Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_tarih_gos.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
707 Кб
Скачать
☆

4)Қола дәуірінің ескерткіштері, тұрағы және қорғандары.

 Қола дәуіріндегі ескерткіштердің ішінде обалар (қорғандар) айрықша кең көлемде зерттеліп, олардың сырлары ғылыми тұрғыдан ашылды.  Б.з.б. XIV-XII және XII-XI ғғ. жататын  «Каменский», «Турксибский» ескерткіштерін қаланың ішіндегі құрылыс жұмысының барысында ашылып,  олардан қашау (бұрғы), қыш ыдыстар, қоладан соғылған  балта, садақтың қола ұщтары, пышақ, қол орақ  және т.б. бұйымдар табылды (36, б.14). Алматының солтүстік-батыс шетінде Боралдай қорғандары бір жерге шоғырланған  олардың саны 47. Олардың ең үлкенінің диаметрі 100 м,  биіктігі 14 м.Кейбір ескерткіштер көрнекілігімен, құрылыстарының күрделілігімен ерекшелінеді. Мыстытас, Беғазы ескерткішін тұрғызу үшін салмағы 3 тоннаға жететін алып мәрмәр тастар қолданылған.

Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола — б.з.д. 18-16 ғғ, орта қола б.з.д. 15-12 ғғ., кейінгі қола б.з.д. 12-8 ғ.б. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.э.д. 17-9 ғасырлар).Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты.Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайдыАндронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр.Андронов мәдени-тарихи қауымның негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды.

5)Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс.Себебі,салдары,тарихи маңызы

Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.

Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.

Көтерілістің негізгі себептері:

1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);   2. Салықтар мен алымдардың кобеюі;   3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;   4. Ұлттық араздықтың өршітілуі;   5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;   6. Орыстандыру саясаты.

Салдары:   -3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді.   -161-і каторгаға айналды.   -Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.

Қазақтардың саны:   - Қазақ өлкесінде – 446 мыңға;   - Орта Азияда – 121,7 мыңға;   - Астрахань губерниясында – 51,8 мыңға;   - Россия империясында – 617,5 мыңға азайды.

Көтерілістің тарихи маңызы   1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.   2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.   3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.   4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.   5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.   6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды. 

6)Депортация.

Депортация (лат. deportatio - шығару) - мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады.Бұрынғы Кеңес одағында 1920-1940 жылдары тұтас халықтар депортацияға ұшыраған. Оларга жалған айыптар тағып, атамекендерінен күшпен жер аударды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]