріс есебі
- •3. Қайтарып сатып алынған капиталды есепке алу
- •4. Дивиденттер есебі
- •5. Резервтік капитал есебі
- •Тақырып: Кірістер мен шығыстарды есепке алу
- •2. Шығындар түсінігі және олардың есебі
- •3. Кәсіпорынның қызметінің нәтижесінің есебі
2. Шығындар түсінігі және олардың есебі
Шығын дегеніміз – активтердің қысқарылуы немесе тарату салдарынан немесе өндіріс саласында пайда болатын міндеттемелердің арқасында пайда болатын экономикалық ресурстардың азаюы. Басқаша айтқанда, шығын дегеніміз – көрсетілген қызмет пен өндірісті өндіру барысында кететін шығындар.
Шығындар мағынасы өз тұжырымдамасында негізгі өндірісте және басқа салаларда пайда болатын шығындарды, залалдарды негіздейді. Негізгі өндірістің шығындарына дайын өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру, еңбекақы, материалдар және амортизация кіреді. әдетте шығындар активтердің, оның ішінде ақша қаражаттарының, тауар-материалдық қорлардың, негізгі құралдардың қысқарылуы немесе азаюы формаларын қамтиды.
Басқадай шығындар ретінде кәдімгі жұмыс барысында пайда болатын немесе пайда болмайтын шығындар қарастырылады. Басқадай шығындар экономикалық пайданың азаюын қарастырады. Сәйкесінше олар берілген құжатта жеке элемент ретінде қарастырылмайды.
Тағы да басқадай шығындарға негізгі емес қызмет барысында пайда болатын шығындарды жатқызады. Осылар шұғыл жағдайда және т.б. пайда болады. Осы тұжырымдарға тағы да өндірілмеген шығындарды жатқызуға болады, олар валюта айналымының жоғары болуы.
Есеп беруде шығындар әдетте негізгі өндіріс шығындарынан бөлек көрсетіледі, өйткені бұл экономикалық шешімдерді қабылдауға тиімді.
Шығындардың түрлері:
өзіндік құнмен көрсетілген қызмет үшін есептелетін кезең бойынша шығындар;
өзіндік құнмен көрсетілген қызмет үшін есептелінбейтін шығындар.
Кезең бойынша шығындар:
өнімді өңдеу мен көрсетілген қызмет үшін есептелінген шығындар;
әкімшілік шығындар;
қаржыландыруға арналған шығындар.
Бухгалтерлік есептің үлгі шоттар жоспарында шығындар 7 «Шығындар» бөлімінде қарастырылады. Бұл бөлімге мынадай бөлімшелер енгізіледі:
7000 «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны»
7100 «Өнімдерді сату және қызметтерді көрсету бойынша шығыстар»
7200 «Әкімшілік шығыстар»
7300 «Қаржыландыруға арналған шығыстар»
7400 «Басқа да шығыстар»
7500 «Тоқтатылатын қызметпен байланысты шығыстар»
7600 «Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалындағы үлес»
7700 «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар»
Шығындар шоттары активті шоттар болып табылады. Берілген соммалардың дебеті бойынша жасалған шығыстар сомасы, ал кредиті бойынша есептік кезеңді алғанда қорытынды табыстың азаюы көрсетіледі. Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар есебі 7010 «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотында жүргізіледі.
7010 шоттың дебеті бойынша есеп беру кезеңі ғана өндірілген өнімнің нақты құны және көрсетілген қызмет шығындары көрсетіледі. 7 «Шығыстар» бөлімі бойынша есептің соңында қалдық болмайды.
Бухгалтердік есепте көрсетілген қызмет пен өнімнің өзіндік құнын құрастыру.
№ |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы |
|
Дебит |
Кредит |
||
1 |
Шот фактура, жасалған жұмыстар актілері бойынша нақты өзіндік құн көшіріледі А) өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет үшін |
7010 |
1310, 1320, 1330, 8310 |
2 |
Есеп беру соңында 7000 «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» Шотын жабу жүргізіледі |
5610 |
7010 |
Өнімдерді өндіру және көрсетілген қызмет бойынша шығыстар өнімнің өзіндік құны мен көрсетілген қызмет құрамына енгізіледі.
Өнімді өндіру шығындарына қарағанда өндірілу тәуелді болмайды, яғни белгілі тұрақты болып келеді. Бухгалтерлік есеп шоттарында өнімді өндіру бойынша шығындар есебі 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» синтетикалық есебінде белгіленген. Осыларға қызметтермен есеп айырысу, еңбекақы төлеу бойынша шегерімдер, іс-сапарларға арналған шығындар, материалдық емес және негізгі қорлар амортизациясы, коммуналды шығындар, делдалдық қызметтер және т.б. жатады.
7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті бойынша:
төлеу мерзіміне тәуелсіз есептеулері;
нақты төлеу мерзімі.
Сәйкесінше өнімді өндіру және көрсетілген қызмет бойынша шығыстарды сатуға жатқызылатын шығындардың негізгі бөлігі ретінде қарастыру керек.
Бухгалтерлік есепте көрсетілген қызмет пен өнімді өндіру есебі:
№ |
Шаруашылық операция мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы |
|
Дебит |
Кредит |
||
1 |
Өнімді өндіру мен көрсетілген қызметке байланысты жұмыскерлерге еңбекақы есептеу |
7110 |
3350 |
2 |
Еңбекақы төлеу бойынша шегерімдер:
|
7110 7110 |
3150 3210 |
3 |
Өнімді өткізу бөлімі бойынша жұмыскерлердің іс-сапарлары бойынша шығындарды есептеу |
7110 |
1280 |
4 |
Амортизацияны есептеу: А) өнімді өндіруде қатысатын негізгі құралдар амортизациясы; |
7110 |
2420 |
|
Б) өнімді өндіруде қатысатын материалдық емес активтердің амортизациясы |
7110 |
2740 |
5 |
Өнімдерді өндіру барысында қолданылатын коммуналдық шығыстар есептеулері: А) белгіленген сома бойынша (ҚҚС-сыз) |
7110 |
3310 |
|
Б) Қосымша құн салығы |
1420 |
3310 |
6 |
Белгіленген орынға дайын өнімді жеткізу бойынша транспорттық құралдар есебі (ҚҚС-сыз);
|
1420 |
3310 |
7 |
Өндірілген өнім бойынша нақты нормалар негізінде өнімнің шығыстар есебі |
7110 |
3350, 1250 |
8 |
Сақтау мен өндіру бойынша нақты нормалар негізінде өнімнің шығыстар есебі |
7110 |
1320, 1330 |
9 |
Өнімді өндіру мен өктізу бойынша делдалдық қызметтер үшін комиссиондық жиындар: А) қолма-қолсыз есеп айырысу формалары бойынша; |
7110 |
3390 |
|
Б) қолма-қол есеп айырысу формалары бойынша (кассадан) |
7110 |
3390 |
10 |
Есепті кезең соңында өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет үшін қорытынды табыс |
5610 |
7110 |
Әкімшілік шығыстары: олардың құрамы, ұйымдастыру тәртібі және есебі
Кәсіпорынға тұтастай қызмет көрсетумен және оның бүкіл өндірістік-шаруашылық қызметін басқарумен байланысты әкімшілік шығыстар кезең шығыстарының көп баптарының біріне жатады. Осындай шығыстар есебі 7210 «Әкімшілік шығыстар» актив шотында жүргізіледі. Есеп ҚР Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы Депортаменті белгілеген, 27 әртүрлі баптардан тұратын, типтік номенклатура негізінде, баптар бойынша ұйымдастырылады (В.К.Радостовец. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» оқулығы, Алматы, 2000, 515-516-беттер).
Шаруашылық субьектілері есеп саясатында, өзіндік ерекшелігі мен салалық ерекшеліктерін ескеріп, өз шығыстарының номенклатурасын келтіруі тиіс. Сондықтан да түрлі ұйымдардағы баптардың саны түрліше болуы тиіс. Кез келген жағдайда, әкімшілік шығыстардың құрамына, кестеде келтірілген шоттар корреспонденциясы, шығыстар, шығындар топтары енгізілуі тиіс.
п/п |
Шаруашылық операциялары
|
Шоттар корреспонденциясы |
|
Дебет |
Кредит |
||
1. |
Әкімшілік басқару қызметкерлері құрамының жалақысы |
7210 |
3350 |
2. |
Жалақыдан жасалған аударымдар |
7210 |
3120,3320 |
3. |
Ұстап тұру және қызмет көрсету шығыстары |
7210 |
3310,3390 |
4. |
Көрсетілген қызметке ақы төлеу |
7210 |
1210-1280 |
5. |
Іс сапар, қызмет шығыстары |
7210 |
1250 |
6. |
Амортизациялық аударым-дар, салықтар, алымдар |
7210 |
2420,3150 |
7. |
Әкімшілік басқару қызмет-керлері құрамына қосымша ақы және бір жолғы сыйақы |
7210 |
3350 |
8. |
Нормативтен тыс ысыраптар, жарамсыз болып қалу, кем шығу |
7210 |
1250 |
9. |
Айыппұлдар, өсім, тұрақсыздық айыппұлы, өзге де заладар |
7210 |
3310,1040 |
10. |
Есепті кезең соңында жалпы және әкімшілік шығыстар есептен шығарылады |
5610 |
7210 |
5610 шотына есептен шығарылғаннан кейін 7210 шоты жабылады, ол бойынша сальдо болмауы тиіс.
Негізгі құралдардың түсуі және шығуы бойынша негізгі бухгалтерлік жазулар:
№ |
Операция мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы |
|
Дебет |
Кредит |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Негізгі құралдардың сатылуы: |
|
|
|
- баланстық құнына |
7410 |
2410 |
|
- жинақталған амортизация сомасы |
2420 |
2410 |
|
- сатып алушыларға шот қойылған |
1210 |
6210 |
|
ҚҚС 12% |
1210 |
3130 |
2 |
Негізгі құралдар жойылған: |
|
|
|
- баланстық құнына |
7410 |
2410 |
|
- жинақталған амортизация сомасы |
2420 |
2410 |
3 |
Ақысыз берілген негізгі құралдар: |
|
|
|
- баланстық құнына |
7410 |
2410 |
|
- жинақталған амортизация сомасы |
2420 |
2410 |
4 |
Негізгі құралдардың ішкі ауысуы |
2410 |
2410 |
|
|
|
|
Ұйым қаржылық есеп берген кезде түсіндірме жазбасын бірге тапсырады, онда: көрсетілген қызметтен түсетін кірістерді анықтаудың жолдары; дивиденттер, роялти, пайыздан алынатын кіріс, көрсетілетін қызмет, тауарды сатудың нәтижесінде пайда болатын кірістерімен қоса есептік кезең үшін танылатын, кіріс түрінің әрбір мәнді сомасы ашылуы тиіс. Тауарды айырбастау немесе қызмет көрсету нәтижесінде пайда болатын кірістер сомасы бөлек ашып көрсетеді.
Қазіргі қолданыстағы бухгалтерлік есеп шоттарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта 5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шотында қаржылық нәтижені (пайда немесе залал) есептік жылдың аяқталуына қарай көрсету қарастырылған. Аралық (айлық, тоқсандық) жиынтықты анықтау жыл басынан жинақталған тиісті кезеңдегі кірістер мен залалдарды салыстыруға саяды.
Жоғарыда аталған нормативтік құжатқа сәйкес негізгі қызметтен қалай болса, негізгі емес қызметтенде солай алынатын барлық кірістер мен залалдар жыл бойына тиісті бөлімшелердің шоттарында жиналады.
