Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
макро шпор. п.в.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
372 Кб
Скачать
☆

4 Ауыспалы ағындар моделі “кему” және “қуат беру”

Үй шаруашылығы, мемлекет, фирмалар, шет ел (ашық экономикада).Осы субьектілер арасында табыс пен шығындар ағыны айналыста болады. Бұл жағдайда кез-келген экономика субьектілерінің бірінің табысы басқа субьектілер үшін шығын болып табылады.

Табыстар мен шығындар айналысында «қуат берулер» мен «жылыстырулар» бар. «Қуат берулер» ел ішінде өндірілген өнімді сатып алуға отандық тұтынушылардың шығындарына қосымша ретінде жүзеге асырылатын шығындар болып табылады:

Инвестициялар (отандық және шетел), I;

Мемлекеттік шығындар, G

Шетелдік тұтынушылардың отандық экспортталған тауарды сатып алу шығындары,Ex

Экономиканың жетілген баланс жағдайында келесідей теңдік орын алады:

S+T+Im=I+G+Ex

Бірақ тәжірибеде мұндай тепе-теңдік өте сирек сақталадыж және үкімет пен қарапайым азаматтардың қалауларына қарамастан, экономика тепе-теңсіз жағдайлармен жиі кездеседі. «Қуат берулер» мен «жылыстырулардың» T=G

Теңдігін былай түсіндіруге болады. T-бұл мемлекеттік бюджетке түсетін табыс, ал G-мемлекеттік бюджеттің шығыстары. Мемлекет бюджеті сирек жағдайларда ғана балансталған жағдайда болады, жиі T<G – болған кезде, оның тапшылығы жөнінде, ал T>G болғанда артықшылығы жөнінде естиміз. Сондай-ақ жинақтар әр кезде инвестицияларға тең бола бермейді, ал экспорт импорттан аз немесе көп болуы мүмкін.

5. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жалпы шарттары

Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік табыс пен шығынның теңдігін көрсетеді.

Y=C+I+G+NX

Макроэкономикалық талдауларда басқа да тепе-теңдіктер пайдаланылады.Инвестицтя мен қор жинағының тепе-теңдігін төмендегідей көрсетуге болады. Талдауды жеңілдету үшін жабық экономиканы қарастырамыз. Бұл экономикада мемлекет секторы жоқ деп жорамалдаймыз, демек салық та жоқ болады. Онда шығын бойынша:

ЖҰӨ=Тұтыну+ Инвестиция

Табыс бойынша:

ЖҰӨ=Қор жинағы + Тұтыну

Жалпы өнімді өндіруге кететін щығындар мен табыс бір-біріне тең болғандықтан ,формулаларды теңестіреміз, сонда төмендегі теңдеуді аламыз.

C+I=S+C немесе I=S

Бұл қарапайым тепе-теңдік мемлекет пен шет мемлекетті енгізгеннен соң күрделеніле түседі.

Жиынтық қор жинағы үш құрауыштан тұрады.

Sp=Sp+Sg+Sr

Жеке қор жинағы Sp төмендегідей бейнеленген:

Sp=( Y+TR+N-T)-C

Мұндағы: Y- табыс сомасы, TR – трансферттер;

N- мемлекеттік қарыз бойынша пайыз мөлшерлемесі,

T-салық және C- тұтыну

Мемлекеттің қор жинағы Sg төмендегідей бейнеленген.

Sg=(T-TR-N)-G

Sg>0 болса, онда бюджет артықшылығы болады, ал Sg<0 болса, онда бюджет тапшыдығы болады.

Sr=IM-X немесе Sr=-Nx

S=Sp+Sg+Sr=(Y+TR+N-T)-C+(T-TR-N)-G+(-NX)=Y-C-G-NX ; S=I

6. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Ел ішіндегі барлық субъектердің экономикалық қызметінің жиынтық нәтижелерін өлшеу үшін ЖҰӨ немесе ЖІӨ көрсеткіштері қолданылады.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) дегеніміз белгілі уақыт аралығында (жыл, тоқсан) елдің территориясында өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құны. Ал жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) осы елдің тұрғындары иемденетін өндіріс факторларын пайдалану арқылы алынған барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құнын көрсетеді. Мысалы, Қазақстан территориясында шетелдік компания шығарған мұнайдың құны еліміздің ЖІӨ есептеліп, оның ЖҰӨ ескерілмейді. ЖҰӨ = ЖІӨ + шетелден түсетін таза факторлық табыстар Жабық экономикада ЖҰӨ мен ЖІӨ теңеседі. Әріқарай біз осы екі шаманың біреуін қана қарастырамыз.Жалпы ішкі өнімді өлшеуінің үш тәсілі белгілі. Шығыстар бойынша есептегенде ЖІӨ экономикадағы барлық түпкілікті сатып алулар сомасы түрінде анықталады: ЖІӨ = С + I + G + NX, мұндағы С – үй шаруашылықтарының жеке тұтынушылық шығыстары, I – жалпы инвестициялар, G – тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу, NX – экспорт (X) пен импорттың (Z) айырмасына тең тауарлар мен қызметтердің таза экспорты.Бұл теңдік сонымен қатар негізгі макроэкономикалық теңдестік деп аталады.ЖІӨ кірістер (табыстар) бойынша есептеу. ЖІӨ барлық факторлық табыстардың, сонымен бірге амортизациялық аударымдар мен таза жанама салықтардың сомасы ретінде анықталады. Таза салықтар дегеніміз субсидияларды есептемегендегі салықтар.ЖІӨ = Ұлттық табыс+Таза жанама салықтар + Амортизация Ұлттық табыс (NI) келесі компонентерден құрылады:

  • Еңбек ақы(жалақы, сыйақы),

  • Меншік иелерінің(шағын фирмалар, дүкендер)табыстары,

  • Рента (қозғалымсыздықтан түсетін табыс),

  • Корпорациялардың пайдасы (жұмысшылар мен несиегерлерге төлегеннен кейін қалған),

  • Таза пайыздар.

Корпорациялардың пайдасы үш бөлікке бөлінеді: корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, дивидендтер, бөлінбеген пайда. ЖҰӨ мен амортизацияның айырмасы таза ұлттық өнім (ТҰӨ) деп аталады, ал ТҰӨ мен жанама салықтардың айырмасы ұлттық табысқа (NI) тең.Қосылған құн тәсілі бойынша ЖҰӨ есептеу барысында өндірістің әрбір кезеңіндегі қосылған құндар қосылады, яғни қос есепті болдырмау мақсатында өндірістің белгілі кезеңінде қолданылған шикізат, дүмбіл, электрэнергия құны есептелмейді. Сондықтан бұл тәсіл өндірістік тәсіл деп де аталады.Сонымен қатар ұлттық шоттар жүйесінің басқа да көрсеткіштері белгілі. Жеке табыс дегеніміз үй шаруашылықтары және шағын, корпорацияланбаған, кәсіпорындардың алатын табысы. Оны келесідей есептеуге болады:Жеке табыс(PI)= Ұлттық табыс (NI) – Корпорациялардың пайдасы + Дивидендтер - Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған жарналар + Трансферттік төлемдер - Таза пайыздар + Пайыз түріндегі жеке табыс Жеке табыстың негізінде басқа маңызды көрсеткіш анықталады.Қолдағы жеке табыс (DI) = Жеке табыс (PI) – Жеке салықтық және салықтық емес төлемдер Бұл салықтар мен салықтық емес төлемдерді төлегеннен кейін үй шаруашылықтары мен ұсақ меншік иелерінің қолында қалатын табыс. Жеке қолдағы табыс(DI) = Тұтыну + Жинақтар

7. Нақты атаулы ЖҰӨ. ЖҰӨ дефляторы. Атаулы ЖІӨ өзгеруі өндіріс көлемінің немесе бағалардың өзгеруімен түсіндірілуі мүмкін. Жалпы бағалар деңгейінің өзгеруі инфляция деп аталады. Атаулы ЖҰӨ ағымдағы жылдың бағаларымен өлшенеді, ал нақты ЖҰӨ - базалық жылдың бағаларымен. ЖІӨ үшін де орынды.

ЖҰӨ дефляторы = атаулы ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ

ЖҰӨ дефляторымен қатар бағалар деңгейін сипаттайтын басқа да индекс бар – ол тұтыну бағаларының индексі. Біріншісі Пааше индексі, ал екіншісі Ласпейрес индексі деп аталады. Егер (x1, x2, … , xm) – тұтынушылық қоржын деп аталатын тұтынушылық тауарлардың тұрақты жинағы болсын десек, онда: Тұтыну бағаларының индексі (CPI) = ағымдағы жылдың тұтынушылық қоржынының құны / базалық жылдың тұтынушылық қоржынының құны ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағаларының индексі жалпы бағалар деңгейін сипаттағанымен, олардың арасында айырмашылықтар бар. Экономикалық өсу бір жыл аралығындағы ЖІӨ салыстырмалы өзгеруі түрінде өлшенеді.

ЖІӨ өсу қарқыны = (ЖІӨ - ЖІӨ-1) / ЖІӨ-1,

мұндағы ЖІӨ – ағымдағы жылға, ал ЖІӨ-1 – өткен жылға қатысты. ЖІӨ өсу қарқынын әдетте пайыз түрінде көрсетеді. Қазақстанда 90-шы жылдары өндірістің құлдырауы болған, ал 2000 жылдан бастап ЖІӨ елеулі өсуі байқалады, жылына орташа есеппен алғанда 10 пайызға жуық.

Жұмыссыздықтың болуы негізгі өндіріс факторы – жұмыс күшінің толық қолданылмауын немесе тиімсіз қолданылуын білдіреді. Халықты үш топқа бөлуге болады:

  • жұмыспен қамтылғандар;

  • жұмыссыздар;

  • жұмыс күшіне енбегендер.

Егер адам жұмысқа шығуды күтсе, жұмыстан уақытша босатылған болса немесе жұмыс іздеумен айналысса, ол жұмыссыз адам болып саналады. Адам жұмыспен қамтылған деп есептеледі, егер ол, оның үй шаруашылығында жұмыс істегенін ескермегенде, өткен аптаның басым бөлігін жұмыс істесе. Үй шаруасымен айналысатын әйел адамдар, студенттер, зейнеткерлер және жұмыс іздеуді тоқтатқан адамдар жұмыс күші құрамына енбейді. Жұмыс күшін жұмыс істейтін және жұмыссыздар ғана құрайды.

Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны / Жұмыс күші саны