- •1.Микроэкономика пәні, әдістемесі.
- •2.Сұраныс, сұраныс заңы және бағалык емес факторлары:
- •3. Ұсыныс, ұсыныс заңы және бағалык емес факторлары:
- •4.Нарықтағы тепе-теңдік
- •5.Баға бойынша сұраныс икемділігі деген не? Сұраныстың баға икемділігі коэффициенттерін сипаттаңыз.
- •8.Талғаусыздық қисық сызығы деген не? Ол қалай тұрғызылады?
- •9.Бюджеттік шектеу.
- •10. 1. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы
- •11. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы
- •4. Өндірушінің тепе-теңдігі. Изокоста
- •12. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары
- •13. Қысқа мерзімдегі фирманың ұсыныс қисық сызығының графигі қандай?
- •14. Монополияның қандай түрлері сізге белгілі? Монополиялық билік көздері қандай? Қысқа мерзімді және Ұзақ мерзімді кезеңде монополистің тепе-теңдігін сипаттаңыз.
- •2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік
- •Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)
2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік
Нағыз бәсекелес фирма мен монополист – фирма араларындағы шешуші айырмашылық – нарықтық сұраныста. Монополия жағдайларында бір фирма барлық саланы көрсетіп тұрғанда оның өніміне деген қисық сызығы нағыз бәсекелестік жағдайлардағы нарықтық сұраныстың қисық сызығына тең, яғни төмен түсетін еңкіштігі бар. Бұнын түсінігі: монополист бағаны түсіре отыра, өз сатуларын көбейте алады, өйткені шекті пайдалылықтың азаю заңы әрекетте. Фирма өніміне деген сұраныстың қисық сызықтарының айырмашылығымен таза бәсекелестік жағдайларындағы және таза монополия жағдайларындағы өндіріс арасындағы айырмашылық себептелген. Бәсекелес фирманың шекті табысы тұрақты да өнімнің бағасына тең. Ал монополистің бағасы шекті табыстан асады. 40 суретте монополистің өніміне деген сұраныстың қисық сызығы көрсетілген. Тауардың төртінші бірлігін сатқысы келген монополист бағасын 5 тен 4 төмендетуге мәжбүр.
Бірақ, бұл баға төртінші бірлікке ғана емес, барлығына да таралады. Сондықтан валдық (жалпы) табыстың көбеюі тауардың төртінші бірлігін сату есебінен табыстың көбеюіне тең, шекті табыс – А көлемі үш алдыңғы бірліктердің бағасын төмендетуден айырылған табысты алу – В көлемі. Шекті табыс тауардың әр келесі бірлігін сатудан азаяды. Сондықтан, табыстың шекті қисық сызығында да төмен түскен еңкіштігі бар.
40 сурет.Монополистің өніміне деген сұраныстың қисық сызығы
Монополистің екінші айырмашылығы: ол бағаны өзі қояды (price maker). Сонымен, егер бәсекелес фирма өндірістің көлемі жөнінде (ұсыныс көлемі) шешім қабылдаса, монополист өндіріс көлемі мен бағалар деңгейі жөнінде де шешім қабылдауға тиісті. Сонымен бірге монополист өндіріс көлемін шектейді, себебі, оның үлкейген жағдайында баға түседі. Қорытындай келе, монополистің алдында 2 мақсат тұратындығын айтуға болады:
1) ең жоғары пайда түсетін (Q) өндіріс көлемін табу (бұл MR = MC өндіріс көлемі)
2) Q тең өндіріс көлемінде сұраныс бағасына сәйкес келетін бағаны (Р) табу. Бірінші мақсатқа жету үшін монополист MR = MC ережесін басшылыққа алады. Бұл жағдайда монополистің ұсыныс көлемі бәсекелес ұсыныстан аз болып шығады. Баға белгілегенде, ол пайданы көбейту ережесінен алынған формуланы пайдаланады:
Р = MC/(1 + 1/ED) (американдық тәжірибеде бұл ереже «бас бармақ» ережесі деп аталады).
Монополист өндіріс шығындарын сұраныс икемділігіне кері пропорционал шамадан асатын бағаны белгілейді. Мұндай монополиялық баға шекті шығындар мен шекті табыстан асып кетеді, сондықтан ол бәсекелес бағадан көп: Р>MR = MC (ED = ∞ жағдайды санамағанда). Бұл баға пайданы көбейту тұрғыдан қарағанда, ең тиімді, оңтайлы. Осындай баға монополиске жоғары пайда алуын қамтамасыз етеді. РМ>MR = MC
Монополиялық нарық билігі кейде дұрыс түсіндірілмейді: монополистің әрекеттеріне қатысты көптеген қисық пікірлер бар:
Монополист әрдайым жоғары бағаны белгілейді. Бұл олай емес: монополистің бағасы жоғары емес, ең нәтижелі, яғни ең жоғары пайданы қамтамасыз ететін.
Монополиялық билікке ие болу – пайда алудың кепілдігі. Бұл дұрыс емес, өйткені кейбір жағдайларда (сұраныс азайғанда) монополист шығындарға ұшырайды.
Монополист орташа пайданы өсіруге (көбейтуге) ұмтылады (өнім бірлігінен пайда алу). Бұл пікір де дұрыс емес. Шын мәнінде, монополист валдық (жалпы, жиынтық) пайданы көбейтуге (өсіруге) ұмтылады.
Монополистің ұзақ мерзімді тепе-теңдігі
Келесі ахуалды қарайық: фирма – монополист ұзақ мерзімді кезеңде өндірісі кеңейту жөнінде шешім қабылдайды. Ол бар өндіріс шеңберінде жаңа өндірістік қуаттарды енгізуге дайын, яғни өздеріндегі бар зауытпен шектеледі. Бірақ ол екінші, үшінші, төртінші зауыттарды салып, ары қарай дами алады. Өндірісті кеңейту жөніндегі монополистің шешімі ұзақ мерзімді шығындар мен нарық сұранысы ара қатынастарынан тәуелді. MR = LRMC жағдайында ұзақ мерзімді тепе-тендікке жеткен монополист пайданы өсіруге мүмкіндік беретін өндірістің кез келген көлемін таңдай алады.
Егер монополист ең аз орташа ұзақ мерзімді LRACmin шығындардан жоғары шығындармен өндірсе, бұл өндіріс факторларын пайдалану нәтижесіздігінің көрсеткіші болып табылады. Ауқым әсерінің жартылай пайдалану немесе кері ауқым әсерінің әрекеті себеп болуы мүмкін. Монополия жағдайында ауқым әсерінен фирма ұтады, егер нарық сұранысы МС = MR жағдайын қамтамасыз етсе. Енді монополист өндірісті кеңейту жөнінде шешім қалай қабылдайтынын қарайық 42 суретте монополист ұсынысының q-данQ-ға дейін өсуі көрсетілген. Q тең өндіріс көлемінде ең аз қысқа мерзімді орташа шығындар АС2 қисық сызығымен белгіленген. Сонда ұзақ мерзімді орташа LRAC2 шығындар q тең өндіріс көлеміне LRACmin айтарлықтай асады, q ауқымды 2 зауыт салып, монополист жиынтық ұсынысты 2q дейін көбейтеді. Бұл өндірістің ең аз ұзақ мерзімді орташа шығындарда іске асырылуын білдіреді: MR = LRMC = LRACmin. Нарық бағасы нәтижесінде азаяды (РQ – Р2q дейін), бірақ монополистің жиынтық пайдасы ұсыныстың өсуі мен өндірістің орташа шығындарының төмендеуі есебінен өседі.
P
42 сурет.Ұзақ мерзімдегі өндіріс көлемін оңтайландыру
Жоғарыда айтылғанның негізінде бір маңызды түйін жасауға болады: монополиялық өндіріс жағдайларында баға мен ұсыныс араларындағы тәуелділікті білдіретін ұсыныстың қисық сызығы жоқ. Бұл қисық сызықты салу мүмкін емес, өйткені монополия жағдайларында баға мен ұсыныс арасында бірдей тәуелділігі болмайды. Шынында да, ұсыныс шамасы мұнда бағамен емес, сұраныстың икемділік деңгейімен анықталады. Өндірістің сол бір көлемінде монополиялық фирма сұранысқа байланысты әртүрлі баға белгілей алады, бір баға бойынша өнімнің көлемін өндіреді.
