Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikum_po_sostavleniyu_grazhdansko-pravovykh...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
218 Кб
Скачать
☆

2.3. Пәннің сипаттамасы

«Азаматтық құқықтық шарттарды толтыру тәжірибесі» пәні экономика мен кәсіпкерлік қызметтің дамуына байланысты маңыздылығы артып, арнайы курс ретінде жоғары оқу орындарында енгізілу қажеттілігі туып отыр. Заңгердің заң құжаттарын сауатты және дұрыс толтыра білуі үшін тек заңды білуді ғана емес, сонымен бірге заңда қарастырылмаған немесе жеткілікті қарастырылмаған кейбір жағдайларды ескере білуін және тәжірибеде оны пайдалана білуін қажет етеді. Қоғамда экономикалық және әлеуметтік қатынастардың қарқынды дамуы азаматтық-құқықтық қатынастардың күрделенуіне алып келді. Пәнді оқып үйренуде студенттердің басты міндеті әрекеттегі ҚР заңнамасының ерекшеліктерін, құқықтың пайда болуы мен дамуының заңдылығын, негізгі заң категориялары мен олардың құрылымын меңгеру. Осымен бірге – олар заң нормаларын өз бетінше анализдеп, құқық субъектілері арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормативті актілерді тәжірибеде пайдалануды үйренулері тиіс.

Курсты оқыту барысында көзделетін басты мақсаттар:

  • Азаматтық құқықтық шарттарда қамтылуы тиіс ережелерді реттейтін құқықтық актілердің мағынасын дұрыс түсіне білу және талдай білуге, сондай-ақ алынған білімді мамандық бойынша жұмыс барысында қолдана білуге студенттерді баулу;

  • Әралуан азаматтық құқықтық шарттарға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын саралай білуді қалыптастыру;

  • Шарттардың жекелеген түрлеріне жан-жақты тоқталу;

  • Шарттардың құқықтық реттелуінің шетелдік тәжірибесіне тереңірек тоқталу;

  • Сот тәжірибесіндегі шарт институтына байланысты туындайтын даулардың шешілуіне баса назар аудару және ондағы ерекшеліктерді талдау;

Азаматтық құқықтық шарттардың құқықтық реттелуін зерттеу танымдық және ғылыми-тәжірибелік маңызға да ие. «Азаматтық құқықтық шарттардың толтырылу тәжірибесі» пәнін зерттеу барысында студенттерге келесідей міндеттер жүктелмек:

  • Аталған пән бойынша дәрістерге қатысу және оқытушы назар аударған тұстарын жазып алуға;

  • Уақытылы аралық бақылауды (тестілеуді, жазбаша бақылау жұмыстарын орындауды, коллоквиумдарды) және қорытынды емтиханды тапсыруға міндетті болады.

Сабақтарды өткізу уақыты мен орны сабақ кестелеріне сай белгіленеді.

Семинар сабақтарын жүргізудің тақырыптық жоспары

Тақырып №

Тақырыптар және олардың сағаттағы көлемі

Ауызша сұрау, тапсырмаларды, сұрақтарды шешу

Жазбаша сұрау (тестілік сқрау, бақылау жұмыстары, карточка бойынша жұмыс, баяндамалар, хабарламалар, рефераттар, үй тапсырмасы және өзге де тапсырмалар)

Оқу процесінде оқытудың жаңаша әдістемелерін қолдану, инновациялық технологияларды пайдалану

Оқу-монографиялық

әдебиеттерді пайдалану

1.

Шарттың түсінігі және ережелері. Шарт жасасу. Шартты өзгерту және бұзу.

Жеке карточкалар бойынша сұрау

Әр екі студент тапсырманы реферат күйінде тапсырады.

Оқу процесінде оқытудың жаңаша әдістемелерін қолдану арқылы, инновациялық технологияларды пайдалану арқылы туындап отырған құқықтық мәселелерді шешуге талпыну

- Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть). Комментарий. Отв.ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. Алматы, Жеты жаргы, 2000.

- Гражданское право. Том I. Отв. Ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин Алматы. Издательство КазГЮА. 2002.

- Гражданское право. Ч.2. Под ред. Сергеева А.П., Толстого Ю.К. М., Проспект, 1997.

- Гражданское право в 2-х томах. Отв.ред.Суханов Е.А. М., Бек, 1993.

- Оуэн Л. Приобретение и продажа авторского права на литературные произведения. Аспект-Пресс. М., 1997.

- Богуславский М.М. Вопросы авторского права в международных отношениях. Международная охрана произведений литературы и науки. М., Наука, 1973.

- Гаврилов Э.П. Издательство и автор. Вопросы и ответы по авторскому праву. М. Книга, 1991.

- Гаврилов Э.П. Авторское право. Издательские договоры. Авторский гонорар. М., Юридическая литература, 1988.

- Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в РК. Сб. Гражданское законодательство РК – толкование и комментирование. Вып.6. Алматы, Баспа, 1998.

2.

Меншікке мүлікті беру жөніндегі шарттар

Тақырып бойынша ауызша сұрау. Диспут

Тапсырмалармен карточка арқылы жұмыс істеу

Дискуссия, тақырып бойынша

Слайдтар көрсету

3.

Мүлікті пайдалануға беру жөніндегі шарттар

Тақырып бойынша ауызша сұрау. Диспут

Тәжірибелік материалдар жинау

Тақырып бойынша пікір алмасу

4.

Сақтау шарты.

Тақырып бойынша ауызша сұрау. Диспут

Ашық сабақ

Студенттер рефераттары

5.

Сақтандыру шарты.

Тақырып бойынша ауызша сұрау

Тәжірибелік сабақ

Белсенді семинар

6.

Есеп айырысу және несие қатынастары сферасындағы шарттар

Тақырып бойынша ауызша сұрау. Диспут

Реферат жазу

Тақырып бойынша сөз қорын молайту

7.

Мердігерлік шарт. Өтелмелі қызмет көрсету

Тақырып бойынша ауызша сұрау. Диспут

Баяндама дайындау

Баяндаманы талқылау

8.

Тасымалдау шарты.

Тақырып бойынша ауызша сұрау. Диспут

Материалдар жинау

Тақырып бойынша пікір алмасу

9.

Авторлық шарт.

Тақырып бойынша ауызша сұрау. Диспут

Тапсырмалармен карточка арқылы жұмыс істеу

Тақырып бойынша дискуссия

10.

Неке шарты.

Тақырып бойынша ауызша сұрау. Диспут

Тәжірибелік сабақ

Тақырып бойынша туындайтын әр түрлі сұрақтарды талқылау, тәжірибедегі мамандармен білім алмасу

Барлығы 30 сағат