- •Сақтардың тайпалық одақтары: қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, өнері.
- •Ұлы Жібек жолының бойымен халықаралық керуен саудасының қалыптасуы мен дамуының тарихи жағдайлары.
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи жағдайлар мен негізгі сатылары.
- •Қазақ акср-дың құрылуы. Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс.(1920-30-жылдар)
- •Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат.
- •Ұлы Отан соғысының майданындағы қазақстандықтар. (1941-1945жж.)
Ұлы Отан соғысының майданындағы қазақстандықтар. (1941-1945жж.)
1940ж 18 желтоқсан фашистік Германия басшылығы барбаросса соғыс жоспарын жасады. Үлкен Түркістан отарына енетін аймақтар Қазақстан орта азия , татарстан, башқұртстан, әзірбайжан, солт кавказ, қырым, шыңжан, ауғанстанның солт. Еңбекшілер отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады. Алматы мединституты студенті Мәметова ағам да апам да жоқ сондықтан менің өзімді майданға жіберуді өтінемін деп сұрады. Республикада екі млн нан астам адам әскери дайындықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылды. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы отыздан астам ұлттан құралды. Алматы, Жамбыл, Оңт Қаз. Нан шақырылған жігіттер 316 атқыштар дивизиясына жасақталды. Армия қатарына 1.196164 қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Еңбек армиясы құрылып ҚазКСРне 700мын астам адам шақырыдлы. 27 әскери оқу орны 16 мың офицер дайындап шығарды. 1941 45 ж, әскери оқу орындарынан 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Шымкент авиация училище түлегі Кожедуб үш мәрте кеңес одағының батыры атанды. 220 зауыт фабрика қазақстанға көшірілді. Көшірілген кәсіп орындардың жиырмасы қару жарақ пен оқ дәрі шығаратын болып қайта құрылды. Қазақстан КСРОның негізгі өнеркәсіп базасына айналды. 1942 одақта өндірілген қорғасынның 85% , көмірдің 1/8 бөлігі, молибденнің 60% берді. 1943 ж. Шымкент қорғасын зауытының ұжымы Ленинградты қорғаушылар құрметіне еңбек өнімділігін арттыруға міндеттеме алды. Ш. Берсиев тарының гектарына 201 ц алып, 1943 ж дүниежүзілік рекорд жасады. Дацкова тарының гектарынан 52ц жинаушы. 1942 қыркүйек комсомол деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданына жіберілді. 1943 желтоқсан Алматы жастары ұшқыш Луганскийге жаңа истребитель табыс етті. Алғаш рет 1942 ж 22 шілде кеңес одағы батыры атағын алған қазақстандық Семенченко болды. Мәскеу шайқасында 316 атқыштар дивизиясы шайқасты. Олар қызыл ту орденімен марапатталды. 1941 18 қараша дивизия командирі генерал Панфилов ерлікпен қаза тапты. Ленинград түбінде 310, 314 дивизиялары шайқасты. Оған қатысқан С.Баймағамбетов жау дзотын кеудесімен жауып батыр атанды. 1941 қыркүйек Жамбылдың Ленинградтық өренім жыры достықтың шынайы әнұранына айналды. 1943 қаңтар 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды. 1942 жылы 17 шілдеде Сталинград түбінде кескілескен ұрыс басталды. Оның жалыны Батыс Қаз. Күзде жетті.1942 1қыркүйек Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 20 қазан Қазақ радиосы Сталинградты қорғаушылар үшін С.Мұқанов Стаханов арнаулы радиохабарын ұйымдастырды. 1942 ж Нүркен Әбдіров понамаренкода әуе шайқасында шағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты. Жамбылдың ұлы Алғадай Сенильниково қаласында қаза тапты. Толыбай Мырзаев Павлов үйін қорғауда, Қасым Аманжолов та осы шайқаста қайтыс баолды. Ж. Елеусізов ең жас батыр . Қазақстандық партизандардың жалпы саны 3,5 мың. Р.Қошқарбаев рейхстагқа ту тікті. ҰОС ерліктер үшін барлығы 11600, қазақстандықтар 497, қазақтар 97. Екі мәрте кеңес одағының батыр атағын алған Бегильдинов, Леонид Игнатьевич, Павлов, Луганский. Солдат ерлігі ордені иегері 142 қазақстандық. Кеңес одағы орденімен марапатталған 96638 қазақстандықтар.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік адамдардың еңбек қаһармандары. Қазақстан – майдан арсеналы.1940ж 18 желтоқсан фашистік Германия басшылығы барбаросса соғыс жоспарын жасады. Үлкен Түркістан отарына енетін аймақтар Қазақстан орта азия , татарстан, башқұртстан, әзірбайжан, солт кавказ, қырым, шыңжан, ауғанстанның солт. Еңбекшілер отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады. Алматы мединституты студенті Мәметова ағам да апам да жоқ сондықтан менің өзімді майданға жіберуді өтінемін деп сұрады. Республикада екі млн нан астам адам әскери дайындықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылды. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы отыздан астам ұлттан құралды. Алматы, Жамбыл, Оңт Қаз. Нан шақырылған жігіттер 316 атқыштар дивизиясына жасақталды. Армия қатарына 1.196164 қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Еңбек армиясы құрылып ҚазКСРне 700мын астам адам шақырыдлы. 27 әскери оқу орны 16 мың офицер дайындап шығарды. 1941 45 ж, әскери оқу орындарынан 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Шымкент авиация училище түлегі Кожедуб үш мәрте кеңес одағының батыры атанды. 220 зауыт фабрика қазақстанға көшірілді. Көшірілген кәсіп орындардың жиырмасы қару жарақ пен оқ дәрі шығаратын болып қайта құрылды. Қазақстан КСРОның негізгі өнеркәсіп базасына айналды. 1942 одақта өндірілген қорғасынның 85% , көмірдің 1/8 бөлігі, молибденнің 60% берді. 1943 ж. Шымкент қорғасын зауытының ұжымы Ленинградты қорғаушылар құрметіне еңбек өнімділігін арттыруға міндеттеме алды. Ш. Берсиев тарының гектарына 201 ц алып, 1943 ж дүниежүзілік рекорд жасады. Дацкова тарының гектарынан 52ц жинаушы. 1942 қыркүйек комсомол деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданына жіберілді. 1943 желтоқсан Алматы жастары ұшқыш Луганскийге жаңа истребитель табыс етті. Алғаш рет 1942 ж 22 шілде кеңес одағы батыры атағын алған қазақстандық Семенченко болды. Мәскеу шайқасында 316 атқыштар дивизиясы шайқасты. Олар қызыл ту орденімен марапатталды. 1941 18 қараша дивизия командирі генерал Панфилов ерлікпен қаза тапты. Ленинград түбінде 310, 314 дивизиялары шайқасты. Оған қатысқан С.Баймағамбетов жау дзотын кеудесімен жауып батыр атанды. 1941 қыркүйек Жамбылдың Ленинградтық өренім жыры достықтың шынайы әнұранына айналды. 1943 қаңтар 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды. 1942 жылы 17 шілдеде Сталинград түбінде кескілескен ұрыс басталды. Оның жалыны Батыс Қаз. Күзде жетті.1942 1қыркүйек Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 20 қазан Қазақ радиосы Сталинградты қорғаушылар үшін С.Мұқанов Стаханов арнаулы радиохабарын ұйымдастырды. 1942 ж Нүркен Әбдіров понамаренкода әуе шайқасында шағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты. Жамбылдың ұлы Алғадай Сенильниково қаласында қаза тапты. Толыбай Мырзаев Павлов үйін қорғауда, Қасым Аманжолов та осы шайқаста қайтыс баолды. Ж. Елеусізов ең жас батыр . Қазақстандық партизандардың жалпы саны 3,5 мың. Р.Қошқарбаев рейхстагқа ту тікті. ҰОС ерліктер үшін барлығы 11600, қазақстандықтар 497, қазақтар 97. Екі мәрте кеңес одағының батыр атағын алған Бегильдинов, Леонид Игнатьевич, Павлов, Луганский. Солдат ерлігі ордені иегері 142 қазақстандық. Кеңес одағы орденімен марапатталған 96638 қазақстандықтар
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Бейбіт құрылысқа өтудің Қазақстандағы қиыншылықтары (1946-1950 жж.). Соғыс аяқталғаннан кейін елдің жағдайы өте ауыр болды. Түрлі қиындықтарға қарамастан тезірек халық шаруашылығын қалғына келтіру керек еді. Қазақстан тұрғындары Ленинград, Сталинград, Брянск, Донбасс, Украина және т.б. бүліншілікке ұшырапан аймақтарды қалғына келтіруге көмектесті.1946 жылы 18 наурызда қабылданған 4-ші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан асып түсу белгіленді. Онда Қазақстан экономикасын көтеруге мән берілді. Қазақстанның өзі де экономиканы бейбіт құрылысқа қайта құруға кірісті. Өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Алты жаңа көмір шахтасы, Қаратон және Мұнайлы кәсіпшіліктері қатарға қосылды, Қазақ металлургия зауытының құрылысы аяқталды, Ақтөбе қайта балқыту зауытының қуаты арттырылды.Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері онан әрі дамыды. 65 жеңіл өнеркәсіп өз өнімдерін берді.Ауыл шаруашылығында колхоздарды ірілендіру жүрді, нәтижесінде 1945 -1952 жылдары колхоздар саны 3 есе қысқарығ, 2047-ге жетті.Республикада 4-ші бесжылдықта егіс көлемі бір млн. Га-дан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымы артты. 1950 ж. Астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89 процент асып түсті. ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа түрлері өсіп жетілді. Қазақтың ақ бас қойы, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос қойы, Қостанай жылқысы будандастырылып, жаңа тұқым алынды. Соған қарамастан мал шаруашылғы ауыр жағдайда еді. 1951 ж. Бар болғаны 4,5 млн. ірі қара (1928 ж. 6,5 млн болған), 1,5 млн. Жылқы (3,5млн), 127 мың түйе (1млн) болды. 1928 жылы 18566 мың қой болса, 1951 жылы қой мен ешкі саны 18036 мың басқа жетті.1946 жылы қуаңшылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті.Алайда бұл жетістіктердің бәрі әміршіл-әкімшіл жүйенің басқаруымен жүзеге асты. Қазақстан бұрынғысынша Одақтың тірек базаларының бірі болып қалды. Қазақстандықтардың өздерінің тұрмыс жағдайларының, халықтың әл-ауқатының төмендігіне, нашарлығына қарамастан республика металл, шикізат қорлары, отын, құрылыс материалдары, өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік, асыл тұқымды мал және т.б. беруге мәжбүр болды.халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары Екінші дүниежүзілік соғыс туралы еңбектер жазды. Ғ.Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", Ә.Нұрпейісовтың "Курляндиясы". Еңбек тақырыбына жазғандар С.Мұқановтың "Сырдария", Ғ.Мұстафиннің "Миллионер", Ғ.Слановтың "Кең өріс" туындылары болды.Осы жылдарда Қарғанды, Семей медицина институттары, Өскемен педагогикалық, СЕмей мал дәрігерлік-зоотехникалық институттары, Қарағанды кен институты ашылады. Ақтөбе, Гурьев, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Шымкент мұғалімдер институттары педагогикалық институттар болып қайта құрылды.Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы заң одан әрі жүзеге асырылды. 1952 жылдың аяғында Қазақстанда жалпыға білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум, арнаулы оқу орны жұмыс істеді. Онда 1,5 млн. Адам оқыды.
Тың және тыңайған жерлерді игеру: себептері, барысы, салдары1954 ж. партияның ОК ақпан-наурыз Пленумы "Елде астық өндіруді одан әрі ұлғайту және тың және тыңайған жерлерді игеру" туралы қаулы қабылдады. Халық санының, қалалар мен өндіріс орталықтарының өсуі астық қажеттігін арттырды. Колхоз, совхоздар қоғамды азық-түлікпен қамтамасыз етуі қиынға айналды. Үкімет бұл қиындықтан шығудың жолы - елдің шығысындағы аса зор жер көлемін жырту керек деп тапты. 1954 ж. 13,4 млн. га жаңа жерлер, Қазақстанда 6,5 млн. га жер жыртылды. Тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. 1954 ж. наурызынан 1955 ж. наурызына дейін Қазақстанда 337 совхоз құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан облыстарында құрылды.Тыңның арқасында Қазақсан халықтың жан басына шаққанда 2 мың килограмнан астам астық өндіру мүмкіндігі туды. Ал әлемдік ғрактика бойынша, азық-түлік проблемасын шешу үшін 1 мың кг төңірегіндегі көрсеткіш те жеткілікті.1954-19555 жж. бүкіл елде 29,7 млн. га жер жыртылығ, оның 18 млн. га Қазақстанның үлесіне тиді.Тың игерудің теріс факторлары да болды. 1960 жылы-ақ республиканың тың аймағының 9 млн. га жері топырақ эрозиясына ұшырады. Халықтың 61 проц. РСФСР, Украина, Белоруссия, Молдавиядан келгендермен көбейді. 1954-1962 жж. Қазақстанға тың игеруге 2 млн. адам келді. Қазақтардың саны 30 проц. төмендеп, этнос ретінде дамуына қауіп төнді. 1948 ж. үш облыстың (Семей, Павлодар, Қарағанды) түйіскен жеріне орналасқан ядролық полигон салынды. 1949 ж. 29 тамызда Семей полигонында тұңғыш рет ядролық сынақ жүргізілді. Қорғаныс Министрлігінің өз мәліметі бойынша 1949 жылдан 1963 жылға дейін полигонда қуаты бірнеше тоннадан 100 килотоннаға дейін 113 жарылыс ауада жасалған, тек 1964 жылдан бастап қана сынақ жер астында жасалды. 1989 ж. қыркүйектің 19-ына дейін қуаты бірнеше тоннадан 150 килотоннаға дейінгі 343 сынақ жасалған. Полигонның халықтың денсаулығына тигізген зор зияны болды.
Халықтың өмір сүру дәрежесі: тенденциялары мен қарама-қайшылықтары (70-80 жж.). 60-жылдардың ортасында-ақ ел басшылығы халықтың ақшалай табысын арттыру бағытын ұстанды, мұның өзі халықтың тұрмыс дәрежесінің 40-50 -жж. салыстырғанда біршама артуына жағдай туғызды. Халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның бір бөлігі жәрдем, зейнетақы, стипендия төлеуге, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды.Соған сәйкес бағаның халықтан ресми және жасырын түрде жоғарылатылу процесі де жүріп отырды. Мұның өзі тапшылықты (қарттарға, балаларға арналған тауарлар жетіспеуі, тамақ түрлерінің жетіспеуі, сағаттап кезекте тұру) арттырды.70-80 жж. адамдар Кеңес қоғамын барып тұрған әділетсіз қоғам деп білді. Бұл ең алдымен партиялық-мемлекеттік, әскери, шаруашылық номенклатурасына берілген артықшылықтарға байланысты.Әлеуметтік саладағы өткір проблема - тұрғын үй мәселесі болды.Қордаланған әлеуметтік-экономикалық проблемалар - еңбекке немқұрайды қарау, өндірістегі ұрлық, маскүнемдік, қылмыс жасау, еңбек тәртібінің құлдырауы, "қылмысты экономика" сияқты келеңсіз құбылыстарды туғызды. Мұның бәрі әлеуметтік саладағы дағдарыстың көріністері және тоталитарлық жүйені күйретуге алып келген объективті себептер еді.
Қазақстандағы қайта құру. Елдегі әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету концепциясы (1985-1991 жж).1985 ж. наурызда КОКП ОК Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Партияның Сәуір Пленумында (1985 ж.) қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету концепциясы айтылды.Одақты қайта құру идеясы пайда болды және ол "төменнен" - автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканың өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қазақстан территориясындағы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және экономикалық салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі туралы батыл мәлімденді.Бірақ мұның бәріне мемлекеттік басқару құрылымының, Қазақстан Коммунистік партиясының қатаң билігі кедергі жасады. Қоғамды жаңарту туралы көп сөздер айтылғанымен, ол іс жүзіне асғады 3.1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды. Қазақстанды басқару тағы да бұрынғы әдіс бойынша шешілген еді. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады. 17 желтоқсанда ертеңгісін партияның ОК орналасқан алаңға жастар жиналды. Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серғін берді. 86-ның желтоқсаны бүгін біз үшін артында қалдырған тарихи сабақтарымен қымбат. Ол, ең алдымен, Қазақ елі үшін мемлекеттік тәуелсіздіктен биік құндылықтың болуы мүмкін емес екендігін көрсетіп берді. Желтоқсан күндері осы жалпыұлттық идеяны көтеріп, оның жолына өз өмірін арнаған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Жансая Сәбитова, Хасен Қожахмет және басқа мыңдаған ұл-қыздарымыз ұлт тарихында әрқашанда құрметпен аталуға лайық. Кеңестік империяның абақтысында өлтірілген Қайрат — 86-ның желтоқсанында алаңға теңдік талап етіп шыққан қазақ жастарының жинақы көрінісі, қазақ халқының азаттыққа ұмтылысының мәңгі мұқалмас символдық бейнесі.
КСРО ның ыдырауы 1991ж тамыз төңкерісінене кейін КСРОның ыдырау процесі тез қарқынмен жүзеге аса бастады . 1991ж 8желтоқсан Минскідегі Беловеж келісімі , (Беларусь, рксфср, Украина республика ның басшылары ) қаралған мәселе -1922 КСқұру туралы келісім шартты жою , -ТМД құру туралы келісімге келу, - 1 991 13желтоқсан Ашхабад келісімі. Қаралған мәселе: 1.Беловеж кездесуінде қабылданған шешімді қолдау; 2.Алматы кездесуін жоспарлау. 1991ж 21желт Алматы келісімі. Қатысушы елдер: Қазакстан, Қырғы.Өзбекс.Тәжікс.,Түркменс.,РКФСР, Украина, Белорусь,Молдава, Әзірбайжан, Армения-барлығы 11республика. Грузия бақылаушы есебінде қатысты.КСРО президенті Горбачев шақырылмады. Қаралған мәселелер: 1КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты;2.ТМД құрылды.3.Ядролық қаруы бар мемлекеттер ТМДға енетін барлық республикалардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келісті. Осы оқиғалардан кейіегі іс-шаралар:1.1991 21желт Горбачев КСРО президенті қызметінен кетті.2.1991 26желт КСРО өмір сүруін тоқтатқандығы туралы Деклорация жарияланды. Республика егемендігі орнығуымен бірге Республика президентін бүкілхалықтық сайлау қажеттігі туындады. ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында «Президент сайлау жөнініндегі заң» қабылданып, президенттік қызметке Назарбаевтың кондидатурасы ұсынылды.
1991ж 16желт республикасының Жоғарғы Кеңесі 7-ші сессиясында “ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң”қабылданды. Бұл құжаттың 1- бабында ҚР-тәуелсіз демократиялықжәне құқықты мемлекет деп сипатталды.ҚР: 1.Ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді;2.Барлық мемлекеттермен халықаралық құқық ұстанымы негізінде қарым-қатнас орнықтырады;3.Террит шекарасы бртұтас,бөлінбейді,қол тигізуге жатпайды. Құжаттың 2-таруында республика азаматтары тең құқылы деп көрсетілген. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі-республика азаматтары.Басқа мемлекетте тұратын азаматтарға өздері тұратын елдің заңы қайшы келмесе Қазақстанның азаматтығын қоса алу құқығы берілді.Республикалардан тыс жерге кеткен қазақтардың елге оралуына қолайлы жағдай туғызылды. Мемлекеттің маңызды міндеттері: 1.ұлттық мәдениетті,дәстүр мен тілді қайта жаңғыртып дамыту;2.ҚР ұлт өкілдері мен қазақтардың ұлттық қадір-қасиетін нағайту. Құжаттың 3-тарауында мемлекеттік өкімет органдарының құрылымы анықталған. ҚР және оның атқарушы өкімет басшысы-Пезидент. Құжаттың 4-тарауында мемлекеттің негіздеріне анықтама берілді:1.Меншіктің барлық түрлерінің көптүрлілігі мен теңдігіне негізделетін дербес экономикалық жүйе құрылады;2.Жер мен оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі,экон. және ғылыми-техникалық мүмкіндіктер республика меншігі болып жарияланады.
1992 ж 4маусым ҚР мемл, Туы мен Елтаңбасы қабылданды. Ту авторы – суретші Шәкен Ниязбеков , Елтаңба авторлары – суретшілер Жандарбек Мәлібеков , Шот аман Уалиханов. 1992ж 6маусым – Жоғары Кеңес сессиясының салтанатты мәжілісінде жаңа мемлекеттік рәміздерді таныстыру рәсімі өткіізлді. 1992 Ж11желтоқсан ҚР мемлеке Әнұранының мәтіні бектілді, Мәтіні жазғандар М.Әлімбаев., Қ. Мырзалиев , Т.Молдағалиев , Ж.Дәрібаева . Әуенін жазғандар М.Төлебаев, Е.Брусиловский, Л.Хамиди. (1944 ж нұсқасы сақталды) 1992 ж 15 желтоқсан әнұран респ қ баспасөз беттерінде жарияланды.
Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық-және саяси дамуы (1991-2005жж.). ҚР былтыр 61орында болса, биыл 56 орныда. Денсаулық жағынан 86 орында, жоғарғы білім жағынан 54 орын, бизнестің дамуы жағынан 72 орын, өмірдің сапасы жағынан 78 орында, экономиканың тұрақты дамуы жөнінен 70 орында. 2006 жылғы стратегияның маңызы: 1)әлемдік экономикаға кіру, 2)Қазақстан экономикасында көп салалы тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасын қалау. 3)қазіргі заманға сәйкес әлеуметтік саясатты қолдану,4)осы замандағы білім беруді дамыту,5)басымдылық: демократияны одан әрі дамыту және саяси жүйені жаңарту, 6)басымдылық: ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру, терроршылдық, экстремизмдік, секталармен күрес. ҚРның 8 артықшылығы:1)тәуелсіз мемл,2)бұрынғы саяси және экономикалық жүйеден бас тарттық, 3)қоғамда түбегейлі өзгерістер басталды, 4)біздің халқымыздың жоғары сапасы, 5)бай табиғи ресурстарымыз 6)орасан зор ауылшаруашылық жерлеріміз 7)қоғамдағы саяси тұрақтылық 8)ҚР байсалдылығы мен төзімділігі, аөжарқындылығы, кеңпейілділігі. \Н.Назарбаев 8 үлкен ұзақ мерзімді басымдылықтарды анықтайды:1)ұлттық қауіпсіздік2)1992 ж Қазақстанның қарулыкүштері құрылды, әскери доктринасы 3)ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы 4)шетел инвестицияларынан ішкі жинақтардың арқасында экономиканың өсуін қамтамасыз ету 5)ҚР азаматтық денсаулығы және әлауқаты 6)энергетика ресурстары 7)инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс 8)кәсіби мемлекет \ ҚР салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді роліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген. Қазіргі кезеңде макроэкономиканы тұрақтандыру саясаты нәтижелі жүргізілуде: мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту, қатал монетарлық несие саясатын дәйекті жүргізу. 2010 жылға дейінгі бастапқұы кезеңде мына салаларға көңіл бөлу қажеттілігі баса көрсетілді: ауылшаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, туризм, тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылым жасау. ҚРға қажет үш белгі: ұлттық бірлік, әлеуметтік шыңдық, азаматтардың әлауқатының артуы.
1995 Ж 30тамызда жаа конституция қабылданды , Бұл негізгі Заңымызда респ ның экон қ күш қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті құқықтар беретін мәселелерді шешу ескерілді. Конституция 9 бөлімнен 98 баптан тұрады. Ерекшеліктері 1. демократиялық Презденттік басқаруға жол ашылды. 2, парламент екі палаталы болды: сенат, мәжіліс. Депутаттар саны 177ден 114 ке қысқартылды. 3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Судьялардың әділетті үкім шығаруға құқықтық кепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды түрде белгіленді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол соғуға болмайды, судьялар нақты істері б-ша есеп бермейді, тек Конституция мен заңға бағынады. Билік тармақтарына , мемлекеттәк лауазым иелеріне конституцялық құқықтарды бұзуға жол берлмейді. ҚР ұлтына қарамастан барлық азаматтардың үддесін қорғайды, қос азаматтыққа жол берілмейді. 1995 ж Конституцияның тарихи маңызы : Егеменді Қ ның әлем қоғамдастығы алдындағы бар болмысы , өркениетті даму кезеңіндегі ерекшеліктері , әлемдік демократиялық көріінс тапқан. Респ ның одан ары даму кезеңіне арналған тарихи құжат.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабы.Қазақстанның сыртқы саясаты көп векторлы, көп салалы болды. Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады: ТМД, Азия, Еуропа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, таяу шығыс аймағы еледерімен халықаралық байланысты өркендету.Мәдени экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.Қазақстанның қауыпсіздігін сақтау, ядролық қаруды қолданбау, дүниежүзілік соғысты болдырмау.Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, ҚХР, Ресеймен ойдағыдай қарымқатынас орнату.1994ж Орта Азия экономикалық қауымдастығы құрылды(Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан ). Осы жылы президентіміз Еуразиялық мемлекеттер Одағын ұйымдастыруды ұсынды. Негізгі мақсаты: Кеңес үкіметінен кейінгі кеңістікте пайда болған елдердің қауіпсіздігін нығайту, әлеуметтікэкрнрмикалық жаңғыртуды жүзеге асыру. ҚР басшылығы әскери саяси одақ НАТОмен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Ол «бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы негізінде істейді. ҚР 60-тан аса халықаралық ұйымдарға мүше. ҚР экономикасына шетел инвестициясы көптеп тартылды. Шетелдік бірлескен кәсіпорныдардың жалпы саны 1996 жылы 746 болды. Осныдай байланыс нәтижелерінің тарихи маңызы: ҚР әлемнің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық қарымқатынас орнатты, ҚР дүниежүзілік аренада беделді орынды иеленді. 1992ж 25 мамыр ҚР мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1990ж ҚР мен Қытай келісім нәтижжесінде темір жол арқылы өзара байланыс іске асты. 1991 ж 25желтоқсан АҚШ ҚРның мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі АҚШ ҚР экономикасының аса ірі инвесторы. 2003 жылы жарық көрген президенттің «Сындарлы он жыл» еңбегінің ең басты тоқталғаны есірткіге қарсы күрес мәселесі. Осы қауіпке қарсы жүргізілген шаралар: есірткіге бақылау орнатудың халықаралық жүйесіне енуі, «нашақорлық және есірткі бизнесімен күресудің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясын» жүзеге асыру, есірткіге қарсы күрестің кең көлемді ұлттық жүйесін құру. Каспий мәселесі қарастырылды: Каспий жағалауындағы елдер экономикалық проблеммаларын дж рынокқа энергетикалық шикізат шығару арқылы шешуге ұмтылып отыр, Каспий мұнайы мен газын өндіруге 40 жуық компаниялар қатысуда.Маңызы: Әлемдік проблеммалар көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды. 2-жауап. ХІХғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты.Қоныс аудару саясатыПатша үкіметінің орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудартудағы көздеген мақсаттары:Ішкі губерниялардағы революциялық толқуларды әлсірету.Жер тапшылығын шешу.Ұлттық аймақтарда әлеуметтік тipeк жасау.• XIX ғ. 60 жылдарының ортасынан Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақ өлкесіне қоныс аударту басталды.XIX ғасырдың 70-80 жылдарынан жаппай қоныстандыру жүзеге асырылды.
Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫ — ел дамуының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 ж. қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат — ұлттық бiрлiкке, әлеум. әдiлеттiлiкке, бүкiл жұртшылықтың экон. әл-ауқатын жақсартуға қол жеткiзу үшiн тәуелсiз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетiн орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзiмдi негiзгi бағыттар бөлiп көрсетiлдi: Ұлттық қауiпсiздiк: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, елiмiздiң тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуы. Мемлекеттiң тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететiн барлық қажеттiлiктер шеңберiндегi бастапқы шарт — ұлттық қауiпсiздiк және мемлекеттiлiктiң сақталуы. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi көрсеткiшi ретiнде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықар. ин-ттар мен форумдардың көмегi мен жәрдемiн пайдалану қажеттiгi атап көрсетiлдi. Мұның өзi халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етедi, Қазақстан азаматтарының өз елiне деген сүйiспеншiлiк сезiмiн арттырады. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсiз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршiлерiмен және дүние жүзiнiң жетекшi елдерiмен өзара тиiмдi қатынастар қалыптастыруға саяды. Iшкi саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бiрлiк — қоғам мен мемлекеттiң одан әрi дамуының кепiлi. Бұл салада барша азаматтар үшiн тең мүмкiндiктiң және барлық этн. топтар үшiн тең құқықтың болуына кепiлдiк беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелердi шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзiмге қамтамасыз ететiн дәулеттi Қазақстан мемлекетiн орнату мiндетi қойылды. Шетелдiк инвестициялар мен iшкi жинақ қаражаттың деңгейi жоғары болатын ашық нарықтық экономика негiзiнде экон. өрлеу. Негiзгi қағидалары: мемлекеттiң белсендi рөлiн сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеудi қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күштi әлеум. саясат жүргiзу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркiн сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндiрудi одан әрi жалғастыру, шетелдiк инвестицияларды қорғау. Қазақстандықтардың денсаулығы, бiлiм алуы және игiлiгi: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейiн көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерiн сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесiне қарсы күресу, маскүнемдiк пен темекi шегудi қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерiн қамтиды. Энергетикалық қорлар: тұрақты экон. өрлеу үшiн мұнай мен газ өндiрудiң және оларды шетке шығарудың көлемiн жедел ұлғайту жолымен энергет. қорды тиiмдi пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшiн басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзiмдi серiктестiк орнату, мұнай мен газ экспорты үшiн құбырлар желiсiнiң жүйесiн жасау, отын қорын пайдалану қызметiнде дүниежүз. қоғамдастықтағы iрi елдердiң Қазақстанға және оның әлемдiк отын берушiлiк рөлiне ынтасын ояту бағытын ұстау, iшкi энергет. инфрақұрылымды жасау, өзiн-өзi қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсiз болу мәселелерiн шешу мәселелерiн қамтиды. Инфрақұрылым (көлiк және байланыс): ұлттық қауiпсiздiктi, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеудi күшейту. Отандық көлiк-коммуникац. кешеннiң әлемдiк рыноктағы бесекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетiн сауда ағынын ұлғайту мiндетi қойылған. Кәсiпқой мемлекет: iске шын берiлген және елдiң негiзгi мақсаттарына қол жеткiзуде халық өкiлдерi болуға лайық мемл. қызметкерлердiң осы заманғы қабiлеттi құрамын жасақтау. Бұл саладағы мiндет осы заманға сай тиiмдi мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды iске асыруға қабiлеттi Үкiметтi жасақтау, ұлттық мүдделердiң сақшысы болатын мемлекет орнату. Президенттiң жолдауында бүкiл күш-жiгердi осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкiндiктердi шоғырландырудың және үйлестiрудiң келелi идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесiндегi реформаларды жүзеге асырудың әдiстерi мен тәсiлдерiн түбiрiмен қайта қарау қажеттiлiгi атап көрсетiлген. Бұл қысқа және ұзақ мерзiмдi негiзгi бағыттарды iске асыру барысында, ең алдымен, елiмiздiң барлық азаматтарының бостандығына кепiлдiк беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгi күнге деген сенiмiн нығайтуға бағытталған бiрден-бiр бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады. Қазақстан осы стратег. мiндеттердi орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердiң деңгейiне жетуге, дүние жүзiнiң ең дамыған жиырма елiнiң қатарына қосылуды көздейдi. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерiлген. Бәсекелестiк қабiлетi ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрi демократияландыру арқылы өтедi, ол, түптеп келгенде, сайлауды әдiл өткiзуге, саяси партиялардың, парламенттiң рөлiн, үкiметтiң мүмкiндiгiн күшейтуге, сот жүйесiн реформалауға, БАҚ-қа еркiндiк беруге, әйелдердiң қоғамдағы рөлiн күшейтуге саяды.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2006 ж. 1 наурызындағы Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсанында.». ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз он басты міндетті шешуге тиіспіз.Бірінші міндет – экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару. Екінші міндет – өңірлік экономикада сапалық жаңа табыстарға жету және жаһандық экономикаға толыққанды қатысуды қамтамасыз ету. Үшінші міндет – өндіруші сектордың тиімділігін арттыру. Төртінші міндет – өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономикалық әртараптандырылуын қамтамасыз ету өте-мөте маңызды.Бесінші міндет – өңірлік және жаһандық экономикадағы өзіміздің жаңа рөлімізге сәйкес осы заманғы инфрақұрылымды дамыту. Алтыншы міндет – осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, “парасатты экономиканың” негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Жетінші міндет – атаулы әлеуметтік қолдау және әлеуметтік саланы нарық қағидаттары негізінде дамыту. Сегізінші міндет – дамуымыздың жаңа кезеңінің ығытына сәйкес саяси жүйемізді жаңғырта жаңарту. Тоғызыншы міндет – халықаралық іс-тәжірибені ескеріп, әкімшілік реформаны жеделдете жүргізу. Оныншы міндет – жаңа Қазақстанның Орталық Азия өңірі мен әлемдік қоғамдастықтағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін ілгерілету. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕР – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУДЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЛАРЫ
