Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Esse-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
78 Кб
Скачать
☆

28.Қазақстанның ұлттық теңгенің қазіргі жағдайы.

Ұлттық валюта – мемлекеттіліктің басты нышандарының бірі. Осындай жоғары мәртебеге ие біздің ұлттық валютамыз – теңгенің егемен елдің дербес сенімді ақша-кредиттік саясатын жүргізуші құралына айналып, қаржы айналымына енгеніне биыл 19 жыл толып отыр. Тәуелсіз еліміздің тірегіндей болып, небір сындарлы сәттерден сүрінбей өтіп келе жатқан теңгеміз өз өміршеңдігін танытып келеді. Айналымға теңге енгізілген кезде Қазақстан экономикасының өте ауыр жағдайда болғаны рас. Осы жағдайда Ұлттық банк үшін бірінші кезекті міндет елдегі инфляцияны тежеуді көздеді. 2000-2006 жылдардағы қаржылық тұрақтылық кезеңі мен экономикамыздың буырқана дамуы ұзақ есімізде қалады. Осы кезеңде инфляция тұрақты деңгейде (6,4-8,4 пайыз) сақталды, орташа жылдық ішкі жалпы өнім өсімі 10,3 пайызды құрады. Баға тұрақтылығына қол жеткізу өндіріске оң әсерін тигізді. 2007 жылдың басында АҚШ-тың ипотекалық заемдар нарығында орын алған дағдарыс тамыз айында жергілікті шеңберден шығып, әлемдік қаржы нарығындағы жағдайға айтарлықтай ықпал етті және бүкіл дүниежүзін қамтыған қаржы дағдарысын тудырды. Тиісті шаралардың қолданылуы арқасында банк жүйесін біршама тұрақтандыру мүмкіндігі болды. Банктердің төлем қабілетінің кемуі және инфляциялық қысымның күшеюі себепті сыртқы қарыздар өсіп, ол 45 миллиард доллардан асып түсті. Осы кезеңде кредиттік салымдар көлемі 70,6-дан 61,5 миллиард теңгеге дейін, берілген кредиттер көлемі 3 есеге жуық 84,2-ден 30,8 миллиард теңгеге дейін, ипотекалық және тұтыну кредиттері 7 және 4 есеге, 2004 жылғы деңгейге дейін сәйкес түрде 3,2 және 1,7 миллиард теңгеге кеміді. Сондықтан Ұлттық банктің таңдау жасаудан басқа амалы қалған жоқ, ол бойынша не банк жүйесінің тұрақтылығын қолдауы керек немесе баға тұрақтылығын сақтауға тырысады. Оның өзі “былай жүрсең, өгіз өледі, былай жүрсең, арба сынадының” кебі болды. Өйткені, бұл шаралар бір-біріне қайшы келетін еді, айталық жүйенің тұрақтылығын қолдайтын болса, оған қолма-қол ақшалай қаржы құю қажет, ал инфляциялық қысымды төмендету үшін керісінше оны азайту керек. Осы жағдайда ұлттық банк неғұрлым маңыздысы – жүйенің тұрақтылығын сақтау деп тапты. Соған байланысты 2007 жылдың екінші жартысында қаржылық жағдайға өзгерту енгізілгеннен кейін Ұлттық банктің ақша-кредит саясатына да өзгеріс енді.

29. Әлемдік қаржы дағдарысында ҚР коммерциялық банктердің дағдарысқа ұшырау себебі неде? Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді. Қазақстанда жаһандық дағдарыстың алғашқы толқыны 2008 байқалған болатын. 2008 жылғы Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды. Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Осының барлығының әсерінен отандық экономикамызды тұрақтандырып, күшейту үшін Қазақстанға тиімді шаралар қолдану керектігін аңғартады. Екінші дең­гейдегі банктеріміз сырттан «қорлана» (фондирование) алмайтын жағдай қалыптасты. Керісінше бұрын алған несиелерін қайтаруға тура келді. Сондықтан да Қазақстанның ипотекалық жүйесі біраз ақсады. Ипотекалық несие арқылы «май шелпекке кенелеміз» деген топ та­қырға отырып қалды. Халыққа үлес­тірілген несие қайтарымы іркіліске ұшырады. Жылжымайтын мүлік құны екі еседен астамға түсті. Тұрғын үй бағасының түсуі әлі де жалғасады. Өйткені ол Қазақстан халқының нақ­ты табысына шақталмаған, алыпсатарлардың қолдан жасаған бағасы еді. Солай бола тұрса да, өзегемендігіналған 18 жылдың ішінде ауқымды істер тындырып үлгерген мемлекет басшылығы қазынамызға Ұлттық қор мен Ұлттық банктің тұрақтандыру қорындағыны қоса есептегенде 50 миллиард доллардыңсыртында мол қаржы жинақтаған болатын.

30. Бюджеттен тыс қорлардың мәні. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаржылық ресурстарды ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады. Бюджеттік қормен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады. Бюджеттен тыс қорлар мемлекет қаржысы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің катаң белгілі бір максаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақшалай ресурстардың жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржылық ресурстарды қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады. бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржылық ресурстардың бір бөлігін окшауландыру, мемлекеттік бюджеттерді оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Қордың қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге қайтарусыз тәртіппен ақшалай қаражатгардың бір бөлігін салудың қосымша міндеттілігі жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнім (пайда, табыс) күнының есебінен салынса, онда тікелей кәсіпорындардың экономикалық мүдделерін шалады - олардың ұдайы өндіріс пен түтынудағы мүмкіндіктерін тежейді (мысалы, 1995 жылға дейін жұмыс істеген Кәсіпкерлік пен бәсекені дамытуды қолдау қорында). Қорларга аударылған аударымдарды өнімнің өзіндік құнына жатқызған жағдайда, құнның бір бөлігі баға арқылы тұтынушыға аудара салынады және бұл күш салмақты жалпы қоғам көтереді. Сөйтіп, Бұл қорды қалыптастыру және пайдалану кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігі үшін белгілі бір уақыт межелдемесінде баламасыз болып табылатын қайта бөлгіштік үдерістер өрбиді, яғни олардың экономикалық мүдделеріне қысым жасалады. Сонымен бірге бүкіл коғам ауқымында бюджеттен тыс қорлардың көмегімен әлеуметтік-экономикалық теңгерімділік пен тұрақтылық қолдап отырылады, өйткені халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі жергілікті және жалпы мемлекеттік ауқымның мәселелерін, бүкіл экономиканың немесе өңірдің мүддесі үшін белгілі бір максатты бағдарламаларды орындауды, әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіруді шешу мүмкін бола бастайды. Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуінде топтық және қоғамдық мүдделердің қарама-қайшылығы көрінеді. Жалпы бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржылық қатынастардың бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында

  1. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан  банк жүйесінде қандай өзгерістер болды)

  1. Қазақстан қор биржасындағы бағалы қағаздар өтімділігінің төмен болу себебі неде)

  1. ҚР-дағы парабанк жүйесінің дамуы

  1. Қазақстандағы банк жүйесінің даму перспективасы

  1. Қазақстандағы инфляция: қазіргі жағдайы, деңгейі, қарқыны.

  1. .Қазақстанның қор нарығының даму ерекшелігі

  1. ЕДБ несие саясатында орын алып отырған негізгі мәселелері

  1. Қазақстанның қаржы нарығында қор нарығының алатын орны

  1. ҚР Ұлттық банкінің банк секторын реттеуде алатын орны

  1. Әлемдік дағдарыстың коммерциялық банк қызметіне қалай әсер етті

  1. ҰБ-ң нарықтағы ақша айналысын реттеу құралдары

  1. Қазақстан қор нарығындағы негізгі мәселерді атап өтіңіз

  1. Күтіліп отырған әлемдік дағдарыстың екінші толқыны Қазақстанның банк секторына қалай әсер етеді деп ойлайсыз?

  1. Мемлекеттің бағалы қағаз шығарудағы мақсаты не деп ойлайсыз

  1. Қазіргі кездегі Қазақстан қор нарығының дамуы

  1. Айналыстағы ақша массасының өсуі неге әкеледі, оның салдары

  1. Қазақстанның банк жүйесіне қандай өзгерістер енгізу керек деп ойлайсыз ба

  1. Қазақстанның ақша нарығында жүргізілген деваливация экономикаға қалай әсер етті

  1. Қазақстанның банктік несие жүйесінің дамуы экономикада қандай мәселерді шешеді

  1. Қазақстанның несие нарығының жағдайына сипаттама беріңіз

  1. Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүзеге асыра отырып экономикада қандай мәселелерді шешеді

  1. Қазіргі танда коммерциялық банктердің ипотекалық несиелеу проблемалары

  1. Қазақстанда  қор нарығының дамуы және қазіргі жағдайы

  1. Қор нарығының дамуы Қазақстан экономикасының қандай мәселелерін шешеді

  1. Қазіргі кездегі Қазақстанның валюта нарығының дамуы

  1. ҚР-да қолма-қолсыз ақша түрлерін дамытсақ  экономикамызға қалай әсер етеді

  1. ҚР қор биржасының қазіргі жағдайы және мәселелері

  1. ҚР ұлттық валютасы теңгенің қазіргі жағдайы

  1. Әлемдік қаржы дағдарысында ҚР коммерциялық банктердің дағдарысқа ұшырау себебі неде

  1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]