Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKONOM_ShPOR.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259 Кб
Скачать
☆

87)Жиынтық сұранысты ынталандыруда инвестициялардың атқаратын рөлі

Инвестиция дегеніміз не? Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің 79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20,9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді (жер, жер қойнауы телімдерін, патенттер, лицензиялар, т.б) сатып алуға жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаїандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді.Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды Жиынтық сұранысты ынталандырудағы инвестициялардың рөліне келетін болсақ біз инвестиция арқылы кәсіпорынға немесе басқа қызметтер мен тауарларға қаржы немесе салымдар саламыз.Ол белгілі дәрежеде жиынтық сұранысты қалыптастырады. Яғни жұмысшыларға сұраныстың пайда болуына, халықты жұмыспен қамтуға,белгілі қолайлы бағада сатып алынатын өнім көлемін арттыруға ынталандырады.

Қазақстанда шетел инвестициясын тарту кең көлемде жүзеге асып жатыр. Мұның дәлелі ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға тартылған шетелдік инвестицияның көлемі бойынша көш бастап келеді. Осы кезеңде тартылған тікелей шетелдік инвестицияның ең көп көлемі АҚШ-тың үлесіне тиеді – жалпы көлемінің 33%-ы,Оңтүстік Кореяның үлесі –15,4%,  Ұлыбританияның үлесі – 12,5%, Түркияның үлесі – 4,9%, Қытайдың үлесі – 4,7%. Қазақстан шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қытайдың, Түркияның, Еуропалық Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды, осы желілердің шеңберінде 90-нан астам келісімге қол қойылды. Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды.1993 жылы «Шеврон» корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды. Инвесторлардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мүнай компанияларының бәрі жұмыс істейді. Олардың арасында «Эксон Мобил», «Шелл», «Эни», «ШевронТексако», «Тоталь», «Бритиш петролеум», «Лукойл», Қытай ұлттық мұнай корпорациясы бар.

Қазақстан нарығында тiкелей және портфельдi инвестицияларды іштің және шетел инвестицияларының белсендi жұмыс жасап жатқандығы көрiнедi.Бiрақта бір шардың оң жағымен қоса тepic жағы бар.

Бiрiншiден, бұл жерде жаңа технологиялық өндiрiстің eнyi, жаңа менеджмент және маркетинг әдістері жергілікті халықтың жұмыспен қамтылуы болса.

Екiншiсi, бұл жерде дамушы елдерден үлкен көлемде пайда ресурстарды сыртқа шығарады. Бұл ұлттық экономикалық қауыпсiздiк жағдайында проблемаларға алып келедi. Экономикалық iс-әрекеттердi басқаруды және бақылауды жоғалтып алуымыз мүмкін.

Үшiншiсi, дамушы елдер қазiргi таңда шетел инвестициясынсыз алға жылжи алмайды. Бұл жерде айта өтейiн шетел инвестициясы елдің ұлттық инвестициясын ығыстырып шықпай оны толықтырушы болуы керек.

Менің ойымша, Қазақстандағы жиынтық сұранысты ынталандыру үшін шетел инвестициясын кеңінен пайдалану керек жәнеде елімізде инвестициялық климаттың жақсаруына президентiмiздiң қол астындағы шетел инвестицияларының Кеңесінің ҚР сауда және индустрия минестерствосының шетел инвестициясы үшiн арнайы комитетi, "Казинвест" инвестиция орталығы, саяси экономикасын факторлар әcep етуде. Индустриалды инновациялы даму стратегиясының орындалу мақсатында Қазақстан инвестициялық қоры құрылды. Бұл қор мемлекеттің 100 % -тiк қатысуымен жарғылық капиталында араласуымен құрылды. Мұның бәрі сайып келгенде мемлекеттің экономикасын көтеруде маңызды рөл атқарады себебі инвестиция болмай жиынтық сұраныстың өзі болмайды.Айналымда капитал болғанда ғана жиынтық сұраныс қалыптасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]