Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ерекше бөлім.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
113 Кб
Скачать
☆

155. Сақтандыру ұйымына заемдар алуға болмайтын пайыз мөлшері

  1. өз капиталы мөлшерінің 10 пайызынан асатын көлемде

  2. өз капиталы мөлшерінің 7 пайызынан асатын көлемде

  3. өз капиталы мөлшерінің 5 пайызынан асатын көлемде

  4. өз капиталы мөлшерінің 3 пайызынан асатын көлемде

  5. өз капиталы мөлшерінің 1 пайызынан асатын көлемде

156. Сақтандыру агенті ұғымы

  1. берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға

  2. берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын тек қана жеке кәсіпкер

  3. берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым

  4. берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан кез келген делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға

  5. берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының тапсыруымен сақтандыру шарттарын орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға

157. Сақтандыру бойынша ірі мәмілелер жасау жөніндегі шешімді кім бекітеді?

  1. жеке дара атқарушы органы

  2. алқалы атқарушы органы

  3. директорлар кеңесі

  4. бақылаушылар кеңесі

  5. тексеру комиссиясы

158. Аннуитеттік сақтандыру ұғымы

  1. сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы

  2. сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға қызметі

  3. сақтандыру бойынша делдалдық қызмет жүзеге асыратын жеке тұлға қызметі 

  4. сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін ерікті мүліктік сақтандыру түрлерінің жиынтығы

  5. сақтандырылушы еңбек ету қабілетін (жасына, мүгедектігіне, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін мүліктік сақтандыру түрлерінің жиынтығы

159. Сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын оқиғаның негізгі белгілері

  1. оның басталуының кездейсоқтығы және ықтималдығы

  2. оның басталуының кездейсоқтығы

  3. оның басталуының мүмкіндігі

  4. оның басталуының мүмкін еместігі

  5. оның басталуының міндеттілігі

160. Сақтанушының залалдарды өтеуді талап ету құқықтарының сақтандырушыға ауысуы

  1. суброгация

  2. реститутция

  3. эвикция

  4. новация

  5. субституция

161. Белгілі бір объектіні бірнеше сақтандырушыда әрқайсысымен дербес шарт бойынша сақтандыру

  1. қос сақтандыру

  2. ортақ сақтандыру

  3. топтық сақтандыру

  4. ұжымдық сақтандыру

  5. қайта сақтандыру

162. Бір сақтандыру шартымен бір мезгілде өздері пайда алушы болып табылатын бірнеше сақтандырылған адамның қамтылуы

  1. топтық сақтандыру

  2. қос сақтандыру

  3. тектік сақтандыру

  4. қосымша сақтандыру

  5. ортақ сақтандыру

163. Үшінші бір тұлғаны сақтандыру кімнің есебінен жүзеге асырылады?

  1. сақтанушы

  2. сақтандырушы

  3. сақтандыру агенті

  4. пайда алушы

  5. сақтандырылған тұлға

164. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін беру

  1. қайта сақтандыру

  2. қос сақтандыру

  3. топтық сақтандыру

  4. ортақ сақтандыру

  5. көпше сақтандыру

165. Тапсырма шартының ұғымы

  1. бір тарап (сенім білдірілген өкіл) екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен белгілі бір заңды іс-әрекет жасауға міндеттенеді

  2. бір тарап (сенім білдірілген өкіл) екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен кез келген іс-әрекет жасауға міндеттенеді 

  3. бір тарап (сенім білдірілген өкіл) екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен белгілі сыйға тартуды жасауға міндеттенеді

  4. бір тарап (сенім білдірілген өкіл) екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен сатып алу-сатуды жүзеге асыруға міндеттенеді

  5. бір тарап (сенім білдірілген өкіл) екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен жұмысты орындауға міндеттенеді