Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер BEKA.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
466 Кб
Скачать
☆

4.2. Әуе электр берілісі желісінің және қосалқы станциялардың оқшаулағыштары (изоляторлары)

     

         Әуе  электр  берілісі  желісінің  изоляторлары  көбінесе  табақша, істікше  және  оқтауша  болып  келеді. Бұл  изоляторлардың  жобалануы  сондай құрғақ  күйде  тесіп  өту   кернеуі  ұласу  кернеуден  1,6 есе  жоғары  болуы  керек, сонда  ғана  асқын  кернеулерде  осы  изоляторлар  қыйрамайды, бүлінбейді. Оқшаулама сенімді  болу  үшін  және  разрядтік  кернеулерді   көбейту  үшін   изоляторларды  тіркестіреді. Табақша  изоляторлардың  бекітілу  түйіні  шарнир   бойынша орындалынған  сондықтан  изоляторға  тек  қана  созатын  күштер  әсер  етеді.

Оқтауша изоляторлар  ең  мықты  фарфордан  және  полимерлерден  жасалынады. Оқтауша изоляторлардың  механикалық  беріктігі  табақшаларға  қарағанда төмен, оқтауша  фарфор  созылуға  жұмыс  істейді, кейбірде  майысуға, ал  табақша  изоляторларда  шойыннан  жасалған  оқшаулатқыш  телпегінің  ішінде  қысымға  ғана  жұмыс  істейді.

Полимерлік  изолятордың  механикалық күшті  ұстайтын  құрылымы  стеклопластик   оқтауша, оның  доғаға  беріктігі  нашарлау, сондықтан  осы  оқтаушаны  кремнииторганикалық   резеңке  немесе  фторопластпен  қаптайды, бұл  заттар  ылғалдық пен   кірді  қабылдамайды, жұқтырмайды.

Істікше  оқшаулағыштар  тірекке  металдан  жасалынған  істік  немесе  ілмекпен  бекітіледі. Майыстыру  салмағының  әсер етуінің үлкендігінен  істікше  изоляторлар  35 кВ   кернеуден  жоғары  кернеулерге  шығарылмайды.   

Аспалы  изоляторлар  35 кВ  және  одан   жоғары  кернеулерге  арналған.

Станцияларда  көбінесе  оқтауша типті тірекше, өткерме  және   табақша  изоляторлардың тіркесі  пайдаланылады.

         Барлық  желілік  изоляторлар  орналасу  орны  бойынша  1 категорияға  жатады. Оларға  ылғалдық  пен  ластықтың  әсер  етуі  арқасында  ұласу  кернеуі  төменірек  болады. Аппараттық  изоляторлар  орналасу  орны  бойынша  барлық  бес  категорияға  ие.

 

4.3. Оқшаулағыш тіркесін бойлай кернеудің таралуы

 

         Изолятор тіркесіне қосылған кернеу тіркес бойымен бірқалыпты таралмайды, әрбір изоляторға кернеудің әртүрлі бөлігі келеді, сондықтан тәждің басталу және тіркесті ұластау кернеулері төмендейді. Ең қиын қалыпта болатын изолятор  - өткізгіш сымға жақын изолятор. Изоляторларда кернеулердің біркелкі болмауына изоляторлардың металл бөлімдерінде туатын жерге салыстырмалы паразиттік сыйымдылықтардың болуы себепкер. Тіркесте үш түрлі сыйымдылық айырылып танылады: изолятордың өзіндік сыйымдылықтары Со, металл бөлімдерінің жерге қатыстық сыйымдылықтары С1 және сымдағы салыстырмалы сыйымдылықтар С2. Сыйымдылықтардың мөлшері мынадай: С0 ≈ 50 пФ, С1 ≈ 5 пФ, С2 ≈ 0,5 пФ.

         Айнымалы кернеуде сыйымдылық элементтерімен сыйымдылық ток өтеді, сонда астыңғы ең бірінші изолятордағы ток екіге бөлініп, бірінші жерге қатыстық сыйымдылықтар элементтермен , екіншісі тіркестегі қалған бөлімдермен жүреді. Ең астынан екінші изолятордан мөлшері біріншіден аз сыйымдылық ток өтеді және де төменгі изоляторда кернеу түсуі максималды, ол изолятордың күйі екіншіге қарағанда нашар болады. Тіркестегі изоляторлардың саны 3 – 4 – тен көп болса, минималды кернеу ең жоғары ілініп тұрған изоляторға түспейді. Ол мәселені былай түсінуге болады: С2 сыйымдылықтың әсерінен кернеу түсуінің бірқалыпты еместігі деңгейлеседі де минималды кернеу үстіңгі изолятордан төмен екінші – үшінші изоляторға келіп түседі. Тіркестіктің изоляторларының бойымен кернеуді деңгейлестіру үшін тороид, сопактар, сегіздіктер түрінде төмен жағынан бекітілетін экрандар қолданады; тарамдалған фазалы желілерде сымдардың аралығындағы ең жақын изоляторлар бар тіркестерді екіге бөледі. Осы шаралар С2 сыйымдылықты жоғарылатып, кернеудің изоляторлар бойымен де таралуын деңгейлестіреді.