Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VSem_UDAChI__40BALL_33_TANGO (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

13.Жағдайды талдау. Жеке тұлғалар арасындағы қайшылық пен топ аралық қайшылықтарды мысал келтіріп талдаңыз.

Жеке тұлға -дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының денгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).

Жеке тұлға – бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық

Қайшылық –диалектиканың басты категориясы ретінде – өзара бірлік және өзара сіңісу ахуалында тұрған нысан немесе жүйенің бірін-бірі жоққа шығаратын, бір-біріне қарама-қарсы келетін жақтарының өзара әрекеттесуі. Қайшылық жалпыға бірдей сипатта, табиғатта да, ойлау жүйесінде де, санада да кездеседі. Белгілі бір мағынада қайшылық қарама-қарсылықтардың бір-бірін жоққа шығаруы (күресі) мен бірлігін, тұтастығын білдіреді.

Қайшылықтың төрт түрі бар:

  1. Ішкі жеке қайшылық

  2. Жеке тұлға арасындағы қайшылық

  3. Жеке тұлға мен топ арасындағы қайшылық

  4. Топ аралық қайшылық

Ішкі жеке қайшылықтардың пайда болуы өндірістік талаптардың жеке тұлға қажеттілігімен келісілмегендігінен де туындайды

Жеке тұлға арасындағы қайшылық. Қайшылықтың бұл түрі өте кең тараған. Жеке адамдар арасындағы қайшылықтар, сондай-ақ екі адамның түсінбеушілігінен дауласуынанда пайда болады. Адамдардың мінез-құлықтары,көзқарастары,рухани және мәдени байлықтары әр түрлі болғандықтан да олар бір-бірімен тіл табыса алмайды.

Жеке тұлға мен топ арасындағы қайшылық

Жеке тұлғаның позициясы топ позициясынан өзгеше болса шиеленіс пайда болды.Шиеленіс лауазымды басшылардың міндеттері арасында пайда болады

Топ аралық қайшылық.Топ аралық шиеленіс көбінесе линиялық және функционалдық басшылар арасында туады.Линиялық және функционалдық басшылардың ұсыныстарын қабыл алмаулары мүмкін және өзінің осы басшыларға тәуелділігі үшін парызы болуы

Қайшылықтың пайда болу себептері

1. Даулардың пайда болу себептері:

  • бөлуге қажетті қорлардың шектеулілігі;

  • тапсырмалардың өзара тәуелділігі;

  • мақсаттардағы айырмашылықтар;

  • құндылық пен түсініктер, ұсынулар айырмашылықтары;

  • мінез құлық үлгісі, өнегесіндегі өзгешеліктер;

  • білім деңгейіндегі өзгешелік;

2. тапсырмалардың өзара тәуелділігі. Топтардың тапсырмаларды орындаулары жеке адам мен топтың байланысынан туады.

3. Мақсаттардағы айырмашылықтар. Ұйымдардағы қайшылықтардың ұлғаюының бір себебі – ол ұйым ішіндегі мамандандырылған бөлімшелерге бөлінулері болып табылады. Бұндай бөлу бөлімше мақсаттарын және міндеттерін өздері тұжырымдауларына әкеп соғады және сол мақсаттардың орындауларына көп көңіл бөлдіреді.

4. Құндылықтар мен ұсыныстар айырмашылықтары. Адамдар болып жатқан жағдайларды обьективті түрде бағалаудың орнына – тек өз көзқарасы мен пікірі арқылы жеке басы мен топ қажеттілігіне байланысты ситуацияны ғана пайымдайды.

5. Мінез – құлық өнегесіндегі айырмашылық және өмірлік тәжірибе. Өмірде әрбір сөзді өзінше қабылдап, оған агрессия және өшпенділік, қастық, араздық, жаулық сезіммен қарайтын адамдар кездеседі. Сондай адамдар айналасында қайшылықтар мен шиеленістер, дау мен қақтығыстар және жан- жалдар туғызады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]