Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора эк каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
177 Кб
Скачать
☆

40. Шығыс Қазақстан, оның өндірістік келбеті және республика экономикасындағы орны.

ШҚО– ҚРсолт.-шығыс.ғы әкімш.к-аумақ.қ бөлігі.Облыс орталығы - Өскемен (172 ж негізі қаланған). Жер аумағы - 283 300 км2.Жер қойнауы кен байлық.на бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, кадмий, сүрме, күшәла, темір, күкірт, висмут, индий, галий, селен, теллур, сынап, қалайы, тантал, ниобий, молибден, вольфрам, титан, никель, кобальт, көмір, жанғыш тақтатас, сондай-ақ әр түрлі химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының кен орындары бар. Облыста Қазақстан халқының 9,4%-ы шоғырланған.59,4%-ы қалалық жерлерде, 40,6%-ы ауылдық жерлерде. Облыс халқының орташа тығыздығы әр 1 км2-ге шаққанда 5,1 адам. Облыстың электр энергетикалық кешенінің құрамында Ертіс өзеніндегі Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі СЭС-тері, Үлбі мен Громотуха өзендері бойындағы Риддер СЭС каскадтары, Өскемен, Риддер, Семей ЖЭС-тері, т.б. кәсіпорындар бар. Облыстың машина жасау және металл өңдеу өнеркәсіп кешені 18 ірі және қуаты орташа кәсіпорындарын біріктіреді де, мұнай кәсіпшілік және металлургия өнеркәсібі жабдықтарын, тұрмыстық электр қозғалтқыш пен сорғыларды, конденсаторлар, техникалық және кабельдік өнімдер, металл бұйымдарын пісіретін электродтар, т.б. көптеген өнімдер жасап шығарады. Облыстың жеңіл өнеркәсібі тігін және тоқыма бұйымдарын, мата-жүн, аяқ киім, құрылыс киізін, тон және былғары бұйымдарын өндіретін “Рауан” АҚ-н, “Семмамжабдық фирмасын”, “Ника”, “Семей байпақ-шұлық фабрикасы”, “НИМЭКС-Текстиль” ЖШС-терін, “Қазруно” СФ АҚ-ын, “Роза”, “Тыныс-V” және “Семей былғары-аң терісі комбинаты” ЖШС-ын қамтидыШығыс Қазақстан облысы Қазақстанның ең ірі индустриялды-аграрлық аймағы саналады. Шаруашылығының басты саласы – өнеркәсіп. Оның құрамында кен өндіру, түсті металлургия, энергетика, машина жасау, құрылыс материалдар өнеркәсібі, ағаш өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған. 2006 ж. облыс өнеркәсібінің барлық салалары 399,1 млрд теңге көлемінде өнім өндірді, бұл бүкіл ел өнеркәсібі өндірісінің 6,2%-на тең.

41. Шығыс Қазақстанда аграрлық саланың және көлік шаруашылығының даму деңгейі

Ауыл шаруашылығы

Шығыс Қазақстан облысында 1997 жылға дейін ауыл шаруашылығымен әр түрлі саладағы -

55 ұжымшар,199 кеңшар,57 мемлекеттік

ауыл шаруашылық кәсіпорындар айналысты. Таратылған ұжымшарлар мен кеңшарлар негізінде облыста жаңадан әр нысандағы шаруашылықтар құрылып, олардың саны 15,5 мыңға жетті. Оның ішінде 15,1 мыңы – шаруа қожалықтары. Облыс бойынша 10,48 млн. га ауыл шаруашылық жер бар:

1419,6 мың га егістік,736,1 мың га шабындық,8247,9 мың га жайылым

2005 ж. облыста егіс аумағы 1018,5 мың га-ға жетті, оның 65,4%-ы Бородулиха, Үржар, Шемонаиха, Глубоков және Көкпекті аудандарында орналасқан.

Шығыс Қазақстан облысының өсімдік шаруашылық дәнді-бұршақ дақылдарын, картоп, көкөніс, күнбағыс, малазықтық дақылдар өсіруге маманданған. 2005 ж. шаруашылықтың барлық санаты бойынша (жетті):

дәнді бұршақ дақылдар егісі 586,4 мың га-ға,картоп 25,7 мың га-ға,көкөніс 9,7 мың га-ға,малазықтық дақылдар 128,3 мың га-ға,күнбағыс егісі 264,6 мың га-ға - бұл бүкіл Қазақстандағы күнбағыс егісінің 58,2%-на тең.

Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы ірі қара, жылқы, қой мен ешкі, шошқа, құс және ара өсіруге маманданған. 2005 ж. облыста (жетті)

ірі қара мал саны 734,8 мың (оның 312,1 мыңы сиыр)

жылқы 149,6 мың,қой мен ешкі 1762,7 мың,шошқа 104,3 мың,құс саны 2877,6 мың

Соның негізінде облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша

91,3 мың ет,634,6 мың сүт,3,5 мың т жүн,280,8 млн. дана жұмыртқа

өндірілді.

Транспорт

Шығыс Қазақстан облысында темір, автомобиль, су және әуе жолы қатынастары дамыған. 2005 ж. облыс бойынша:

автомобиль жолының ұзындығы 11830 км

темір жолдың ұзындығы 1203 км

су жолының ұзындығы1084 км болды.

Автомобиль және су жолының ұзындығы бойынша Шығыс Қазақстан облысы республикада 1-орынды алады. Темір жол көлігі облыс орталығы Өскемен қаласын Семей, Аягөз, Шемонаиха, Риддер және Зыряновск қалаларымен байланыстырады. Облысты шетке шығаратын темір жолы тармақтары:

Семей – Алматы.,Семей – Локоть,“Защита” – Локоть

2005 ж. Курчатов – Шар темір жолы салынды, ал оның жалғасы (ұзындығы 150 км) 2007 ж. облыс орталығы Өскемен қаласына дейін жететін болды. Сөйтіп облыста Түркістан – Сібір темір жолымен қиылысатын екінші темір жолы – Курчатов – Шар – Өскемен темір жолы іске қосылатын болады. Автомобиль көлігі автожолдар мен темір жолдар қиылысатын ірі қалалар мен аудан орталықтарында үлкен жол тораптарын жасай отырып, жолаушылар мен жүк тасу жұмыстарын іске асыруда үлкен рөл атқарады.

Бұл көліктің жұмысы республикалық маңызы бар:

Алматы – Семей,Семей – Павлодар,Семей – Курчатов,Жаңғызтөбе – Өскемен,Георгиевка – Көкпекті – Зайсан,Аягөз – Үржар – Бақты;

облыстық маңызы бар

Аягөз – Баршатас – Қайнар,Семей – Қарауыл – Қайнар,Көкпекті – Самара – Өскемен,Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Бергіел,Өскемен – Шемонаиха,Өскемен – Риддер,Өскемен – Зыряновск,Күршім – Қалжыр,Семей – Қайнар

Автомобильді жолының жиілігі бойынша (әр 1000 км2-ге шаққанда 38,9 км). Шығыс Қазақстан облысы республикада Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарынан кейін 5-орынды алады. Су жолы қатынасы түгелдей Ертіс өзені арқылы іске асырылады. Ертіске автомобиль жолдары келіп түйісетін тұстардағы 15-ке жуық елді мекенде өзен айлақтары жұмыс істейді. Өзен жолы арқылы Шығыс Қазақстан облысы Павлодар облысымен, одан әрі Ресейдің Омбы облысымен қатынасады. Әуе жолы облыс орталығы мен Семей қаласын Астана, Алматы қалаларымен және республиканың басқа облыс орталықтарымен жалғастырады. Шығыс Қазақстан облысы көліктің барлық түрімен жүк тасымалдаудың көлемі бойынша республикада 1-орында, жолаушылар тасымалдаудың көлемі бойынша Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан кейін 3-орында келеді. 2005 ж. олардың жалпы көлемі тиісінше 257,1 млн. т-ға және 969,7 млн. адамға жетті. Жүк және жолаушылар айналымы бойынша да облыс республикада елеулі орындарға ие. 2005 ж. көліктің барлық түрі бойынша жүк айналымы 4904,1 млн. тонна-километр, жолаушылар айналымы 7959 млн. жолаушы-километр болды