- •1.Қазақстан тарихы ғылым және пән ретінде (пәннің мақсаты, деректемесі).
- •2. Қазақстандағы палеолит кезеңінің зерттелуі. Тас дәуіріндегі еңбек құралдарының және шаруашылықтың эволюциясы.
- •3. Ежелгі ру тайпалық құрылыстың ыдырауы.Қ. Территория-ғы т.Д. Қоғамдық қатынастың эволюциясы.
- •4. Қола дәуіріндегі Қазақстан: қоғамдық қатынастың, еңбек құралдарының, шаруашылықтың эволюциясы
- •5. Андронов мәдениетінің Қазақстандағы ошақтары: кезеңдері, сипаты, ерекшеліктері.
- •7. Сақтардың саяси тарихы. Евразия тарихындағы.
- •9. Сақтардың материалдық және рухани мәдениеті
- •10. Сақтар туралы жазбаша деректер.
- •11Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары.
- •14. Ғұндардың әскери ұйымы және соғыс өнері.
- •16. Ғұндардың материалдық және рухани мәдениеті.
- •17 Ұлы Түрік қағанаты
- •18. Түрік қағанатының саяси құрылысы мен әлеуметтік-этникалық құрылымы және экономикасы.
- •20. Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері (Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған т.Б.).
- •21. Батыс Түрік қағанаты: саяси тарихы (603-704 жж.).
- •22. Батыс Түрік қағанатының әкімшілік - қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
- •24. Қарлұқ мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •25. Оғыз және қимақ мемлекеттері.
- •26. Қарахан мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •31.Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары.
- •33.Ұлы жібек жолы және сауданың қалалық мәдениеттің дамуы
- •36. Таниршилдик Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы.
- •38. Қазақстан территориясындағы Монғол ұлыстары: Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы.
- •41 Моголстан : террет-я и т.Д
- •42.Көшпелі өзбек мемлекеті: территориясы, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы.
- •44.Қазақ хандығының территориясының кеңеюі және мемлекет ретінде орнығуы: Бұрындық, Қасым хандар.
- •46.Тәуке ханның тұсындағы қазақ хандығы.
- •50. Қазақтардың XVI-XVIII ғғ. Материалдық және рухани мәдениеті (үй тұрмысы және халықтың салттары, астрологиялық таным түсінігі).
- •52. Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан. Қазақ жүздерінің ресей бодандығын қабылдаудың алғы шарттары
- •54.Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі. Аңрақай шайқасы.
- •55. 1783-1797 Жж. Сырым Датов бастаған Кіші жүздегі ұлт азаттық қозғалыс. Игельстром реформасы.
- •57. Орта Жүздегі хандық биліктің жойылуы: "1822 жылғы Сібір қазақтары туралы жарғы".
- •59.1836-1838 Жж. Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған Кіші жүздегі қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі
- •63. XIX ғ. 60-90 ж. Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары: маңызы мен салдары.
- •64. Хiх ғ. Аяғы мен хх ғ. Басындағы патша өкіметінің Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару саясаты: мақсаты, негізгі кезеңдері
- •65. Хiх ғ.Қазақстан өнеркәсібінің пайда болуы және дамуы.
- •68.Қазақстанда ресейлік қамалдардың салынуы: мақсаты, мәні, маңызы.
- •69.Патша өкіметінің аграрлық реформасы (хiх ғ.). Столыппиннің аграрлық реформасы
- •70. Xiх ғ. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.
- •71. Xiх ғ. Бірінші жартысы хх ғ. Бас. Ағарту ісі.
- •74. Ш. Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары.
- •76. Ы. Алтынсарин - педагаг, ағартушы және балалар әдебиетінің негізін салушы.
- •79. Хх ғасырдың басындағы қазақ ерзімді басылымдар (дала улаяты, Айкап, Абай, Қазақ және т.Б.)
- •80. I дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •81.Ресейдегі Ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның өмірін демократияландырудағы маңызы.
- •82. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
- •83.Aлаш автономиясы жане алаш орда укимети
- •85. Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. Жер-су реформасы (1921-1925жж.).
- •86. Орта Азия және Қазақстан Республикасын ұлттық-территориялық жағынан межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ акср құрамына бірігуі (1920-1925жж.).
- •87. Хх ғ. 20-30 ж. Қазақстандағы мәдени жаңарулар.
- •91.Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери
- •92.1931-1932 Жж. Қазақстандағы аштық; себептері мен зардаптары. .
- •94.Крлаг,алжир Казакстандагы Сталиндик террордын белгиси.Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды.
- •97. Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.
- •98. Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынас. Жекелеген халықтарды Қазақстанға депортациялау.
- •99.Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Мәдени шығармашылық өзгерістер.
- •100. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: пайдасы мен зияны.
- •101. Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жоюдың алғашқы нәтижелері және хх ғ. Соңғы 50 жылдарында қоғамды демократияландыру.
- •102 Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.
- •103. Қонаев д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер
- •105. 1986Ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасы. Қазіргі көзқарас.
- •111. Қазақстан - халықаралық қатынаста тәуелсіз субъект.
- •114. Хх ғ. Қазақстан Астанасын көшірудің тарихы мен болашағы
- •115. 1993 Жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.
- •116. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың қазіргі қоғамның дамуындағы рөлі
- •117.Қазіргі қоғамның даму барысындағы мемлекетіміздің жастар туралы саясаты
- •118.Ұлттық құрамы Дін
- •119.Қазақстан Республикасының саяси жүйесі, оның құқықтық негіздері.
- •120 Нарықтық экономикаға көшу және экономикалық реформаны ұйымдастырудағы н.Ә.Назарбаевтың рөлі. Қазақстанның 2030 жылға арналған даму стратегиясы.
- •121.Қазақстан Республикасының президенті н.Ә.Н тәуелсіз қр-ның сыртқы саясатын қалыптастырудағы еңбегі
- •123 Ұлттық бір лік туралы Доктрина
- •125.Н.Ә.НазарбаевҚазақстанРеспубликасының Президенті – ұлткөшбасшысы
- •126. Қазақстан Республикасы Президентінің 28.01.2001 жылғы «болашақты бірге құрайық !»Қазақстан халқына үндеуі
7. Сақтардың саяси тарихы. Евразия тарихындағы.
Сақтар — қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. Сақтар – б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызия, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен:
парадрая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) — еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;
хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;
тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.
8. сақтардың әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы, тұрмысы. Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тұлға (Афрасиаб) болған деген деректер бар. Сақтар көк тәңіріне табынған. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білседе, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың дүние жүзіне аңдарды өрнектеумен әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттық мәдениетті дамытуға елеулі әсерін тигізді.Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың көсемдерігнің бірі-тамаша сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханум Заррине ел билеп, қалаларды салуға және жорықтарға қатысқан.Сақ тайпалары көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен байланысты. Оның себебі, біріншіден, бұл тұста климат жағдайы өзгеріп, құрғақшылық болып, күн ысып, өзен, көл сулары тартылып, шөп шықпайтын шөлейт жерлер пайда бола бастаған еді. Екіншіден, бұл жерлер бұрынғы теңіздің табаны болғандықтан оның біраз бөлігі құнарсыз, сусыз, сортаң болып келді. Мұндай жерлерге өсімдік, шөп шықпайды, егін егуге де болмайды. Сондықтан бұл жердегі адамдар мал өсірумен шұғылданып, оны өзінің тұрақты кәсібіне айналдырды. Малдың жайылымына қарай олар көшіп қонып жүрді.Сақтардың мал шаруашылығын негізгі бағыты қой шаруашылығы еді. Оның еті мен сүті ғана емес, сонымен бірге киіз басу, арқан есу үшін жүні де іске асты. Сақтардың тұрмысында жылқы да үлкен рөль атқарады. Өйткені ол мінсе көлік, жесе тамақ, ім-шсе сүті сусын қымыз.Сақтардың заманында жылжымалы арба да болған. Иппократ скифтер- дің тұрмысын суреттей келіп, былай деп көрсетеді: «Арбалар өте шағын, төрт доңғалақты. Басқа бір алты доңғалақты арбалар киізбен жабылатын үйге ұқсас екі және үш қабат киіз жабылған арбалар жасалып, олар жаңбыр мен желден пана болды… бұл арбаларда балаларымен әйелдер отырып, ал ерлер қашанда ат үстінде жүретін». Оңтүстік Қазақстан жеріндегі (Сырдария аңғары, Арыс, Келес т.б. өзендер бойы) сақ тайпалары егіншілікпен де айналысқан. Олар тары, арпа, бидай еккен. Кейбір жерлерде (Сырдария) суармалы егін шаруашылығы дамыған.Сақ тайпалары мал шаруашылығы мен егіншіліктен басқа аңшылық пен балық аулау кәсіптерімен де шұғылданған. Олар тау теке, арқар, қабан, бұғы, бұлан, дуадақ аулайтын. Жартастағы суреттер таулы-далалық тайпалардың аңды салт атпен қоршалып аулайтыны бейнеленген.
