Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
менеджмент_шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
289 Кб
Скачать
☆

22. Бизнестегі бәсекелестік модельдері. Мысалдар келтіру.

Таза бәсекелестік тауардың шамамен бірдей көлемін өндіретін бірнеше өндірушілердің нарықтағы бәсекелестігі, бағаға әсер ете алмайды.

Мысалы: кафе-ресторандар, базардағы сатушылар.

Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. 20 ғасырға дейін монополиялар шектелген сферада болған. Кейін монополиялау процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырушылық бастаманың күшеюімен байланысты болды. Монополияланудың бірнеше формалары болады – картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою, «парасаттылық» келісімдер, т.б. Осылардың негізінде монополистік бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия, олигопсония, дуополия, билатералдық монополия.

Қазақстан нарығында ірі монополистерге АҚ «АТКЕ», АГПО «Суканалы», ГКП «Алматы горгаз», «АПК», АО «Алматы аэропорты», ААҚ «Қазақтелеком», ЖАҚ «Эйр Қаз.», «Қазақойл» НК «Казахстан темир жолы»

Монопсония – белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып алуын шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға ие болады. Монопсония жетілмеген бәсекенің құрамды бөлігі болып табылады.

Мысалы: жергілікті коммуналдық қызмет көрсетулер

Олигополия – бұл да нарық құрылымының типі. Бұнда бірнеше, ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін.

  • бірсалалық сауда — өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтық құрылым;

  • ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес бірнеше ірі жеткізушілер болатын нарықтық құрылым;

  • өндірістік өзара байланыстар егжей-тегжей мамандандыру түрінде болатын, «өндірістік пирамида» типтес корпорациялардың бірнеше топтары үстемдік ететін нарық, әдетте «олигополия» деген термин өте ірі әртараптандырылған корпорациялар әрекет ететін нарықты сипаттау үшін қолданылады.

Мысалы: автомобиль өндіруші компаниялар, электротехника өндіруші компаниялар.

Дуополия – белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық құрылым. Бұлардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квота туралы келісім мұлде болмайды. Дуополия – бұл олигополияның ең жабайы түрі. Еліміздегі Теле2 келгенге дейін ТОО „GSM Казахстан“, бренды K’Cell и Activ, акционеры „Казахтелеком“ и TeliaSonera, и „дочка“ „ВымпелКома“ — „Кар-Тел“, бренд Beeline дуополистер болды.

Монополиялық бәсеке – салыстырмалы түрде саны көп фирманың бір-біріне ұқсас, бірақ біркелкі емес өнім өндіруі. Әр фирманың рыноктық ұқсастық үлесі аз болғандықтан өнім бағасының түбегей өзгеруіне жеке фирма әсер ете алмайды. Өндірушінің саны көп болғандықтан құпия келісім жасау мүмкіндігі жоқ. Сатушылардың әрқайсысы сатып алушыны өз товарының сапалы екеніне көздерін жеткізгісі келеді. Бұл кезде жарнаманың, марканың, товарлық белгілірдің алатын рөлі зор.

Монополиялық бәсекеде өндірушілер өзара тәуелсіз бірақ бәсекелесінің реакциясын есепке ала отырып, белгілі бір саясатпен жұмыс істейді.

Мысалы:

"Адидас", "Рибок", "Пума"

"Colgate", "Blend a ment", "Pepsodent"