Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_Emtikhan_materialdary_FPP_2012-13_1_semestr.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
561 Кб
Скачать
☆

3.Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз

Жаңа жыл

Жаңа жылды біздің елімізде екі рет тойлайды. Біріншісінде жаңа жылды қыс ортасында, қатты аязды кезде тойлайды. Бұл кезде үйлер, ағаштар, жер ақ қар жамылады. Ауа райы аязды болса, қар жауса, адамдар қуанады.

Көшелерге, алаңдарға, үйлерге, дүкендерге, парктерге, спорт кешендеріне шыршалар ортанады. Оларға түрлі түсті ойыншықтар іледі. Жаңа жылды, әсіресе, балалар асыға күтеді. Оларға сыйлықтар беледі. Бұл күнді адамдар өз отбасыларында немесе достарымен, туыстарымен бірге мерекелейді. Үй иелері көп қонақ шақырады, дастарқанға түрлі тағамдар, жеміс, шырын, шараптар қояды. Балалар үлкендермен бірге шыршаны айнала би билеп, өлең айтып, ән салып, көңілді демалады. Біріне-бірі жаңа жылда жұмыста табыс, өмірде бақыт және денсаулық тілейді. Жаңа жылды қарсы алғаннан кейін адамдар көңілденіп далаға шығады, қыдырады немесе теледидардан концерт көреді.

Екіншісі – көктем айының басы, күн мен түннің теңелген күні, наурыздың 22-сінде тойланады. Бұл күнді дүние жүзіндегі мұсылмандар: «Жыл басы, Жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Күн жылынып, қар еріп, адамзат, жан-жануар, өсімдіктер жаздың жақындағаның сезеді. Наурыз тойында жақсы киініп, жақын адамдар бірін-бірі құттықтайды. Бұл күні әр үйдің дастарқанында жеті түрлі тағам болу керек.Солардың ең басы – наурыз көже.

Наурыз көже су мен тұздан басқа жеті түрлі азық қосып пісіреледі. Олар: ет (қысқы соғымнан қалған қазы, қарта, шұжық, жал-жая, бас), қамыр, сүт, айран, құрт, тары, бидай, наурыз көжеге ауылдағы туған-туысқандардың бәрін де шақырады. Тамақ ішкен соң: «Ұлыс оң, ақ мол болсын! Дастарқаның бай болсын!»- деп үлкендер бата береді.

Наурыз – жыл басы. Бұл – салт-дәстүрімізді еске алатын күн.

Орындалатын тапсырмалар:

- мәтіннің мазмұнына қарай сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз, қандай әсер алғаныңыз жөніндегі өз пікіріңізді ортаға салыңыз;

- отбасыңыздың мерекелері және өзіңіздің мерекені қалай қарсы алатындығыңыз туралы өзара әңгімелесіңіз;

- мәтін бойынша жоспар құрыңыз;

24- нұсқа

Мәтінді тыңдап, тапсырмалады орындаңыз

«Астана»

  1. Алматы қаласы қай жылдан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болды?

  2. 1920 жылы Қазақстанның астанасы қай қала болды?

  3. 1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә.Назарбаев қандай жарлыққа қол қойды?

  4. Ақмола қаласының аты қай жылы Астана қаласы деп ауыстырылды?

  5. «Ақ барыс» мүсіні нені білдіреді?

Лексика-грамматика

1.Сөздердің ішінен Ө дыбысы дұрыс жазылған сөзді табыңыз

А)Ошіргіш

Ә) Кэреге

Б) Роль

В) Көбөлөк

Г) Көпір

2. Қазақ тілінің төл дыбыстары қатарын

табыңыз

А) Ә,І,Е,И

Ә) І,Ә,Й,Ы

Б) Ө,Ұ,Ү,Ғ

В) Қ,Ү,Н,Ң

Г) Щ,Ө,Қ,Ұ,Ү

3. Сөздердің ішінен үнді дауыссыз Қ дыбысы дұрыс жазылған сөзді табыңыз

А) Ақалар

Ә) Қаңдар

Б) Ақтаңдақ

В) Студенттіқ

Г) Бағдағы

4. Кейінді ықпалды табыңыз

А) Мектеп әзірге көрінетін емес

Ә)Алакөлдің балығы дәмді

Б) Рақат кешке біраз отын салды

В) Осылай бір ай өтті

Г) Бұл ұзақ жол емес

5. Үнді дауыссыздарды табыңыз

А) З, К, Қ, Л, М, Ң

Ә) А, О, Ы, І, Ә, У

Б) Р, Л, М, Н, Ң, Й, У

В) П, Ф, Қ, К, Т, С, Ш

Г) Д, Ғ, Б, В

6 .Ілгерінді ықпал бойынша дұрыс жазылған

сөзді табыңыз

А) Жихангерлерге

Ә) Құрылысшілерге

Б) Жихангерлерғе

В) Ғарышкерлерғе

Г) Ғарышкерлерға

7, Кейінді ықпалды табыңыз

А) Хадиша

Ә) Өзгерткіш

Б) Жайнамаз

В) Аманкүл

Г) Бәрібір

8. Ұяң дауыссыз дыбыстардан құралған

сөздерді табыңыз

А) Сіздің

Ә) Апа

Б) Қақпа

В) Қараша

Г) Екен

9. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны

табыңыз

А) Балалық

Ә) Сенімді

Б) Сәнқой

В) Кілтті

Г) Дұрыс

10 . Жіңішке буынды сөзді көрсетіңіз

А) Ереже

Ә) Дулат

Б) Әнұран

В) Кітап

Г) Елтаңба

11. Болжалды келер шақты табыңыз

А) Қайтамын

Ә) Жазармын

Б) Көрмек

В) Көрген

Г) Жүр

12. Мақсатты келер шақты табыңыз

А) Байқап отырмыз

Ә) Келе жатыр

Б) Апармақпын

В) Кетті

Г) Көрер

13. Тәуелдік жалғауының II жағында

тұрған сөзді табыңыз

А) Еліміздің мерекесі

Ә) Ол өзіңнің кім екеніңді білмей де қалды

Б) Мінеі өзгерер

В) Күн бұлттанып тұр екен

Г) Біраздан кейін келер деп ойладым

14. Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз

А) Азамат

Ә) Азаматқа

Б) Азаматтан

В) Азаматтың

Г) Азаматты

15. Ауыспалы осы шақтың ІІІ жағында

тұрған сөзді табыңыз.

А) Сайра сабақта

Ә) Асан сынақ тапсырып отыр

Б) Қанат дүкенге кетті

В) Олар киноға барады

Г) Ардақ үйден келді

16. Ілік септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз

А) Қадағалау

Ә) Қадағалауға

Б) Қадағалаудың

В) Қадағалауды

Г) Қадағалаудан

17. Табыс септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз

А) Жоспарлар

Ә) Жоспарлардың

Б) Жоспарларды

В) Жоспарларда

Г) Жоспарлардан

18. Жедел өткен шақты табыңыз

А) Қарап отыр

Ә) Бара жатыр

Б) Сабаққа барады

В) Сабаққа барды

Г) Сабаққа бар

19. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз

А) Астана

Ә) Астанада

Б) Астанадан

В) Астанаға

Г) Астанада

20. Жіктік жалғаулы сөзді табыңыз

А) Жауапты адам

Ә) Жауапты жер

Б ) Жауапты кісі

В) Жауаптысыңдар

Г) Жауапты жоқ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]