Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 так.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
182 Кб
Скачать
☆

2.Қорларды бағалау әдістері

Бухгалтерлік есепте қорлар құнын бағалау өте маңызды, өйткені кезең ішіндегі сатылған тауарлардың өзіндік құнын соған қатысты болады. Мұнан өзге, баланста көрсетілген қорлардың құны, сондай-ақ ағымдағы қорлардың сомасына әсерін тигізеді.

Бухгалтерлік есепте қорлар өзіндік құнмен есептеледі. №2 «Қорлар» ХҚЕС және №2 ҰҚЕС 215 бабына сәйкес қорларды кемінде екі шамадан өлшеуге тиіс: өзіндік құн мен өткізудің ықтимал таза құны.

Қорлар бағалау күрделі процесс болып табылады және келесі сатылардан тұрады:

  1. Қорларға жатқызылатын тауарлардың санын анықтау;

  2. Қорлардың өзіндік құнына кіруге тиісті шығындарды анықтау;

  3. Қорлар құнын шығысқа жатқызу тәртібін анықтау.

Қорлардың өзіндік құнына келесі шығындар кіреді:

  1. Қорларды сатып алуға кеткен шығындар;

  2. Өнімді өндіруге кеткен шығындар

Қорлардың өзіндік құнына міндетті түрде сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалған барлық шығындар және қорларды ағымдағы жай-күйіне және орналасқан жерге дейін жеткізу мақсатында жұмсалған шығындар жатады.

№2 «Қорлар» ХҚЕС және № 2 ҰҚЕС бойынша сатып алуға жұмсалған шығындар: сатып алу бағасы - сатып алушылық бағасы; сырт жерден әкелуге баж - импорт бажы және басқа өтелмейтін салықтар; делдалдық ұйымдарға төлеген комиссиялық сыйақы; көліктік-дайындау шығыстары - тасымалдауға, өңдеуге жұмсалған шығыстар; қорларды сатып алуға тіке байланысты өзге де шығыстар.

Өнімді өндіруге жұмсалатын шығындар - шығарылатын өнімдердің нақты түрлеріне тікелей байланысты тіке шығындар:

  • шикізат шығындары;

  • еңбек шығындары және т.б.

  • өзге шығындар - қорларды белгіленген жерге дейін және тиісті жағдайға жеткізуге тікелей байланысты шығындар. Өзге де шығындар (қорларды орналасқан жеріне тасымалдау кезінде немесе оларды тиісті жағдайға келтіру барысында пайда болса ғана өнімніің өзіндік құнына кіреді).

Аяқталмаған өндіріс тура (өнімнің бір бірлігін өндірумен тікелей байланысты шығындар, бұл шығындар көбінесе айнымалы болып келеді) және жанама (негізгі өндіірске қызмет көрсетумен байланысты шығындар: көмекші өндіріс жұмысшыларының мерзімдік еңбек ақысы, өндірістік негізгі құралдардың амортизациясы, өндірістік негізгі құралдарды күту, ағымдық және күрделі жөндеу шығындары және т.с.с, бұлар өндіріс көлеміне тәуелсіз болғандықтан, тұрақты шығындар б.т.).

Өндіріс барысында функционалдық рөлі мен мақсаты бойынша барлық қорлар негізгі және көмекші болып бөлінеді:

  • Негізгілер – дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін құрайтын материалдар.

  • Көмекші материалдар – өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен, негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды.

Келесі шығындар ТМҚ-ның өндірістік өзіндік құнына кірмейді:

  • Өткізу шығыстары;

  • Әкімшілік шығыстар;

  • Өзге де операциялық шығыстар.

Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.

Әділ құн - бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай мәмілені жасаудан жақсы хабары бар, мәміле жасағысы келетін және бір-бірінен тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасалған кезде міндеттемелерді реттеуге болатын сома.

Қорларды кіріске алуда осы шығындар 1310-1350 шоттарының дебетінде жазылады, солай кіріске алынған қорлардың өзіндік құнын қалыптастырады.

№2 «Қорлар» ХҚЕС –на сәйкес қорларды бағалаудың 3 әдісі бар: арнайы сәйкестендіру әдіс, орташа құн әдісі және ФИФО әдісі.

Қорларды бағалаудың барлық әдісін қолдануға рұқсат етіледі, оны кәсіпорын өз есеп саясатында белгілеп көрсетеді. ХҚЕС және 2-ші ҰҚЕС бойынша қаржылық есептілігінде ЛИФО әдісі қолданылмайды. Қорларды бағалаудың әрбір қолданылатын әдістерінің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар, олардың бірде- біреуін жетілген үздік деп атауға болмайды.

Есептен шығарылған материалдардың құны және екі ай соңына қалған материалдардың қалдығы әртүрлі әдіс бойынша жеке анықталады.

Есептік кезеңнің соңына материалдардың қалдықтарының құнын анықтау үшін есептеу жолымен шығарылған формуланы пайдалану мүмкін:

Есептік кезең соңында есептік кезеңнің қалған материалдар = бастапқы қалдық + қалдықтарының құны + кіріс болған материалдар – шығыс болған материалдар.

Мысалы, “Сана” ЖШС-те материалдардың қалдығы мен қозғалы туралы келесі мәлімет болған:

№

Көрсеткіштер

Саны, дана

Бағасы, тенге

Сома, тенге

1

1.03 қалдық

80

50-00

4000-00

2

Наурыз айында кіріс:

  • 1 партия

  • 2 партия

  • 3 партия

  • 4 партия

160

345

815

90

48-00

52-00

51-00

50-00

7680

17940

41565

4500

3

Кірістің барлығы

1410

Х

71685

4

Өндіріске босатылған

1280

?

?

5

1.04 қалдық

210

?

?

Талап етіледі: арнайы сәйкестендіру әдіс, орташа құн әдісі және ФИФО әдісітерін қолдана отырып материалдардың өндіріске жұмсалған құны мен қалдық құнын есептеу

Орташа өлшенген құндық әдісі. Бұл әдіс негізінде материалдық қорлардың құны – ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен қорларын қосып есептелетін орташа бағасымен сипатталады.

Бұл әдісті есептеудің математикалық формуласы мынадай:

Орташа құны = (∑ м.қ + ∑алын) /( К м.қ + К алын) (1)

Мұндағы; ∑ м.қ. – есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық құны;

К м.қ.-есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық саны;

∑алын – алынған материалдардың құны;

К алын – алынған материалдардың саны.

“Сана” ЖШС мысалында орташа құны мынаны құрады:

(71685+4000) / (1410 + 80)= 75685/1490 = 50,795 теңге

Орташа өлшем құнын, жұмсалған материалдардың санына көбейтсек, бұл кезде біз жұмсалған материалдардың құнын аламыз:

50,795тг*1280дана = 65018 теңге

Ал ай соңындағы материалдардың қалдық санын орташа өлшем құнына көбейтіп – қалдық құнын аламыз. Ай соңына қалған қалдық саны – 210 дана құраған

Материалдардың қалдық құны келесіге тең:

210 дана * 50,795 теңге = 10667 теңге

немесе 75685 – 65018= 10667 теңге.

«ФИФО» әдісі – қорларды алғашқы сатып алу бағасы бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған қорлардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші келген – бірінші кетеді. Сонымен, соңғы қалдық құны ең кейінгі сатып алғанның құнына негізделеді. Біздің мәлімет негізінде «ФИФО» әдісі бойынша соңғы қалдықтың және жұмсалған материалдың құны мынаны құрайды:

«ФИФО» әдісі бойынша жұмсалған материалдың құны мынаны құрайды:

Ай соңында қалған қалдығы: 80 дана* 50 теңге (1 дана бағасы) = 4000 теңге

Ай ішінде материалдар: 160 дана* 48 теңге (1 дана бағасы) = 7680 теңге

345 дана* 52 теңге (1 дана бағасы) = 17940 теңге

695 дана* 51 теңге (1 дана бағасы) = 35445теңге

Жиыны 1280 дана 65065 теңге

«ФИФО» әдісі бойынша соңғы қалдықтың құны мынаны құрайды:

120 дана* 51 теңге (1 дана бағасы) = 6120 теңге

90 дана* 50 теңге (1 дана бағасы) = 4500 теңге

Жиыны 210 дана 10620 теңге

Немесе 75685 – 65065= 10620 теңге

Арнайы сәйкестендіру әдісі. Бұл әдіс қорлардың есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады. Бірін-бірі алмастырмайтын қорлардың жекелеген баптарының, сондай-ақ арнаулы жобалар үшін өндірілген және оларға арналған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің өзіндік құны оларға жұмсалатын жеке шығындарды ерекше сәйкестендіру арқылы анықталуға тиіс.

Бұл әдіспен бағалау үшін есепті кезең соңында қорларға түгендеу жүргізіп, түгендеу нәтижесі арқылы шығарылады.

Біздің мысалымыз бойынша наурыз айы бойынша қалдықтар келесіні құраған:

  • 1 партия 20 дана

  • 2 партия 80 дана

  • 3 партия 110 дана

Жиыны 210 дана

«Арнайы сәйкестендіру әдісі» әдісі бойынша жұмсалған материалдың құны мынаны құрайды:

Ай соңында қалған қалдығы: 80 дана* 50 теңге (1 дана бағасы) = 4000 теңге

Ай ішінде материалдар: 140 дана* 48 теңге (1 дана бағасы) = 6720 теңге

265 дана* 52 теңге (1 дана бағасы) = 13780 теңге

705 дана* 51 теңге (1 дана бағасы) = 35955теңге

90 дана* 50 теңге (1 дана бағасы) = 4500 теңге

Жиыны 1280 дана 64955 теңге

«Арнайы сәйкестендіру әдісі» әдісі бойынша соңғы қалдықтың құны мынаны құрайды:

  • 1 партия 20 дана* 48 теңге (1 дана бағасы) = 960 теңге

  • 2 партия 80 дана* 52 теңге (1 дана бағасы) = 4160 теңге

  • 3 партия 110 дана* 51 теңге (1 дана бағасы) = 5610теңге

Жиыны 210 дана 10730 теңге

Немесе 75685 – 64955= 10730 теңге