- •Қоғамдық өндiрiстiң құрылымы. Материалдық және материалдық емес өндiрiс. Қоғамдық өндiрiстiң нәтижелерi: заттар, қызметтер, байлық.
- •Өндiрiс және ұдайы өндiрiс. Өндiру, бөлу, айырбастау және тұтыну. Жай және ұлғаймалы (экстенсивтi және интенсивтi) ұдайы өндiрiс.
- •Экономикалық игіліктердің ауыспалы айналымы және экономикалық тұлғалардың өзара іс әрекеттері.
- •Экономикалық жүйенің үлгілері және экономиканың: Не? Қалай? Кім үшін? деген негізгі мәселелерін шешу.
- •Қоғам дамуын дәуірлерге бөлудің формациялық және өркениетті тәсілдері.
- •Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
- •17. «Иемдену» – меншіктен айыру қатынастары.
- •18. Меншік объектілері мен субъектілері. Меншік нысандары.
- •Қазақстан Республикасында меншiк қатынастарын қайта құру.
18. Меншік объектілері мен субъектілері. Меншік нысандары.
Меншік субъектісі – меншік қатынастарының активті жағы, яғни меншік объектісін иелену құқығы.
Меншік объектісі - меншік қатынастарының пассивті жағы, яғни табиғат, заттар, энергия, мүліктер, ақпараттар т.б. Меншік объектісі мен субъектісі арасындағы қатынас бір уақытта құқықтық, заңдық және экономикалық категориялар ретінде болатын иелік ету, пайдалану, билік ету, жауапкершілік қатынастар арқылы көрінеді.
Меншік нысаны бұл меншік субъектісі бойынша сипатталатын критерий
Меншік нысандарының келесі түрлері бар:
А) жалпы халықтық;
В) мемлекеттік;
С) ұжымдық;
Д) үлесті біріккен;
Е) индивидуалды және т.б.
Бұл меншік формаларының барлығын топтап екі типке бөлуге болады: мемлекеттік және жеке. Мемлекеттік меншікте меншік иесі мемлекет болады. Мемлекеттік меншіктің түрлері: мемлекеттік және муниципалды
Жеке меншік бұл басқаға тәуелсіз болу, иемдену тетіктерін жүзеге асыратын, меншіктің барлық құқығы бір адамның қолына жинақталған, экономикалық тұлға ерекшеленген меншік қатынасы
Жеке меншік түрлері:
- жеке қызметкердің меншігі;
жалдамалы еңбекті қолдануға байланысты капиталистік жеке меншік;
жеке меншіктің ұжымдық нысаны.
Қазақстан Республикасында меншiк қатынастарын қайта құру.
Қазақстанның социалистік кезеңінде мемлекеттік меншік тиімді болған жоқ. Нарықтық экономиканың құрылуы Қазақстандағы меншік қатынастарын өзгертті. Ол жекешелендіру және мемлекетсіздендіру жолдарымен жүзеге асты.
Мемлекетсіздендіру – мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық басқару қызметтерін толығымен шаруашылық субъектісіне берілуі. Ол келесі бағыттарда болды:
өндірісті жоспарлау;
бағаны тіркелеу;
кәсіпорындарды басқару.
Жекешелендіру – заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік меншікті мемлекеттен сатып немесе тегін алу
Мемлекетсіздендіру және жекешелендірудің негізгі бағыттары:
жеке жобалар бойынша ірі және уникалды мүліктік кешендерді жекешелендіру;
орта кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;
кіші жекешелендіру, шағын сауда кәсіпорындарын, коммуналды шаруашылықтар, тұрмыс және сервис көрсету орталықтарын аукцион, конкурстар арқылы сату.
Жекешелендіру әдістері:
Мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындардың акционерлік қоғамдарға айналуы;
Кәсіпорындарды аукциондарда сату;
Конкурс, немесе тендер, бойынша мемлекеттен кәсіпорындарды сатып алу.
