- •Қазақстан Білім және Ғылым Министрлігі Абылай хан атындағы Қазақ Халыкаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті.
- •Мемлекеттік тәуелсіздік түралы Заңның қабылдануы тәуелсіздік шежіресі
- •1990 Жыл, 25 қазан – «Қазақ сср-нің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды
- •1991 Жыл, 29 тамыз – «Семей ядролық полигонын жабу туралы» ҚазСср Президентінің жарлығы шықты
- •1991 Жыл, 1 желтоқсан – Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті
- •1991 Жыл, 10 желтоқсан – «ҚазСср» атауы «Қазақстан Республикасы» болып өзгертілді
- •1991 Жыл, 16 желтоқсан – «қр Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды
- •1992 Жыл, 4 маусым – қр-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Гимнінің музыкалық редакциясы бекітілді
- •1992 Жыл, 29 қыркүйек – Алматыда Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы өтті
- •1993 Жыл, 28 қаңтар – қр-ның алғашқы Конститутциясы қабылданды
- •1994 Жыл, 6 шілде – қр Жоғары Кеңесінің жалпы отырысына Елбасы н.Назарбаев астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс енгізді
- •1998 Жыл, 10 маусымда – Астананың халықаралық тұсаукесері болып өтті
- •2001 Жыл, 16 желтоқсан – қр-сы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы тойланды
1993 Жыл, 28 қаңтар – қр-ның алғашқы Конститутциясы қабылданды
Халық депутаттары Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы жобасын тұтастай қабылдауға дауыс берді. Сол күні кешке Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға арналған Жоғарғы Кеңестің салтанатты мәжілісінде сөйлеген сөзінде Н. Назарбаев қазақстандықтарды ҚР Конституциясының қабылданумен құттықтады. Конституцияның қабылдануы мемлекет болып қалыптасуға, ұлтық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқығы мен бостандығының кепілдігін бекітуге негіз қаланды.
Конституцияда мемлекеттік билікті заң шығарушы, сот, атқарушы биліктеріне бөлу принципі бекітілген. Конституцияның басқа заңдарға тікелей әсер етуі және олардан жоғарғы тұру принципін іске асыру көзделген.
Салтанатты мәжіліске Министрлер Кабинетінің мүшелері, облыстық халық депутаттары кеңестерінің төрағалары, облыстық әкімшіліктердің басшылары, конституциялық комиссия мүшелері, республиканың мемлекеттік символдарының авторлары, соттардың, жергілікті халық депудаттары кеңестерінің, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Алматыдағы шетел дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысты.
Алғашқы демократиялық Конституция қабылдануы – Қазақстан өміріндегі тарихи, кең көлемді жаңалық. Ол біздің Республикада жаңа үлгідегі қоғам орнатуға шынайы перспективалар ашты, барлық қазақстандықтардың болып жатқан өзгерістерге және егеменді Қазақстанда жаңаша өмір сүру мумкіндігіне сенімінің нығаюына ықпал етті. Бұл күн республика тарихына кірді
1994 Жыл, 6 шілде – қр Жоғары Кеңесінің жалпы отырысына Елбасы н.Назарбаев астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс енгізді
«Қазақстан Республикасынын Астанасын көшіру туралы» Қазақстан Республикасы ХІІІ шақырылған Жоғарғы Кеңес қаулысы 1994 жылғы 6 шілдеде қабылданды. Бұл шешімді іс жүзіне асыруға қатысты осы жылдың 15 шілдесінде «Қазақстан Республикасы астанасын көшіру жөніндегі дайындық шаралары жөнінде» Президент Жарлығы қабылданды. Аталған нормативті актілерге қосымша 1995 жылдың 15 қыркүйегінде мемлекет басшысының Заң күші бар «Қазақстан Республикасынын астанасы жөніндегі» Жарлығы жарық көрді. Ал 1995 жылдың 29 желтоқсанында Үкіметтің арнайы қаулысымен «Ақмола қаласына бірінші кезекте көшірілетін жоғарғы және орталық органдардың тізімі» бекітілді
Қоныс аудару жөніндегі мәселелерді реттеу ісі Президенттің шешімімен 1995 жылдың 20 қарашасында бекітіліп, 1996 жылдың 30 қаңтарында нақтылынды. Жоғарғы және орталық мемлекеттік органдарды көшіру жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмыс істей бастады.
1997 жылдың 6 маусымында Ақмола қаласында Қазақстан халықтары Ассамблеясынын ІV сессиясы өтіп, 1997 жылдың 20 қаңтарында мемлекет басшысының «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасынын астанасы етіп жариялау туралы», «Алматы қаласының мәртебесі мен оны әрі қарай дамытуға байланысты шаралар туралы» Жарлықтары қабылданды.
Алғашқы Жарлық пен Мемлекет басшысының аталмыш шешімін қолдау жөніндегі Парламент қаулысына сәйкес, 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы деп танылды.
1997 жылдың 20 қазан айында – Көлік және коммуникация, Ауыл шаруашылығы, Ақпарат және қоғамдық келісім министрліктері, Қазақстан телерадио корпорациясы, Қоныс аудару жөніндегі комиссия аппараты, Қорғаныс министрлігінің оперативтік тобы, Республикалық Ұлан мен Президентті қорғау қызметінің жекеленген құрлымдары, Сыртқы істер, Ішкі істер және Әділет министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті аппаратының жекеленген бөлімшелері жаңа астанаға көшіп келді.
1997 жылдың 8 қарашасында Ақмола қаласына салтанатты түрде Қазақстан Республикасынын Мемлекеттік рәміздері жеткізілді. Ал, 3 желтоқсанда жаңа астанада Премьер Министрінің канцеляриясы жұмысқа кірісіп, бір жұмадан кейін Парламент депутаттары көшіп келді.
\
