Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уголовка для подготовки.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
222 Кб
Скачать
☆

43)Қылмыстардың көптілігінің түсінігі.

Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы — қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтың қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір түлға-ның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қата-рының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір түлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бүл қылмыскердің бойында түрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығьш дәлелдейді. Мұньщ өзі жағдаидың тең қара-стырылуы барысында бүл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық-қүқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді.

Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дүрыс саралануы мәселесін де туында-тады.

Түлғаныңқылмыстьщжауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталма-ған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәикес тоқта-тылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық қүқықта қылмыстардьщ көптігі деп танылады. Қазіргі қылмыс-тық зандар бойынша қылмыстардың көптігінің төмендегідеи түрлері айқындалып, ажыратылады:

қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;

қылмыстардың жиынтығы;

қылмыстың қайталануы.

Қылмыстардың көптігінің езіне тәй белгісі — бір түлғаның кемінде екі қылмыс, яғни қылмыстардьщ дербес қүрамдарының белгілері бар әрекеттер (немесе жиынтықталған бір әрекет) жасауы, Ал әкімшілік құқық бұзушылық, тәртіпке қарсы қылық, азаматтық-қүқықтық тәртіп бүзушылық, сол сияқты, ҚК-тің 9-бабының екінші бөлігінде қарастырылған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың көптігіне жатпаиды.

Қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімі өтіп кеткен немесе соттылығы жойылған (алынып тасталған) заң бұзушы-лықтар да қылмыстың кептігіне жатпайды. Бұл туралы қыл-мыстың бірнеше мәрте жасалуына қатысты ҚК-тің 11-бабы-ның үшінші бөлігіиде анық айтылған.

Сонымен қатар, қылмыстық-құқықтық салдар жоққа шы-ғарылған әрекеттер де қылмыстардың көптігіне жатпаиды. Ол жағдайлар, атап айтқанда мыналар: шын өкінуіне (ҚК-тің 65-бабы), қажетті қорғанудың Іпегінен асуына (ҚК-тің, 66-бабы), жәбірленупіімен татуласуына (ҚК-тің 67 бабы) байланысты немесе рақымшылық жасау актісі негізінде (ҚК-тің 76-бабының екінші бөлігі) немесе ҚК-тің Ерекше бөлімінде көрсетілген жағдайларға орай (125, 165, 231, 233, 312 және баска баптарда кездесетін ескертулер) қылмыс жасаған тұлғаның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы немесе босатылуға тиістілігі.

Қылмыстардың көптігін жекелеген Ідылмыстан, яғни қыл-мыстың бір ғана құрамының белгілерінен тұратын әрекеттен ажырата білу керек. Егер де жасалған қылмыс қарапаиым құрамның белгілерінен тұратын қылмысты қылықтың бір ғана көрінісі болса, әрине, жекелеген қылмыс түрін қылмыстардың кептігінен ажыратып алу> әдетте, қиынға сокпайды.

Алайда, сот тәжірибесінде сырттай қарағанда жекелеген қылмыстардың қылмыстың көптігіне өте ұқсас болып келетін жағдайлары да ұшырасады. Бұл күрдеді (құрамдас), созылмшіы, жалгаспалы қылмыстар жасағанда орын алады.

Жеке алғанда әрқайсысының әзі қылмыстың дербес кұра-мьшың белгілерінен тұра алатын, алайда ішкі тұтастығына қарай бір қылмыс ретінде қарастырылушы екі немесе бірнеше әре-кеттерден құралатын қылмыстар күрделі (құрамдас) қылмыс-тар деп танылады.

Мұндай қылмыстардың ең кең тараған түрі ретінде бөтен мүлікті иелену мақсатымен жәбірленушінің өміріне не денсау-лығына қауіпті болып табылатын күш қолдану арқылы қол жеткізетін қарақшылықты мысалға алуға болады.

Жекелеген күрделі қылмыстардың қатарына екі әрекеттен, соның ішінде балама әрекеттерден де түратын қылмыстар жа-тады. ҚК-тің 202-бабында төмендегідей балама әрекеттерден түруы мүмкін бір ғана қылмыс туралы сөз болады: қүнды қағаз-дарды эмиссиялау жобасын оның жалған ақпараттардан түра-тынын біле түра бекіту, сонымен бірге, қүнды қағаздарды шы-гару жөніндегі есептің жалған екендігін біле тұра, оны бекіту. Кінәлі адам осы аталған әрекеттердің тек біреуін жасаса да, бірнешеуін жасаса да оның ісі, бәрібір, қылмыстың бір қүра-мынан тұрады деп есептеледі.

Белгілі бір қылмысты әрекет құрамын үзбестен жүзеге асы-рып отыру — созылмалы қылмыс болып табылады. Атап айтқанда ол — заңмен қылмыстық қудалану қаупін төндіре отырып кінәлінің мойнына артқан міндеттердің көп уақыт бойьтна орындалмауына келіп тірелетін әрекет немесе әрекетсіздік.

Аиталық, П. езінің ұльш асырауға қажетті, сот шешімі арқы-лы белгіленген қаржыны төлеуден бір жарым жыл бойы қаса-қана бас тартты. Бұл уақыт аралығында ол өзінің жұмыс ор-нын сегіз рет өзгертіп, бір қаладан екінші қалаға көшумен бол-ды. Кдлмысты қылығының осыншама уақытқа созылғанына қарамастан, П-ның ісі қылмыстың көптігіне жатпайды, ол со-зылмалы жалғыз ғана қылмыс болып табылады.

Созылмалы қылмыстар қатарына, сонымен қатар, қашқын-дық (ҚК-тің 373-бабы), несиелі берешекті өтеуден әдейі жал-тару (ҚК-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты ше-телден қайтармау (ҚК-тің 213-бабы) және басқалар жатады.

ҚК-тің 11-бабының бірітиі бөлігіне сәйкес — жалгаспалы қылмыс ортақ ниетпен және мақсатпен қамтылып, тұтас алғ-анда, бірдей қылмыстық әрекеттер қатарынан тұрады. Әдетте, жалғаспалы қылмыстар әрекеттерден туындайды, бірақ әрекетсіздіктен де тұруы мүмкін (ҚК-тің 315-бабындағы — қызметтегі әрекетсіздік). Барлығын тұтас алғанда жалғаспалы қылмысты құраушы әрекеттердің әрқайсысы жеке алғанда дер-бес қылмыс болуы да болмауы да мүмкін (әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылықпен байланысты немесе тіпті ешқандай заң жауаптылышна байланыссыз). Алаңда, кез-келген жағдайда да, мүндай әрекеттердің әрқайсысы заң түрғысынан өз алдына жеке сараланбауы тиіс, себебі, ол жалғаспалы қылмыс болып табылатын түтас әрекеттің бір кезеңі ғана. Мысал ретінде жал-ғаспалы ұрлықты алуға болады. Егер де кінәлі деп табылған адам қоймадағы азық-түлікті белгілі бір уақыт аралығында азғантай мөлшерде алып шығып үрлап отырса, оның әрекеттерінде қыл-мыстың көптігі болмайды. Бүл орайда, қылмыскердің әр кезде үрлап шығарған мүлкінің мелшерінің маңызы жоқ. Әр жолғы ұрланған мүлік мөлшері әртүрлі болып келтірілген залал бір жолы айтарлықтай келесі бір жолы елеусіз болғандықтан қоғамдық қауіптілікке жашайтын және ҚК-тің 9-бабының екітиі бәлігіне сәйкес қылмыс болып табылмайтын күнде де бұл үрлықтың — жалғаспалы деп танылғаны орынды.

Үрлықпен бірге түтынушыларды алдау (ҚК-тің 223-бабы), ұрып-соғу (ҚК-тің 106-бабы), азаптау (ҚК-тің 107-бабы) және басқа да қылмыстар жалғаспалы қылмыстар қатарында жиі ұшырасады.

44)Қылмыстардың қайталануы кезінде жаза тағайындау.

59-бап. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау

1. Қылмыстардың қайталануы, қауiптi қайталануы және аса қауiптi қайталануы жағдайында жаза тағайындау кезiнде бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi, оның алдындағы жазаның түзетушiлiк ықпалының жеткiлiксiздiгiне себеп болған мән-жай, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi ескерiледi.

2. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi жасалған қылмыс үшiн көзделген ең қатаң жаза түрiнiң ең жоғары мерзiмi мен мөлшерiнiң үштен бірінен төмен, ал қылмыстардың қауiптi қайталануы жағдайында - үштен екісінен төмен, ал қылмыстардың аса қауiптi қайталануы жағдайында - төрттен үшінен төмен болмауы керек.

3. Егер осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң бабында (бабының бөлiгiнде) айқындаушы белгi ретiнде қылмыс жасаған адамның соттылығына сiлтеме болса, сондай-ақ осы Кодекстiң 55-бабында көзделген ерекше мән-жайлар болған кезде қылмыстың қайталануы, қауiптi қайталануы немесе аса қауiптi қайталануы кезiнде жаза осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген ережелердi ескермей тағайындалады.

45)Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар.

54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар

1. Мыналар қылмыстық-жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;

б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтiру;

в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау;

г) қылмыс жасағанда айрықша белсендi рөл атқару;

д) айыпкер үшiн психикасы бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi алдын ала белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;

е) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздың себебi бойынша, басқа адамдардың заңды iс-әрекетi үшiн кектенушiлiктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;

ж) жүктiлiк жағдайы айыпкер үшiн алдын ала белгiлi әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не айыпкерге тәуелдi адамға қатысты қылмыс жасау;

з) белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiби немесе қоғамдық борышын өтеуiне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;

и) аса қатыгездiкпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбiрленушiнi қинап қылмыс жасау;

к) қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеушi құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивтi заттар, дәрiлiк және өзге де химиялық-фармокологиялық дәрi-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетiп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауiптi әдiс қолданып қылмыс жасау;

л) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртiп бұзушылық кезiнде қылмыс жасау;

м) алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уытқылық елiту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға құқылы;

н) адамның өзi қабылдаған антын немесе кәсiби антын бұза отырып қылмыс жасауы;

о) қылмыскердiң қызметi жағдайына немесе шартқа байланысты өзiне көрсетiлген сенiмдi пайдаланып қылмыс жасауы;

п) өкiмет өкiлiнiң нысанды киiмiн немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау.

2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мән-жай осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында қылмыс белгiсi ретiнде көрсетiлген болса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретiнде қайталап ескерiлмеуi керек.

3. Жаза тағайындау кезiнде сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлмеген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды

46)Қылмыстық жауаптылықтан босату және оның түрлері

Қылмыстық жауаптылықтан босату — қылмыстық заңдарға және қылмыстық іс жүргізу зандарына сәйкес қылмыс жаса-ған адамға мемлекет органының қылмыстық-құқықтық ша-раларды қолданудан бас тартуы болып табылады. Қылмыс-тық жауаптылықтан босату институтында сонымен қатар әділеттілік, ізгілік, жекекінәлі жауаптьціық, азаматтардың заң алдындағы теңдігі қағидаттары міндетті түрде бірге жүзеге асырылып отырады. Кейбір жағдайларда кінәлі болып қалған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жазаны етеуден мерзімінен бүрын босату, етелмеген жазаның белігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы көзделген міндеттерді орындап тиісті мақсатқа жету-ге болады. Құқық қолдану органдары қызметкерлері осы мәселелерді шешу барысында қылмысхьтң жасалуының қоғамға қауіптілігін ескеруі, кінәлінің жеке басына оның қылмыс жасағанға дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі әрекеттеріне мән беруі керек (шын өкінуі, айыбын моііындап келу, қылмысты ашуға жәрдемдесуі т.б.).

Қылмыстық жауаптылықтан босату — адамның әрекетінін қоғамға қауіптілігі аз, онша қауіпті болмауы және адамға қылмыстык жазаны қолданбай-ақтүзелуі мүмкін болған жағ-дайларда қолданылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау институтын орнықтырған.

Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері мыналар болып табылады:

шын екінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-тің 65-бабы);

қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-тің 66-бабы);

жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-тің 67-бабы);

жағдайдың езгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-тің 68-бабы);

ескіру мерзімінің етуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-тің 69-бабы);

рақымшылық жасау актісі непзінде қылмыстық жауап-тылықтан босату (ҚК-тің 76-бабы);

Арнайы белгілерге байланысты кейбір жеке қылмыстардың санаттары бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері қарастырылған (ҚК-тің 125 165,231,233, 234,236,251, 252, 259, 297, 312, 326, 352, 358, 372, 373, 375, 376, 377, 378, 379, 381 -баптарының ескертулері).

Жоғарыда көрсетілген қылмыстық жауаптылықтан босатудыц Іщрлері міндетті және факулыпативтік болып бөлінеді. Қылмыстық жауаптылықтан м і н д е т т і босатылу болып ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатылу (бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардан және қылмысы үшін өлім жазасы тағайындалған жағдайлардан басқа) танылады.

Арнайы белгілерге байланысты қылмыстық жауаптылық-тан босату ҚК-тің Ерекше бөлімінің 125, 165,231, 233,234,236, 251, 252,259,297, 312,326, 352, 358- баптарының ескертулерінде көрсетілген. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың баска түрлері ф а к у л ь т а т и в т і к белгілерді қамтиды, яғни заңмен қарастырылған жағдайларда формальды негізді қолда-ну міндеттілжті тудырмайды. Қандай да болмасын қылмыстьтқ жауаптылықтан босатудың түрі қылмыс құрамының белгілері, қылмыстық жауаптылықтың негізі бар болған жағдайда ғана колданылады. Сот, прокурор, тергеу, анықтау органдары қыл-мыстықжәне қылмыстық іс жүргізу заңдарын негізге ала оты-рып қьілмыстьіқ жауаптылықтан босату туралы шешімге келеді. Қылмыстық жауаптылықтан босату тек қана адамның қылмыс-тык жазалануға жататын әрекеттері болған жағдайда ғана қарастырылады.

47)Қылмыстық жауаптылықты және жазаны жеңілдететін мән-жайлар

53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн

мән-жайлар

1. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады:

а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасау;

б) айыпкердiң кәмелетке толмауы;

в) жүктiлiк;

г) айыпкердiң жас балалары болуы;

д) қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдiк зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-әрекеттер;

е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасау;

ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгi себептi қылмыс жасау;

з) қажеттi қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттiлiк қылмыс жасаған адамды ұстау, негiздi тәуекел, бұйрықты немесе өкiмдi орындау жағдайында қылмыс жасау;

и) қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылған жәбiрленушiнiң заңға қайшы немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылығы;

к) шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге белсендi жәрдемдесу.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделмеген мән-жайлар да жаза қолдану кезiнде жеңiлдетушi ретiнде ескерiлуi мүмкiн.

3. Егер жеңiлдететiн мән-жай осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында қылмыс белгiсi ретiнде көзделген болса, ол өзiнен-өзi жаза тағайындау кезiнде қайталап ескерiле алмайды.

4. Осы баптың бірінші бөлігінің д) және к) тармақтарында көзделген жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда, жаза мерзімі немесе

мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген жазаның неғүрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған кезде - жартысынан, ауыр қылмыс жасаған кезде - үштен екісінен, аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшінен аспауға тиіс

48)Қылмыстық жауаптылықтың заңды жауаптылықтың басқа да түрлерінен айырмашылығы

Қылмыстық жауаптылық мемлекетпен тағайындалатын заңды жауаптылықтың бірі болып табылады және қылмысы үшін кінәлі адамдарға ғана қолданылады.

Қылмыстық жауаптылық институты қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғайтын, сотталғандарға тәрбиелік сипатта әсер ететін, қылмыстардың алдын алатын қылмысты-лықпен күресудегі маңызды тәсіл ретінде қарастырылады.

Қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылықтың түсінігі берілмеген. Мұңдай анықтама текқылмыстық құкық ғылымын-да ғана айқындалған. Әдебиеттерде қылмыстық жауаптылыққа әртүрлі анықтама, түсініктер берілген.

Кылмыстықжауаптылық мемлекеттің зан шығарушы орга-ны қылмыстык жазалау қатерімен тыйым салған, қоғамға қауіпті әрекетті кінәлі түрде жасағандык үшін ғана белгіленеді.

Қылмыстық жауаптылықты мазмұнына карай былайша түсінуге болады:

а) қоғамға қауіпті белгілі бір, нақты әрекетті істеген адамға мемлекет, қоғам тарапынан кінәсін бетіне басу;

ә) қылмыс істеген кінәлі адамға заң жүзінде қылмыстық жаза қолдану. Бүл ораңда Г. Ф. Поленовтың қылмъгстық жауап-тылыққа берген анықтамасын дүрыс деп үғынуға боладьт "Қылмыстык, жауаптылык, — бұл қылмыс жасаған адамның тек мемлекет алдында жауапты болуы ғана емес, сонымен катар, қылмыстық-қүқықтық шараны қолдану нәтижесінен болған кінәлінің қиналуы, оның кейіп, өкінуінен түратын және мем-лекет алдында қылмысы үшін тәуелді түрде айыпты болуы1. Мемлекет тарапынан қылмыстылықты анықтау алдын ала тер-геу органдарымен жүзеге асырыла отырып, тұлғаның жасаған қылмысы сотпен занды түрде бағаланып оны қылмыскер деп танудан тұрады. Мемлекет тарапынан қолданылатын қудалау әркез кінәліге жаза тағайындаумен ғана аяқталып қоймагіды. Қылмыстық заң қылмыс жасаған адамдарға басқа да кылмыс-тық-қүқықтық шараларды қолдана алады. Мысалы, медицина-лық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын.

Қылмыстык, жауаптылык, пен жаза бір біріне үқсас түсініктерге жатпайды. Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшеліктері мен мемлекет атынан қолданылатын мәжбүрлеу шаралары бар және мазмүны жағынан кең ауқымды болса, жаза кылмыстық жауаптылыктың нысаны ретінде арнаулы заңды-лықтар арқылы жаза туралы ережелерге сүйене отырып қол-данылады.

Кылмыстық жауаптылықтан босату негіздері ҚК-тің 65—69, 76-баптарына сәйкес қылмыстық жазадан босатудың да негіз-дері болыптабылады. (ҚК-тің 70,73—76-баптарында қараңыз).

Қылмыстық жауаптылық басқа заңдьт жауаптылық түрлерінен (азаматтық-құқықтық, әкімшілік, тәртіптік т б ) ерекшеленіп, ажыратылады. Яғни қылмыстық жауаптылық, қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым салынған қылмыстық әрекет үшін кінәліге жаза тағайындауға және сот-тылықтың туындауын көздейтін қылмыстық қол сұғушылыққа қатысты құқық қорғау органдарымен қолданылатын шара бол-са, занды жауаптылықтың басқа түрлері тиісінше өзге де құкық бұзушылықтарға қолданылады.

Қылмыстык жауаптылықтың пайда болуы, іске асуы, жогі-ылуы қылмыстық-құқықтық қатынастар шегінде болып оты-рады. Демек, қылмыс жасаған уақытта қылмыстық жауапты-лықпен қатар бір мезеттеқылмыстық құқықтық қатынастар да пайда болады.