Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ақп.тех. шпоооооор.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
583 Кб
Скачать
☆

38.Желінің негізгі компоненттері.Компьютерлер арасында ақпараттармен алмасу және жіберу.Желілік принтер.Www және электронды поштаның негізгі жұмыстары.Қазіргі заманғы іздеуіш технологиялары.

Интернеттің жұмыс істеу негіздері.

Протокол TCP/IP (Transmission Control Protocol /Internet Protocol) – қазіргі кезде компьютерлік желілерде ақпарат алмасуда қолданылатын протоколдардың бірі.

Протоколдың аты екі бөлімнен тұрады:

TCP–протоколы жіберуші жақта хабарларды пакеттер легіне түрлендіреді және қабылдаушы жақта пакеттерді қайта хабарларға жинайды.

IP – протоколы пакеттердің бағытталуын басқарады, желілер арасында оларды әр түрлі бағытқа бағыттайды және әртүрлі желілердің бірігуіне ықпал жасайды.

Интернет – бір-бірімен байланыс каналдары және бірегей қабылдау, мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан компьютерлер мен компьютер желілерінің жиынтығы.

Алғашқыда интернетті құру мақсаты - әртүрлі типтегі компьютерлік желілерді біріктіру болып табылады. Қазіргі уақытта компьютер мен телекоммуникация аймақтарында ғана емес, сонымен бірге әрбір адам өзіне қажетті ақпаратты тауып, оған қажетті дегенді бере алады. Соның нәтижесінде интернет ақпарат ресурстарымен үздіксіз толығып отырады.

(IP –адрес) – компьютерге түсініктірек. Интернет абоненттерінің бір-бірімен байланысы қарапайым болу үшін, адрестердің бір кеңістігі облыстарға – домендерге бөлінеді. Негізінен домендері 2 әріп қосыныдысынан тұратын географиялық аймақтарды қамтиды.

IP адрес дегеніміз – нүктелермен 4 бөлікке бөлінген (олардың ешқайсысы 225-ден аспауы керек) 32 биттік сан (мысалы, 49.19.81.2). пайдаланушыға түсініксіз болғанымен дәл осы адрес компьютермен оқылады.

ІNTRANET – технологиясы –бұл корпоративтік желі жиегінде іске асырылған ІNTERNET технологиясы. бір ұжымның қарамасында жергіленген WEB – жүйе.

39)1969 жылы  AT&T корпорациясының жұмысшылары Кен Томпсон  мен  Денис  Ритчи PDP­7 компьютеріне арналған кішкене операциялық жүйе құрастырды . Бұл операциялық жүйе Unix деп аталды. Бірақ AT&T  компаниясының жоспарына бұл операциялық жүйені тарату кірген жоқ және ол техникалық қадағалау қызметін ұйымдастырмай, қателіктерін түземей және жалпы ешқандай кепілдік бермей тұрып АҚШ оқу орындарына оның символдық ақысы ретінде берді. Соның салдарынан университеттік есептеуіш орталықтың өкілі болған брлық қолданушылар бір-бірімен жұмыс жасауға мәжбүр болды. Олар өздері қателерін түзеді, , керекті программаларды және утилиттерді құрды және оларды бірлесіп қолданды. Жұмыс нәтижесі ретінде 1990 жылға дейінгі Bell Labs  компаниясының эгидасымен таралған Unix версиясының бүтін сериялары болды (ең соңғы версия Unix System V Release 4 – SVR4 болған). Unix –тің қолданушылар тобының бірі Берклидағы калифорниялық университетте болған.  1977 жылы бұл оқу орнының мамандары Unix тарихында келесі қадам жасады және 2BSD (Berkeley Software Distribution) операциялық жүйесі бар  магниттік ленталардың таралуына көшті. Содан бері 75 көшірме сатылған болатын. Unix  VR4 және BSD негізінде барлық заңа заманғы Unix түрлілік құрылды. Unix және Unix­сияқтылардың көптеген түрлері бар. Ең танымалдарына SUN Microsystems корпорациясының Solaris (бұрынғы SunOS), IBM компаниясының  DEC  AIX,  DEC,  SCO фирмасының Unix, UnixWare және басқалары. Жоғарыда айтылғандардың барлығы коммерсиялық болып табылады және олардың көбінде жоғарғы баға бар. Олар әр түрлі архитектураларда (Intel, Sparc, Alpha, PowerPC және т.б.) жұмыс жасайды. Бірақ бүгінгі әлемд үлкен қызығушылықты ашық кодқа құрылған, Linux сияқты операциялық жүйелер тудырып отыр. Linux алғашында еркін таралатын Unix версиясы ретінде жасалған болатын.  1991 жылы Хельсинки университетінің студенті Линус Торвальдс Linuxтің бірінші версиясын жасады. Ол Minix операциялық жүйесіне  – ЖК-ге арналған Unix  шектелген аналогына негізделген. Бірінші «қателіксіз дерлік» релиздің шығарылуынан кейін  1992 жылдың наурызында көптеген әлемнің программистері бұл операциялық жүйенің өңделуіне қосылды және ол дами бастады. Бүгінгі күнде Linux Unix- тің жартылайфункционалдық, ашық және жиірек тегін аналогы болып табылады. Бірақ бұл жағдай орындалмас еді, егер GNU жобасының көлемінде программалық қамтамасыз етілу болмаса  (GNU’s  not  Unix,  GNU  – бұл Unix емес). Linux  тексерулер, мәтіндік редакторлар, баспа утилиттері және тағы басқаларды қосқанда көптеген GNU утилиттерінен, көптеген программалау тілдерінің трансляторларынан (C,  C++,  Fortran,Pascal,  LISP,  Ada,  BASIC,  SmallTallk,  Perl,  PHP,  Tcl/Tk  және т.б.) тұрады. GNU жобасы еркін таралатын программалық қамтамасыз ету– Free Software Foundation (FSF) қорының эгидасымен дамып жатыр.