Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ас орыту,энергия алмасу 8.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Ас қорыту, зат және энергия алмасуы, тамақтану физиологиясы тақырыптары бойынша тест сұрақтары

1. Адамның ас қорыту жүйесінің функцияларын зерттеудегі қолданылатын әдістер мен олардың қызметін зерттейтін тәсілдер арасындағы сәйкестікті табыңыз

А. Сілекей бездерінің сөлін жинау

Б. Қарын сөлін алу

В. Қарынның биопотенциалдарын тіркеу

  1. электрогастрография

  2. зонд жұту арқылы

  3. Лешли-Красногорский капсуласы арқылы

2. Ас қорытуға қатысатын ағзалар мен олардың қызметін тексеруге арналған фистулалық операциялардың арасындағы сәйкестікті табыңыз

А. Сілекей бездері.

Б. Қарын сөлін жинау.

В. Аш ішек қызметі.

  1. Жалған тамақтандыру тәжірибесі.

  2. Тири-Велла фистуласы.

  3. Өзегін сыртқа шығару.

  4. Экка-Павлов фистуласы.

3. Ас қорыту сөлдері құрамындағы ферменттер мен олардың әсерінен қоректік заттардың арасындағы сәйкестікті анықтаңыз

А. Амилаза.

Б. Пепсин.

В.Липаза.

  1. Майлар.

  2. Көмірсулар.

  3. Сахароза.

  4. Белоктар.

4. Сілекей бездерінің эфференттік жүйкелері мен олардың тітіркенуінен бөлінетін сілекей құрамы арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.

А. Симпатикалық жүйке.

Б. Парасимпатикалық жүйке.

  1. Көп мөлшерде, құрамында органикалық заттары аз, бейорганикалық заттары көп, сұйық сілекей.

  2. Аз мөлшерде, құрамында органикалық заттары көп, қою сілекей.

  3. Көп мөлшерде, құрамында органикалық заттары көп, қою сілекей.

  4. Аз мөлшерде, құрамында бейорганикалық заттары көп сілекей.

5. Қарын бездері клеткаларының түрлері мен олардан бөлінетін заттардың арасындағы сәйкестігін анықтаңыз

А. Негізгі.

Б. Париеталды.

В. Қосымша.

  1. Шырышты зат (муцин).

  2. HCl.

  3. Пепсиноген.

  4. Фосфолипидтер.

6. Ас қорыту бездерінен тамақтың түріне, иісіне сөл шығару кезеңі:

  1. Шартсыз рефлекстік кезең.

  2. Ішек кезеңі.

  3. Гуморалдық кезең.

  4. Шартты рефлекстік.

  5. Нейрогуморалдық.

7. Сілекей құрамындағы крахмалдың ыдырауын бастайтын фермент:

  1. Пепсин.

  2. Гастриксин.

  3. альфа Амилаза.

  4. Трипсин.

  5. Химотрипсин.

8. Қарын сөлі құрамындағы пепсин "А" ферменті қызметінің оптималды рН-ы:

  1. 1,5-2,0

  2. 3,8-5,5

  3. 6,0-7,5

  4. 7,5-8,4

  5. 8,5-9,0

9. Жүйкелік әсерлерден бөлінетін қарын сөлінің кезеңі:

  1. Гуморалдық.

  2. Қарын кезеңі.

  3. Ішек кезеңі.

  4. Шартты рефлектік кезең.

  5. Химиялық кезең.

10. Сілекей құрамына кіретін заттар мен олардың атқаратын функциялары арасындағы сәйкестікті анықтаңыз:

А. Лизоцим.

Б. Амилаза.

В. Кининдер.

  1. Қан ұюына қатысады.

  2. Көмірсуларды гидролиздейді.

  3. Қорғаныс-бактериоцидтік әсер көрсетеді.

  4. Белокты қорытады.

11. Көмірсуларды ыдырататын аш ішек сөлінде ғана кездесетін фермент:

  1. РНК-аза.

  2. Муцин.

  3. Лизоцим.

  4. Сахароза.

  5. Энтерокиназа.

12. Ішек қимылын күшейтетін гуморалдық химиялық зат:

  1. Адреналин.

  2. Ацетилхолин.

  3. Гамма-амин май қышқылы.

  4. Гастриксин.

  5. Пепсин.

13. Ұйқы безі сөлінің құрамындағы ферменттердің түрлері мен олардың он екі елі ішекте әсер ететін заттардың арасындағы сәйкестікті табыңыз.

А. Амилаза.

Б. Липаза.

В. Трипсин.

Г. Энтерокиназа.

  1. Белоктарға.

  2. Көмірсуларға.

  3. Өтке.

  4. Майларға.

  5. Трипсиногенге.

14. Симпатикалық жүйке жүйесінің заттар алмасуына әсері:

  1. Тотығу қарқынын күшейтеді.

  2. Зат алмасу деңгейін төмендетеді.

  3. Әсер етпейді.

  4. Тотығу процестерін төмендетеді.

15. Минералдық алмасуды реттейтін гормон:

  1. Тестостерон.

  2. Пролактин.

  3. Альдостерон.

  4. Глюкагон.

  5. Прогестерон.

16. Комфортты стандарттық жағдайда адамның зат алмасу қарқынының көрсеткіші қалай аталады:

  1. Жалпы алмасу.

  2. Негізгі алмасу.

  3. Барша (валовый) алмасу.

  4. Жылулық алмасу.

  5. Еңбекке байланысты алмасу.

17. Орта бойлы 70 кг салмағы бар ересек еркектің негізгі алмасуының тәуліктік шамасы:

  1. 1000 ккал.

  2. 1500 ккал.

  3. 1700 ккал.

  4. 2800 ккал.

  5. 3500 ккал.

18. Су алмасуын реттейтін орталықтың орналасқан жері:

  1. Жұлында.

  2. Мишықта.

  3. Көру төмпешігінде.

  4. Вароли көпірінде.

  5. Гипоталамуста.

19. 0,85-ке тең тыныстық коэффициентке оттегінің қандай калориялық коэффициенті сәйкес келеді:

  1. 3,800.

  2. 4,0.

  3. 4,386.

  4. 4,863.

  5. 4,683.

20. Қоректік заттардың аралас тотығуын көрсететін тыныстық коэффициент:

  1. 0,85-0,9.

  2. 1,5-1,9.

  3. 2,0-2,5.

  4. 3,0-3,5.

  5. 4,0-5,0.

21. Қоректік заттардың калориялық коэффициенті дегеніміз:

  1. 1 г зат жанғанда не тотыққанда босаған жылу.

  2. Тәуліктік тамақ мөлшері жанғанда бөлінетін жылу.

  3. Дене жұмысын істегенде бөлінетін жылу мөлшері.

  4. Бір рет жеген астан соң, жанған қоректік заттардан босап шыққан жылу мөлшері.

22. Қоректік заттар мен олардың калориметрде жандырған кездегі калориялық коэффициенті арасындағы сәйкестікті табыңыз: