Десорбция
Сіңірілген газды сіңіргіштен (абсорбенттен) бөліп алуды бұл газды таза күйінде алу үшін және қайта пайдалану үшін сіңіргіштің регенерациясын өткізеді. Егер, газ фазасында газ концентрациясы газ-сұйық тепе-теңдігіне сәйкес келетін концентрациядан төмен болса, онда газ ерітіндіден газ ағынына өтед, яғни десорбция үрдісі өтеді.
Газ десорбциясын өткізеді:
1) оны инертті газ немесе су буы ағынында айырумен
2) жылуды абсорбентке беру жолымен
3) абсорбент үстіндегі қысымның төмендетілу жолымен
Инертті газ немесе су буы ағынында бөліп алу. Бұл жағдайда десорбциялаушы агент инертті газ немесе су буы болып табылады. Десорбциялаушы агентті ерітіндімен беттестіреді. Үлестірілетін компоненттің ерітінді үстінде парциалды қысымы десорбциялаушы агенттегі тепе-теңдік қысымынан жоғары болғандықтан бұл компоненттің ерітіндіден газ немесе су буы ағынана өтуі жүзеге асады.
Еріген газды сіңіргіштен толығырақ бөліп алу үшін, инертті газ (су буы) ағынындағы десорбция үрдісін әдетте қарсы ағынды табақшалы немесе қондырмалы бағаналарда өткізеді. Инертті газ ретінде әдетте сіңіргіштен бөлінетін газ араласатын ауа қолданылады. Газ қоспасынан одан кейінгі газды бөліп алу қиынға соғады. Сондықтан, осы десорбция әдісін газ қоспасынан бөлінген компонент одан әрі пайдаланбайтын жағдайда (мысалы, қоспадан бөлінетін зиянды газ болса) ғана қолданылады.
Абсорбентке жылу беру. Десорберге жылу беру кезінде, мысалы, оны құрғақ бумен қыздырғанда, ерітіндіден десорбцияланатын компонентпен бірге абсорбенттің бір бөлігі буланады. Осы кезде түзілетін қоспаны айыру үшін ректификацияны қолданады.
Абсорбент үстінде қысымды төмендету. Десорбцияның бұл тәсілі қарапайым, әсіресе абсорбция үрдісі атмосфералық қысымнан жоғары қысымда өткізілгенде және десорбцияны қысымды атмосфералық қысымға дейін төмендету жолымен жүзеге асыруға болатын жағдайда жиі қолданады. Егер, абсорбция атмосфералық қысымда өткізілсе, десорбция үрдісін вакуумда өткізеді, осы кезде десорбцияланған компонентті вакуум-сорғышпен сорады. Абсорбцияланған компонентті ерітіндіден толығырақ бөліп алу үшін төмен қысымдағы десорбцияны жиі жылу беру жолымен десорбциямен біріктіреді.
Абсорбциялық құрылғылардың сызбалары
Абсорбциялық құрылғылардың өнеркәсіптік сызбалары қарсы ағындық, тура ағындық, рецеркуляциямен бір сатылы және рецеркуляциямен көп сатылы болады.
Абсорбцияның қарсы ағындық сызбасында (XI-31 сурет) газ абсорберден төменнен жоғары қарай, ал сұйық жоғарыдан төмен қарай ағып өтеді. Қарсы ағында кететін газ таза абсорбентпен беттесетіндіктен компонентті газ қоспасынан кететін газ сіңірілетін газдың концентрлі ерітіндісімен беттесіп тура ағындық сызбадағыдан (Х1-32 сурет) толығырақ бөлініпалуы мүмкін. Одн басқа тура ағында сіңіргіштің айырылатын компонентпен қанығудың жоғарылау дәрежесіне қол жеткізуге болады, бұл өз кезегіндеабсорбент шығынын төмендетеді. Абсорбция кезінде бөлінетін жылуды шығару үшін және де қондырмалы бағаналарда суландыру тығыздығын жоғарылату үшін абсорбент бөлігін рецеркуляциямен сызбаларды жиі қолданады.
Сұйықтың бір бөлігінің рециркуляциясымен өтетін көп сатылы абсорбцияның сызбасы XI-34 суретте көрсетілген. Бұл жағдайда газ барлық бағаналардан сұйыққа қарсы өтеді. Қарастырылған сызба өнеркәсіпте кең тараған. Сіңіргіштің рецеркуляциясымен жұмыс істейтін абсорберерден өтетін сұйық мөлшері таза абсорбенттің шығыны бірдей болғанда рецеркуляциясыз сызбалардағыдан айтарлықтай жоғары болады. Нәтижесінде үрдістің қозғаушы күші төмендеуімен сұйық фазадағы масса беру коэфициенті bс артады (ХІ-34 сурет).
Сіңіргіштің рецеркуляциясымен сызбаларды қолдану келесі жағдайларда орынды болады:
1) масса беруге қарсы негізгі кедергі сұйық фазада шоғырланғанда;
2) абсорбция үрдісінде сіңіргішті суыту қажеттілігі туғанда;
3) қондырманың сулануын жақсарту үшін (суландыру тығыздығыаз болғанда).
Сонымен қатар сұйық рецеркуляциясы абсорбциялық құрылғылардың күрделенуіне және рецеркуляцияланатын фазаны тасымалдауға энергияның қосымша шығындарына әкеледі.
XI-33—XI-35 суреттерде келтірілген құрылғылардың сызбалары абсорбция үрдісінде ішкі жылу берудің ұйымдастырылуы қиынға соғатын қондырмалы абсорберлерге жатады. Табақшалы абсорберлерде суытқыш құрылғыларды (мысалы, жыланшаларды) табақшаларға тікелей орнатады, бұл оларда өтетін жылудың көп мөлшерінің бөлінуімен өтетін абсорбциялық үрдістерді жүргізгенде осы аппараттардың өте маңызды артықшылығы болып табылады.
