Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хожин.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
713 Кб
Скачать
☆

5.3 Сурет – Станцияның жүктеме графигін тұрғызу

 

Электр станцияның  электрлік  бөлімін  жобалаған  кезде энергожүйеге  қатысты трансформатормен автотрансформатордың жүктеме  графиктерін  білу  керек. Мұндай  график  тұрғызу  әдісі  5.4 суретінде  көрсетілген.

Электр станциялары   энергожүйеде  ортақ  торапқа  жүктемені  өзара  неғұрлым экономикалық эффект көбірек болатындай етіп бөліп  жұмыс  істейді. Энергожүйе  жүктеме графигінің базалық бөлімінде, жүктеме  графигі болуы  мүмкін, станциялар жұмыс жасауы қажет. Бұл суэлектрстанциялары және  жылу электр орталығы, олардың электрлік жүктеме графигі  жылулық  жүктеме  графигімен анықталады. Графиктің  базалық  бөлігінде қуатты,  агрегатты  алып  станциялар жұмыс жасайды, олар жүйедегі жиілікті енгізеді. Пик кезінде  электрэнергиясын өндіру суэлектрстанцияларына жүктеледі. Графиктік орташа бөлімі, орташа және үлкен  емес  қуаттағы  конденсаттық станциялар  агрегаттары арасында таралады.  



5.4 Сурет– Трансформаторлардың  жүктемесінің  тәуліктік  графигін   тұрғызу

 

Жылдық жүктеме графигі тәуліктік максималды жүктеме  және  ұзақтығы бойынша графигіне  ұқсас тұрғызылады. Тәуліктік максималды жүктемесінің  жылдық графигі жыл ішіндегі тәуліктік графиктің өзгеруін көрсетеді. Ұзақтығы бойынша  жылдық  графигі  кему ретімен орналасқан бір жылдағы  жүктеме  диаграммасын  көрсетеді. График  тұрғызу  реті 5 - суретте  көрсетілген.

5.6 Сурет– Активті  жүктемені   ұзақтығы  бойынша   жылдық  графигін  тұрғызу.

 

Ұзақтығы бойынша жылдық график ауданы  жыл  ішіндегі   тұтынылатын  немесе шығарылатын белгілі масштаптағы кВт энергиясын, және тәуліктік  график сияқты  тәулік  ішіндегі  энергиясын  көрсетеді. Қондырғының  орташа  жылдық   жүктемесі

                                                                                                (5.7) 

мұнда 8760 – жылдағы  сағат  саны.

Активті жүктеменің шектелген қисық графигінің ауданы, қарастырылған периодтағы электрқондырғының тұтынған  немесе  өндірген  энергиясына  тең.

                                        

,                                                (5.8)

 

мұнда Р -графиктің i-ші  сатысының  қуаты;

Тi – саты  ұзақтығы.

Периодтағы (тәулік, жыл) қондырғының орташа  жүктемесі  тең

                                                                        (5.9)

 

мұнда Т – қарастырылатын  периодтың   ұзақтылығы;

Wп  - қарастырылған  периодтағы  электрэнергиясы.

Қондырғы жұмыс графигінің сәйкессіздік деңгейін толтыру коэффициен-тімен  бағалайды:

.                                           (5.10)

 

Қондырғы жүктемесінің график сипаттамасына максималды жүктемені  қолдануға, шартты  ұзақтылықты пайдалануға болады

.                                    (5.11)

 

Бұл шама қарастырылатын периодта Т неше сағат (жыл) нақты электр-энергия санын Wп осы период ішінде өндіру (тұтыну) үшін қондырғы  өзгеріссіз максималды жүктемемен жұмыс істеу керектігі көрсетіледі. Тәжірибеде  орнатылған  қуаттың  пайдалану  коэффициентін  қолданады

.                                        (5.12)

 

Орнатылған  қуаттың   қолданыс  ұзақтылығы:

.                                                (5.13)

 

Пайдалану коэффициенті  kи орнатылған агрегат қолданысының деңгейін  сипаттайды. kи  1, ал Туст  Т  екені айқын. РорнатРmax қатынасымен kи ≤ kэп   өрнегін   аламыз.

 

 

 

 

          6 - дәріс  Электр станциялар  және  қосалқы  станциялар  сұлбалары

 

6.1 Электрлік  қосылыс  сұлбаларының   жалпы  мәліметі

 

Станцияның негізгі  қондырғыларының (генераторлар  және трансформаторлар) өзара және қайтымды желілермен қосылу ретін, негізгі  қондырғының жиынтығын, электр тарату желілерін, жинақтама шинасын, коммутациялық бірінші реттік жабдықтар және олардың өзара қосындысын, электрқондырғының бас сұлбасы деп атайды. Электр  қосылысының  негізгі  сұлбасын  6.1 суретінде көрсетілгендей құрылымдық (структурный), үшсызықты, бірсызықты  және  оперативті деп  бөледі.

Құрылымдық сұлбалар тиімді нұсқауды таңдау үшін техника-экономикалық есептерді шешуге жобалау кезінде қолданылады. Қосалқы  станцияның  құрылымдық сұлбасы  6.1 а. суретінде көрсетілген.

Кеңінен таралған барлық қосылыстары бір фаза үшін көрсетілетін бірсызықты сұлба болып табылады.

Бірсызықты сұлба 6.1 б суретінде көрсетілгендей ток кернеу транс-форматорынсыз және разрядтауышсыз қысқартылуы мүмкін, 6.1 в суретінде  көрсетілгендей толық болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

    а)                                        б)                                                        в)