Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык шпор дайын.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
852 Кб
Скачать
☆

3.Азаматтық қоғам.

«Азаматтық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Гегель, К.Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адамды таниды. Азаматтық қоғам- адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы институттары мен қатынастарының жиынтығы, солардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың

мүдделері қанағаттандырылады.

Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:

1.Мемлекеттік емес, әлеуметтік- экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік).

2.Мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.).

3.Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер.

4.Саяси партиялар мен қозғалыстар.

5.Тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы.

6.Мемлекеттік емес БАҚ жүйесі.

7.Отбасы

8.Шіркеу және т.б.

Азаматтық қоғамының белгілері:

- Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі.

- Өзін-өзі басқару.

- Оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі.

- Еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм.

- Жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы.

-Өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады).

- Экономиканың көпжақтылылығы.

- Биліктің заңды және демократиялық сипаты.

- Құқықтық мемлекет.

- Адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т.б.

Азаматтық қоғамды коммуникацияның, қарым-қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам өкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіндік — анархия деп түсіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты қалыптастыратын осы екі бөлік бірін-бірі толықтыра отырып өмір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, төртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар.

  1. Мемлекеттің мәні және әлеуметтік функциясы.

«Мемлекет функциясы» деген атау мемлекет жұмыстарындағы мақсаттардың негізгі, өте маңызды бағыттарын айқындауға пайдаланылады.Себебі, сол арқылы оның әлеуметтік рөлі көрінеді. Заң шығарушы,атқарушы және сот органдарының қызметтеріндегі негізгі бағыттарының табиғаты бір болады.Олардың ең бірінші мақсаттарына қоғам өмірінің бір қалыпта дамуын қамтамасыз ету кіреді.

Мемлекеттің функциясында оның мәнін көрсетумен қатар,қоғам дамуындағы негізгі мәселелерді шешудегі рөлін және ең алдымен,ел тұрғындарының әр түрлі мүдделерін қамтамасыз ететіндігі айқындалады.

Мемлекет функциялары бір-бірімен жалпы ұқсастықтарына байланысты сипатталады:

  1. Мемлекеттің әрбір функциялары мемлекеттік қызметтердің бір жақты жиынтықтарынан құралады.Мемлекет қызметтерінің ұқсас жақтары қоғамдық қатынастардың ерекшелігі мен сипатына,олардың ықпал жасайтын объектісіне қарай бір функцияға бірігеді.

  2. Бір жұмысты орындауға арнайы белгіленген көптеген мемлекет органдарының функциясынан мемлекет функциясының айырмашылығы- оның қызметін тұтас қамтитындығында. Айтылған сөз жеке органдардың белгілі мемлекет функциясын жүзеге асырудағы маңызын жоққа шығармайды, себебі кей кездерде ондай органдар негізгі мақсаттарды шешуде басты рөлдерді ойнайды. Сондықтан мемлекет функциясын, оның органдарының функциясынан айыра білу қажет.

  3. Мемлекет функциясы кешенді жинақты сипатта болады.Онда мемлекеттің шешуші күш жұмсаған, өмірлік маңызы бар бағыттағы ішкі және сыртқы жұмыстары нақты іске асырылады.

  4. Мемлекет функциясын мемлекеттің жұмыс түрлерінен айыра білу қажет. Себебі мемлекеттің жұмысы кейде арнайы белгіленген, соған рұқсат етілген органдар арқылы іске асырылуы мүмкін,не болмаса, мемлекеттің әр түрлі органдарының құрамындағы бөлімдерімен іске асырылады. Мемлекеттік жұмыстардың түрлеріне қылмыстық істі тергеу, кедендік бақылау, т.б. жатқызуға болады.

  5. Мемлекет функциясын,оларды іске асыру формасымен салыстыруға болмайды. Қазіргі мемлекеттің функциясын іске асырудағы негізгі құқықтық нысандарға: құқықтық шығармашылық, атқару-билеу және құқыққорғау жатады. Мемлекет өзінің әр түрлі даму кезеңдерінде алдына қойған мақсаттарына байланысты түсіндіру, үгіттеу тәсілдерін пайдалануы мүмкін. Мемлекеттің функциясы, оның мазмұнына,нысанына сай тәсілдері бірігіп, мемлекеттік өкіметтің сол бағыттағы мемлекет жұмысын іске асырады.

Сонымен, мемлекет фунциясында- оның негізгі қызметінің бағыты, қоғамды мемлекеттік басқарудың мәні және әлеуметтік орны көрсетіледі.