- •Мазмұны
- •1 Әдеби шолу
- •Мырыш пен оның қосылыстарының физикалық және химиялық сипаттамасы
- •1.2 Табиғи және өнеркәсіптік нысандарда мырышты анықтау әдістері
- •1.6 Қатты фазалы спектроскопия
- •1.7 Қатты фазалы экстракция әдісі
- •2.3 Градуирленген график тұрғызу
- •2 Тәжірибелік бөлім
- •2.1 Тәжірибенің техникасы, қолданылған реагенттер және аппаратуралар
- •2.2 Мырыш (II)-ні атомдық-абсорбциялық спектроскопиямен анықтаудың әдістемесі
- •2.3. Мырыш (II)-ні тиосемикарбазидтің стеарин қышқылындағы балқымасымен экстракциялау әдістемесі
- •3. Қатты фазалы спектроскопия әдісімен мырыш (іі)-ні селективті анықтау
- •3.1 Мырыш (II)-ні диффузиялық шағылу спектроскопиямен анықтаудың әдістемесі.
- •2 Сурет. Мырыш (II)-ні дшс әдісімен анықтаудағы градуирленген график
- •3.3 Қатты фазалы спектроскопия әдісімен мырыш (іі)-ні анықтаудың оңтайлы жағдайларын анықтау
- •3.3.1Мырыш (ιi) – нің экстракциясына стеарин қышқылы балқымасындағы тио семикарбамизидтің конценртациясының әсері.
- •3.3 Мырыш (II)-нің экстракциясына температура, көлемдер қатынасы және фазалар жанасу уазақтығының әсері
- •3.3.... Мырыш (ιi) – нің экстракциясына металл концентрацияның әсері
- •3.4 Мырыш (ιi) – ні қатты фазалы спектроскопия әдісі бойынша анықтаудың оптималды жағдайларын жасау(рН, колемдер катынасы.Мет конц.Реагент конц ).
2 Сурет. Мырыш (II)-ні дшс әдісімен анықтаудағы градуирленген график
3.3 Қатты фазалы спектроскопия әдісімен мырыш (іі)-ні анықтаудың оңтайлы жағдайларын анықтау
3.3.1Мырыш (ιi) – нің экстракциясына стеарин қышқылы балқымасындағы тио семикарбамизидтің конценртациясының әсері.
Тиосемикарбазидтің концентрациясына байланысты мырыш (II) –нің тәуелділігі зерттелді. Металдың концентрациясы тұрақты, 1 мг/мл. Тио семикарбазидтің концентрациясы 0,03 – 1М аралығында өзгертілді. Сутек иондарының концентрациясын (pH ТСК =6,5 және рНCMK=8,05 температура (900С) тұрақты ұсталды. Бұл мәліметтер бойынша экстракция дәрежесінің реагент концентрациясына тәуелділік қисықтары тұрғызылды (6-сурет). Бұдан көретініміз реагенттің концентрациясы 0,l моль/л болғанда экстракция дәрежесі тұрақталды. Сондықтан реагенттің оптималды концентрациясы 0,l моль/л деп таңдап алынды.
6-сурет. Мырыш (II) экстракциялану дәрежесінің тиосемикарбазидтің концентрациясына тәуелділігі
3.3 Мырыш (II)-нің экстракциясына температура, көлемдер қатынасы және фазалар жанасу уазақтығының әсері
Температураның әсері
Мырыш (II)-нің экстракциялау дәрежесіне температураның әсері 80-1000С аралығында зерттелді. Сулы ортаның әсері рНТСК= 6,5 және рНСМК=8,05; сулы және органикалық көлем қатынасы 1:5, фазалар түйісу уақыты 3минут,
мырыш
(II) концентрациясы 1мг/мл
7 – Сурет. Мырыш (II) - нің тио және семикарбазидтің стеарин қышқылымен қоспасының балқымасымен экстракциясына температураның әсері
7-суретте бейнеленген нәтижелердің негізінде температураның көрсетілген интервалда өзгеруі мырыш (II) экстракциялау дәрежесіне әсерін бермейтіндігін көруге болады
Көлемдер қатынасының әсері
Мырыш (II) - нің тио- және семикарбазидпен экстракциялау нәтижелерін абсолютті концентірлеу мақсатында пайдалануға болатын мүмкіншілігін анықтау үшін сулы фаза мен органикалық фаза көлемдер қатынасының экстракциялау дәрежесіне әсері зерттелді. Ол үшін көлемдер қатынасының 1:3– 1:7 аралығы қарастырылды.
Сулы ортаның әсері рН ТСК =6,5 ,ал рН СМК = 8,05 ; температура 900С, фазалар түйісу уақыты 3 минут, мырыш (II) - нің концентрациясы 1 мг\мл.
Ол үшін экстрагенттің балқымасының көлемін тұрақты ұстап (4 мл) су фазасының көлемін 20- дан 24 мл дейін өзгертілді.
Қорытынды: көрсетілген көлемдер қатынасында мырыш (II) - нің экстракциялау дәрежесі тұрақты, дәлірек айтқанда, 99,78 % мәнінде қалатындығы табылды.
Фазалар түйісу уақытының әсері
Алынған нәтижелер бойынша мырыш (II) тио- және семикарбазидпен экстракциялау дәрежесі фазалар қатынасының түйісу уақыты зерттелді. Экстракциялану дәрежесіне фазалар түйісу уақытының әсерін 1,0 – 4 минут аралығында қарастырылды. Ол үшін көлемдер қатынасы 1:5, мырыш концентрациясы 1мг/мл, температура 900С, сулы ортаның әсері рН ТСК =6,5 , ,ал рН СМК = 8,05 интервалында зерттелді.
Нәтижесінде уақыт өскен сайын экстракциялау дәрежесі тұракты болатыны аныкталды. Оптимальды уақыт 3 минут деген қорытындыға келдік.
3.3.... Мырыш (ιi) – нің экстракциясына металл концентрацияның әсері
Мырыш (ΙI) – нің экстракциялау дәрежесіне металл концентрациясының әсері зеттелді.Ол үшін көлемдер қатынасы 1:5, фазалар түйісу уақыты 3 минут, температура 900С, сулы ортаның әсері рН ТСК =6,5 рН ,ал рН ТСК = 8,05 концентрация 1– 7 мг/мл интервалында алынды.
Есептеу нәтижелері 5 – кестеде келтірілген. Осы нәтижелер бойынша жұту және шағылу функцияларының мырыш (II) концентрациясына тәуелділігі тұрғызылды.(8–сурет (а) және (б))
8–суреттен көріп тұрғанымыздай қатты экстрактідегі мырыш (II) концентрациясы артқан сайын жұту және шағылу функциялары артады.
8– Сурет. Қатты экстрактінің жұту және шағылу коэффициентінің спектрлері
Кесте 5
Мырыш (II) тиосемикарбазидтің стеарин қышқылы балқымасындағы
әртүрлі концентрацияда экстракциялаудың нәтижелері
m(СК)=3,388г , m(ТСК)=0,364г
рН |
6.5 |
6.13 |
6.51 |
Ссу(Ag), мкг |
3.2396 |
1.2010 |
0.0066 |
Сорг(Ag), мкг |
3.7604 |
3.7990 |
2.9934 |
D |
0.8615 |
0.3161 |
0.0022 |
Ig D |
-0,0647 |
-0,5001 |
-2,6575 |
