- •Жоспар:
- •Машина жасаудың қалыптасуы мен дамуы
- •Машина жасаудыңэкономикадығы рөлі, географиялық орналасуы және факторлары, мамандануы
- •Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама.
- •Машина жасау кешенінің қазіргі заманғы жай-күйін бағалау.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Қорытынды
Машина жасау кешені - шаруашылыктың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің корғаныс жағдайы үшін кару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар шығарумен айқындалады. Машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие. Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36—40%-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34%-ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау — 300-ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет ететін, шығаратын өнім түрі бірнеше миллионмен есептелетін аса күрделі сала. Сондықтан халықаралық деңгейде ұйымдасу тиімді болып есептеледі. Ғылымды көп қажет ететін бұл салада өнім көлемі бойынша Жапония, АҚШ, Азиядағы жаңа индустриялық елдер, Қытай, Батыс Еуропа елдері жетекші орынға ие. Қазақстандағы машина жасау кешенінің құрамында 2500-ден аса өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт бар. Кеңестер Одағы ыдырағанға дейін еліміз аумағындағы қорғаныс-өнеркәсіп кешені құрамында 50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Олар әскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі шығарды. Алматы, Орал, Зырян, Петропавл қалаларында орналасқан жетекші зауыттар орта қашықтықтағы зымырандар, әскери-теңіз флоты үшін торпедо, атқыш қару-жарақ, зымыран техникаларының микросызбаларын шығаратын.
Қазір де бұл зауыттар Қазақстан мен ТМД елдерінің Қарулы күштеріне арналған өнімдер шығарады. Қазақстанда қазіргі таңда металлургия, ауылшаруашылық және көліктік машина жасау салаларына айрықша басымдылық берілуі тиіс. Өйткені дәл осы бағыттар ел экономикасындағы көптеген өндірістік салалардың дамуына жағдай туғызу арқылы Қазақстанның экспорттық әлеуетінің өсуіне айтарлықтай ықпал ететіні анық. Ұлт Көшбасшысы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп, ауыл шаруашылығын, соның ішінде мал шаруашылығын дамытуға айрықша назар аударып отырғандықтан, біз үшін, ең алдымен диқандарымыз бен шаруаларымызды заманауи ауылшаруашылық машиналарымен қамтамасыз ету өте-мөте маңызды. Қазақстан алға қойған мақсаттарына жетіп, дүниежүзілік қауымдастық арасынан өзінің лайықты орнын аламын десе, машина жасау өнеркәсібіне деген көзқарас пен мемлекеттік қолдауды түбегейлі өзгертуі қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. сикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009
Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б., сур
Мендебаев, Т. М. Машина жасау технологиясының негiздерi: [жоғары оқу орындары техн. мамандықтарының студ. арналған оқу құралы] / Т. М. Мендебаев. - Алматы: Эверо, 2005. - 321 б.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама.
Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ.
www.stat.kz/
