Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
22-23-24.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
48 Кб
Скачать
☆

Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері

Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері - қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру;халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйым, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу.

Саяси көшбасшылықтың жіктелуі

Саяси көшбасшылықтың жіктелуі - Неміс ойшылы М.Вебер саяси көш бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасады. Ол саяси серкелерді "бедел" ұғымына негіздеп былай жіктеуді ұсынды:

1) билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет-ғұрып жетекшілігі;

2) ерекше қадір-қасиеті, қабілетіне (ақылдылығына, батырлығына, т.б.) байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастар;

3) Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси серкелер.

Саясат

Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:

1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланыс¬ты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;

2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;

3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;

4) әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;

5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы

Этносаясаттану

Этносаясаттану - саяси өмірді, этникалық қауымдастықты зерттейтін саяси ғылым саласы. Отандық және шетел эдебиетінде, сондай-ақ, «этносаясат» ретінде белгілі.

Этносаяси жанжалдарға этностар ,ұлттар арсындағы даудамайлар ,шиеленистер жатады.Басқа саяси-әлеуметтік егес,даудамайларға қарағанда өте күрделі және шешілу жолы қиын мәселе.Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекетте әр түрлі тілде сөйлейтіндердің,мысалы,Бельгия,Швейцария,әр түрлі дінге сенетіндердің,мысалы,Индиядағы сикхтар,мұсылмандар,индустар,Ливанда христиандар мен мұсылмандар,Кеңес Одағында,әртүрлі

нәсілдер,Оңтүстік Африка елдері арасында болуы мүмкін.Әдетте мұндай қақтығыстар әртүрлі этникалық топтардың арасындағы елеулі экономикалық теңсіздіктен туады. Этносаяси жанжал туғызатын мәселенің бірі-этникалық ұлтшылдық.Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі-түптеп келгенде өзінің мемлеккеттігін орнату.Мұндай ұлтаралық қақтығыстар қазіргі таңда жеткіліті.Мысалы,Таулы Қарабах,Солтүстік Ирландия мен Англия, Молдовадағы жанжалдар. Қалай болғанда мұндай шиеленістерге жол бермеуге керек. Сондай мақсатпен Н.Ә.Назарбаев 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құрды.Ассамблея елімізде ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау,нығайтуды қамтамасыз ету бағытында практикалық ұсыныстар жасайды. Ұлтаралық саясат саласындағы жаңа заң жобаларына қоғамдық сараптау жасайды.Мысалы,Қоғамдық бірлестіктер туралы,Мәдениет туралы,тілдер туралы және т.б,заң жобаларына қорытынды дайындап,Парламентке жібереді.

Саясаттануда

Саясаттануда парадигма деп – саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың сынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. «Парадигма» ұғымын 20 жж. ғылыми айналымға енгізген американ философы және қоғам тарихын зерттушісі Г.Кун.Ол сондай-ақ, белтілі ғылыми дәстүр шеңберінде кейбір зерттеушілік практика шеше алатындай жеткілікті мөлшерден шеттелмеген проблемалар да болуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]