- •1.Басқарудың қажеттілігі.
- •2. Менеджер мен кәсіпкердің айырмашылығы
- •4. Ғылыми басқару мектебінің басқару ғылымына қосқан үлесі. (1856- 1920).
- •5.Басқарудың әкімшілік мектебінің негізгі тұжырымдамалары (1920-1950).
- •6. Адамдық қатынастар мектебі мен мінез құлық мектебінің менеджмент дамуындағы рөлі(1930-1950)
- •7. Сандық тәсілдің басқару ғылымына қосқан үлесі
- •8. Ұйымның ішкі ортасының факторлары
- •9.Ұйымға тікелей әсер ететін сыртқы орта факторлары
- •10.Ұйымға әсер ететін жанама әсер ететін орта факторларын атаңыз
- •11. Ұйымдағы коммуникация процесінің мәні
- •12. Мотивацияның мазмұндылық және процессуалдық теорияларының айырмашылығы
- •13. Делегирлеу,өкілеттілік,жауапкершілік түсініктері
- •14. Еңбек бөлінісі мен құрылымының байланысы
- •15. Ұйымның мақсаты мен миссиясы
- •16.Мотивацияның күту және әділеттілік теорияларының тәжірибеде қолданылуы
- •17.Портер Лоулердің 5көрсеткіштерінің:жұмсалған күш,қабылдау,алынған нәтиже,сый-ақы,қанағаттану дәрежесі арасындағы байланысты сипаттаңыз.
- •18.Ішкі сыртқы сыйақының айырмашылығы
- •19.Мослоудың мотивациялық теориясының Мак Клелланд пен Герцбергтың теорияларымен салыстырыңыз.
- •20.Бақылау үрдісінің кезеңдері
- •21.Ресми және бейресми ұйымдар
- •22.Ресми ұйым-командалық және жұмыс топтары комитеттер
- •23.Бейресми ұйымдардың артықшылықтары мен кемшіліктері
- •24.Лидерлік билік ықпал ету
- •25.Лидерліктің тұлғалық теориясы немесе ұлы адамдар теориясы
- •26.Мак Грегордың х у теориясы бойынша басшылардың айырмашылығы
- •27.Лайкерттің 4 лидерлік стилі
- •28.Ұйымдағы келіспеушіліктер
- •29.Келіспеушіліктердің пайда болу себептері
- •30.Сендіру арқылы ықпал етудің күшті және әлсіз жақтары
- •31. Ұйымдарда жаңа технологиялар белсенді енгізіліп жатыр. Сіздің ойыңызша не приоритетті:ұйымдағы адами ресуртарын басқару ма немесе технологияларды басқару ма?
- •32. Жаһанданып келе жатқан іскерлік ортада сіз кластағы және кластан тыс студент ретінде тиімді менеджер болу үшін не істер едіңіз?
- •33. Қазіргі менеджмент әдебиеттерінде тұтынушылар сыртқы ортаның ең маңызды элементтері ретінде жиі қарастырылады.Осымен келісесізбе?
- •34. Білікті кадрларды дайындауға білім сапасын көтеруге сабақтан қалуды қысқартуға мүмкіндік беретін алдын-ала , ағымдық және қорытынды бақылау шараларын ұсыныңыз.
- •35. Сізге белгілі жергілікті фирма үшін қысқаша миссиясы туралы мәліметті жазыңыз.Шағын ұйымға анық құрастырылған миссия туралы мәлімет қандай пайда әкелуі мүмкін?
- •39. Компанияның менеджерлер командасы өсу стратегиясын немесе тұрақтану стратегиясын қалыптастыру қажет екенін қалай таңдайды? Қандай факторларды ескеру қажет? Қандай мәліметтерді жинау қажет?
- •41. Сіздің университетіңізге жағдайлық талдауды жасатыңыз (swot-талдау). Қалай ойлайсыз университеттің басшылығы өз стратегиясын жасарда сіздің ойыңыздағы факторларды қарастырды ма?
- •42. Сізге танымал стрестік жағдайларды баяндаңыз. Олардың себептері қандай? Сіздің ойыңызша көшбасшыға қажет бірнеше мінез сипаттарын атаңыз. Олар әржағдайда бірдей құнды ма?
- •43. Студенттік ұйымның көшбасшы болуға қол жеткізуге мүмкіндік беретін билік көздерін атаңыз. Қандай билік көздеріне оның қолы жетпейді?
- •44. Студенттік көшбасшылар өз жұмыс тиімділігін арттыру үшін толық билікке иелену қажет пе, әлде өзінің өкілеттіліктердің бір бөлігін басқа студенттерге делегирлеу қажет пе?
- •1.Басқарудың қажеттілігі
2. Менеджер мен кәсіпкердің айырмашылығы
Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметтерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады.Басқару деңгейіне орай менеджерлерді үш топқа бөлуге болады: төменгі, орташа және жоғары сатыдағы менеджерлер. Төменгі менеджерлер – бұл бір топ адамдардың немесе бөлімдердің бастықтары. Жоғары сатыдағы менеджерлерге компаниялардың бастықтары жатады. Орта сатыдағы менеджерлер – бұл цехтардың бастықтары.
Ал кәсіпкер-өзінің кәсіпорнын басқаратын, бизнесі үшін тәуекелге баратын, басқалардың қызметін ынталандыратын, қызметкерлерді соңынан ертетін жетекші, «адам жанының сәулетшісі»
Кєсіпкерліктің маңызды белгілері:
Шаруашылық субъектілердің еркіндігі және тәуелсіздігі, кез келген кәсіпкер кез келген сұрақ бойынша құқықтық норма шегінде шешім ќабылдауда еркін.
Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкердің басты мақсаты ең үлкен мүмкін пайданы алу.
Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Кез келген дәл есептеулерінде де тәуекелді анықтау мүмкін емес.
А.Файоль бойынша, менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау
1-звено менеджері: техникалық деңгей. Жұмысшылармен тікелей байланыска түседі.
2-звено менеджері: басқарушылық деңгей. Нақты фугкционалдық тактикалық шешімдерді қабылдайды.
3-звено менеджері:институционалды деңгей. Бұл деңгейде стратегиялық ұзақ мерзімді шешімдер қабылданады.
Менеджер-басқару және басқарудағы шешім қабылдау қызметін атқаратын ұйым мүшесі. Менеджерді ұйымдағы басты,маңызды адам деп нық айтуға болады. Бірақ та барлық менеджерлер ұйымда бірдей рөл атқармауы мүмкін,олардың атқаратын қызметтері де әр түрлі болуы мүмкін. Бұл ұйымдағы иерархияға байланысты,яғни ұйымдағы атұарылатын әр түрлі қызметтерге.Ешқандай ұйым менеджерсіз қызмет атқара алмайды,оның негізгі себептері:
-менеджер ұйымның мақсатына жету үшін не істеу керек екенін ойластырады,адам/ға нақты міндеттер жүктей отырып,оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
-менеджер ұйымдағы жұмыстарды жүйелеп бөледі,қажетті ұйымдық құрылымды құрады,жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді.
-менеджер ұйымда ынталандыру шараларын қамтамасыз етіп,адамдармен тығыз байланыс орнатады.
-менеджер ұйымның іс әрекетін талдайды,нормалауды белгілейді.
-менеджер ұйымның ортамен байланысты ақпарат көзі болып келеді.
Менеджер ұйымның басқару қызметінің субьектісі бола отырып,ұйымда мына рөлдерді атқарады:
-шешім қабылдау б/ша рөлі.Басқару қызметінде шешім қабылдауға тек менеджер құқылы.Шешім қабылдау құқығына бай/ты менеджер сол қабылдаған шешіміне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады.
-жетекшілік рөлі.Ұйымның ішкі ж/е сыртқы ортадағы қызметін,қызметкерлердің жұмысын реттейді,қызметкерлерді мотвациялайды.
3. Басқарудың негізгі 3 кезеңін атаңыз Басқару - адамдардың кәсіптілік қызметі. Басқару уйымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен жұмыс процесіне мақсатты жүйелі ықпал ету. Басқару процестерін басқарудың көптеген жүйелері мен салаларында жүзеге асады. Мысалы кәсіпорындар мен мекемелерде, кәсіпорындарды тасымалдау орындарында, т.б. Яғни, адамдар енбек ететін ұжымның барлығында белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып табылады. Басқару процесі мемлекеттік деңгейде де, шаруашылық уйымында да бірдей жүргізіледі. Стратегиялық және жедел проблемаларды шешкен кезде ол бір мақсатты көздейді, арине мұндай жағдайда көбінесе стратегиялық басқару секілді терминдерді пайдаланады. Бірақ мұнда басқару мазмұны өзгермейді.
Басқарудың 3 кезеңі белгілі:
1. Стратегиялық басқару
2. Оперативтік басқару
3. Бақылау
Стратегиялық басқару- стратегия әзірлеуге жетелейтін,басшылық ұйғарған іс әрекеттер мен шешімдердің жиынтығы болып табылады. Ал олар ұйымның өз мақсаттарына жетуіне жәрдемдесуге арналған. Стратегиялық басқару келешек пен жеке тұлға тұрғысынан жасалады; көлемді зерттеулер мен іс жүзіндегі нақты мәліметтерге негізделуі тиіс. Ол фирмаға анықтық,даралық дарытады,бұл қызметкерлердің белгілі бір типтерін тартуға мүмкіндік береді,ұйым үшін келешекке жол ашады.
Оперативтік басқару- ұйымның стратегиясы негізінде қабылданатын, оперативтік тактикалық мақсаттардың қатаң орындалуын жүзеге асыратын басқару болып табылады.
Бақылау- менеджмент құрамындағы маңызды кезең. Ұйым басшысы алға қойған мақсатқа жеткенін анықтау үшін, сонымен қатар өзінің немесе қызметкерлердің қатесін байқау үшін бақылау жүргізуі керек. Бақылау уйымды да, қызметкерлерді де шығыннан алдын ала қорғау үшін бағытталған. Бақылау дегеніміз ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ететін процесс. Ол қолда небарын және не болуы керектегін ұдайы салыстырады. Бақылудың қажеттілігі дағдарыстың пайда болуын алдын ала сақтандыруға байланысты.
Басқарудың деңгейлерінің жіктелуі: дәстүрлі ж/е Парсонс бойынша. Дәстүрлі б/ша ұйым ішіндегі басқару деңгейлері:
Жоғары
Орта
Төменгі
Жоғары буын ұйымның жалпы стратегиясын, бағыт бағдарламасын уақым пен кеңістік б/ша қалыптастырады.Орта буын жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік ж/е функционалдық қызмет басшылары.Төменгі буын тікелей орындаушылар ж/е төменгі ішінара қызметтерді орындайтын буын басшылары.
Парсонс б/ша:
Инстуционалдық
Басқарушылық
Техникалық басқарушылық
