Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Manapova_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
224 Кб
Скачать
☆

1.3 Электр қабылдағыштардың негізгі топтары

Барлық салалардың өндіріс орындарындағы жалпы өндірістік қондырғыларды мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:

а) көтерме – көліктік машиналары (кран, тельфер, көпірлік және консольді крандары, лифттер, манипуляторлар және т.б.);

б) ағынды-көлік жүйелері (конвейрлер, шнектер және жүк тасымалдау механизмдері);

в) компрессорлар, желдеткіштер, насостар.

Өндірістің электр технологиялық саласын ерекше атап өту қажет. Оған:

а) электр-термиялық қондырғылар;

б) электр-пісіру қондырғылары;

в) электролиз қондырғылары; г) металл өңдеудің электрлік әдістері;

д) кернеуі жоғары электрлі өріс қондырғылары жатады.

Ең көп тараған электр энергиясының тұтынушысы өндіріс орындарының электрлік жарықтандыруы болып табылады (қыздыру, галогенді, люминесцентті, сынап – кварцты, ксенонды және натрийлі шамдар).

2.1 Электр энергияны өнеркәсіптік тұтынушылардың сипаттамалары, электр жүктемелерінің графиктері

 Электр энергияны тұтынушылар бірнеше параметрлермен сипатталады:

1) Өндіріс орындарында электр энергияны қабылдағыштар ток түріне байланысты келесі топтарға бөлінеді:

а) жиілігі 50Гц, кернеуі 1000В –қа дейінгі үш фазалы қабылдағыштар;

б) жиілігі 50Гц, кернеуі 1000В-тан жоғары үш фазалы қабылдағыштар;

в) жиілігі 50Гц, кернеуі 1000В-қа дейінгі бір фазалы қабылдағыштар;

г) жиілігі 50Гц-тан жоғары, түрлендіргіштік қосалқы станциялардан және қондырғылардан қоректенетін қабылдағыштар;

д) түрлендіргіштік қосалқы станциялардан және қондырғылардан қоректенетін тұрақты ток қабылдағыштар.

Қазіргі кезде өндіріс орындарында электр жабдықтау үш фазалы айнымалы ток арқылы іске асады. Тұрақты ток қабылдағыштардың қоректенуіне түрлендіргіштік агрегаттар орнатылған (жарты өткізгіштік түзеткіштер, сынаптық түзеткіштер, қозғалтқыш-генератор (Қ-Г) және механикалық түзеткіштер) түрлендіргіштік қосалқы станциялар құрылады.

2) Кернеу бойынша - ПУЭ сәйкес, электр энергияны өндіруші, түрлендіруші, таратушы және тұтынушы электртехникалық қондырғылар, сонымен қатар кернеуі 1000В-қа дейін электр қондырғылар және 1000В-тан жоғары электр қондырғылар болып бөлінеді.

3) Бейтарап режімдер:

а) кернеуі 1000В-қа дейінгі қондырғылар жерге қосқыш арқылы, сонымен қатар оқшауланған бейтарап арқылы орындалады, ал тұрақты ток қондырғылары жерге қосу және оқшауланған нөлдік нүкте арқылы орындалады.

б) кернеуі 1000В-тан жоғары электрлік қондырғылар келесі түрге бөлінеді:

- оқшауланған бейтарабы бар қондырғылар ( кернеуі 35 кВ-қа дейін);

- сыйымдылық тогын өтемдеу үшін индуктивті кедергі арқылы жерге қосылған бейтарабы бар қондырғылар (кернеуі 35 кВ-қа дейін және сирек кезде 110 кВ);

в) жерге қосылған бейтарабы бар қондырғылар (кернеуі 110 кВ-қа дейін және жоғары).

Сонымен қатар бұл қондырғылар аз шамалы жерге тұйықталу тогы бар қондырғылар (500 А-ге дейін) және үлкен жерге тұйықталу тогы бар қондырғылар (500А-ден жоғары) болып бөлінеді.

4) Ток жиілігі бойынша электр энергияны қабылдағыштар-өндірістік жиілікті қабылдағыштар (50Гц), үлкен жиілікті қабылдағыштар (100 кГц-тен жоғары), жоғары жиілікті қабылдағыштар (10 Гц-ке дейін) және төмен жиілікті қабылдағыштар (50 кГц-тен төмен) болып бөлінеді.

5) Электр энергия қабылдағыштары режім ұқсастығы бойынша, яғни жүктеме графигінің ұқсастығы бойынша топтарға бөлінеді. Барлық қабылдағыштардың үш сипаттамалық топтары бар:

а) бір қалыпты немесе аз мөлшерде өзгеретін жүктемемен жұмыс істейтін қабылдағыштар (1 суретті қара). Бұл режімде электрлік машина немесе аппарат бөлшектерінің температурасы аз белгіленген температурадан аспай ұзақ уақыт жұмыс істей алады.

б) қысқа мерзімді жүктеме режімінде жұмыс істейтін қабылдағыштар. Бұл режімде машиналармен аппараттардың жұмыс периодының ұзақтығы аз, тіпті машиналар мен аппараттардың бөлшектерінің температурасы белгіленген шамадан аспайды (2 суретті қара). Ал машиналар мен аппараттардың өшіп қалу периоды соншалықты ұзақ, тіпті машина қоршаған ортаның температурасына дейін салқындануына үлгереді.

в) қайталанбалы – қысқа мерзімді жүктеме режімінде жұмыс істейтін қабылдағыштар (3 суретті қара). Бұл режімде машина мен аппараттардың қысқа мерзімді жұмыс периоды қысқа мерзімді өшу периодымен кезектесіп тұрады. Қайталанбалы – қысқа мерзімді жұмыс режімі жұмыс істеудің салыстырмалы жалғастығымен және циклдің ұзақтығымен сипатталады. Қайталанбалы қысқа мерзімді жүктеме режімінде электр машина немесе аппарат шексіз уақытта белгіленген салыстырмалы жұмыс істеу жалғастығымен жұмыс істей алады, ал машина немесе аппаратура бөлшектерінің температурасы белгіленген шамадан аспайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]