- •3 Қазақстан Республикасындағы антимонополиялық реттеу....................23
- •1 Монополия табиғаты және экономиканы монополиядан тазарту
- •1.1 Рынок құрылымы ретінде монополияның сипаттамасы
- •Жетiлген бiсекелес нарығы дегенiмiз - төмендегi шарттар орындалатын нарық:
- •Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi бiртектi болып келетiн;
- •1.2 Экономиканы монополиядан тазарту, мемлекеттің монополияны реттеу мен оған қарсы саясаты
- •2.1 Монополияға қарсы реттеу мақсаттары мен тәсілдері
- •Монополиист зияны
- •2.2 Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай және монополияға қарсы саясат
- •3 Қазақстан республикасындағы антимонополиялық реттеу
- •3.1 Өндірісті демонополизациялау процесін реттеу – экономикалық өсудің негізі
- •3.2 Қазақстан Республикасының антимонополиялық заңнамасы
1.2 Экономиканы монополиядан тазарту, мемлекеттің монополияны реттеу мен оған қарсы саясаты
Нарықтық экономиканың басты қағидасы бұл кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің шаруашылық өмірде еркін, бәсекелік ортада қызмет етуі болып табылады. Ал бәсекенің негізінде нарықтық экономика өзін-өзі реттеп, ылғи да дамуға бет алып отырады. Алайда нарықтық экономиканың қаншалықты дамығаны қарамастан шаруашылық өмірде монополиялар қызмет етеді және олар пайда болып отырады. Бұл монополиялар өздігінен немесе белгілі бір мемлекеттің ықпалымен пайда болады. Мемлекеттің ықпалымен қызмет етіп отырған монополиялар ұлттық монополиялық компаниялар ретінде елдің маңызды салалары мен өнеркәсіптерін (уран өндірісі, байланыс саласы, басқа ұлттық маңызды өндірістер) қамтиды. Оларға мемлекет өз мүддесін және қауіпсіздігін қорғау үшін белгілі бір қолдаулар көрсетіп, олардың қызметіне араласып отырады. Мұндай монополиялар мемлекеттің қарауында болғандықтан нарыққа өзінің ықпалын тигізбейтін негізде қызмет етеді./6,454 /
Нарықтық экономиканың заңдылықтарына кері әсерлі және еркін болып табылатын қоғамда табиғи монополиялар немесе бірнеше ғана өндірушіден құралған олигополиялар кездеседі. Олар өз кезегінде бәсекелік ортаның дамуына, нарық тепе-теңдігіне, баға деңгейіне әкономикалық және әлеуметтік кері ықпалдарын тигізеді.
Рынок құрылымында жетiлген бәсеке рыногына қарама-қайшы рынок түрi бұл монополиялық рынок. Монополия жағдайында тұтынушылардың алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады. Демек, мұнда фирма және монополия түсiнiктерi теңескен. Тұтынушы қаласа да, қаламасада монополистiң өнiмiн пайдалаып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мiжбүр болады.
Мысалы, жетiлген бәсеке мен монополия нақты түрде шын өмiрде сирек кездеседi. Олар көбiнесе рынокта араласып, бiрақ бiр жағы басымырақ болып келедi. Өйткенi жетiлген бәсекеде бiрдей тауар олар мен үшiн әр түрлi болып көрiнуi мүмкiн. Ондай жалған көрiнiс дүкендердiң орналасқан жерiне, қызмет көрсету деңгейiне, жарнамаға және тауар орамының ерекшелiгiне байланысты.
Ескерту: http://caspionet.kz/rus/general/Almatida_Monopolijaga_karsi_sajasat_zhonindegi_memleketaralik_kenestin_35shi_mazhilisi_otti_1318239859.html
Бiздiң өмiрiмiзде жетiлген бәсеке көбiнесе астық, құнды қағаздар және жемiс-жидек рыногында көп кездеседi.
Ал монополияның толық қамтитын түрi ол сол өнiмнiң алмастырушысы жоқ, сол өнiмдi қайта тұтынуға келмейтiн немесе белгiлi фирмаға ерекше құқықтар беру арқылы көрiнуi мүмкiн. Сондықтан монополия көбiнесе қызмет көрсету саласында орын алады.
Мысалы, елiмiзде монополиялық көрiнiс халыққа қызмет көрсету саласында, яғни телекомуникация, электроэнергиясы, жылумен және ауыз суымен қамту салаларында көрiнiс табуда. Өйткенi мұндай салаларда монополияның көрiнiс табуы орынды, себебi электр торабын алатын болсақ, егер нарықта екiншi бәсекелес фирма келу үшiн ол бүкiл сол аумаққа өз алдына электр тораптарын таратуға алып келедi, ол дегенiмiз артық шығындарды туғызады.
Монополиялы рыноктың қалыптасуының ежелгi тәсiлi бұл - басты ресурстардың жалғыз өндiрушi фирманың қолында болуы. Ол ресурстарға: негiзгi немесе ерекше шикiзат көздерi, инновациялық жаңалық, жоғары ғылыми немесе бiлiм жетiстiктерi, қызмет көрсетудiң ерекше түрi сияқты ресурстар жатады. Яғни, бұл рыноктың түрiнде монополистер сол ерекше ресурстары арқылы ел iшiнде немесе әлемдiк рынокта монополис болып табылады. Бұған қарапайым мысал ретiнде, бiр қала iшiнде бiр ғана су құдығы болып, ал басқа су құдықтары болмаса, онда осы құдықтың иесi ерекше ресурс көзiне ие болған монополис болып табылады. Егер шынымен де монополис тауары ең бiрiншi қажеттi тауарларға жатса, бiздiң мысалымыздағыдай “су” , онда монополис ол өнiмi максималды баға деңгейiн белгiлей алады.
Ескерту: http://www.unesco.kz/cgi-bin/library
Бiрақ мұндай ерекше ресурстар рынокта болғанымен, бiрақ шын өмiрде мұндай ресурстық монополиялы рынок өте сирек кездеседi. Олардың әлем бойынша бiрнеше түрлерiн атап өтуге болады.
Мысалы, бiрiншiден Оңтүстiк Африка республикасында әлемдегi алмаз өндiрiсiнiң 80-85% өндiрiледi және ол өндiрiс тек қана бiр компанияда, яғни “De Beers” компаниясы 100% өндiрiс көлемiн иемденген. Әрине мұндай ауқымды көлеммен монополис компания әлемдiк алмаз және брилиант бағаларына өзгерiс енгiзе алады. Сондықтан, бұл компания ұлттық экономика деңгейiнде қолдау тауып, оған мемлекет ерекше құқық беру арқылы өз елiнiң әлемдегi рыногының орнын сақтауға тырысады. Өйткенi, бұлай ерекше қолдау көрсетудiң басты мәселесi осы алмазды алмастыратын басқа да асыл тастардың көп болуы. Осы себептен бұл компанияның әлемдiк рыноктағы жарнамалық бюджетi өте көлемдi. Ол жарнамалардың мақсаты брилиант пен алмаздың басқа асыл тастардан өзiндiк қасиеттерiн арттыру, ылғи да бұрынғы сұраныс көлемiн сақтап қалу және рынокта қосымша билiкке ие болу екендiгi белгiлi.
Екiншiден, Американың “алюминиум компаниясының” нарықта ресурстық монополиялы рыногының қалыптасуы және әлi күнге дейiн сақталып келе жатуы. Ол бұл жағдайға өзiнiң алюминий өндiрiсiнде қолданылатын негiзгi шикiзат бокситтiң қайнар көздерiне жоғары дәрежеде бақылау жасауы арқылы жеттi.
Үшiншiден, көптеген жылдар бойы “Ксерокс” компаниясы әлемде өзiнiң өнiмдерiне жоғары және ерекше технологиялар енгiзу арқылы монополист болып келе жатыр, яғни бұл рынокқа басқа фирмалардың кiруге мүмкiншiлiгi болмауда. Ескерту: http://www.unesco.kz/cgi-bin/library
Нарықты монополиялаудың негiзгi себептерiне байланысты қысқаша айтқанда монополияның төмендегiдей түрлерi бар:
Жабық монополия, ол бәскелестен заңды шектеулер көмегiмен қорғлған;
Табиғи монополия, белгiлi бiр көлемдегi өнiмдi бiр фирмада өндiру, оны екi немесе одан да көп фирмаларда өндiргеннен арзанға түсетiн өндiрiс саласы;
Ашық монополия, берiлген тауарды өндiретiн тек қана бiр фирма болып және олардың бәсекелестiктен ешқандай арнайы қорғаныш жоқ болатын жағдай.
Бiрақ монополиялы рыноктың жалпы қызмет етуiнiң негiзгi шарты монополияда кедергiлердiң болуы. Бұл көрсеткiштерге кешегi жағдайларды жатқыссақ болады:
Өндiрiстiң басты ресурстарын жалғы фирманың иемденуi. Бұл монополияның пайда болуының ежелгi үлгiсi. Мұнда сирек кездесетiн ресурстарға легальды тосқауылдар қояды, яғни оларға патенттер мен авторлық құқықтар жатады.
Бұған бiр мысал ретiнде АҚШ-тың “Microsft” деген компьюерлiк бағдарламалар өндiретiн компаниясын айтсақ болады. Яғни, ұлттық экономика мұндай бәсекеқабiлеттi ұлттық табиғи монополияға жағдай жасайды. Сондықтан мұндай монополияларға мемлекет монополиялық құқық берiп, оны қолдап отырады.
Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың өзiнiң бiр салаға мамандануы соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды тиiмдiлiкте қызмет етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда шығындардың төмен болуы, сапаның жоғарылығы. /5, 304 б /
3) Жеке өндiрушiге мемлекет тарапынан ерекше құқық беру. Бұл көп жағдайда қару-жарақ шығару, елiмiз үшiн маңызды стратегиялық өнiмдер шығару бұл бiр ғана мемлкеттiк немесе жеке фирмада шығарылады. Егер де шығарылған өнiм инновациялы болып, осы елде алғаш ретшығарылса, оған мемлкет патент және авторлық құқық бередi. Бұл шара сол фирманың өз өнiмдерiн шығарып, оның бәсеке қабiлетiн арттыру үшiн қажеттi.
Бәсекелесудiң әдiлетсiз жүргiзiлуi, оның негiзгi түрi – демпинг – бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату. Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Бұл дегенiмiз рынокты экономикада кәсiпкерлiктiң дамуына керi әсерiн тигiзедi, сондықтан мемлекет тарапынан бәсекенi әдiлетсiз жүргiзу қадағаланады.
Ескерту:http://baq.kz/kaz/news/cat/5/13240
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ. Өйткенi қоғамның кейбiр салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей қызмет ете алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол табиғи монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру үшiн ол фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура келедi, ал бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды туғызады. Ол мемлекет антимонополиялық саясатты жүргiзедi.
Ұзақ мерзiмдi кезеңде монополиялық жағдайдағы тепе-теңдiкке келетiн болсақ келесi жағдайларды ескеруiмiз керек:
1. Қандай жағдайда жалғыз өндiрушi ұзақ уақыт кезеңiнде өзiнiң монополиялық билiгiн сақтай алады.
2. Егер салада ұзақ мерзiмдi кезеңде тепе- теңдiк орнаса онда манополист бiрнеше зауыттар салу арқылы өндiрiс уқымын көбейтуге өандай күштер итермелейдi.
Ескерту:http://adilet.minjust.kz/kaz/docs/P930000242_
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ АНТИМОНОПОЛИЯЛЫҚ САЯСАТ
