- •1.Экономикалық теорияның даму кезңдері. Экономикалық теорияның экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны:
- •2.Экономикалық теорияның зерттеу пәні. Экономикалық теорияның функциялары.
- •3.Экономикалық теорияның зерттеу әдістері:
- •5.Экономикалық заңдылықтар,түрлері. Экономикалық категориялар
- •7.Экономикалық қажеттілік, игіліктер.
- •9.Экономикалық ресурстар, түрлері. Ресурстар шектеулілігі.
- •10.Өндіріс, ұдайы өндіріс.Қоғамдық өнім сатылары, мәні,нәтижелері.
- •12.Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы
- •11.Қоғамдық өндіріс құрылымы. Материалдық және материалдық емес өндіріс.
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •14.. Меншік.
- •15.Жекешелендіру. Мемлекет иелігінен алу. Жекешелендірудің тәсілдері
- •16.Жекешелендірудің түрлері,мақсаты.
- •17.Қазақстан республикасындағы жекешелендіру кезеңдері.
- •18.Экономикалық жүйелерді жіктеу негіздері. Экономиканың негізгі проблемалары
- •19.Экономикалық жүйелер турлері, мәні, артықшылықтары, кемшіліктері
- •20.Қоғамдық шаруашылықтың түрлері: Натуралды және тауарлы шаруашылық мәні, пайда болу себептері. Тауар, қасиеттері.
- •21.Құн заңы. Ақшаның концепциясы металдық, номиналдық, сандық
- •23.Ақшаның пайда болу тарихы. Ақшаның атқаратын қызметі,мысалдар
- •24.Тауар-ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтың пайда болуы.
- •25.Нарық инфрақұрылымы.Нарық,нарық түрлері.
- •27. Өтпелі экономика және оның негізгі сипаттық белгілері .
- •28.Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту кезеңдері.
- •29. Қазақстан-2030 Стратегиясының басымдықтары
- •30.Нарықтың мәні, элементтері
- •31. Бәсеке түрлері
- •2. Монополистік бәсеке нарығы.
- •Шоғырланудың бағыттары
- •36. Кәсіпкерліктің ұжымдық – құқықтық формалары , артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Бухгалтерлік шығындар Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •41. Кәсіпорын табысы мен пайдасы,түрлері.Экономикалық тиімділік.
- •42. Сұраныс. Сұранысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс заңы, қисығы. Субститут, комплементар тауарлар.
- •43. Ұсыныс. Ұсынысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс заңы, қисығы.
- •44. Тепе-теңдік баға. Тепетеңдіктің бұзылуы.
- •45. Икемділік. Түрлері (сұраныс, ұсыныс бойынша барлығы), анықтамалары.
- •46. Тұтынушы мінезқұлқының негізгі теориялары. Пайданы максималдандырудың кардиналистік және ординалистік теориялары.
2.Экономикалық теорияның зерттеу пәні. Экономикалық теорияның функциялары.
Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.
Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:
Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.
Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.
Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.
Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.
Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.
3.Экономикалық теорияның зерттеу әдістері:
Басқа ғылымдарға ұқсас экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері келесі кестеде көрсетілген.
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
Жалпы әдістер |
Жеке әдістер |
Эксперимент, гипотеза және т.б. |
Экономико – математикалық модельдер әдісі, экстраполяция (болжау), баланстық, функциональдық және тағы басқа да әдістер. |
5.Экономикалық заңдылықтар,түрлері. Экономикалық категориялар
Экономикалық заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:
айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән.
ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары.
жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп байланыстырады.
Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).
7.Экономикалық қажеттілік, игіліктер.
Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері:
Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.
Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.
Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.
Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.
Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.
Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.
Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:
1. Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады
2. Оларды мұраға қалдыруға болмайды.
3. Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.
