Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын шпор.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
99 Кб
Скачать
☆
  1. Сөзжасамдық ұядағы қатынастар.

Қазақ тіліндегі, сөзжасамдық ұя мәселесін зерттеу 1989 жылғы жарияланған "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" атты монографиялық еңбектен басталады. әр сезжасамдық ұя құрамында бір негізгі түбір сөз және одан туған туынды түбірлер болатынын көрсетті. түп негіз сөз яғни негізгі түбір сөз біреу болады да, одан өрбіген туынды түбір сөздер-бірнешеу болады. Әр сөзжасамдық ұядағы туынды түбір сөздердің бәрінің құрамында түп негіз сөз үнемі қатысып отырады. Мысалы,ән, әндет, әндеткіз, әндеттір, әнқой, әнқойлык, әнсымақ, әнші, әншілік, әншіл, әншілдік деген ән негізгі түбірінен тараған сөзжасамдық ұядағы туынды түбір сөздердің бәрінің құрамында ән деген негізгі түбір бар. Бір сөзжасмдық ұядағы туынды түбір сөздердің бәрі бір негізгі түбір сөзден өрбігендіктен, олар түбірлес сөздер аталады. Бұдан түбірлес сөздер бір сөзжасамдық ұяның ғана құрамына қатысты екені анықталды. Олай болса, әр сөзжасамдық ұя әр түрлі түбірлес сөздерден тұрды. Мысалы, жұрт негізгі түбірінен жасалған сөзжасамдық ұяны алсақ, ол жұрттық, жұртша, жұртшылық деген 3 қана түбірлес сөзден тұрады, олардың да әрқайсысының құрамында негізгі түбір сөз бар. Сөйтіп әр түп негіз сезден тараған туынды сөздер әр түрлі сөзжасамдық ұяға жататын, әр түрлі түбірлес сөздер болып табылады. Сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің бәрі бірінен-бірі тікелей жасалған туынды түбір болуы міндетті емес. Тек ұядағы сөзжасамдық тізбекте ғана бірінен-бірі тікелей жасалған, біріне-бірі негіз болатын сөздер болады. Ал бір сөзжасамдық ұяда бірнеше сөзжасамдық тізбек бола береді де, әр тізбек түп негіз сөзден өрбиді. Мысалы, біл негізгі түбірінен жасалған түбірлес туынды түбір сезден түратын ұяда 26 туынды түбір сөз бар, олардың бәрі түбірлес сөздерге жатады. Осы түбірлес сөздердің бір-бірінен тікелей туындауы 13 сөзжасамдық тізбек ішіне ғана қатысты. Сөзжасамдық тізбек-бір сөзжасамдық ұядан немесе негізгі сөзден тараған туынды сөздер тізбегі, яғни бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы. Мысалы, бөл-бөлім-бөлімше-бөлімшелі. Біл-білім-білімді-білімділік; күндіз-күндізгі-күндізгіше. Қазақ тіл білімінде сзжасамдық тізбек мәселесі тұңғыш рет ілгеріде аталған "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" атты монографияда көтерілді, сөзжасамдық тізбек термині ғылыми айналымға алғаш сонда түсті. Бір түбірден тараған, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы сезжасамдық тізбек деп аталады. Сөзжасамдық тізбектегі түп негіз сөз бір морфемалы сөзден болады. Ал туынды сөз екі морфемалы, я одан да көп морфемалы болып келе береді. Мысалы, бөл - бір морфемалы сөз, ал осы тізбектегі бөлім - екі морфемалы, бөлімше - үш морфемалы, бөлімшелі - төрт морфемалы сөз. Ал сөзжасамдық тізбектер түрлі сөзжасамдық ұяның мүшесі болса, олар бірімен-бірі мағыналас бола алмайды. Мысалы, кел-келіс-келісім-келісімді-келісімділік; бақ-бақша-бақшалы; бал-балгер-балгерлік. Бұл мысалда 3 сөзжасамдықтізбек берілді. Олар үш түрлі сөзжасамдық ұяға жатады, сондықтан олар бір-бірімен мағыналас емес.Ал тізбектердің бәрінің құрамында оны аяқтаушы сөз бар, олар туынды сөздер. Бірақ әр тізбекті аяқтаушы сөз әр түрлі, тізбекті аяқтаушы сөз тек бір тізбекке ғана қатысты. Мысалы, біл -> білім -> білімді -> білімділік; біл ->білгір -> білгірсі -> білгірсін; біл -> білім -> білімдар -> білімдарсы деген 4 сөзжасамдық тізбекті алайық. . Сөзжасамдық тарам (парадигма) деп тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығы аталады. Мысалы, өр түп негізден жасалған ұяда 5 сөзжасамдық тарам бар, олар: 1. 1-сатыдағы: өрбі, өргіз, өрдір, өріс, 2. 2-сатыдағы: өріссіз, өрісті, өрісте, өрісшіл, өрістес, 3.3-сатыдағы: өрістел, өрістен, өрістет, 4. 4-сатыдағы: өрістік, өрістілік, 5. 5-сатыдағы: өрістетіл, өрістеңкіре.Сөзжасамдық саты деп негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұратын сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік аталады. Мысалы, ой-ойла-ойлан-ойландыр-ойландырт деген туынды түбірлердің әрқайсысы бір саты саналады. Сөзжасамдық ұя қанша сөзден құралса да, онда сөзжасамдық жұп болады. Сөзжасамдық ұяның ең кішісінде екі сөз болады. Мысалы, пай-пайшы, пән-пәндес, пән-пәндік, бық-бықтыр-бықтырт-бықтырқыз, бық-быққыз. Келтірілген 3 ұяның ең азында бір сөзжасамдық жұп бар, ол пай-пайшы. Пән деген түп негізден тараған ұяда екі жұп бар: 1. Пән-пәндес, 2. Пән-пәндік. Ал бық негізінен тараған ұяда 4 жұп бар, олар: 1. Бық-бықтыр, 2. Бықтыр-бықтырт, 3. Бықтырт-бықтыртқыз, 4. Бық-быққыз.