- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •1 Тақырып. Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі.
- •Қаржыны инвентаризациялау бағалы қағаздар, ақшалы құжаттар және қатаң есеп беру бланкілері.
- •Есеп айырысу шотындағы ақша-қаражаттар есебі
- •2 Тақырып. Дебиторлық қарыз есебі
- •10.1 Ақшалай емес есеп айырысулардың формалары және есеп айырысу құжаттарын рәсімдеу
- •Сатыпалушылар мен тапсырушылардың қарыздарының есебі
- •3 Тақырып. Қорлар есебі
- •2007 Жылғы қазан айындағы материалдық құндылықтардың қолда бары мен қозғалысы
- •Қоймалардағы және сақтайтын орындардағы материалдық құндылықтардың есебі
- •Материалдық құндылықтардың бухгалтериядағы есебі
- •4 Тақырып. Негізгі құралдар есебі
- •5 Тақырып Материалды емес активтер есебі
- •Материалды емес активтердің кірістелу есебі
- •Материалды емес активтердің амортизация есебі
- •Материалды емес активтердің шығысталу есебі
- •Материалды емес активтердің талдамалы есебі және түгенделуі
- •6 Тақырып. Міндеттемелер есебі Банктің және банктен тыс ұйымдардың қарыз есебі.
- •Еңбек және еңбекақы есебі
- •Еңбекақы формасы және жүйесі
- •Жеке құрам, жұмыс уақыты және өңдеудің есебі. Оларды құжаттау.
- •7 Тақырып. Табыстар мен шығыстарды тану
- •Кесте 1. «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыс» шотының корреспонденциялары
- •8 Тақырып. Меншікті капитал есебі
- •9 Тақырып. Қаржылық есептілікті ұсыну
Қоймалардағы және сақтайтын орындардағы материалдық құндылықтардың есебі
Қойма шаруашылығының жақсы жағдайы тауарлы-материалдық құндылықтардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып саналады. Қойманың үй-жайы тұйықталган, дабылдамамен, стеллаждың, жәшіктердің, еденшелермен (поддон), механизация жабдықтарымен және салмақ өлшейтін приборлардың қажетті мөлшерімен жабдықталуға тиіс.
Қойма ішінде материалдардың әрбір тобы, топшасы мен түрі белгілі бір жерде сақталуға тиіс. Сақтайтын әрбір жерге материалдық затбелгі бекітіледі. Басшының бұйрығымен қоймада жұмыс істейтін материалды жауапты адамдардың тізімі бекітіледі. Олармен материалдық жауапкершілік шарты жасалады. Материалдардың қоймадағы есебін тікелей осы адамдар жүргізеді. Материалдық құндылықтардың қоймалық есебі үш әдістің біреуімен ұйымдастырылуы мүмкін.
Бірінші әдіс - сандық-сомалық есеп әдісі. Осы әдіс негізінен қорлар номенклатурасы кішігірім, шағын кәсіпорындарда жүргізіледі. Бүл орайда қоймада және бухгалтерияда мате-риалдық құндылықтардың әрбір номенклатуралық нөміріне сандық-сомалық есептің карточкалары ашылады. Материалдық қорлардың қозғалысы жөніндегі құжаттың әрбір дерегі карточкаға жазылады. Ай соңында карточкалардың жиыны шығарылып, олар жылдық, сорттық, айналымдық ведомоске көшіріледі.Мұндай әдіс кезінде қосарланған есеп жүргізіледі. Ол өте кең ауқымды және талдамалық есептегі жазулар санын арттырады.
Екінші әдіс - сальдолық (жедел-бухгалтерлік) әдіс. Материалдық құндылықтардың есебін қойма меңгерушісі жүргізеді. 1 қаңтарда бухгалтерия материалдардың қоймадағы есебінің М17 нысандағы карточкаларын ашады. Мұндай әрбір номенклатуралық нөмірге 1 қаңтардағы қалдық сандық өлшеммен енгізіледі. Карточкалар тізілім бойынша қойма меңгерушісіне беріледі, ол келіп түскен материалдық құндылықтарға кіріс құжатын толтырады және шығыс құжаттарына сәйкес оларды босатады. Бұл ретте ол кіріс пен шығысты карточкада натуралдық көрсеткішпен бөліп көрсетіп, әрбір жазба операциясынан кейін қалдығын шығарады, Осындай тәртіппен материалдық құндылықтардың қоймадағы күн сайынғы есебі жүргізіледі. Қойма есебі карточкаларының жүргізілуін бухгалтерия қадағалайды. Оның қызметкерлері аптасына немесе он күнде кем дегенде бір рет тікелей қоймада қойма меңгерушісінің қатысуымен қойма операциялары бойынша бастапқы құжаттар мен карточкалардағы жазудың мерзімділігі мен дұрыстығын тексеруді жүзеге асыруға міндетті. Операциялардың жазылуы мен қалдықтардың шығарылуын тексеруді бухгалтерия қызметкері М17 нысанының тиісті бағанына қолын қою арқылы растайды. Тексеру қойма меңгерушісінің бухгалтерияға бастапқы құжаттарды табыс етуімен ұштасады. Өткізілетін құжаттардың деректері М18 нысанындағы құжаттарды қабылдау-өткізу тізіліміне енгізіледі, бұл жерде олардың нөмірі мен саны көрсетіледі. Тізілім құжаттарды қоса отырып, бір данада жасалады. Егер қоймалар кеңсе-жайдан (офистен) алыс жерде болса, онда карточкалардың дұрыс толтырылуына бақылау орталық бухгалтерияда жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда қойма меңгерушісі белгіленген мерзімде ай соңындағы материалдардың қалдық ведомосін екі дана етіп жасап, бухгалтерияға өткізеді. Ведомос сандық өлшеммен есепті айда қозғалысқа түскен материалдар бойынша ғана жасалады. Ведомоске цех (учаске) бастығы қол қояды және құжаттарды ресімдеу дүрыстығы тексерілгеннен кейін, оның бір данасы ескертулерімен бірге қоймаға қайтарылады. Материалдарының номенклатурасы кішігірім қоймаларда карточканың орнына сорттық есеп кітабын жүргізуге рұқсат етіледі. Ай соңында бухгалтериядан материалдардың қалдық есебінің кітабы (қалдықтарды есепке алудың М20 нысанындағы ведомосі) қоймаға беріледі. Қойма меңгерушісі оған материалдар есебі карточкасынан қалдықтарды көшіреді. Бұдан кейін жинақтау және жалпы кітап бойынша материалдық құндылықтың есептік топтары бойынша жиынын есептен шығару үшін бухгалтерияға қайтарылады. Бүл әдіс кезінде:
• бухесеп жедел есепке негізделеді және онымен тығыз байланысты;
• қоймадағы және бухгалтериядағы есепті жедел салыстыру, демек есепті айда жіберілген қателіктерді жою мүмкіндігі туындайды;
• есептік бағаларды қолдану ай сайын қорлардың орташа құнын анықтау жөніндегі қиын жұмыстарды жояды.
Бұл түгендеу жүргізуді жеңілдетеді және есептің жедел функцияларын күшейтеді, құжаттарды өңдеу және есептік тіркелімдердің жағдайын жақсарту бойынша компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндігін кеңейтеді. Қорлардың талдамалы есебінің синтетикалық есептен қалуына жол берілмейді. Сальдолық әдіске тән қасиет - қорлардың сандық есебі тек қоймада жүргізіледі, ал бухгалтерияда қорлар сомалық өлшеммен сақталатын жері бойынша және әрбір шот немесе қорлар тобы бойынша ескеріледі.
Үшінші әдіс - материалдық есеп берулер әдісі. Қойма меңгерушісі (қүрылыс учаскесінің бастығы, прораб, шебер) қоймада (учаскеде) санақта түрған материалдардың барлық номенклатурасы бойынша М19А нысанындағы материалдық есепті ай сайын жасайды. есеп беруде 1300 (запастар)-бөлімінің шоттары бойынша ай басындағы қалдық, кіріс, шығыс және ай соңындағы қалдық келтіріледі. Өткен айдың материалдық есептемесінен есепті айдың басына көшіреді, содан кейін түсімдер мен шығыстар туралы алғашқы құжаттардың алдын ала топтастырылған деректерінің негізінде материалдық-жауапты адамдар кірісті түсім көздері бойынша, ал шығысты - материалдардың пайдалану бағыты бойынша толтырады. Материалдардың ай соңындағы қалдығы есептеу жолымен анықталады. Алғашқы құжаттары қоса берілген материалдық есептемеге оны жасаушы қол қояды және есепті айдан кейінгі айдың 3-күнінен кешіктірместен (немесе кестеге сәйкес айдың күні) бухгалтерияға тапсырылады. Онда оны жасаудың дүрыстығы тексеріледі, кірістелген, берілген және жұмсалған материалдардың саны бухгалтериядағы деректермен салыстырылады.
