- •Фразеология. Фразеологизмдердің шығу көздері
- •Астана 2012 Мазмұны
- •I бөлім. Фразеология
- •Фразелогизмдердің екі мағыналылығы
- •II бөлім. Фразеологизмдердің түрлері
- •2.1. Фразеологиялық тұтастық.
- •2.2. Фразеологиялық бірлік.
- •2.3. Фразеологиялық тіркес.
- •III бөлім. Фразеологизмдердің пайда болу негіздері.
- •2.4. Фразеологиялық сөйлемше.
2.3. Фразеологиялық тіркес.
Бұған құрамындағы ерікті мағынасындағы сөз бен байлаулы мағынасындағы сөздің тіркесуінен жасалып, даяр қалпында қолданылатын фразеологизмдер жатады.
Мысалы, қолаң шаш фразеологизмінің құрамындағы шаш сөзі ерікті мағыналы мөз, себебі ол басқа да бірқатар сөзбен тіркесе береді: сүмбіл шаш, сұлу шаш, бурыл шаш, қара шаш, әдемі шаш, ақ шаш т.б., ал қолаң сөзі кез келген сөзбен тіркесе бермейтін, осы мағынасында тек шаш сөзімен тіркесетін мағынасы байлаулы сөз. Түлен түртті фразеологизміндегі түртті сөзі де ерікті мағыналы сөз, ол сайтан түртті, қолмен түртті, ажал түртті, көзге түртті, сор түртті т.б. тіркестерде кездесе береді, ал түлен сөзінің мағынасы байлаулы, ол тек түртті сөзімен ғана тіркесе алады. Сүмбіл шаш, аршын төс, тас қараңғы, қыпша бел, жапан түз жапа шекті, жападан жалғыз, қоян жүрек, күндіз баласы, түн баласы, құла түз, сұғын қабдады, баз кешті, бықпырт тигендей, телегей теңіз, екі көзі бұлаудай т.б. фразеологизмдері де осындай.
Фразеологиялық тіркестердің тағы бір ерекшелігі, олардың құрамындағы байлаулы мағынадағы сөздерді оларғы синоним болатын сөздермен ауыстыруға болады. Мысалы, қоян жүрек – су жүрек, қыпша бел – құмырсқа бел, зар жақ – қу жақ, самар жақ, құлы түз – жапан түз т.б. Мұнда қоян сөзінің орнына су, қыпша сөзінің орнына құмырсқа, зар сөзінің орнына қу, самар, құла сөзінің орнына жапан сөзі жұмсалып тұр.
Фразеологиялық тіркеске жарыса, қабаттаса қосарлану арқылы қалыптасқан, қолданылуы тиянақты, құрамы тұрақты, мағынасы құрамындағы сөздердің мағыналарының жиынтығынан жасалған қос сөздерді жатқызуға болады. Мысалы: кешелі-бүгінді, аяқ-табақ, астан-кестен, асықпай-саспай, терлеп-тепшіп, тамыр-таныс, қаңғыр-күңгір т.б. қосарлама қос сөздер; әрең-әрең, сиыр-миыр, шай-пай, кемпір-семпір, мәре-сәре, сатыр-сұтыр, жалтаң-жұлтаң, жап-жақсы, дөп-дөңгелек т.б. қайталама өос сөздер жатады.
Бірқатар қос сөздің құрамындағы мағынасы байлаулы сөздер сақталып қалған: шал-шауқан, қойшы – қолаң, жүдеп-жадап, үйлі-баранды, әуре-сарсаң, арық-тұрақ, тоқты-торым, жылап-сықтап, ығы-жығы, оқта-текте, анда-санда, жігіт-желең, қыз-қырқын т.б. Бұл сияқты қос сөздердің құрамындағы қолаң, жадап, баранды, сарсаң, тұрақ, торым, сықтап, ығы, жығы, оқта, текте, санда, желең, қырқын кез келген сөзбен тіркесе бермейтін, мағынасы байлаулы сөздер.
Кейбір еңбектерде фразеологизм объектілерін кең мағынада қарастырып, фразеологиялық тіркестерге күнделікті қарым-қатынаста (коммуникативтік) қолданылатын сөз тіркестері және затты, оның белгілерін атап білдіретін атауыштық (номинативтік) сөз тіркестері жатқызылып жүр. Мысалы: күнделікті қарым – қатынаста қолданылатын фразеологиялық тіркестерге: бір сағат бойы, аяқ астынан, ауызға ие болу, қонақта болу, дауыс алу, түпсіз тұңғиық, басты жұмыс, шындықты айту, аузын бұртиту, өмір-бақи, таң сәріде, табысты болу, сөз жоқ, жаман әдет, деңгейін арттыру, шын мәнінде, себебін түсіну, баяндама жасау, шу шығару, құдайға шүкір! күш жұмсау, жылмаң қағу, өте қымбат т.б. атауыштық фразеологиялық тіркестерге: мемлекеттік кісіпорын, мемлекеттік жоспар, азамат соғысы, азаматтық неке, азаматтық сот, азаматтық күрес, сөз еркіндігі, айналымда жоқ ақша, ток күші, орта білім, жоғары оқу орны, сауды орталығы, радио қондырғы, орташа жылдамдық, объективтік ақиқат, қоғамдық құрылыс, ақ түндер, орыс кеші, ағылшын тұзы, жоғары материя, жай сөйлем, қыстырма сөз, т.б. Атауыштық фразеологиялық тіркестер негізінен терминдік мағынада қолданылады.
Бұл сияқты фразеологиялық тіркестерге тән қасиет – мағыналары құрамындағы сөздердің ерікті мағыналарының жиынтығына сәйкес қалыптасып, сөйлеу үстінде даяр тіркес қалпында қолданылады. Құрамында мағынасы байлаулы сөздер кездеспейді, тіркестік құрамы тиянақтылыққа, идиомалыққа тәуелді емес, экспрессивтілігі, бейнелілігі әлсіз, жоқтың қасы, сырттай қарағанда семантикалық жағынан ажыратуға болатын еркін сөз тіркестеріне ұқсас келеді. Оларды баламаларын табу, суреттеу, дәлме-дәл аудару тәсілдері арқылы бір тілден, екінші тілге аударуға болады. Мысалы, бір сағат бойы тіркесі күнделікті қарым-қатынаста даяр қалпында қолданылатын тіркестік мағынасы бір, сағат, бойы сөздерінің лексикалық мағыналарының жиынтығынан жасалған тіркес. Оның тіркестік құрамы оған тірек болып тұрған бір сағат уақыт, бір сағат ішінде т.б. Мемлекеттік кәсіпорын тіркесі даяр қалпында қалпында қолданылатын атауыштық термин, мағынасы құрамындағы мемлекеттік, кәсіпорын сөздерінің лексикалық мағыналарының жиынтығынан жасалған. Терминдік сипаты болғандықтан, онда жарыспа нұсқалар болмайды, белгілі бір қоғамдық ұғымды білдіреді.
