- •Б.Б. Мубаракова
- •Мемлекеттік тілде қатысты
- •Құрметті Ботығай Есенұлы!
- •Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшарт
- •Сыйға беру туралы келісімшарт
- •Анықтама
- •Сенімхаттың құрылымы:
- •Сенімхат
- •Пәтерді жекешелендіру жөніндегі
- •Түйіндеме келтірілетін даталар құжат мазмұнымен салыстырған негізг роль ойнамайтындықтан ол қағаз бетінің оң жағына жазылады.
- •Жұмыс тәжірибесі: 1998-1999 «Гранит», менеджердің көмекші
- •Өмірбаян
- •Мінездеме.
- •Қазақша-орысша сөздік Мазмұны
- •15. Қазақша-орысша сөздік......................................................................38
Сыйға беру туралы келісімшарт
Павлодар қаласы, 2007 жылғы 21 желтоқсан
Азамат Асылбеков Муратұлы, мекенжайы: Павлодар қаласы, Сатпаев көшесі, 36-үй, 43-пәтер және азамат Жұбанышева Әлия Жолдасқызы, мекенжайы: Павлодар қаласы, Кутузов көшесі, 17-үй, 7-пәтер, өзара төмендегідей келісімшарт жасады.
1. Азамат..................................................................................................
азамат.......................................................................................................
мекенжайы..........................................................................................
(пәтердің жалпы пайдалану ауданы)
пәтерді сыйға тартады.
2. Аталған пәтер ............................................................................................................. .....................................................................................................................тиесілді
3. Мен, азамат................................................................................................... сыйды
толық қабылдаймын.
4. Сыйға берген мүлік................................................................................................
...................................................................................................................тұрған жоқ
1..................................................................................заңның баптары түсіндірілді.
2 шығынын сыйға беруші ............................................................
3 .................бір данасы...................................................сақталады.
9-жаттығу. Мәтінмен танысыңыз
Мен "Әділет" фирмасының өкілімін. Аты-жөнім — Марат Есенұлы. Біздің фирмамыз сізбен сүт өнімдерін өндіру үшін бірлескен өнеркәсіп құру туралы мәселені талқылағысы келеді. Мен сіздердің өнеркәсіп жұмыстарыңызбен танысу үшін, сіздердің талаптарыңызды білу үшін келдім. Сондай-ақ біз шетелден шикізат жеткізіп тұру туралы келісімшарт жасауға дайынбыз. Біз сіздермен ұзақ мерзімді келісімшарт жасамақпыз. Сондай-ақ біздің фирма бартерлік келісімшарт нұсқаларын талқылауға дайын.
10-жаттығу. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз
"Әділет" фирмасы қандай мәселені талқыламақшы?
"Әділет" фирмасының өкілі кездесуге қандай мақсатпен келді?
Фирма қандай шарт жасауға дайындығын білдірді?
Фирма тарапынан қандай ұсыныс жасалды?
Фирма қандай мәселені талқылауға дайын екендігін білдірді?
11-жаттығу. Саяжайды сату – стаып алу туралы келісімшарт жасаныз.
Анықтама
Аныктама — белгілі бір деректі дәлейдейтін, растайтын, сипаттайтын құжат. Ол кей жағдайда жеке адамға байланысты нақты ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы, тегі, туған күні, туған жері, қызмет орны, жалақысы, еңбек өтілі, отбасы жағдайы, оқу орны және тағы басқалар туралы мәліметтер. Берілетін анықтамалар нөмірленді, егер бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы: 124/2
Анықтама мазмұны қысқа болады. Ең алдымен жолдың ортасынан "Анықтама" деген сөз, сосын азат жолдан анықтама мәтіні жазылады. Онда анықтама кімге, не үшін берілген және қай мекемеге берілгені көрсетіледі. Соңында анықтаманы 6epyші мекеме басшыларының қолы қойылып, мекеме мөрі басылады және жарамдылық мерзімі жазылады.
Анықтамада жиі кездесетін сөз орамдары: жолдасқа/ мырзаға/ берілді; оның отбасы кұрамы; мамандығы бойынша жұмыс істейді; орташа айлық жалақысы; бөліміне /мекемесіне, басқармасына,ұйымына/ тапсыру үшін берілді; үйге /пәтер/ тұратынын / оқу орнында оқитынын; зейнеткер; топтағы мүгедек екендігін; уақытша жұмыс істемейтіндігін/ растайды; жыл ішінде тапқан табысы жөнінде ; есептелген табысының жалпы сомасы; табыс салығының сомасы; зейнеткерлік жарнасының сомасы және тағы тағылар.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз
Анықтама не үшін беріледі?
Оның құрылымы қандай болады?
2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз
Деректі растау, жеке адамға байланысты, ақпаратты растау, бірнеше дана, анықтама нөмірленеді, анықтама мазмұны, анықтама мәтіні, кімге берілген, мекеме басшылары, мекеме мөрі, не үшін берілгені, жарамдылық мерзімі.
Грамматикалық минимум
Ырықсыз етіс жұрнақтары: -ыл, -іл, -л
Мысалы: Анықтама азамат А. Оспановқа берілді Анықтама оқу бөлімінен алынады.
|
3-жаттығу. Сөйлемдерді аударыңыз
1. Арман Бақытұлының 3 курста оқитыны расталды. 2. Бүгін 150 анықтама берілді. 3. Келісімшарт нотраиалдық кеңседе куәландырылды. 4. Оның әкімшілікте жұмыс істейтіні анықталды. 5. Қызметкерлердің өтініші қаралды.
4-жаттығу. Анықтама үлгілерімен танысыңыз
Анықтама № 74/1
21 қазан 2007 ж.
Осы анықтама Алматы қаласы Абай даңғылындағы 15-үй, 56-пәтердің тұрғыны Бейсебеков Болатқа берілді.
Оның отбасында өзінен басқа үш адам бар:
Жұбайы — Бейсебекова Майра, 1966 жылы туылған.
Ұлы — Бейсебеков Думан, 1990 жылы туылған.
Ұлы — Бейсебеков Айдос, 1994 жылы туылған.
Анықтама әлеуметік қамсыздандыру бөліміне тапсыру үшін берілді.
Анықтама 10 күн өз күшінде
Мөр орны "Асар" турғын үй
ұжымның төрағасы А.Айдаров
____________________________________________________________________________________
Анықтама № 18/2
15 ақпан 2007 ж.
Осы анықтама азамат Бейсебеков Болатқа берілді.
Бейсебеков Болат шын мәнінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқытушы болып жұмыс істейді.
Анықтама Әуезов ауданынының салық инспекциясы үшін берілді.
Анықтама 4 ай өз күшінде.
Мөр орны Кадр бөлімінің бастығы С.Жолдасова
____________________________________________________________________________________
Анықтама № 34/1
2 мамыр 2007 ж.
Осы анықтама студент Ахатова Назымға берілді.
Ахатова Назым шын мәнінде Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, халықаралық қатынастар факультетінің 4 курсында оқиды.
Анықтама ұлттық кітапханаға тапсыру үшін.
Анықтама 10 күн өз күшінде.
Мөр орны Оқу бөлімінің бастығы Ж.Сабырова
5-жаттығу. Сұрақтаргғ жауап беріңіз
Анықтамалар кімге берілген?
Не үшін берілген?
Қайда тапсыру үшін берілген?
4. Анықтама кімнің атынан берілген?
6-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Шын мәнінде, салық инспекциясы, әлеуметік қамсыздандыру бөлімі, 15-пәтердің тұрғыны, тапсыру үшін, оқу бөлімі, турғын үй, кадр бөлімі, анықтама әкелу, өз күшінде.
7-жаттығу.Жағдаяттар бойынша анықтама жазыңыз.
Анықтама Сапар Жолдасбекұлының мекенжайын растау үшін әскери комиссариатқа керек. Мекенжайы: Семей қ., Пушкин к-ci, 45-үй,12-пәтер.
Анықтама ұлттық кітапханаға Бакытова Айнұрдың әл-Фараби атындағы К,азҰУ-дың заң факультетінде (3-курс) оқитынын растау үшін керек.
CEHIMXAT
Сенімхат — сенім білдірген тұлғаға сенім білдруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да 6ip ic-әрекетті жузеге асыруға құқық, беретін құжат.
Сенімхат екі түрлі болады:
- мекеме атынан беретін ресми сенімхаттар
- жеке тұлға атынан берілетін жеке сенімхаттар.
Ресми сенімхаттар мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық, құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі. Ресми сенімхаттар мекеме бланкісіне ресімделеді.
Жеке сенімхаттар жеке тұлға атынан беріледі. Онда сенім білдіруші сенім білдірген тұлғаға өзінің орнына:
- жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, хат-хабар, кұжаттар алуга;
- өтініш жазуға;
- қол қоюға;
- пәтер сатуға және сатып алуға;
- пәтерді жеке адамдарға жалга беруге;
- машина жүргізуге;
- банктегі есептерді пайдалануға;
- барлық мекемелерде ic жургізуге;
- сот мекемелерінде оның өкілі болуға құқық, береді.
Сенімхаттар белгілі бір мерзімге беріледі. Егер оның мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап 6ip жылға дейін өз күшін сақтайды. Ал егер берілген күш көрсетілмесе, ол өз күшін жояды.
Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық, кеңседе сенім білдірушінің жеке басы анықталады, құқықтық ic-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Сосын сенімхат мәтіні дауыстап оқылып, тізбеге тіркеледі, тиісті мемлекеттік салық, алынады және нотариустың қолы қойылып, кеңсенің мөрі басылады.
