- •17. Ауылшаруашылығы өндірісін жүргізетін ауылшаруашылығы ұйымдары мен азаматтардың заңды бұзғаны үшін жауапкершілігі
- •20. Селолық тұтыну кооперативінің құқықтық жағдайы
- •22. Ауылшаруашылық серіктестіктерінің құқықтық жағдайы
- •25. Ауылшаруашылығына арналған жерлердің құқықтық режимі
- •27. Ауылшаруашылық селекциялық қызметтін құқықтық реттеу
- •29. Қр Жер кодексі - аграрлық құқықтың кайнар көзі ретінде
- •30. Селолық тұтыну кооперативі. Оның ерекшелігі және түрлері
20. Селолық тұтыну кооперативінің құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралыпайшылар мен селолық тұтыну кооперативтері және олардың қауымдастықтары (одақтарын) арасындағы құқықтық жағдайды айқындайды және қоғамдық қатынастарды реттейді; селолық тұтыну кооперативтері мен олардың қауымдастықтарын (одақтарын) құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібін; пайшылар мен үшінші тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін, құқықтары мен мүдделерін қорғаудың шарттарын; селолық тұтыну кооперативтері мен олардың қауымдастықтары (одақтары) органдарының өкілеттігі мен жауапкершілігін анықтайды селолық тұтыну кооперативі - азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың өз мүшелерінің мүліктік (пайлық) жарналарын біріктіру арқылы материалдық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру үшiн жүзеге асырылатын мүшелiк негiздегi ерiктi бiрлестiгi кооперативтiк учаске - пайшылардың белгiлi бiр саны бiрiккен және аумақтық немесе селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысы белгiлейтiн өзге де белгi бойынша құрылуы мүмкiн учаске пайшы - мүлiктiк (пайлық) жарна енгiзген және жарғыда көзделген тәртiппен селолық тұтыну кооперативiне мүшелiкке қабылданған азамат (заңды тұлға) Заңды тұлға да селолық тұтыну кооперативiне мүше бола алады. Селолық тұтыну кооперативтерi коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және кәсiпкерлiк қызметпен өздерiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес келетiндей дәрежеде ғана айналыса алады. Селолық тұтыну кооперативi заңды тұлға болып табылады және оның мыналарға: пайшылардың қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған қызметпен айналысуға; өзi құрылған мақсаттарға қол жеткiзуге қызмет ететiндiктен, кәсіпкерлiк қызметпен шұғылдануға; ҚРның заңдарында белгiленген және кооперативтiң жарғысында көзделген тәртiп бойынша өзiнің филиалдары мен өкiлдiктерi болуына; пайшылардан қосымша пайлар және басқа азаматтар мен заңды тұлғалардан заемдық қаражат тартуға; Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға; тұтыну кооперативiнiң құқықтарын бұзатын мемлекеттiк органдардың актiлерiне, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының актiлерiне, олардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiне сот тәртiбiмен шағым жасауға; заңды тұлғалардың селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысында көзделген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi өзге де құқықтарын жүзеге асыруға өкiлеттiгi бар. Селолық тұтыну кооперативi тiзбесi заң актiлерiмен айқындалатын қызметтiң жекелеген түрлерiмен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады. 21. Ауылшаруашылығы өндірісін жүргізуші азаматтардың жер пайдалану құқығы Мемлекеттік меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығымен және (немесе) жеке меншiк құқығымен берiлуi мүмкiн. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік заттай гранттар ретінде жеке меншікке беруге жол берілмейді.Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін он жылға дейiнгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығында ғана иелене алады.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне жеке меншік құқығын табыстыру ақылы негiзде жүргiзiледi. Шаруа немесе фермерқожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін және орман өсіруді, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін және орман өсіруді жүргiзу үшiн жер учаскесiне (жер учаскелерiне) жеке меншiк құқығының табысталуына мүдделi азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың: 1) жер учаскесiне жеке меншiк құқығын жер учаскесiнiң сәйкес кадастрлық (бағалау) құнына тең бағамен сатып алуына; 2) жер учаскесiне жеке меншiк құқығын оның кадастрлық (бағалау) құнына қарай айқындалатын жеңiлдiктi бағамен сатып алуына болады. Бұл ретте әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер бойынша жер учаскелерiне жеңiлдiктi бағаның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Мәмiлелер жасалған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығын (ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығын) мемлекеттен бұған дейiн сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалары, осы Кодекс қолданысқа енгiзiлген кезден бастап осы Кодексте белгiленген жер учаскелерi нормаларының шегiнде жеке меншiк құқығын сатып алуға қосымша төлемақы алынбай, жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне айналады.3. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын сатып алу ақысын толық төлеген тұлғаның:жер учаскесiмен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған мәмiлелердiң кез келген түрiн жасасуға құқығы бар; жеңілдікті бағамен сатып алынған жер учаскесімен мәміле жасасуды шектеу мерзімі өткеннен кейін, жер учаскесімен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған мәмілелердің кез келген түрін жасасуға құқығы бар, шектеу мерзімі жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын әрбір он процент төмендету үшін екі жылды құрайды. Бұл шектеу жер учаскесін кепілге салуға қолданылмайды.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң меншiк иесi Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде, азаматтықтан шыққан кезден бастап үш ай ішінде меншік иесінің таңдауы бойынша жер учаскесi иеліктен шығарылуға тиіс немесе жер учаскесiне құқық он жылға дейiнгі мерзімге жалдау шартымен уақытша жер пайдалану құқығына қайта ресiмделуге тиiс не жергiлiктi атқарушы органның келісімімен жер учаскесi осы учаскенi мемлекеттен (меншік иесінен) сатып алған баға бойынша жер учаскесiнiң бағасы төлене отырып, мемлекет меншiгiне қайтарылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының күзетiлетiн аймағына тікелей іргелесіп жатқан (үш шақырымдық аймақ) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi, егер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, оларды делимитацияланғанға және демаркацияланғанға дейiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына ғана уақытша жер пайдалану құқығымен берiледi. Егер ЖК және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң меншiк иесi мемлекеттік органдардың қандай да бiр рұқсатын алмай, жер учаскесiн өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады. Меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмiлелердi жасасуға құқылы. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi аталған құқықтарды осы Кодекстiң ережелерiн ескере отырып iске асырады. Жер учаскесiне меншiк құқығы басқа адамға мәмiле жасалған кездегi барлық ауыртпалықтарымен берiледi. Жер учаскесiнiң меншiк иесi оның нысаналы мақсатын өзгертпей, жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарттың негiзiнде оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусiз пайдалану туралы шарт (өтеусiз пайдаланушымен) нысанында жасалады.
