Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы этика.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
307 Кб
Скачать
☆
  1. Құқық қорғау қызметіндегі ізгілік шиеленістер.

Құқық қорғау қызметі қылмыскерлермен күресуінің, арнайы күшқұралдарды қолдануы нәтижесінде өз қызметкерлерін адамгершілік шиелініс жағдайына жиі алып келеді. Адамгершілік шиеліністің ерекшелігі — белгілі бір жағдайдағы моральдық нормаға негізделген әрекеттің басқа бір норманы бұзуы. Бұл жердегі күрделілік адамның кейбір адамгершілік нормаларды білмеуі салдарынан таңдау жасай алмауында емес, тіпті, оның моральдық талаптарды орындағысы келмейтінінде де емес, мәселе — осы талаптардың бір-біріне қайшы келмеуін болдырмаудың қажеттігінде. Мысалға, құқық қорғау органдарының қызметкері сезіктінің немесе айыпталушының пәтеріне тінту жасауға келгенде төсек тартып жатқан науқас адамды көрді делік. Оның алдында мынадай таңдау тұрады: заң талаптарын орындай отырып, қатты науқас болсадағы, сол тұлғаның төсегіне тінту жасау немесе адамгершілік көзқарастар негізінде төсекті тінтуден бас тарту. Құқық қорғау органдары қызметкері үшін кәсіби мәні бар шиеліністердің қатарынан сыртқы және ішкі шиеліністерді атауға болады. Сыртқы шиеліністер адамдар арасындағы адамгершілік шиелінстер ретінде көрініс табады. Ал ішкі шиеліністер - олардың қайнар көзі болып тұлғаның жүріс-тұрысының бір-біріне бағынышты себептерінің күрделілігі, әртүрлі сипатта болуы табылады. Ішкі шиеліністің ерекшелігі — оған тұлға өзі дұрыс деп санайтын құндылықтардың, нормалардың күресі тән. Ал сыртқы шиелініске өзінің көзқарастарына қайшы сенімдердің, көзқарастардың, құндылықтардың, идеялардың дұрыстығын жоққа шығару тән. Моральдық шиеліністерді шешуде қоғамдық мүдденің жеке мүддеден үстемдігі туралы ереже көп жағдайда орын алады. Шиелініс жағдайды көбінесе жеке мүдделерге зиян келтіре отырып шешу орын алады. әрине, қоғамдық мүдде жеке мүддеге қарағанда әлдеқайда маңызды. Алайда, кей кездері жағдайды дұрыс түсіну нәтижесінде жеке мүддеге ешбір зиян келтірмей-ақ, қоғамдық мүддені қанағаттандыруға болады. Жеке мүддені қоғамдық мүддеге бағындыру — шешімі қиын жағдайларда жиі кездесетін мәселе. Шиеліністі жағдайдан ең жақсы, оңтайлы жолмен шығу үшін тұлғаның өз мүдделерін ескермеуге талпынысы ғана емес, сонымен қатар, қоғамның тұлғаның мүдделерін қанағаттандыруға деген ұмтылысы да қажет. Осындай, тұлғаның қоғамға, қоғамның тұлғаға дұрыс қатынасы жағдайында ғана дұрыс моральдық таңдау жүзеге асырылады.

  1. Құқық қорғау қызметіндегі мақсаттар мен амалдардың байланысы.

Таңдау жағдайында қабылданған шешімді жүзеге асыру үшін қойылған мақсатқа жетудің белгілі бір құралдары қажет. Этикалық ой тарихы мақсат пен құралдардың өзара байланысы туралы мәселеге қатысты екі баламалық жауап ұсынған. Олар макиавеллизм концепциясынан және абстрактілі гуманизмнен көрініс тапқан. Бірінші бағыт “мақсат кез-келген құралды ақтайды” қағидасы түрінде белгілі. Бұл бағытқа сәйкес, құралдар мақсатқа тәуелді, оған бағынады, ал мақсат құралдардан тәуелсіз. Екінші концепция жоғарыдағы концепцияға қарама-қарсы бағытты ұстанған, бұған сәйкес, ешқандай мақсат оған жету құралдарын ақтай алмайды. Құралдар мақсаттан толығымен тәуелсіз және өзіндік оң немесе теріс құндылыққа ие. Есімін “мақсат кез-келген құралды ақтайды” қағидасымен байланыстыратын Макиавеллидің өзі де мақсатқа жету барысында қолданатын құралдардың адамгершілік мазмұнын толығымен есепке алмауға қарсы болған. Адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қорғауға байланысты адал ниетті мақсаттардың болуы да құқық қорғау органдары қолданатын құралдар мен әдістерді қоғамдық пікірдің теріс бағалауынан құтқармайды. Аталған мемлекеттік органдардың қызметкерлері макивеллизмнің концепциясын да, абстрактілік гуманизм концепциясын да толығымен қолданысқа енгізе алмайтыны белгілі, себебі жоғарыдағы концепциялардың екеуі де мақсат пен құралдардың арақатынасы мәселесін шешуде тым қатты көзқарастарды (біреуі — қатаң, екіншісі — жұмсақ) ұстанған. Мейлінше дұрыс деп мақсат пен құралдардың объективті түрдегі байланысын, диалектикалық әрекеттесуін танитын көзқарасты атаған дұрыс болар. Мақсат құралдардың құрамын анықтап, олардың адамгершілік мазмұнына мән береді.Қылмыстылықпен күрес пен мәжбүрлеуді мақсат пен құрал түрінде қарастырсақ, мұндай теріс бағалау жоғалып кетеді. Егер сот біреуді тонағаны үшін қылмыскерді бас бостандығынан айыру жазасына кессе — бұл әділ жаза, мұнда құрал (мәжбүрлеу түріндегі түрмеде қамау) мен мақсаттың (қылмыстылықпен күрес) сәйкестігі көрінеді. Ал, керісінше, көшені тыйым салған жерден кесіп өту үшін бас бостандығынан айыру әділетсіз жаза ретінде қабылданады, себебі, бұл жағдайда мақсат пен құралдың сәйкестігі қағидасы бұзылады.Құқық қорғау қызметінде адамгершілік мақсатқа жету үшін тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірумен байланысты құралдарды пайдалану жиі орын алып жатады. Мақсатқа жету құралдарын таңдау мына жағдайларды ескергенде ғана дұрыс деп танылуы мүмкін:— мақсатқа жетуден және әрбір құралды пайдаланудан туындайтын мүмкін салдарды толығымен, жан-жақты қарастыру;— осы салдардың пайда болу мүмкіндіктерін талдау;— таңдалған құралды пайдаланудан болуы мүмкін салдарды басқа құралдарды пайдаланудан немесе мақсатқа жетуден бас тартудан туындайтын салдармен салыстыру.