Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lecture.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4. Бақылау сұрақтары:

  1. Педагогиканың негізгі категорияларына қандай ұғымдар жатады?

  2. Білім беру, тәрбие, оқыту ұғымдары өзара қалай байланысты?

  3. Педагогиканың негізгі ұстанымдарына қандай ұстанымдар жатады?

  4. Ұсанымдардың маңызы неде?

5. Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика (для магистратуры). –А: Қазақ университеті, 2006.

  2. С.Д.Смирнов Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. М., 2003.

  3. Исаева З.А. Подготовка студентов университета к научно-исследовательской работе по педагогике: Метод.реком.КазГУ им.Аль-Фараби, 1996.

  4. Баширова Ж.Р. Развитие университетского образования в аспекте подготовки преподавателя высшей школы. Монография. –А: Агуим.Абая, 2003.

  5. Хазова Л.В. Мировой опыт и тенденции развития высшего образования (гуманитарный аспект). –Красноярск, 1994.

  6. Попков В.А. Коржуев А.В. Теория ипрактика высшего профессионального образования. М: Академический Проект, 2004.

4-тақырып. Жоғары білім педагогикасы және педагогика ғылымының әдіснамасы.

1. Лекцияның мақсаты: Жоғары білім және педагогика ғылымының әдіснамалық негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру, ғылым ретінде өзіне тән ерекшеліктерін сипаттау.

2. Негізгі мәселелер:

1.ЖОО-дағы педагогикалық жүйе және педагогикалық процесс.

2.Педагогикалық жүйе біртұтас білімдендіру процесі ретінде.

3.Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы.

4.Педагогикалық зерттеу әдістері, кезеңдері мен құрылымы.

3. Қысқаша мазмұны:

Оқыту, тәрибелеу және дамытуды бірлікте ала отырып олардың біртұтастығын қамтамасыз ету педагогикалық процестің басты міндеті болып табылады. Сол себепті де көптеген педагогикалық еңбектерде «педагогикалық процесс», «оқу-тәрбие процесі» ұғымдары бірегей мағына береді. Сайып келгенде, педагогикалық процесс дегеніміз – тәрбие мен оқытудың бірлігі мен байланысына негізделген тұтас оқу-тәрбие процесі болып саналады, оған тән басты белгілердің бірі – субъектілерінің өзара бірлігіне, ынтымағы және жасампаздығы алдыңғы орында болады да, ол тұлғаның әлдеқайда толыққанды дамуына, өзін-өзі іске асыруына ықпал етеді.

Оқу-тәрбие процесі

ХІХ ғасырдың соңында П.Ф.Каптерев білім беру процесінің мәні бір нәрсені екінші адамға беруде емес, сондай-ақ, ұрпақтар арасын байланыстыру да емес деген болатын. П.Ф.Каптеревтің ойынша, білім беру процесінің ішкі және сыртқы жағы болады. Организмнің өзін-өзі дамытуы білім беру процесінің ішкі жағы болса, түрлі мәдени құндылықтарды жеткізу, аға ұрпақтың кіші ұрпақты үйретуі – бұл оның тек сыртқы жағы ғана. Бұл анықтамаға жүгінетін болсақ, оқыту процесі барысында адамның тұлға ретінде өзін-өзі дамытуы және дамуы – білім берудегі басты міндет болып саналады.

Кез келген педагогикалық жүйе адамды оқыту және тәрбиелеу, яғни оқу-тәрбие процесі барысында іске асады және дамиды. Жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру тек тұтас педагогикалық процесс барысында ғана қалыптасады.

Педагогикалық процесс динамикалық жүйе ретінде интегративтік қасиетке ие. Оған мынадай белгілер тән:

- тұтастық;

- жүйелілік;

-көпфункциялылық;

-сапалық белгілерге ие;

-құрылымға ие;

Педагогикалық процеске тұтастық тән. Тұтастық дегенде нені түсінеміз? Тұтастық ұғымына жалпы философиялық тұрғыдан келетін болсақ, ол объектінің ішкі бірлігін білдіреді. Оған бір жағынан, дербестік және қоршаған ортаға тәуелсіздік тән. Екінші жағынан, педагогикалық процесті құрайтын компоненттердің барлығының бірлігі тән болып келеді. Біртұтас педагогикалық процесс тәрбиелеу, оқыту және дамыту процестерінен тұрады. И.П.Подласый педагогикалық процесті оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру және олардың жүзеге асу формалары, шарттары, формаларының тұтастығы ретінде қарастырады (сурет).

Процеске қажетті шарттардың жүйесі

Процестің жүзеге асу формалары мен әдістерінің жүйесі

Педагогикалық процесс

Қалыптастыру процесі

Дамыту процесі

Тәрбиелеу процесі

Оқыту процесі

Үйретушілер мен үйренушілердің ынтымақтастығы

Процесстің өту барысы

Бұл суреттен педагогикалық процестің көптеген шағын жүйелердің тұтастығынан тұратынын көруге болады. Бірақ педагогикалық процесс бұл жүйелердің ешқайсысымен тең қарастыруға болмайды. Ол бұл шағын жүйелерді бір мақсатқа біріктуші жүйе болып саналады.

Оның тұтастығын мынадан көруге болады:

-оқыту, тәрбиелеу, дамыту т.б. процестердің бірлігінен;

-бұл процестердің өзара бір-біріне бағыныштылығынан;

-бұл процестердің өзіндік даралық ерекшеліктерінің бірлігінен;

Педагогикалық процеске көпфункционалдылық тән. Педагогикалық процестің ең басты қызметтері – білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Білім беру қызметі – оқыту процесі барысында, сабақтан тыс уақыттарда, қосымша білім беру мекемелерінде жүзеге асырылады. Тәрбиелеу қызметі де тәрбиелеу процесі барысында үйренушілер мен үйретушілердің өзара ықпалдасуы нәтижесінде, педагог арқылы, оқу жоспарлары мен бағдарламалары, оқу-тәрбие барысында қолданылатын әдістер мен құралдар арқылы іске асырылады. Дамытушылық қызметі адамның психикасының сапалы өзгеруі, жаңа қасиет-сапалары мен біліктерінің нәтижесінде көрінеді.

Педагогикалық процесс мынадай қасиеттерге ие:

-БПП оны құраушы процестердің әрқайсысының қызметін іске қосып, жетілдіреді;

-БПП оқыту және тәрбиелеу әдістерінің тиімділігін арттырады;

-БПП педагогтар мен білім алушыларды біріктіреді.

ПП құрылымға ие. Құрылым дегеніміз – жүйені құрайтын бөлшектердің орналасуын және олардың өзара байланысын білдіреді. ПП құрылымы келесі компоненттерден тұрады:

-ынталандырушы-мотивациялық компонент;

-мақсат компоненті;

-мазмұн компоненті;

-операционалдық-іс-әрекет компоненті;

-бақылау-реттеу компоненті;

-рефлексия компоненті.

Кез келген педагог белгілі бір деңгейде зерттеуші, себебі практиканың нәтижелерін сұрыптап, оқу үдерісін жетілдіріп отыру оқытуыдан үлкен еңбекпен бірге ғылыми шығармашылықты да қажет етеді. Ғылыми ізденіске деген қажеттілік екі мәселеге байланысты туындайды: 1) оқытушылық жұмыста үнемі қайталанып отыратын стандартты жағдайлар жоқ: тәрбиеленушілер үнемі ауысып отырады, тәрбиеленушінің әрқайсысы әр түрлі т.б. 2) жыл сайын бір нәрсені қайталай беру оқытушыны жалықтырады, сол себеті одан арылудың жолы - өзіңнің және өзгелердің тәжіриесін зерттеп, тәжірибе алмасу.

Педагогикалық зерттеуде белсенді қолданылатын әдістерге мыналар жатады: эксперимент, бақылау, сауалнама алу, озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, жүйелеу т.б.

Әдіснама (методология; грек. мethodos – зерттеу жолы, теория, ілім және ,,,, логия) – 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педпгогикалық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші педагогиканың нәтижеге жетуі оның ғылыми-құрал жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты; 3) дүниенің, қоғамның обьективті заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.

Әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Зерттелетін обьекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі; ғылыми әдістің негізгі мақсаты - обьективтік ақиқатты ашу. Әдіснаманың негізіне белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Ғылыми теория мен әдіснама өте тығыз байланысты. Теория - обьективтік шындықтың идеялық бейнесі.

Педагогика ғылымының әдіснамасы – қоғамның даму жағдайында үнемі өзгеріп отыратын педагогикалық шындықты шынайы, дұрыс көрсететін білімді табудың ыңғайы мен тәсілдері туралы қағидалардың, педагогикалық теорияның негіздері және құрылымы, бастапқы қағидалары туралы білімдер жүйесі.

Әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім. Бұл нақты философиялық жүйемен байланысты. Ғылым әдіснаманың негізін Гегель салған. Әдіснаманы меңгеру арқылы дүниетанымдық көзқарас, ұстаным қолданылды, ол кейін зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғышарттар негізінде жасалады.

Кез-келген әдіснама реттеуші, нормалаушы қызметін атқарады. Әдіснамалық білім дескриптивті (бейелеуші) және прескриптивті (нормалаушы) формаларда көрінеді.

Дескриптивті әдіснама – ғылыми білімнің құрылымы, ғылыми танымның заңдылықтары жайындағы ілім. Ол зерттеу процесінде бағыттаушы ретінде қолданылады. Прескриптивті әдіснама іс-әрекетті реттеуге бағытталған.

Әдіснамалық білім құрылымы 4 деңгейден тұрады:

1) Фиолсофиялық деңгейде ғылым танымның жалпы принциптері мен ғылымның ұғымдық аппараты жинақталған.

2) Жалпығылымилық деңгей – бірнеше ғылыми пәндерде қолданылатын теориялық концепциялар.

3) Нақты-ғылымилық деңгейінде арнайы ғылымда қолданылатын зерттеу әдістерінің принциптері мен іс-шаралардың жиынтығы көрсетілген;

4)Технологиялық – зерттеу әдістемесі мен техникасы.

Әдіснаманың барлық деңгейлері күрделі жүйені құрайды. Бұнда философиялық деңгей әдіснамалық білімнің мазмұнды негізі ретінде танылады.

Білім берудің дамуы білім беру философиясының дамуы мен оның педагогикалық теория мен практикаға енгізілуіне тікелей бағынышты. Қазіргі европалық мектеп пен білім беру Я.А.Коменский, И.Г. Песталоцци, Ф.Фребель, И.Г.Гербарт, Ф.А. Дистервег, Дж. Дьюи және т.б. классиктер түйіндеген философиялық және педагогикалық идеялардың әсерінен қалыптасқан. Олардың идеялары ХІХ-ХХғғ. Дамыған білім берудің классикалық моделі негізінде жатыр.

ХХғ. І-ші жартысында Қазақстан, сол кездегі Кеңес Одағы педагогикасында бүгінгі күні өз мәні мен маңызын жойып алған иеялар негіз ретінде танылды. Олар қазір сынға алынған. Осы идеялар ішінде білімді адам идеялының түсіндірмесі де бар. Білімді – бұл білімді білетін және қолдана алатын адам. Білімділік парадигма білім берудің мазмұнын ғылым негіздері жайындағы білім дегенге саяды. Оқу пәндерін құру тәсілі бұнда білімді біртіндеп жинақтау. Оқытудың басты формасы – сынып сабақ жүйесі.

1960-шы жылдан бастап отандық мәдениетке (басқа адамның пікірін түсінуі, есепке алу қажеттілігі,тұлғаны, оның құқын құрметтеу) диолог, ынтымақтастық, біріккен іс-әрекет енгізілді. Осыған байланысты классикалық білім беру жүйесі қоғам мен өндіріс талаптарына сәйкес келмей қалды. Жаңа педагогика мен білім беру процесін қайта құру үшін философиялық педагогикалық идеяларға қажеттілік туындайды.

Қазіргі педагогика ғылымының басты бағыты – оның көзқарас негіздеріне бағытталуы, тұлға құндылығына қайта оралуы. Педагогика мен практиканың адамға, оны дамытуға, гуманистік дәстүрді қайта жаңғыртуға бағытталуы - өмірлік мақсат ретінде танылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін педагогиканың әдіснамасы болып табылатын білім берудің гуманистік философиясын дайындау қажет.

Осыған сәйкес, педагогиканың әдіснамасы – бұл білім беру философиясының гуманистік мәнін белгілейтін педагогикалық таным мен ақиқат шындықты өзгерту жайындағы теориялық қағидалардың жиынтығы.

Адам әрдайым болып жатқан құбылыстарды дүниетанымды бағалауға (саяси, құлықтық, эстетикалық және т.б.), міндет қоюға, шешімін іздеп, табуға, оны жүзеге асыруға мәжбүр. Адамның қоршаған ортаға (қоғамға, табиғатқа,өзіне) көз-қарасы екі жақты белгіленеді: практикалық және теориялық. Практикалық және теориялық көзқарастардың байланысын аксиологиялық (грек. Axia - құндылық және logos - ғылым), немесе құндылықты тұрғы жүзеге асырады, ол, бір жағынан құбылыстарды зерттесе, екінші жағынан қоғамды гуманизациялау (ізгілендіру) міндетін атқарады.

Аксиологиялық тұрғының мәні аксиологиялық принциптер жүйесі арқылы көрсетіледі:

  • Біртұтас гуманистік құндылықтар жүйесінде олардың мәдени және этникалық ерекшеліктерін сақтай отырып, философиялық көз-қарастардың теңдігі;

  • Дәстүр мен шығармашылықтың бірмәнділігі принципі, өткен ғылым мен тәжірибені зерттеу мен қолдану және рухани баюдың мүмкіншілігінің қажеттілігін тану принципі.

  • Адамдардың экзистенциалдық теңдігі, принципі, құндылықтар жайындағы жарыссөздерден әлеуметтік мәдени прагматизмге көшу принципі.

Осы әдіснамаға сәйкес, педагогиканың гуманистік мәнін анықтау міндеті қойылады.

3. Педагогикалық аксиологияның мәні педагогикалық қызметтің спецификасымен, оның әлеуметтік ролі мен тұлғаны қаруландырушы мүмкіншіліктерімен анықталады. Педагогикалық құндылықтар – педагогикалық қызметтің ерекшеліктері. Олар ғоғамдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қарым-қатынастар негізінде қалыптасады.

Педагогикалық қатынастар – педагогикалық қызметті реттеуші және танымдық – іс-әрекеттік жүйе ретінде танылатын нормалар. Олар тарихи тұрғыдан қалыптасып, педагогикалық ғылымда қоғамдық сананың формасы ретіндегі спецификалық бейнелер мен түсініктер түрінде есепке алынады. Педагогикалық құндылықтарды меңгеру педагогикалық қызметте жүзеге асырылады. Қатынастардың қалыптасуы педагогтың тұлғалық- кәсіби дамуының көрсеткіші болып саналады.

Өмір жағдайларының өзгеруіне, қоғам мен тұлға қажеттіліктерінің дамуына байланысты педагогикалық қатынастар да өзгереді. Педагогикалық қатынастардың көптігі олардың жіктеу және реттеу қажеттілігін тудырады. Олар өмір сүру деңгейіне сәйкес тұлғалық, топтық және әлеуметтік-педагогикалық қатынастарға ажыратылады.

Аксиологиялық «Мен» құндылықты бағдарлар жүйесі ретінде оның ішкі дүниесін құрайтын когнетивті және эмоционалды-еріктік компоненттерден тұрады.

Онда әлеуметтік–педагогикалық қатынастармен қатар кәсіби топтық қатынастар жинақталған. Олар педагогикалық қатынастар жүйесінің негізі болып табылады. Бұл жүйеге:

  • тұлғаның әлеуметтік және кәсіби ортада өзінің орнын бекітумен байланысты қатынастар (педагог еңбегінің қоғамдық маңызы, педагогикалық қызметтің абыройы, ортаның педагог мамандығын құрметтеуі және т.б.);

  • қарым-қатынас қажеттілігін өтейтін және оның аумағын кеңейтетін қатынастар (балалармен, әріптестермен, басшылармен қарым-қатынас орнатуы, балаларға махаббаты мен сүйіспеншілігі, рухани қатынастармен алмасуы және т.б.);

  • шығармашылық даралығын дамытуға бағыттайтын қатынастар (кәсіби-шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіншілігі, әлеуметтік мәдениетке енуі, сүйікті ісімен айналысуы, өзін-өзі әрдайым жетілдіруі және т.б.);

  • өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қатынастар (педагог еңбегінің шығармашылық, өзгермелі сипаты, педагогикалық мамандықтың романтикасы мен қызықтығы, балаларға көмек беру мүмкіндігі және т.б.);

  • прагматикалық қажеттіліктері қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қатынастар (мемлекеттік қызметке ие болу,еңбек ақысы,демалыс күндерінің ұзақтығы, қызметте өсу және т.б.).

Педагогикалық құндылықтар гуманистік табиғаты мен мәнімен ерекшеленеді.

Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері – шындықтың құбылыстарын эмпирикалық және теориялық танудың, зерттеудің тәсілдері, іс-шаралары және операциялары.

Эмпиризм (грек.empeiria – тәжірибе) – дүниені танудың бірден бір көзі – түсіну және сезімдік тәжірибе деп түсінетін философиялық бағыт.

Педагогикалық зерттеу – бұл білім берудің заңдылықтары, құрылымы мен механизмі, мазмұны, принциптері мен технологиясы жайында жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет процесі мен нәтижесі.

Педагогикалық зерттеулер бағыттары бойынша фундаментальды, қолданбалы және өңдеу түрлеріне бөлінеді. Фундаментальды зерттеудің нәтижесінде жалпылама концепциялар пайда болады. Олар педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қорытындылайды, педагогикалық модеьдердің болжамын ұсынады. Қолданбалы зерттеулер педагогикалық практиканың кейбір жақтарын терең зерттеуге, оның заңдылықтарын ашуға бағытталған жұмыстар. өңдеулер бұрыннан белгілі теориялық қағидаларды есепке ала отырып, ғылыми-практикалық ұсыныстарды негіздеуге бағытталған жұмыстар.

Педагогикалық зерттеулердің басты көрсеткіштері: өзектілігі, жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы.

Ғылыми зерттеудің логикасына сәйкес зерттеудің әдістемесі жасалады. Түрлі әдістерді қолдану арқылы зерттелетін мәселе жан-жақты қарастырылуына мүмкіндік туғызылады.

Педагогикалық зерттеулердің басты принциптері:

  1. біртұтастық принципі.

  2. тұлғалық принципі.

  3. іс-әрекеттік принципі.

  4. полисубъектілік принцип.

  5. культурологиялық принцип.

  6. этнопедагогикалық принцип.

  7. антропологиялық принцип.

2. Зерттеу әдісі – ғылыми зерттеу мақсатын шешетін амалдар; құбылыстарды зерттеуге және алуан түрлі ғылыми мәселелерді шешуге арналған әдіс-тәсілдердің жиынтығы.

Зерттеу жұмысының логикасы және құрылымы – зерттеудің көкейтестілігі, қарама-қайшылығы, зерттеу проблемасы,зерттеу мақсаты, обьектісі, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, зерттеудің әдіснамалық негізі, зерттеу көздері, әдістері, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және өндіру, зерттеу базасы.

3.Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті оның кәсіби дайындығының маңызды бөлігі болып табылады. Мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру кезеңді жүргізіледі.

Бірінші кезең – дайындық кезеңі. Міндеттері – республикадағы білім беру жүйесіндегі реформалар бағытымен, мектепте жұмыс жасау үшін белсенді, дербес, шығармашылық ойлауы дамыған түлектерді дайындауға қойылатын талаптармен таныстыру; педагогикалық іздену жұмысына мотивтерін дамыту; мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде біртұтас педагогикалық үрдісті таныту; ғылыми-педагогикалық зерттеудің кейбір зерттеу әдістерімен таныстыру.

Екінші кезең – шығармашылық кезең. Оның басты міндеті – ьелгіленген зерттеу объектісін кезеңді зерттеу. Кейбір өзгермелі шамаларды зерттеу мақсатында ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістерін меңгеру.

Үшінші кезең – интеграциялау кезеңі. Бұнда теориялық білім практикаға енгізіледі.

Төртінші кезең – бақылау-түзету кезеңі. Бұнда жасалған жұмыстың нәтижесі көрсетіліп, бағаланады.

1. Педагогикадағы зерттеулер – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы,механизімі, педагогиканың теориясы мен тарихы, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылу әдістері мен ұйымдастырылу нысандары туралы қоғамдық тұрғыдан маңызды жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми қызмет процесі мен нәтижесі.

Зерттеу әдістерін үш топқа біріктіреді: педагогикалық тәжірибені зерттеу әдісі, теориялық зерттеу әдісі және математикалық статистикалық әдіс.

2. Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдісі – білім беру процесін ұйымдастыруда жинақталатын тәжірибені зерттеу тәсілдері.Онда бақылау, әңгіме, сауалнама (интервью), анкеталау – оқушылардың жазба графикалық және шығармашылық жұмыстарын, педагогикалық құжаттарды зерттеу әдістері енеді.

3. Бақылау – белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру. Бақылау әдісі тұтас және іріктеме, қосылымды және жай, бақыланытын және бақылауға келмейтін, далалық және лабараториялық жәнет.б. түрлерге бөлінеді.

Бақылау барысы жазып алынады. Бақылау алдын алы құрылған жоспар, таңдалған обьектілермен жүргізіледі.

Бақылау кезеңдері:

  • мақсат-міндеттерін белгілеу (бақылау не үшін жүргізіледі);

  • обьектіні, пәнді, ситуацияны таңдау (нені бақылау керек);

  • зерттелетін обьектіге әсері неғұрлым аз және қажетті ақпаратты жинақтауды қамтамасыз ететін бақылау тәсілін таңдау (қалай бақылау керек);

  • бақыланатын нәрсені тіркеу тәсілін таңдау (жазбаны қандай формада жүргізу керек);

  • алынған мәліметтерді өңдеу және интерпретациялау (нәтижесі қандай.).

4. Әңгіме – вербальдық (сөздік) қарым-қатынас негізінде ақпарат алу әдісі.

Сұхбат – бағытталған диолог, ауызша пікірлесуарқылы ақпарат алу амалы. Сұхбаттасу екі түрге бөлінеді: 1) еркін сұхбаттасу – тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; 2) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбаттасу.

Анкета – анкета көмегімен ақпарат алу тәсілі. Оған жазбаша жауап алынады.

Әңгіме, сұхбат, анкета сұрау әдістері болып топтастырылады. Олардың нәтижелілігі сұрақтардың мазмұны мен құрылымына бағынышты. Сұрау әдісінің жоспары – сұрақтар тізімі (сұрау) сұрауды құру кезеңдері:

  • алуға қажетті ақпарат сипатын анықтау;

  • Қойылатын сұрақтар тізімін белгілеу;

5. Оқушылардың іс-әрекет нәтижелерін зерттеуге жазба, шығармашылық, графикалық, бақылау жұмыстарын, суреттерін, сызбаларын, пән бойынша дәптерлерін және т.б. енеді.Олардың көмегімен оқушылар даралығы,оның жұмыстануы, білім мен іскерлік деңгейін анықтауға болады.

Педагогикалық құжаттарды (оқушылардың жеке іс-қағаздары, сынып журналы, мед.карталар, күнделік, жиналыс хаттамалары және т.б. процесінің ұйымдастырылуын сипаттайтын обьективті мәліметтермен қаруландырады.

6. Эксперимент (лат.experimentum - тәжірибе, сынау)-1)ғылыми мәнде жасалған тәжірибе; 2)тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру.

Педагогикалық эксперимент – педагогикалық құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстарын зерттеу мақсатындағы іс-әрекет.

Экспериментті өткізу кезеңдері:

1. Теориялық (проблемасын, мақсатын обьектісін, пәнін, міндеттерімен гипотезасын белгілеу);

2. Әдістемелік (зерттеу әдістемесін, оның жоспарын, бағдарламасын, әдістерін жасау);

3. Кәдімгі эксперимент- тәжірибелер тізбегін өткізу.

4.Талдау – алынған мәліметтерді сандық және сапалық талдау, интерпретациялау, қорытындылар жасау, практикалық ұсыныстар дайындау.

Аталған әдістерді эмперикалық деп те белгілейді. Олар – ғылыми-педагогикалық фактілерді жинақтау құралы.

Теориялық зерттеу әдісіне теориялық талдау, индуктивті және дидуктивтіәдістер енеді.

Талдау (анализ; грек.analusis- ыдырату, ажырату) – затты, құбылысты, процесті ойлау деңгейінде бөліктерге бөлу. Талдау нақты практикалық іс-әрекетпен жүзеге асырылады.

Индукция – 1) білімнің жеке-жеке пайымдардан жалпы қағидаларға қарай ілгерілеуі. 2)білімнің жалпыдан жалқыға өтуі. Индукция дедукциямен тығыз байланысты.

Дедукция (лат.dedictio-шығару)-білімнің жалпыдан кемірек жалқыға, жекеге қарайқозғалуы, салдардың алғы шарттардан шығарылуы.

Дедукциялық әдіс – жеке ережелер логикалық тұрғыда жалпы ережелерден (аксиомалардан, постулаттардан, ережелерден заңдардан) шығарылатын зерттеу, баяндау әдісі.

Теориялық әдістерге әдебиетті зерттеумен байланысты: библиография құру, реферат, конспект жазу, аннотациялау, цитата жазу.

Математикалық әдістер – педагогикада зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу, сандық көрсеткіштерін белгілеу қажет. Кең таралған түрлері: ранжирлеу, тіркеу, шкалалау.

Статистикалық әдістер – орташа коэффицентін, медиананы құру. Оларды есептеу, шығару үшін арнайы формулалар мен анықтама кестелері бар. Нәтижесі сызба, диаграмма, кесте түрінде көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]