- •Іі семестр
- •Мамандық әлемінде
- •Қаныш сәтбаев –тұңғыш академик
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Инженерлік геология.
- •Менеджер және ұйым
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Жеке адам, топ және ұжым
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Шынымәрмәр, шыныдекор және әрлі шыныұнтақ
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Болашақ бағдарламасы жайында.
- •Шыныкристаллит, шыныкремнезит
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру ұлттық байлық
- •Қазақстанның пайдалы қазбалары
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Экономикалық тәуелсіздік
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Нарық
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Ақша қызметі
- •Ар нуво
- •1.Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2.Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Қазақстанның географиялық орны.
- •Қазақстан климаты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •Қазақстан экологиясы
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Портландцемент және композиционды цементтер
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Өсімдік және медицина
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Экономикалық тәуелсіздік
Егемендік, тәуелсіздіктің екі жағы бар. Бір жағы саяси тәуелсіздік. Саяси тәуелсіздік алу - өз алдына ұлттық мемлекет болу, жеке ел болу. Екінші жағы – экономикалық тәуелсіздік. Ғылыми тұрғыдан алғанда экономикалық тәуелсіздік саяси тәуелсіздіктің негізі болып табылады. Экономикалық тәуелсіздігі жоқ елдің тәуелсіз болуы екіталай. Елдің экономикалық тәуелсіздігі үшін не қажет? Ол үшін ең алдымен, ел экономикасын көтеру, экономика тиімділігін арттыру, халықтың әл-ауқатын көтеру қажет.
АҚШ пен Батыс Еуропаны айтпағанда, мына өзіміздің алып көршіміз Қытайды алайық. Қытайдың ақыл-оймен асықпай жасаған реформасы қазір миллиардтан астам халықтың тұрмысын көтеруде.
Бар ісін техника атқаратын АҚШ, Англия, Жапония сияқты елдердің ауыл шаруашылығына мемлекет дотация береді. Ауыл шаруашылығы өнеркәсіп өндірісіне ұқсамайтын ерекше шаруашылық, себебі ол табиғатқа тәуелді. Табиғатпен байланысты экономика тілінде ұдайы өндіріс дейміз. Мал өсуі үшін уақыт керек, егін өсіп шығуы үшін уақыт керек. Ең қиыны ауыл шаруашылығын дамытпай бірде-бір ел, ел болмайды. Ауыл шаруашылығы деген – азық-түлік. Ал, азық-түліктің 50-60 пайызын өзі өндірмей, шетелден әкелетін ел экономика тәуелділікке түседі.
Тапсырмалар:
1.Мәтінді оқыңыз, жаңа сөздерді аударыңыздар.
2.Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.
3.Мәтінді әңгімелеңіз.
4.Саяси тәуелсіздік деген не?
5.Экономикалық тәуелсіздік деген не?
6.Ауыл шаруашылығы қандай шаруашылық?
7.Жалқы зат есімдерді табыңыздар.
Қазақстанның экономикасы.
Қазақстан әлемдегі айтарлықтай тұрақты үдемелі дамыған елдердің бірі. Біз тұрақты экономикалық өсу жолымен одан әрі алға жылжи береміз. Орташа мерзімді бағдарламаға сәйкес, Үкімет қызметінің стратегиялық мақсаты еліміз Президентінің маңызды бастамасын жүзеге асыру - әлемдегі бәсекеге қабілеттігі деңгейіне, экономиканың тиісті салаларының тәуекелдік бағасына ықпал ететін барлық факторларға жан-жақты талдау жасалды. Үкіметтің күш-жігері, бәрінен бұрын, өндірістің артуын ынталандыруға және экономиканың құрылымын жақсартуға бағытталғанын айтуға болады. Бұл маңызды мәселе, өйткені, тек экономикалық қарым-қатынастар жүйесін реформалау арқылы біз мемлекеттің тұрақты жоғары бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуіміз мүмкін.
Қазақстан экономикасын әртараптандыру жаңа капитал түрін, жаңа құндылықтарды құру, экономикалық білімге азаматтардың қатысу формасын кеңейту үшін мүмкіндіктер туғызады. Қазақстан экономикасының дамуы елімізде қазақстандық «ой-сана фабрикасын», жаңа білім беру технологиясын құруды талап етеді.
Тапсырмалар:
1.Мәтінді оқыңыз, жаңа сөздерді аударыңыздар.
2.Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.
3.Мәтінді әңгімелеңіз.
4.Бәсекеге қабілетті, экономикалық өсу, жүзеге асыру, білім беру технологиясы сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
БОЯУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Силикатты бояулар сұйық шыныдан, пигменттен және бордан құрастырылады.
Майлы бояулар зауыттарда дайындалады. Майлы бояулар өсімдік майларына пигменттер мен минералды толықтырғыштарды араластыру арқылы шығарылады.
Алкидты бояулар глифталды, пентафталды және басқа алкидты лактардың қолданылуымен өндіріледі.
Эмальды бояулар ғимараттардың сыртқы және ішкі беттерін әрлеуде пайдаланылады. Құрылыста қолданылатын барлық эмальдар майлы немесе глифталды лактардан және пигменттерден тұрады. Басқа бояулардан айырмашылығы - эмальдар тез кебеді.
Полистрольды бояулар 3-4 сағат бойына қатаяды. Оларды жылдың кез келген уақытында қолдануға болады.
Алкидті – стиролды эмальдар ағашты плиталар мен сыланған қабырғалардың беттерін бояуда қолданылады.
Тапсырмалар:
1.Мына сөздерді аударыңыздар.
Сұйық, бор, майлы бояулар, өсімдік, толықтырғыштарды, араластыру, қолдану, қатаяды, шығарылады, ғимараттар, әрлеу, сыланған, айырмашылық, бет.
2.Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыздар.
Силикатты бояулар сұйық шыныдан, пигменттен және бордан құрастырылады.
3. Мәтінді аударыңыздар.
4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. А.А.Мырзақожаева., Ш.Қ. Жақыпбеков. Құрылысқа арналған шыны негізіндегі әрлі қаптама материалдары.
2. З.Күзекова. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана, Таным, 2003.
3.Қ.М,Хамзина, А.Ә.Ботабек, Ш.А.Жетпісбай. Қазақ тілі (оқу құралы). ҚарМТУ, 2009.
4.С.К.Нүрпейісова,Т.Ж. Жөкебаева. Техникалық мәтіндер мен сөздіктер жинағы
ҚарМТУ, 2002,
СӨЖ
Әңгіме. Ежелгі қазақ сәулет өнері.
СОӨЖ
1.Жай сөйлемді қайталап, жаттығулар орындау. 2.Презентация. Қарағанды. 3.Суретпен жұмыс.
8-тақырып. Нарық. Салық . Ағаш туралы қысқаша түсінік. Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлері.
Практикалық сабақтың жоспары
